Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Жаңа туған нәрестелерге алдын-алу көмегін ұйымдастыру.

  • 1 айдан 6 айға дейінгі сау балаларды диспансеризациялау принциптері.

  • (2айға дейін)

  • сак. 6 тема. 1. Жаа туылан нрстелрді физикалы жне психикалы дамуы


    Скачать 106.15 Kb.
    Название1. Жаа туылан нрстелрді физикалы жне психикалы дамуы
    Дата07.12.2020
    Размер106.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 тема.docx
    ТипДокументы
    #157681

    Ақтаева Диана ЖМ-617

    Деңгейлік тапсырмалар :

    І-ші деңгей(20 ұпай дейін) :

    1.Жаңа туылған нәрстелрдің физикалық және психикалық дамуы.

    Жетілу. Бала гестациясының мерзімі оның жетілуімен сай келе бермейді. Ұрық пен нәрестенің жетілуі – оның мүшелері мен жүйелерінің жатырдан тыс тіршілік етуін қамтамасыз етуге дайындығын сипаттайтын жағдай. Ол сыртқы белгілермен (дене пропорциясы, теріасты май клетчаткасының дамуы, қаңқа сүйегінің жағдайы, жыныс мүшелерінің дамуы, т.б.) анықталады. Жетіліп туған нәресте сыртқы ортаның қалыпты температурасында өз денесінің тұрақты температурасын ұстайды, оның сору және жұту рефлекстері айқын, тыныс алу мен жүрек соғысының ырғағы тұрақты және дұрыс, сыртқы тітіркендіргіштерге әсері дұрыс, шешіндіру кезінде жылдам оянып, созылып-тартылады, жетілген баланың айғайы қатты және эмоцианалды болып шығады.

    Жаңа туған баланың бас айналымы орташа алғанда 34-36 см болады. Бірінші айлары және жылдары бала басы тез өседі, ал бес жастан кейін өсуі баяулайды. Бір жасқа дейінгі балалардың бас айналымын келесі формула бойынша белгілейді: алты айлық баланың бас айналымы 43 см, әр жетіспейтін айға 43 см-ден 1,5 см алып тастау керек, ал әр келесі айға 0,5 см қосу керек.2-15 жасар балаларға: 5-жасар баланың бас айналымы 50 см, әр жетіспейтін жасқа 50 см-ден 1 см алу керек, ал әр келесі жылға 0,6 см қосқан жөн.

    Кеуде айналымы дененің көлденең өлшемдері өзгерістерін анықтау үшін негізгі антропометриялык көрсеткіштердің бірі болып саналады. Ол кеуде қуысының даму дәрежесіне, көкіректегі бұлшық еттерінің және тері асты май қабатының дамуына байланысты көрсеткіш болып саналады.

    Жаңа туған баланың кеуде айналымы бас айналымынан 2 см кем, 4 айында екі көрсеткіштер теңбе тең, сонан соң кеуде айналымы бас айналымына қарағанда тез үлкейеді. Бір жасқа деінгі баланың кеуде дамуын келесі формула бойынша белгіленеді: алты айлық баланың кеуде айналымы 45 см, әр 6-ға дейін жетіспейтін айға 45 см-ден 2 см алып тастау, 6-дан кейінгі айларға 0,5 см әр айға қосу керек. Екі жастан он жасқа дейін: 63 см – 1,5 см∙ (п-10), п - баланың жасы. Он жастан кейінгі балалар үшін басқа формула қолданылады: 63 см + 3 см∙ (п-10), п– оннан асқан баланың жасы, 3 см – он жастан асқан бала кеуде айналымының орташа қосылуы, 63 см – он жасар баланың кеуде айналымы.

    Баланың кеуде айналымын өлшеу үшін см таспаны артқы жағында – жауырынның төменгі бұрыштарына, алдында – сүт безі үстіне.

    2. Жаңа туған нәрестелерге алдын-алу көмегін ұйымдастыру.

