Главная страница
Навигация по странице:

  • Ауру анамнезі

  • Тұқымқуалаушылық

  • Диагноз: Атопиялық дерматит, жеңіл дәрежелі

  • Емдеу мақсаты

  • Дәрілік емес емдеу

  • Дәрілік емдеу: Системная терапия: Левоцитиризин 5мг per os күніне 1 рет ,14-28 күн Наружная терапия

  • Атопич%20дерматит. 1 жадайлы есеп 32 жасар йел науасты дрігер арады. Шаымдары


    Скачать 19.78 Kb.
    Название1 жадайлы есеп 32 жасар йел науасты дрігер арады. Шаымдары
    Дата24.02.2022
    Размер19.78 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАтопич%20дерматит.docx
    ТипДокументы
    #372444

    1 жағдайлық есеп
    32 жасар әйел науқасты дәрігер қарады. Шағымдары: 1 сағат бұрын мойнына крем жаққан соң мойында, арқасында біріккен, қышынумен жүретін бөртпелердің пайда болған.

    Ауру анамнезі: 2 күн бұрын дәрігердің қабылдауында болған кезде, дәрігер «Долгит» кремін тағайындаған, содан кейін жоғарыда аталған шағымдар пайда болған.

    Аллергоанамнез: ауырлықсыз. Тұқымқуалаушылық: ауырлықсыз.

    Карау кезінде: науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тері жамылғысы бозғлт қызыл түсті. Мойын терісі ісінген, эритема байқалады. Сүйек-буын жүйесі патологиясыз. Қалқанша безі ұлғаймаған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпенің барлық аймағында тынысы анық естіледі, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 18 рет. Жүрек тондары ырғақты, минутына 80 рет. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ішінің пальпациясы ауырсынусыз. Нәжіс және зәр шығару патологиясыз.

    Тапсырма:

    1. Диагностикалық критерилерді атап шығыңыз.

    2. Диагнозын қойыңыз.

    3. Тексеру жоспарын құрыңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты негізгі емдеу принциптері қандай?

    5. Осы ауруды қандай аллергендер тудырады?

    6. Емханадан шыққан соң науқасқа қандай ұсыныстар бересіз?

    1.Диагностикалық критерилерді атап шығыңыз:
    Шағымдары: 1 сағат бұрын мойнына крем жаққан соң мойында, арқасында біріккен, қышынумен жүретін бөртпелердің пайда болған.
    Ауру анамнезі: 2 күн бұрын дәрігердің қабылдауында болған кезде, дәрігер «Долгит» кремін тағайындаған, содан кейін жоғарыда аталған шағымдар пайда болған.

    Науқасты жалпы қарау кезінде: тері жамылғысы бозғлт қызыл түсті. Мойын терісі ісінген, эритема байқалады.

    Диагноз:

    Атопиялық дерматит, жеңіл дәрежелі

    Тексеру жоспарын құрыңыз.

    Жалпы лабораторлы тексеруді ұсынамых:

    -ЖҚА

    -ЖЗА

    -БАК

    -Стандартталған аллергендермен (прик-тест, скарификациялық тері сынамалары) тері тестілерін жүргізу.

    -Стандартталған аллергендермен (прик-тест, скарификациялық тері сынамалары)тері тестілерін жүргізу.

    -Қан сарысуын аллергологиялық зерттеу: қан сарысуындағы аллергенге тән IgE антиденелерін анықтау (УД - а-в – аллергенге байланысты).

    -Тері биоптатының гистологиялық биоптаты

    -Лямблий ,аскарид және описторхка қан плазмасынде антиген антиденені анықтау
    Осы науқасқа қатысты негізгі емдеу принциптері қандай?
    Емдеу мақсаты:

    аурудың клиникалық ремиссиясына қол жеткізу;

    қабыну мен терінің қышуын жою немесе азайту, қайталама инфекцияның алдын алу және жою, теріні ылғалдандыру және жұмсарту, оның қорғаныс қасиеттерін қалпына келтіру;

    АтД-ның ауыр түрлері мен асқынулардың алдын алу;
    науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту.
    Дәрілік емес емдеу:

    Режим: жалпы

    Қоздырушы факторларды жою (триггерлер / аллергендер)



    • Жұмсартқыш / ылғалдандырғыш құралдар

    • Ылғалдандырғыштар мен жұмсартқыштар (3-қосымша) АтД кешенді терапиясында ұсынылады, өйткені олар эпидермистің су-липидті және мүйізді қабаттарының тұтастығын қалпына келтіреді, терінің тосқауыл функциясын жақсартады ), сонымен қатар ГКС-үнемдеуші әсерге ие және аурудың белгілерін бақылауға қол жеткізу және қолдау үшін қолданылады

    Дәрілік емдеу:

    Системная терапия:

    Левоцитиризин 5мг per os күніне 1 рет ,14-28 күн

    Наружная терапия :

    Такролимус : 0,03% мазь 2рет күніне 3 апта қолданылады
    Әрі қарай жүргізу:

    Дерматологтың тұрғылықты жері бойынша диспансерлік бақылау, оның барысында қолдау терапиясы, емдеудің жанама әсерлерін азайту, теріні үнемі негізгі күту, қоздырғыш факторларды жою мәселелері шешіледі.




    написать администратору сайта