1 және 2 дәріс. 1 жне 2 дріс. Ойлау мдениетіні пайда болуы. Философияны пні мен дісі Философия
Скачать 48 Kb.
|
1 және 2 дәріс. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі «Философия» термині гректің «phileо» - махаббат және «sophia» - даналық , яғни, «даналыққа махаббат» сөздерінен шыққан. Аталған ұғымды б.з.д. VII ғасырда ежелгі грек ойшылы Пифагор енгізді. Бұл мағына терминді толық ашып қоймайды, бүгінгі күнде айтылған түсінікке сан қилы ойлар беріліп жүр. Осы ойлар философияны толықтай зерделеуге мүмкіндік туғызды. Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді. Философия пәні бүкіл әлемді, оның басты салаларын тұтас құбылыс ретінде қарап, болмыс пен танымның ортақ заңдылықтары мен принциптерін болып табылады. Философия әлемді түсініп білуде адамдардың қажетіліктерін қоршаған ортада толықтай және жалпылама көрсететін, өзіндік қасиеттері мен сипаттамасы бар жүйе. Өзінің үш мың жылдық даму тарихында философия барлық ғылымдардың түп негізіне айналды. Философиялық ойлар алғашқы қауымда қозғала бастағанымен, бірақ бүтіндей жүйе ретінде философияның дүниеге көзқарасы ерте ғасырлық қоғамдағы (Үнді, Қытай, Грек, Рим және т.б) ойлардан іріктеле бастады. Философия мазмұны адамның ұтқыр ойлары мен нақты ғылымдарға негізделген. Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін бөлімдері: онтология-болмыс туралы ілім, гносеология-таным туралы ілім, антропология-адам туралы ілім, логика- ойлау заңдылықтары мен ауқымы туралы ілім, этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім, эстетика - сұлулық туралы ілім, философия тарихы - философияның тарихының пайда болуы мен дамуын зерттейтін ілім. Сондай-ақ, бүгінгі күнде философиялық білімнің мамандандырылған бөлімдері бар, солардан ғылым философиясы, дін философиясы, мәдениет философиясы және білім философиясы және т.б. пайда болды. Философия және дүниеге көзқарас. Философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды. «Дүниеге көзқарас» ұғымы «философия» ұғымымен астарлас. Ол өзіне басқа да дүниеге көзқарастартың түрлерін мифологиялық, көркемдік, діни және т.б. қарастырады. Толықтай түйіндегенде, дүниеге көзқарас - дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарасқа: адамның дүниеге деген бағасы мен түсінігі, философиялық, жалпы ғылымдық, әлеуметтік - саяси, құқықтық, эстетикалық құндылықтық бағдары, болжауы, сенімі жатады. Материализм – материяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас. Идеализм – идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас. Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея. Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея. Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас. Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас. Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас. Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады. Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар. Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері жатады: мифологиялық, діни және философиялық. Негізгі мифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар мен елестету болып табылады. Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім. Философиялық көзқарастың негізі –сана. Философия әдістері. Философия гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану, барлық ғылымдардың әдіснамасы. Методология (әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер ілімі. Әдіс - теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі. Әрбір білім аумағының өзіндік зерттеу пәні , қолданатын ерекше әдісі болады. Философиялық әдістің ерекшеленетін қасиеті – әмбебаптылығында. Бұл әдістер ақиқатқа жол сілтей отырып, барлық жерде қолданылады. Диалектика осы әдістер қатарына жатады. Бұдан да басқа, жеке философиялық әдістер, сондай-ақ герменевтика, эклектика, софистика және т.б. бар. Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп-салдар, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылатын философиялық әдіс. Диалектикаға қарама қарсы философиялық әдіс метафизика болып табылады. Герменевтика-(гр.т.анықтаймын) - мәтіннің мәнін, оның обьективтік жағы мен субьективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері. Эклектика-(гр. таңдаймын) - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайтын, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытынды алынады. Софистика - айтыс-тартыста жеңіске жету үшін ақты қара, қараны ақ жүгінетін әдіс. Философияның негізгі функциялары: - дүниеге көзқарастық дүние туралы білімді біртұтас жүйе ретінде біріктіре алатын адамның мүмкіндігін анықтайды және оның бірлігі мен көп жақтылығын қарастырады. - методологиялық функция философия қоршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды, логикалық-теориялық анализдегі адамдардың ғылыми практикалық қызметі болып табылады. Методологиялық философия ғылыми зерттеудің бағытын және көптеген мүмкіндіктерге жету жолдарын ұсынады. - гносеологиялық (танымдық) функция философияда әлем туралы жаңа білімді кеңейтуді қамтамасыз етеді. - әлеуметтік-коммуникативті функция философияда идеологиялық, тәрбиелік және басқару іс әрекетін қолдануға мүмкіндік береді, тұлғаның, әлеуметтік топтың, тұтас қоғамның суббъективті факторлық қалыптастырады. Философияның барлық функциялары бір бірімен тығыз байланысты және сонымен қатар, философия қызметтерінің байланысы адам пен қоғамның арасындағы теориялық және практикалық қызметтерін зерделеу арқылы жүзеге асатынынан көрінеді. Бірақ философияның әртүрлі бағыттары бұл қызметтерді олардың мазмұны мен нәтижесіне қарап жүзеге асырады, яғни позитивті және негативті болуы мүмкін. Философия қызметі – философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философия функциясы – философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философия және дүниеге көзқарас Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы – ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады. Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән. Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар. • Мифология • Дін. • Философия. Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: • Әлем, жер және адамның пайда болуы; • Табиғи құбылыстарды ұғыну; Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Дін мына мәселелерді қарастырады: - Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу; - Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну; - Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы. Электронды ресурстар:http://kazatu.kz КАТУ им. С. Сейфуллина, официальный сайт http://portal.kazatu.kz/e-books КАТУ им. С. Сейфуллина, электронная библиотека http://rmebrk.kz Республиканская межвузовская электронная библиотека https://openu.kz/kz Қазақстанның ашық университеті https://www.coursera.org coursera — проект в сфере массового онлайн- образования https://ru.khanacademy.org Академия Хана – некоммерческая образовательная организация |