Главная страница

документ. Документ Microsoft Office Word. 1 Жасуша теориясыны ашылу тарихы


Скачать 17.8 Kb.
Название1 Жасуша теориясыны ашылу тарихы
Анкордокумент
Дата04.01.2023
Размер17.8 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДокумент Microsoft Office Word.docx
ТипДокументы
#872115



1)Жасуша теориясының ашылу тарихы.

Жасуша теориясының – тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, кобеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук жасаған. Ол микорскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді; тығын шұрықтарын, қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюлла» - «жасуша» деп атады. Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микорскоп жасап, оның көмегімен судағы біржасушалы ағза-кірпікшелері кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғашқы плазма деп атады. Қазір протоплазма тек тарихи дерке ретінде ғана пайдаланылады, оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро. Микроскоп.Жасушалардың

мембранасына, ядросына және цитоплазмасының құрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100-3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді,ал жетілдірілген окулярды қолданып,зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы-биохимия жасушаның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерттеу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады. Ол өте жылдам айналып, жасушаның құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады, себебі оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі болады.



написать администратору сайта