Главная страница

Елін сүйген елбасы тәрбие сағаты. ЕЛІҢ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ. 1 желтосан Тыш Президент кніне арналан 5 сыныпта тетін сынып саатты жоспары Таырыбы Елі сйген Елбасы Сынып жетекшісі Осипова А. К


Скачать 30.39 Kb.
Название1 желтосан Тыш Президент кніне арналан 5 сыныпта тетін сынып саатты жоспары Таырыбы Елі сйген Елбасы Сынып жетекшісі Осипова А. К
АнкорЕлін сүйген елбасы тәрбие сағаты
Дата02.03.2023
Размер30.39 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕЛІҢ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ.docx
ТипДокументы
#964715

Бекітемін

«Ақмешіт ауылының жалпы

орта білім беретін мектеп»

КММ-нің директоры:

_____________С.Б. Аппасов

30.11.2021ж

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған

5 сыныпта өтетін сынып сағаттың жоспары

Тақырыбы: «Елің сүйген Елбасы»

Сынып жетекшісі: Осипова А.К.



2021-2022 оқу жылы
Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті балалар! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы».

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.

1) Сәлемдесу.

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Әнұраны  орындалады)

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты ашық сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

-Н.Ә.Назарбаев кім? Ол туралы не білесіңдер оқушылар

- Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

Мұғалім: Президент күні – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әрбіріміз үшін парыз.

1-тапсырма.

Елбасы туралы шағын бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы маңызды ақпараттарды белгілеп отырады.

  1. Елбасы болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  2. Елбасы Н. Назарбаевқа қандай сипаттама бересіңдер?

  3. Елбасының еңбек жолы туралы не білесіңдер?

(Оқушылар бейнероликтен көрген ақпаратты негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді).

Қызықты деректер

1. Нұрсұлтан – ата-ананың тілеуімен туған бала. Анасы Әлжан Әбішке тұрмысқа шыққаннан кейін бес жылға дейін құрсақ көтермей, Алладан бала тілеумен болады. Шын тілекті Алла берсе керек, көп ұзамай, Әлжан ана түс көреді. Түсінде теңіз түбінен мылтық тауып алып, оны күйеуі Әбішті қуантайын деп асынып алғанын көреді. Ояна келе ет жақын ағайындарына жорытқанда, олар «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл берер» дейді. Көп ұзамай дүниеге Нұрсұлтандай ұл келеді.

2.Туған жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды. 

3. Елбасының әкесі Әбіш бағбан болған Әбіш – бір ағаш пен екіншісін будандастарып түрлі жеміс ала беретін бау-бақшаның нағыз білгірі болған. Әкесі туралы Нұрекеңнің өзі: «Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерде көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын», – деп жазады өз естелігінде.  

4. Елбасымыз музыканы бала кезінен жақсы көрген. Кішкентай кезінен мандолин, баянда ойнай білген, домбыра тартқан. Әнді де жақсы айтады, қоңыр дауысы бар. 

5. Әлжан – дұғасы қабыл болған ана. Ислам дінінде ата-ананың балаға жасаған дұғасы Алла тарапынан сөзсіз қабыл болатын дұғалар қатарына жатады. Тұңғышының тілеуін тілеген ана Нұрсұлтанның кішкентай кезінде «Жарығыма ғұмыр бер!» деп тілеп отырса, кейін Теміртауға кеткенінде: «Ей, Алла! Сұлтаныма амандық, саулық бере гөр! Жұлдызын жарық қыла гөр! Өзіңе тапсырдым, Алла» деп дұға етпей ұйықтамайды екен. 

6. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 

7.Елбасы – ақын. Оның суырып салатын қасиеті бар. Ал өлеңдерімен тек жақындары ғана таныс болса керек. Халық назарына әлі ұсыныла қойған жоқ. Жұрт тек «Елім менің», «Үш қоңыр» секілді әнге айналған өлеңдерін біледі.

