1. Жедел пероральды улануда асазанды жуу крсетіледі, егер А. у абылдааннан 2 сааттан кп емес уаыт тсе
Скачать 19.87 Kb.
|
4 – нұсқа 1. Жедел пероральды улануда асқазанды жуу көрсетіледі, егер: А. у қабылдағаннан 2 сағаттан көп емес уақыт өтсе В. у қабылдағаннан 10 сағаттан көп емес уақыт өтсе С. қышқылдар және сілтілермен уланған кезде Д. науқас ес-түссіз жатса Е. +кез-келген жедел пероральды улануда 2. Паренхималық қан кетуге тән: А. қою түсті пульсациялаушы ағыс В. ал қызыл түсті баяу ағыс С. ал қызыл түсті пульсациялаушы ағыс Д. қою түсті баяу ағыс Е. +бүкіл тін бетінен қан кету 3. Қалыпты босанудың бастапқы кезеңінде толғақтың ұзақтығы: А. +15-20 секунд B. 45-60 секунд C. 1,5-2 минут D. 3-4 минут E. 5-6 минут 4. "Гифема" терминіне дұрыс тұжырым беріңіз: А. +көздің алдыңғы камерасында қанның жиналуы B. қасаң қабықтың контузиясы C. ретробульбарлы гематома D. тор қабаттың сылынуы E. қасаң қабаттың жедел эрозиясы 5. Аналық безінің жылауығы аяғының айналып кету себебі: А. +күрт айналу, жылауық аяғының ұзын болуы, ішек перистальтикасының күшеюі В. тік ішектің толып кетуі, ішек перистальтикасының күшеюі С. ішектің түйілуі, жылауық аяғының ұзын болуы Д. АҚ жоғарылауы, жылауық аяғының қысқа болуы Е. нақты себептері жоқ 6. Сан сүйек диафиздік сынуында тасымалдау иммобилизациясымен қозғалғыштық шектелу қажет: тізе буынында жамбас-сан буынында тізе және жамбас-сан буындарында тобық пен жамбас-сан буындарында +тобық, тізе және жамбас-сан буындарында 7. Шығудың белгілеріне жатпайды: А. +сүйек сынықтарының крепитациясы В. шыққан сүйек басын пальпациялау С. буын аймағында аяқ-қолдың деформациясы Д. аяқ-қолдың мәжбүрлі күйі Е. пассивті қозғалыстардың шектелуі 8. Жедел нейролептикалық синдромның дамуы қолданумен негізделген: опиаттарды +нейролептиктерді холинолитиктерді транквилизаторларды психостимуляторларды 9. Тері мен жұмсақ тіндердің жажатын тіндердің некрозы үсікке шалдығудың дәрежесі: А. I B. II C. +III D. III a E. III b 10. Білек сүйектерінің суында тасымалдау иммобилизациясымен қозғалғыштық шектелу қажет: шынтақ буынынды иық буынында кәріжілік-білезік буынында + кәріжілік-білезік және шынтақ буындарда кәріжілік-білезік, шынтақ және иық буындарда 11. Американдық хирургтар коллегиясының жіктемесі бойынша геморрагиялық шоктың IV дәрежесіне сәйкес АҚК қатынасты қан жоғалту мөлшері: А. 15% және одан да төмен B. 20-25% C. 30-40% D. +40% және одан да жоғары E. 50% көп емес 12. Ағзаны жасанды детоксикация әдісі: А. форсирленген диурез B. +лимфосорбция C. ішекті тазалау D. өкпе гипервентиляциясы E. асқазанды жуу 13. Қан қысымы 80 мм.с.б., пульс минутына 120 рет, тыныс минутына 24 рет. Жарақаттық шоктың дәрежесі: А. жеңіл В. +орташа С. ауыр Д. өте ауыр Е. кома 14. ФОҚ улануды емдеуде қолданылады: А. +дипироксим В. седуксен С. В тобындағы дәрумендер Д. димедрол Е. адреналин 15. Бас ми бағаны тыныс орталығының депрессиясы улануда дамиды: +героинмен кокаинмен дихлорэтанмен улы арамқұлақпен фосфорорганикалық қоспалармен 16. Қалыпты жарықтандыру кезінде көз қарашығының қалыпты диаметрі: 0,5 мм 1-1,5 мм 1,5-2 мм 2-2,5 мм +3-4 мм 17. Бас-ми жарақаты кезінде ең жиі жарақат алатын бас сүйегі: А. маңдай B. +самай C. төбе D. шүйде E. тор 18. Жоғарғы қыртыстық қызметтің бұзылысына жатады: +афазия нистагм