Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Калькуляциялау объектісі

  • 7 тақырып Қазыбаева Жансая. 1. Калькуляция, оны трлері мен мазмны


    Скачать 16.4 Kb.
    Название1. Калькуляция, оны трлері мен мазмны
    Дата08.12.2021
    Размер16.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7 тақырып Қазыбаева Жансая.docx
    ТипДокументы
    #296521

    1.Калькуляция, оның түрлері мен мазмұны 
    Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

    Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

    Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.

    Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.

    Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.

    Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.

    Жоспарлы калькуляцияның бір түрі — сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.

    Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында — төмен. Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында — төмен.
    2. Калькуляциялау объектісі

    Калькуляциялау объектісі – белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілетін қызымет, өнім әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық – түлік өнімдерінің түрлері.

    Калькуляциялау объектілерінің негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортиментімен күрделігін, бөлшектер мен тетіктердің бұйымда біргейлені деңгейі және шығынның қай топқа жататының сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау объектісін шығынды көтерушілер деп атайды.

    Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ – энергетико салаларында бітпеген өндіріс болмаса (мысалы, энергетика, мұнай және т.б), шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді.

    Бұл жекелеген данамен, шағын сериялармен, жаппай өндірістегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірибелік – экспериментальді және біртекті жұмыстарды орындауғы қатысты.

    Технологиялық процесс сатыларғы (бөлістерге) бөлінетін өндірісте мұндай сәйкестік байқалмайды. Мысалы, тоқыма өнеркәсібінде – иіру, тоқу, өндеу – жеке бөлістер шығын есебі объектілеріне, ал дайын өнім, яғни мата – калькуляциялау объектісі болып шығады.

    Барлық соммалар ушін өндірістегі тікелей материалдық және еңбек шығындарына ресурстарды қоладну дәрежесін өндірістік процестерді ұйымдастыру мен оларға қызымет етуге шыққан шығыстары, басқару шығындарын шығын есебі объектілері ретінде көрсету ортақ болып табылады.

    Басқаша айтсақ, шығын есебі объектілерін таңдау өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру түріне, кәсіпорынды басқару құрлымына, шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін, ішкі өзара қарым – қатынастарды және т.б байланысты. Сипаттау әр түрлі және сондықтан шығын есебі объектілерінің номенклатурасын әрбір кәсіпорын жеке жасайды.


    написать администратору сайта