№2 тесты. 1 жастаы ыз бала п перзентханада бцж вакцинасы жасалан тыртыы 5 мм. Манту сынамасы папула 13 мм
Скачать 17.94 Kb.
|
#1 1 жастағы қыз бала П.. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Манту сынамасы – папула 13 мм. Туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай? Анергия Нормергия Гипоергия Гиперергия Параллергия #2 *!Ер адам. К., 27 жаста, өкпеден қан кету шағымдарымен жедел жәрдем каретасымен ҚКА пульмонологиялық бөлімшесіне жеткізілді. Анамнезінде: туб.ағасымен қатынас. Өкпенің флюорографиясын 1 жыл бұрын өткен. Диагноз қоюда төменде аталғандардың қайсысы ең тиімді? ТМБ және G-xpert қақырықтың бактериоскопиясы атипиялық жасушаларға қақырықты талдау екіншілік флораға қақырықты талдау аспергиллаға қақырықты талдау кандидке қақырықты талдау #3 *!9 жастағы бала, туберкулезбен ауыратын әкемен байланыста болған, Манту сынамасы 15 мм папула, Диаскинтест – папула 19 мм жүргізілді. Тексерілген, жергілікті туберкулез алынып тасталды. Аталған іс-шараның қайсысы неғұрлым орынды? химиопрофилактика 6Н химиопрофилактика 6НR химиопрофилактика 4E химиопрофилактика 4R химиопрофилактика 4Z #4 *!Науқас М, 50 жаста, дене қызуының 37,6о көтерілуімен, кешкілік тершеңдік, әлсіздік, шаршағыштық, қан жолақтарымен қақырықты жөтел, оң жақ кеуде қуысының ауруы, салмақ жоғалтуымен шағымданып терапевтке қаралған. Өкпенің фиброзды- кавернозды туберкулезімен ауырған апкесімен қарым-қатынаста болған. Аталғандардың ішінде қайсысы орынды? ТМБ қақырықты бактериоскопиялық зерттеу және GenеХpert ТМБ қақырықты бактериоскопиялық зерттеу және ВАСТЕС ТМБ қақырықты флюоросцентті әдіспен зерттеу және ТМБ қақырықты бактериоскопиялық зерттеу ТМБ қақырық сараптамасы Л-Й ортасына себіндісі #5 *!9 жастағы бала, 2 ТЕ Манту туберкулинді сынамасы жүргізілді, нәтижесі-папула көлемі 12 мм, Диаскинтест-13 мм. Бала толық тексерілгеннен кейін "алғаш рет анықталған жұқтыру"деген диагноз қойылды. Бала жиі суық тию және бронхитпен ауырады. Төменде аталған тактиканың қайсысы ең қолайлы? 0 тобында бақылау спецификалық емес АБП терапиясын жүргізу спецификалық терапия санаты бойынша жүргізу химиопрофилактикасыз 3Б тобында бақылау химиопрофилактикамен 3Б тобында бақылау #6 *7 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасы анықталмаған. Улану белгілері жоқ. Манту сынамалары: 1 жаста – 10мм, 2 жаста – 8 мм, 3 жаста – 5 мм, 4 жаста – 3 мм, 5-7 жаста –нәтижелері теріс. Баланың ерте жастарындағы туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай? Параллергиялық белгі Кеуде ішілік туберкулез Инфекциялық аллергия Поствакциналы аллергия БЦЖ екпесінің жағымсыз әсері #7 *Бала У., 3 жаста, салмақ тастаған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм. Тексеру кезіндегі туберкулин сезімталдығының ең лайықты сипаты қандай? Нормергиялық белгі Теріс анергиялық белгі Гиперергиялық белгі Оң анергиялық белгі Гипоергиялық белгі #8 *! Қазіргі таңда туберкулез микобактерияларын аныктаудағы ең жаңа тиімді әдістерін көрсетіңіз: бактериоскопиялық, бактериологиялық ПТР қанды зерттеу, цитологиялық G-xpert, Hain test Bactec-420, биологиялық иммунологиялық, серологиялық #9 *! 1 жастағы бала К. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Манту сынамасы – папула 10 мм. Туберкулезді контакт анықталмады. Шағымсыз. Интоксикация белгілері жоқ. Объективті қарағанда – ағзалар мен жүйелер бойынша – патологиясыз. Осы жағдайда болатын туберкулин сезімталдығының ең ықтимал нәтижесі қандай? Поствакциналық аллергия Алғашқы инфицирлену Туберкулезді жұқтыру Жасырын микробизм Туберкулез ауруы #10 *! 7 жастағы бала Е. Фтизиатрға қаралуға келді. Улану белгілері айқын. Шеткі лимфа түйіндері 4 тобында ұлғайған. Активті туберкулезі бар анасымен қатынаста болғаны анықталды. Манту сынамасы – алғашқы рет оң. Рентгенде – өзгеріс анықталған жоқ. Ең ықтимал болжам дигнозыңыз қандай? Tуберкулезді қатынас, алғашқы анықталған жұқтырылу Tуберкулезді қатынас, инфекция жұқтырылмаған Tуберкулезді жұқтыру, анергиялық белгі Tуберкулезді қатынас, өкпе туберкулезі Tуберкулезді қатынас, күмәнді белгі |