Главная страница

артериялар кестелерdocx. 1 кесте оланы бліктері, орналасуы, андандыру аймаы


Скачать 49.13 Kb.
Название1 кесте оланы бліктері, орналасуы, андандыру аймаы
Дата13.04.2023
Размер49.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаартериялар кестелерdocx.docx
ТипДокументы
#1059012



1 кесте

Қолқаның бөліктері, орналасуы, қандандыру аймағы

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Тармақтардың орналасуы мен сипаттамасы

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Қолқаның жоғарылаған бөлігі

Рars ascendensaortae


Жүректің сол қарыншасынан басталады. Ұзындығы 6 см, ені 3 см. Төстің сол шетінің артында, үшініші қабырғааралықтың тұсында, өкпе сабауының артында орналасқан. Оның басталған жері кеңейген, қолқа жуашығы /bulbus aortae/ деп аталады.

Тек жүректі қандандырады.

Қолқаның доғасы

Arcus aortae


Доғасымен жоғары қарай орналасады. Екініші қабырға тұсынан басталып, артқа иіледі. Жүректің артымен төмен бағытталып, 4-ші кеуде омыртқасының тұсында төмендеген бөліне ауысады. Доғаның алдында -төс сабы, артында – кеңірдек бифуркациясы, астында – сол бас бронхы орналасады.

Доғадан шыққан тамырлар басты, мойынды, екі қолды қандандырады.

Қолқаның жоғарылаған бөлігі

Рars descendens aortae


Қолқаның ең ұзын бөлігі. 4-ші кеуде омыртқасынан 4-ші бел омыртқасына дейн созылады. 4-ші бел омыртқасының тұсында аорта екі жалпы мықын артерияларына бөлінеді, бұны аорта бифуркациясы деп атаймыз. Қолқаның төмендеген бөлігі екі бөлікке бөлінеді: кеуде қолқасы мен құрсақ қолқасы.

Кеуде, құрсақ қуысының және жамбас астауының мүшелерін, екі аяқты қандандырады.


2 кесте

Қолқаның жоғарылаған бөлігінің тармақтары

Қандандыру аймағы – жүрек

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Тармақтардың орналасуы мен сипаттамасы

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Қолқаның жоғарылаған бөлігі

Рars ascendensaortae


Жүректің сол қарыншасынан басталады. Ұзындығы 6 см, ені 3 см. Төстің сол шетінің артында, үшініші қабырғааралықтың тұсында, өкпе сабауының артында орналасқан. Оның басталған жері кеңейген, қолқа жуашығы /bulbus aortae/ деп аталады.

Оң тәждік артериясы

arteria coronaria dextra

Қолқа мен оң құлақшаның арасында, жүректі оң шетінен орап, тәждік сайда жатады. Жүректің артқы қабырғасына өтіп, айналама артериясымен анастомоз құрайды. Ең ірі тармағы - артқы қарыншааралық тармақ.

Оң жүрекше мен қарыншасының қабырғалары. Жүрекшеаралық перде. Қарыншааралық перденің артқы бөлігі. Сол қарыншаның артқы бөлігі.

Сол тәждік артериясы

arteria coronaria sinistra

Сол жүрекшенің алдыңғы бетінде, тәждік сайда жатады. Екі тармаққа бөлінеді: алдыңғы қарыншаралық артерия және айналама артерия. Алдыңғы қарыншааралық артерия алдыңғы қарыншааралық сайда жатады. Айналама артерия сол тәждік саймен жүректің артына барады, оң тәждік артериямен анастомоз құрайды.

Сол қарыншаның қабырғалары. Қарыншааралық перде. Оң қарыншаның алдығы қабырғасы. Сол жүрекшенің қабырғалары

3 кесте Қолқаның доғасының тармақтары

Қандандыру аймағы – бас, мойын, қол, кеуде.

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Тармақтардың орналасуы, сипаттамасы

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Қолқа доғасы-

Arcus aortae


Қолқаның жоғарылыған бөлігінің жалғасы болып келеді. Артқа және солға бағытталады, II-ші қабырғадан IV-ші кеуде омыртқасына дейін. Алдында төс сабы, артында трахея бифуркациясы, астында сол бас бронхы орналасқан.

Қолқаның бұл бөлігінен үш ірі артерия шығады.