8. Елбасы – құралайды көзге атқан мерген. Елбасымыз аң аулағанды, саят құрғанды жақсы көреді. Әрі оның мергендігі туралы түрлі аңыздар бар. Бірге оқыған досы, белгілі заңгер, Мақсұт Нәрікбаев ол туралы:сұхбатында «Бір жолы атқан оғының жарты шақырым қашықтықта тұрған жануардың жүрек тұсынан дәл тигендігін көрдім. Тек хас мерген ғана осылай ата алады ғой», – деген

9. Елбасы – шебер шаңғышы. Бала кезінен шаңғыны жақсы көрген Нұрсұлтан Үшқоңырдың биігінен, небір қиын жолсыз жерлермен сырғанағанда алдына жан салмаған екен

10. Назарбаев – альпинист. Ол тау баласы болғаннан кейін бе, альпинизмге қатты құмартқан. Кішкентай күнінде Үшқоңырдың тау-тасын жиі аралап кетеді екен. Кейін Президент болғаннан соң да кәсіби альпинистерге ілесіп, бірнеше шыңды бағындырған. Соның ішінде теңіз деңгейінен 4010 м биіктіктегі Абай шыңының орны ерекше. Бүгінде Алматы маңында Нұрсұлтан шыңы бар. 

11. Елбасы – гольф шебері. Елбасымыз Хайнань аралдарындағы демалыстарының бірінде гольф ойнау шеберлігімен жергілікті халықты қатты таңғалдырыпты. Гольф допшасын бастау алаңшадан көмбе алаңшадағы шұңқырға бір ұрғаннан кіргізген. Таңдайларын қаққан қытай мамандары сол жерге ескерткіш те орнатпақ болған көрінеді.

12. Мәдинада үш ай жаумаған жаңбыр, біздің Елбасымыз барған уақытта жауған. Арабтар мұны ерекше жағдайға балап, оған өзгеше құрмет көрсетіп, алтын тысты Құран сыйға тартқан. Тіпті есіміндегі «Нұр», «Сұлтан» сөздерінің араб тілінен алынғанына назар аударып, риза болысқан.  

13. Нұрсұлтан Әбішұлы – әзілқой адам. Ол кісімен дастархандас болған көптеген адамдар естеліктерінде Елбасымыздың ерекше әзілқой адам екендігін айтады. Әсіресе еркін отырыстарда әзіл айтып, айналасындағыларды күлдіріп, көңілдерін көтеріп отырады екен.

Керемет, елбасымыз туралы қаншама қызықты деректермен таныстық.

Бейнеролик көрсетіледі

1-топ: Постер құрастыру, Блум таксономиясы.
Елбасы туралы не білесің?


Кестені толтыр

Кім?

Қашан?

Қайда?

Қалай?

Қандай?



Кестені толтыр

Кім? Н. Ә Назарбаев

Қашан? 1940жылы 6-шілде

Қайда?Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген

Қалай? Еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен, халқына деген өрен сүйіспеншілігімен еңбек етіп келе жатыр

Қандай? Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласында металлург болып бастаған. 1969-1989 ж.ж. аралығында лауазымды жұмыстарды атқарған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР-ның президенті. Біздің тұңғыш президентіміз, көшбасшымыз.


2-топ: Елбасы тұлғасына суреттеме


Саяси кезең

Жылдар бойынша елеулі оқиғалар

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
1995 жыл 30 тамыз- Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады. 

1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Әнұранның авторы Шамші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжмебенов, Нұрсұлтан.Назарбаев

2019жыл 9 маусымда Жаңа президент Қасым- Жомарт Тоқаев сайланды

Сыныппен қорытындылау

Кері байланыс. «3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспект;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Ән «Көк тудың желбірегені» әні
Мұғалімнің сөзі

20 наурыз, 2019жылы Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарған 78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде " Бүгін баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының президенті ретіндегі өкілетімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым деп Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін айтты.

Біздің қазіргі жаңа президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев

«Мен Президент болсам немесе менің тілегім!» (5 мин)

Тақтаға «Күн» суреті ілінеді. Өз тілектері мен құттықтауларын күн сәулелеріне жазып, күннің айналасына орналастырады. (Алғашқы жазып болған бірнеше оқушының жауаптарын оқыту)

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтан қандай ақпарат алдың?

Бүгінгі сабақтан не ерекше есіңде қалды? Неліктен?Тұңғыш Президенттің ұлағат сөзін қайталап айтып бере аласың ба?



написать администратору сайта