    Жаңа туған балалардың ауруларының негізгі ауруларының алдын алу, диагностика және емдеу негізінде мынадай шараларды жүзеге асырады:
    1) нәресте мен 2 айға толмаған сәби (қауіпті белгілердің, дамуында көзге байқалатын кемістіктердің және басқаларының ерте анықталуы) денсаулығының жай-күйіне дұрыс баға беру;
    2) нәресте мен 2 айға толмаған сәбиге күтім жасауды (балалар кереуеті, бағып-күтуге қажетті керекжарақтар, киім, ойыншық) бағалау;
    3) ана денсаулығының жай-күйін (лактостаз/емшек қабынуы, босанғаннан кейінгі торығу, бала емізетін ананың тамақтану пирамидасын және т.б.) бағалау;
    4) сүттің шығу жағдайын тексеру, емізу техникасын үйрету (кеудеге «4-3-4» жағдайында дұрыс салып, жатқызу), тек емізудің артықшылықтарына үйрету;
    5) «2 айға толмаған» кезеңін қосқанда, баланы күтіп-бағуға үйрету;
    6) психомоторлық және әлеуметтік дамуын (балаға ойын және қарым-қатынас жасау арқылы жете көңіл бөлу) бағалау;
    7) БЖАЫҚ ерте жастағы балаларға күтім жасау ұсынымдарына сәйкес қосалқы коректендіруді енгізу;

    Жаңа туылған нәрестеге емдік профилактикалық шараларды ұйымдастыру

    • Нәрестеге өз бетінше еметіндей мүмкіндік жасау(15-20 минут ішінде бала өзі анасынан емугеталаптанады) ана төсіне еметіндей дұрыс жатуынакөмектесу. Анасында, баласында жылы көрпеменжауып , емуіне кедергі жасамау керек.
    • Туған бөлмедегі ауа температурасы 25-270 C болуыкерек.
    • Әр 30 минутта туғаннан соң дене температурасын электронды термометрмен өлшеу (баланы ашқанда,емшек еміп, анасымен бірге жатқан кезін бұзбау).
    Жаңа туған баланы алғашқы рет өңдеу. Бұрынғыәдет бойынша әрбір 120 минутта бала қанып емгенсоң ұйықтайды. Осы уақытта өлшеуге болады және алғашқы өңдеу жұмыстарын жүргізеді, алдын алаүстелге жайылған жайалықтарға, сәулені жылу көзі
    бар жерге орналастырылады.
    Кіндік күтімі

    1. Кіндігін алғашқы лүпілі тоқтаған бетте (1 мин. ішінде)кеседі.
    2. Өте ыңғайлы, кіндікті сенімді әдіспен резинаменбайлайды.
    3. Қысқышпен қысылған және байланған кіндіктірезиналы қысқыш көмегімен тартады.
    4. Пластикалық қысқыш – оны қайта қолдануғаболмайды.
    5. Кіндік түбін таза және құрғақ ұстау керек, оныештемемен жауып, үстіне ештеңе салмақтамайды.
    6. Антисептикалық дәрілік заттармен кіндікті күнделіктіөңдемейді.
    7. Кіндік түбін кір болудан, зәр тамудан сақтау және таза киіммен қамтамасыз ету, осы ереже перезентханада да,үйде де сақталуы керек.
    Профилактикалық емшаралар

    • 1. Алғашқы мерзімдерде қан ағудыңалдын алу керек жəнегеморрагиялық аурулардың өршіп кетпеуі үшін - тері-ет астына 1 мг немесе 2 мг бірінші күні аузынанвитамин К1 жəне туғаннан соң 7 күнде сол дозада қайталау, егервитамин К жоқ болса, К витаминін
    тері-ет арасына қалыпты туғанға – 5мг, шала туғанға - 2-3 мг.
    2. Коньюктивиттің алдын алуда 1%тетрациклинді жақпай ұсынылады,өйткені зиянсыз тиімді жəне арзан
    3. БҚЖ-ға егу перзентханадан үйгешыққанда барлық жаңа туғанбалаларға жүргізіледі, тек қана ВИЧсимптомына қарама қайшы.