Иық-бас сабауы

Truncus brachiocephalicus

Қолқа доғасынан, оң қабырғаның шеміршегінің тұсынан басталады. Оң төс-бұғана буынының артында екіге бөлінеді - оң бұғанаасты және оң жалпы ұйқы артериясына.

Бастың, мойынның, кеуденің оң бөліктері. Оң қол.

Сол жалпы ұйқы артериясы

a.carotis communis sinistra


Сол жалпы ұйқы артериясы оң жалпы ұйқы артериясынан ұзын болады /2,0-2,5 см-ге/. Жоғары тіке бағытталады. Қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегінің тұсында екіге бөлінеді – ішкі және сыртқы ұйқы артерия-ларына.

Бастың, мойынның сол бөлігі.

Сол бұғана асты артериясы

a.subclavia sinistra

Бұғананың астынан, өкпе қапшығы ұшының үстімен, кейін алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшық еттердің арасымен өтіп, бірінші қабырғаны айналып, қолтық шұңқырына бағытталады.

Мойынның, желкенің, жұлынның, бас мидың сол бөліктері.

4 кесте

Сыртқы ұйқы артериясының тармақтары

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Сыртқы ұйқы артериясы

Arteria carotis externa

Жоғары көтеріледі, төменгі жақтың шетінде құлақ маңы безінен өтеді де, соңғы тармақтарына бөлінеді – самайдың беткейдегі артериясы және жоғарғы жақ артериялары. Жоғары көтеріліп келе жатқанда одан әртүрлі тармақтар бөлінеді, олар бет пен бастың мүшелерін қандандырады.


-Жоғарғы қалқанша артериясы /a.thyroidea superior/

Көмейдің бұлшық еттері мен шырышты қабаты, тіласты сүйегі, қалқанша безі, мойын бұлшық еттері, төс-бұғана-емізік бұлшық еті

-Тіл артериясы /a.lingualis/

Тіл, ауыз бұлшық еттері, тыңдай бадамшалары, тіласты безі, ауыз қуысы, иек.

-Беттік артерия /a.facialis/

Жұтқыншақ, бадамшалар, жұмсақ таңдай, жақасты безі, ауыз бұлшық еттері, мимикалық бұлшық еттер.

-Желке артериясы /a.occipitalis/

Желкенің терісі мен бұлшық еттері, құлақ қалқаны, мидың қатты қабығы.

-Артқы құлақ артериясы /a.auricularis posterior/

Желкенің, құлақтың, емізіктәрізді өсіндінің аумағындағы тері, ортаңғы құлақ

-Жұтқыншақтың жоғары көтерілуші артериясы /a. рharyngea ascendens/

Жұтқыншақ, мойынның терң бұлшық еттері, бадамшалар, есту түтігі, жұмсақ таңдай, мидың қатты қабығы, ортаңғы құлақ.

-Самайдың беткейдегі артериясы /a.temporalis superfacialis/ Тармақтары:маңдай, төбе, беттің көлденең, алдыңғы құлақ, ортаңғы самай, шықшыт безінің артериялары

Маңдай мен төбенің бұлшық еттері мен терісі, шықшыт безі, мимикалық бұлшық еттер, самай бұлшық еті

Жоғарғы жақ артериясы /a.maxillaris/. Тармақтары:ортаңғы менингиалды, төменгі альвеолярлық, көзасты, төмендеген таңдай, сына-таңдай артериялары.

Ортаңғы құлақ, тістер, ауыздың шырышты қабаты, мұрын қуысы, мимикалық, шайнау бұлшық еттері, мидың қатты қабығы,

5 кесте Ішкі ұйқы артериясының тармақтары

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның орналасуы мен тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Ішкі ұйқы артериясы

Arteria carotis interna

Мойында тармақтар бермейді. Мойынның бүйірімен, жұтқыншақ пен ішкі мойытұрық венасының арасымен жоғары көтеріледі. Самай сүйегінің ұйқы тесігінен ми сауытына өтеді. Өткеннен кейін түрік ертоқымының тұсында тармақталады.

Көз артериясы /a.ophtalmica/

Көз алмасы, қөз бұлшық еттері, жас безі, қабақ, тортәрізді сүйек, мұрын қуысы, маңдайдың терісі мен бұлшық еттері.

