Главная страница
Навигация по странице:

  • Тұлғалық қасиеттері

  • Психодиагностикалық әдістер: 1.Жеке тұлғаны көп факторлы зерттеу (Р.Кэттел) Мақсаты

  • Жауап бере отырып,есте сақтаңыз

  • Мақсаты

  • Зерттеу тәртібі

  • Психологиялық түзету-дамыту жұмыс жоспары

  • 1 кейс. 1. Кейс Кейсте берілген жадаятты талдаыз. Оушыны андай тлалы асиеттерін сипаттар едііз андай психодиагностикалы дістемелерді олдануа болады Психологиялы тзетудамыту жмыс жоспарын рыыз.


    Скачать 15.64 Kb.
    Название1. Кейс Кейсте берілген жадаятты талдаыз. Оушыны андай тлалы асиеттерін сипаттар едііз андай психодиагностикалы дістемелерді олдануа болады Психологиялы тзетудамыту жмыс жоспарын рыыз.
    Дата24.02.2022
    Размер15.64 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 кейс.docx
    ТипДокументы
    #371875

    1.Кейс

    Кейсте берілген жағдаятты талдаңыз. Оқушының қандай тұлғалық қасиеттерін сипаттар едіңіз? Қандай психодиагностикалық әдістемелерді қолдануға болады? Психологиялық түзету-дамыту жұмыс жоспарын құрыңыз.

    «Аманжол оқу екпіндісі, үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Бірақ, сыныптастарынан оқшауланған, оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді».

    Тұлғалық қасиеттері: Бұл жерде Аманжол төмен қарым-қатынаспен ерекшеленеді.Қарым-қатынастар мен жаңа таныстарға айналуға ұмтылмайтын интроверлер.Аманжол тұйық,жабық,салмақты адам.Бірақ бұл эгоистік емес. Ол сыртқы әлеммен байланысуды қажет етпейді немесе оған аса қажетсінбейді. Интроверттер энергия көзін өзінің ішкі дүниесіндегі идеялардан, эмоциялардан және әсерлерден табады.Аманжол өзіне сенімсіз.Темперамент типі бойынша меланхолик. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді.

    Психодиагностикалық әдістер:

    1.Жеке тұлғаны көп факторлы зерттеу (Р.Кэттел)

    Мақсаты: бұл сауалнама жеке тұлғаға арналған,жеке тұлға қасиеттері жайлы көп ақпарат береді.

    Бұл сауалнама 187 сұрақтан тұрады. (8-11 сыныптар аралығында). Зерттеуші тіркеу бланкісіне «жоқ», «иә», «білмеймін» деген жауап варианттарының бірін жазу ұсынылады.

    Нұсқау: сізге бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Мұның мақсаты сіздің мінезіңіз, қызығушылықтарыңызды анықтауға араналған. Мұнда дұрыс және дұрыс емес деп жауап беретін сұрақтар жоқ. Сұрақтарға әр түрлі зерттелінушілер өз ерекшелігіне байланысты жауап береді. Егерде сіз өзіңіздің әр-түрлі жағдайдағы мінезіңізді сипаттайтын ерекшеліктер жайлы ұсыныстар мен мағлұмат алғыңыз келсе, сұрақтарға нақты және шынайы жауап беруге тырысыңыз.

    Жауап бере отырып,есте сақтаңыз:

    -сұрақтар өте қысқа. Сондықтан сұрақ мазмұнына қарай жалпы көз алдыңызға елестетіп, әр-бір кішкене нәрсеге тоқталмаңыз.

    -ойлануға уақытты көп жібермеңіз. Қандай шынайы жауап ойыңызға келді, солай жауап беріңіз.

    -бірнеше сұраққа1 минут ішінде жауап беруге тырысыңыз. Сонда сіз 35 минут ішінде тестке жауап беруді аяқтайсыз.

    -ойда жоқта есіңізге келген, айқын емес жауаптардан қашуға тырысыңыз.

    -ешқандай сұрақты жібермеңіз. Міндетті түрде барлық сұраққа жауап беру керек.

    -кейбір сұрақтарды өзіңіздің мінезіңізге байласныстыруға болмайтын жағдайлар кездессе, неғұрлым жуықтау жауптар беруге тырысыңыз.Өз жауаптарыңызбен жақсы көрінуге тырыспаңыз. өз ойыңызды еркін түрде көрсетіңіз.

    2. Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі

    Бұл тест сол сәттегі мазасыздық деңгейі (реактивті мазасыздық көңіл күй ретінде) мен тұлғалық мазасыздықты (тұрақты сипат ретінде) бағалаудың сенімді ақпараттық тәсілі болып саналады. Тұлғалық мазасыздық көптеген жағдайларда қауіп ретінде қабылдап, себепсіз мазасызданады. Реактивті мазасыздық қысылу, тынышсыздану, күйгелектеумен сипатталады. Реактивті мазасыздықтың жоғарғы деңгейі зейін мен сезімнің үйлесімін бұзады. Мазасыздықтың өте жоғары деңгейі невротикалық жанжалдың туындауына, эмоциалық немесе невротикалық, психосоматикалық аурулардың қозуына соқтырады.Дегенмен, мазасыздық барлық уақытта жағымсыз сипатта болмайды. Мазасыздықтың белгілі бір деңгейі белсенді адамның табиғи, өзіне тән мінез ерекшелігі де. Сонымен қатар «пайдалы мазасыздықтың» оптималды жеке деңгейі де болады.

    Мақсаты: сол кездегі (реактивті мазасыздық) мазасыздық деңгейін зерттеу және (тұлға мазасыздығы) мазасыздықтың деңгейін анықтау. Тест 16 жастан жоғарыларға пайдаланылады.

    Зерттеу тәртібі:эксперимент жүргізуші әдістеме мәтінін оқиды және алдын ала толтырылған парақты сыналушыға береді. Тест 2 мәжеден тұрады: әрқайсысында реактивті және жеке мазасыздықты жеке-жеке бағалаған 20 құптама болады.Бұл әдістеме 4 жауаптан тұрады (Жоқ,болмауы мүмкін,болуы мүмкін,иә)

    Сұрақтары:

    1 Мен салмақтымын

    2. Маған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

    3. Мен қысылып отырмын

    4. мен өкінемін-деген сияқты.

    Психологиялық түзету-дамыту жұмыс жоспары:

    Топтық жұмыс

    Сезім”түзету-дамытушылық бағытындағы тренинг

    «Қоршаған орта және біз»



    Мақсаты: “Сезім” тренинг арқылы балаларды ойын арқылы зейінің қалыптастырып,танымдық процесті дамыту

    Міндеттері:

    ● «Сезім» түсінігін бекіту;

    ● Өзін-өзі тәрбиелеуге құлшынысын тәрбиелеу;

    ●Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

    Мақсаты: Қоршаған ортада өз орнын анықтау. Сөздік қорды кеңейту. Диалогтік сөзді дамыту.


    5. Мен өзімді еркін сезінемін


    написать администратору сайта