    ІІ-ші деңгей(30 ұпай дейін) :

    1 айдан 6 айға дейінгі сау балаларды диспансеризациялау принциптері.

    1. Мамандардың қарау жиілігі – педиатр алғашқы айда – 3 рет, келесі айда айына бір рет, хирург, офтальмолог, невропатолог,ЛОР алғашқы жылында.

    2. Профилактикалық қарау, күн тәртібіне бақылау жасау,баланы тамақтандыру, массаж жасау, рахиттың алдын алу, анемия, созылмалы аурулардан, хромосомды ақаулардан, жұқпалы аурулардан алдын алу шараларын жүргізу.

    3. Объективті қарауда баланың салмағына, бойына көңіл аудару

    4. Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия – айына 1рет, ЖҚА және ЖЗА – жылына 1рет

    Диспансеризациялау критерийлері:

    1. жүйке –психикалық және физикалық даму көрсеткіштері.

    2. мінез-құлқын бақылау

    3. клиникалық тексерістер мәліметі

    4. ауру жиілігін бақылау.

    2. Жаңа туылған нәрестелерге аумақтық дәрігер-педиатирдін жұмысы.

    Учаскедежаңатуғанбалалардыпатронаждаудыұйымдастыру

    (2айға дейін)




    ІІІ-ші деңгей(50 ұпай дейін) :

    . Перзентханада туылған нәресте салмағы 3200, бойы 52 см. Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Туылғаннан кейін көкірекке қойылған. Қарау кезінде ауытқу жоқ. Кіндік жарасы таза. Анасы 22 жаста. Соматикалық сау. Жүктілік және босану ауытқусыз өткен.

    1. Нәрестенің алғашқы айында қандай мамандардың кеңесі қажет?

    2 айында: Невропотолог, травматолог, ЛОР мамандардан кеңес алып, қарауынан өтеді.

    Ай сайын проф осмотр болып тұрады.

    1. Нәрестенің алғашқы айында қандай анализдер жасау керек?

    ЖЗА,ЖҚА

    3. Нәрестенің салмағы қанша болуы керек?

    Баланың дене салмағын әдейіленген 25 кг жүктемелікті бала таразысында өлшейді. Әуелі таразыға салынған жөргекті өлшеп алады, күйентіні жабады, сонан соң өлшенген жөргек үстіне шешіндіріп баланы салады. Баланың басы және иықтары таразының кең жағына, аяқтары тар жаққа қаратылады. Салмағын өлшейтін адам күйентінің тап алдына тұрады, оң қолмен гірлерді ығыстырады, сол қолмен баланы құлаудан сақтайды. Салмақтын көрсеткішін жазып алғаннан кейін гірлерді «нөлге» қояды, күйентіні жауып, баланы таразыдан алады.

    Нәрестенің дене салмағы ер балаларда - 3500 г, қыз балаларда 3350 г. Салмағы 2500,0-граммнан кем балалар шала туған, ал салмағы 4000 граммнан асса - ірі балалар болып саналады.

    Бір жасқа дейінгі бала салмағы келесі формула бойынша анықталады: (п+600+800+800+750+700+…350) грамм, бұл формулада п-баланың туғандағы салмағы.

    Біржасарбаланыңденесалмағы 10-10,5 кг болады.

    2-11 жасарбаланыңсалмағынкелесі формула бойыншаанықтайды: (10,5+2п), осы формула бойынша п - баланыңжасы, 10,5 - біржасарбаланыңсалмағы.

    12-жасар жәнеодан да шағыжоғарыбалалардыңденесалмағы: (п∙5 – 20) кг, п - 12-жастан асқанбаланыңшағы. Дәлмәліметтердіцентильдерарқылыбілугеболады.


    написать администратору сайта