анизокория орталық парез орталық салдану 19. Сірке қышқылымен улануда алғашқы көмекке жатады: А. гемодиализ В. +асқазанды сумен жуу С. тромболиздік терапия Д. оттегімен емдеу Е. асқазанды натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен жуу 20. Иық сүйегінің ашық сынуы және ішке қан кетумен жүрген жарақатта ЖЖ дәрігері іс эрекетінің реттілігі: А. +қан кетуді тоқтату, жансыздандыру, иммобилизациялау, АҚК толықтыру В. сыртқы және ішкі қан кетуді тоқтату, тыныс алу аналептиктерін енгізу, АҚК толықтыру С. тыныс алу аналептиктерін енгізу, АҚК толықтыру, жансыздандыру Д. иммобилизациялау, тыныс алу аналептиктерін енгізу, жансыздандыру Е. сыртқы және ішкі қан кетуді тоқтату, АҚК толықтыру, жансыздандыру 21. Артериядан қан кетуде аяқ-қолға қойылады: зақымдалған жерге қысатын байлам зақымдалған жерден төмен қысатын байлам зақымдалған жерден жоғары қысатын байлам зақымдалған жерден төмен қан тоқтатушы жгут +зақымдалған жерден жоғары қан тоқтатушы жгут 22. Шыбынқыратпен (мухомор) улануда антидот: А. седуксен В. кордиамин С. +атропин Д. адреналин Е. этанол 23. Сыртқы жылу факторының әсерінен болған жылу беру бұзылысы нәтижесінде дамитын патологиялық синдром: А. күн сәулесінің соққысы В. найзағай соққысы С. күн өту Д. + жылулық соққы Е. күн сәулелік күйік 24. Судың альвеолаларға түсуінің нәтижесінде суға бату: А. синкопальды В. асфиксиялық С. +шынайы Д. аралас Е. құрғақ 25. Пельвиоперитонит белгілеріне жатады: А. + қалтырау, гипертермия, іштің төменгі жағындағы ауырсыну В. гипотония, тахикардия С. гипотермия, гипотония Д. метроррагия, гипотония Е. аменорея, қалтырау 26. 12 елі ішек ойық жарасына тән ауырсыну белдеме ұстама тәрізді +түнгі, аштық сыздап, тамақтан кейін кескен тәрізді, күні бойғы 27. Асфиксиялық суға батуға тән: А. артериялық гипотензия B. +ларингоспазм C. өкпе ісінуі D. тахикардия E. жүректің рефлекстік тоқтауы 28. Бірінші орында тұратын уланулар түрі: А. +алкоголь және оның суррогаттарымен В. барбитураттармен С. күйдіру әсері бар умен Д. наркотиктермен Е. транквилизаторлармен 29. Тесілген жаралардың ерекшелігі: А. +көріністің жасырын түрі, сепсистің дамуы В. кіру тесігінің үлкен мөлшері С. айналадағы тіндердің айқын зақымдалуы Д. жараның жыртылған шеттері Е. контузия аймағы 30. Қалыпты орналасқан бала жолдасының мерзімінен ерте ажырауына күдік туғанда ЖМК бригадасы жүргізуі тиіс: өз атына акушерлік бригада шақыру гемостатик енгізіп өз атына акушерлік бригада шақыру жүкті әйелге әйелдер кеңесіне қаралуына ұсыныс беру +босанушыны тез арада жақын арадағы акушерлік ауруханаға жеткізу босанушыны тез арада жақын арадағы медициналық мекемеге жеткізу 31. Ішке қан кетудің ең ерте белгісі: А. систоликалық қысымның төмендеуі B. пульсті қысымның төмендеуі C. +тахикардия D. жалпы әлсіздік E. коллапс 32. 100 % бассүйек негізінің сынығын көрсететін белгі: А. шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі B. экзофтальм C. +құлақ немесе мұрыннан ликворея D. беттің бір жақты мимикалық бұлшықеттердің парезі E. емізік тәрізді өсінді аймағында қан құйылу 33. Аналық без жылауығы айналуының ең қауіпті асқынысы болып табылады: А. ішке қан кету В. тромбофлебит С. +перитонит Д. эндометрит Е. малигнизация 34. Қабырғалардың әйнек тәрізді сынуы мен кеуде қуысының флотирлеуші аймағы болғанда