Исмадинова Арай. 1. Химиялы реакцияларды жылу эффектілері,Гесс заы,салдары
Скачать 228.12 Kb.
|
1.Химиялық реакциялардың жылу эффектілері,Гесс заңы,салдары Химиялық реакциялардың жылу эффектілеріне термодинамиканың бірінші заңын айта аламыз. Термодинамиканың бірінші заңы дегеніміз-әр түрлі энергияның формалары бір бірімен эзвиваленттік мөлшерде ғана ауысуын айтамыз. Басқаша айтқанда сырты ортадағы заттар мен ішке энергия алмаспайды,жүйенің ішіндегі энергия мөлшері әрдайым тұрақты болады. Жүйенің ішіндегі энергия дегенімізге түсінік беретін болсақ -атомдардың,молекулалардың,иондардың,потенциялық энергияларының біркелкілігі,яғни қосындысынан тұратын толық энергияны айтамыз. Химиялық реакциялар арасында жылу шығара жүретін және жылу сіңіре жүретін болып екі топқа бөлінеді.Оларды экзотермиялық және эндотермиялық деп атайды яғни,жылу сіңіре жүретін реакцияларды эндотермиялық ал жылу шығара жүретін реакцияны экзотермиялық деп атайды. Реакциялардың жылу эффектісін молекулалар мен атомдар арасындағы энергияны анықтауға,заттардың құрылысын және реакциялардың бағытын анықтауда қолданылады. Термохимия негізгі заңын Гесс ғалымы ашты. оны Геес заңы деп айтты. Гесс заңы дегеніміз-реакцияға қатысатын яғни бастапқы заттар реакция нәтижесінде түзілген заттардың күйіне және түріне мән береді,яғни зерттейді.Геес заңы реакцияның қандай жолмен жүруін зерттемейді. Геес заңынан бірнеше салдар шығады.Олардың арасындағы аса маныздысы тура реакцияның жылу эффектісі қарама қарсы яғни кері раекцияның жылу эффектісіне тең болады. Олардың арасында қайтымды реакциялар жүреді оған мысал жазбашаға жасып қойдым.Реакцияның жылу эффектісі белгілі болса реакцияға қатысатын заттың түзілу жылуын салдар бойынша табады.Оны былай айтуға болады жылу эффектісі нәтижесінде түзілген заттардың олардың энтальпияларының қосындысын алып тастағанға тең болады.Реакция теңдеуіндегі заттардың алдындағы коэффициенттері олардың реакция нәтижесінде түзілген жылуларына көбейткенге сәйкес келеді.Формуласын жазбашада қалдырдым. 2.Химиялық реакциялардың типтері Химиялық реакциялар дегеніміз-бір затпен екі зат әрекеттесіп нәтижесінде қүрамы басқа заттар түзіледі. Химиялық раекциялардың төрт типі бар:айырылу,қосылу,алмасу.орын басу. Айырылу рекциясы дегеніміз-реакция нәтижесінде күрделі бір заттан екі зат түзілуі.Формуласы мен мысалын жазбашада қалдырдым. Қосылу реакциясы дегеніміз-екі жай заттан күрделі бір зат түзіледі.Формуласы мен масылын жазбашада қалдырдым. Алмасу реакциясы дегеніміз-екі күрделі заттың бір бірімен орын алмасуы. Орын басу реакциясы дегеніміз-күрделі және жай заттардың арасында жүретің екеуі бір бірінін орнын басу деп аталады.Формуласы мен мысалын жазбашада қалдырдым. |