ауруханаға дейінгі сатыда: флотирлеуші аймақты фиксациялау көрсетілмеген кеуде қуысына спи ральды байлам қолданылады кеуде қуысына эластикалық дәкемен циркулярлы байлам қолданылады +циркулярлы байлам таңылмай флотирлеуші аймақты пластырмен фиксацияланады циркулярлы байлам таңылмай флотирлеуші аймаққа бітеуші байлам қойылады 35. Қысылған шап жарығының клиникасы: А. ауырсыну, жүрек айну, бауырлық тұйықталудың жоғалуы В. +кенеттен ауырсыну, жарықтың орнына келмеуі С. жарықтың орнына келуі, жөтелу түрткі симптомы Д. жарықтың орнына келмеуі, дене қызуы Е. Вааль белгісі, тенезмдер 36. Ересек адамның жедел улануында асқазанды зонд арқылы жуу кезінде бірреттік енгізілетін су мөлшері: 200 мл 400 мл +800 мл 1600 мл 2000 мл 37. Суға батудың түрлері: А. +шынайы, құрғақ В. зорлықпен, құрғақ С. кездейсоқ, шынайы Д. әдейілеп, құрғақ Е. зорлықпен, шынайы 38. Күйіктік шок кезінде жедел жәрдем дәрігері әрекетінің кезектілігі: А. жансыздандыру, АҚК толықтыру, жүрек гликозидтерін енгізу В. +жансыздандыру, АҚК толықтыру, күйік бетін өңдеу С. АҚК толықтыру, жүрек гликозидтерін енгізу, ЖТЖ (ОДН) күрес Д. АҚК толықтыру, күйік бетін өңдеу, ЖТЖ (ОДН) күрес Е. жансыздандыру, жүрек гликозидтерін енгізу, ЖТЖ (ОДН) күрес 39. Қан жоғалту дәрежесін анықтау критерилеріне жатады: +АҚ, пульс, АҚК әлсіздік, АҚ, пульс АҚК, талып қалу, бас айналу сананың тұнжырауы, АҚК, пульс бас ауру, бас айналу, әлсіздік 40. Меккель дивертикулының орналасуы: асқазан 12 елі ішек соқыр ішек тік ішек +мықын ішек 41. Ересек адамның жедел улануында ауруханаға дейінгі сатыда асқазанды тиімді жуу үшін қажет су мөлшері: 2-5 л 6-9 л +10-15 л 16-20 л 20-30 л 42. Ауруханаға дейінгі сатыда жедел алкогольды психозды (делирий, галлюцинациялар) басады: +диазепаммен аминазинмен пирацетаммен кордиаминмен галоперидолмен 43. Басталған түсік тастау кезінде тиімді ауруханаға дейінгі тактика: окситоцин енгізу, 2 сағаттан кейін қайта қарау +аурухананың гинекология бөлімшесіне жатқызу окситоцин енгізу, аурухананың гинекология бөлімшесіне жатқызу төсектік тәртіпті сақтауды ұсыну, әйелдер кеңесіне актив беру дротаверин енгізу және аурухананың гинекология бөлімшесіне жеткізу 44. Жарақаттық шоктың басталу механизмі: А. жүйке жүйесінің бұзылуы В. тыныстың бұзылуы С. эндокринді жүйенің бұзылысы Д. зат алмасудың бұзылысы Е. +ауырсыну синдромы 45. Жараланған кезде жүргізілетін алғашқы шаралар: А. АҚК толтыру В. асептикалық таңғыш салу С. жараны залалсыздау Д.+қан кетуді тоқтату Е. инфекциямен күрес 46. Көздің 2 дәрежелі күюіне тән: А. +конъюнктиваның беткей некрозы В. конъюнктиваның гиперемиясы С. аққабықтың некрозы Д. көз қасаң қабығының некрозы Е. тесілген жара 47. 12 елі ішек ойық жарасының тесілуінен қанша уақыт өткеннен соң «жалған» сауығу кезеңі дамиды? А. 30-45 минут B. 1-1,5 сағаттан C. +2-3 сағаттан D. 5-6 сағаттан E. 7-8 сағаттан 48. Жүрек жарақаты бар науқас қандай қалыпта тасымалданады? А. арқасымен B. сол жақ бүйірімен C. оң жақ бүйірімен D. Тренделенбург қалпында E. +науқас өзі таңдаған қалыпта 49. Көгерткіш қышқылмен улануда қолданылатын дәрілік зат: А. дипироксим B. этил спирті C. +амилнитрит D. атропин E. натрий гидрокарбонаты 50. Метанолмен улануға тән емес көрудің бузылуы: А. +офтальмоплегия B. диплопия C. түсті сезінуді бұрмалау D. мидриаз E. қадалу |