Алдыңғы ми артериясы /a.cerebri anterior/

Мидың маңдай және төбе бөліктері, сүйелді дене, иіс сезі жуашығы мен жолы.

Ортаңғы ми артериясы /a.cerebri media/

Мидың маңдай, төбе және смамай бөліктері.

Артқы дәнекер артериясы /a.communicans posterior/

Мидың артқы бөлімі


6 кесте

Бұғана асты артериясының тармақтары

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Тармақтардың орналасуы


Қандандыру аймақтары /мушелері/

Бұғана асты артериясы

Arteria subclavia

Оң бұғана асты артериясы иық-бас басауынан басталады. Сол бұғана асты артериясы қолқа доғасынан басталады. Бұғана асты артериясы бұғананың астынан, өкпе қапшығы ұшының үстімен, кейін алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшық еттердің арасымен өтіп, бірінші қабырғаны айналып, қолтық шұңқырына бағытталады.

Омыртқа артериясы /a. vertebralis/

Бұғанаасты артериясының ең ірі, маңыз-ды тармағы. Ол VII-ші мойын омыртқасының тұсынан басталады. Әрі қарай VI-I мойын омырт-қаларының көлденең өсіндісінділерінің тесіктері арқылы жоғары көтеріліп, шүйденің үлкен тесігінен ми сауытына кіреді. Ми сауытына кіргеннен кейін оң және сол омыртқа артериялары қосылып, негізгі артерия пайда болады. Негізгі артериядан оң және сол артқы ми артериялары бөлінеді. Бұл артериялар ортаңғы ми артерияларымен қосылып, «Виллизий шеңберін» құрайды.

Мидың қатты қабығы, мишық, бас ми, көпір, ішкі құлақ.

Ішкі кеуде артериясы /a.thoracica interna/

Бұғанаасты артериясына бөлініп, I-VIII қабырғалардың шеміршегінің артымен төмен қарай бағытталады. Бұл артериядан бұлшықет-қөқет артериясы мен жоғарғы баған артериясы бөлінеді.

Айырша без, кеңірдек, бронхылар, жүрек қапшығы, көкет, кеуде бұлшық еттері, сүт безі, іш бұлшық еттері,

Қалқанша-мойын сабауы /truncus thyrocervicalis/

Бұғанаасты артериясынан алдыңғы сатылы бұлшық еттің тұсынана бөлінеді. Сол жерде бірнеше тармаққа тармақталады.

Қалқанша безі,мойын, арқа, иық белдеуінің бұл-шық еттері

Қабырға-мойын сабауы /truncus costocervicalis/

Бұғанаасты артериясынан бөлініп, сатылы бұлщық еттердің арасымен өтеді. Сол жерде тармақталады.

Бас пен мойынның терең бұлшық еттері, жұлын, 1-2-ші қабырғааралық бұлшық еттері.

Мойынның көлденең артериясы /a.transversa colli/

Бұғанаасты артериясынан алдыңғы сатылы бұлшық еттеің тұсынына бөлініп, мойында колденең орналасады.

Мойынның және арқаның жоғарғы бұлшық еттері.

7 кесте Қолтық артериясының тармақтары

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Қолтық артериясы

Arteria axillaris

Бұғанаасты артериясының тікелей жалғасы болып келеді. Қолтықасты шұңқырында аттас веналармен және иық жүйке өрімімен қатар жатады. Әрі қарай ол иық артериясына айналып кетеді.

Жоғарғы кеуде артериясы /a. thoracica superior/

Қабырғааралық бұлшық еттер, үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері, сүт безі.

Кеуде-акромион артериясы /a.thoracoacromialis/

Кеуде, иық бұлшық еттері, бұғана, иық буыны, кеуде мен иықтың терісі.

Латералді кеуде артериясы /a. thoracica lateralis/

Қолтық теріасты майы мен лимфа түйіндері, кеуде бұлшық еттері, сүт безі.

Жауырын асты артериясы /a. subscapularis/

Арқаның, иық белдеуінің, иықтың бұлшық еттері мен терісі, иық буыны,

Тоқпан жіліктің алдыңығы айналама артериясы /a.circumflexa humeri anterior/

Иық буыны мен дельтатәрізіді бұлшық ет.

Тоқпан жіліктің артқы айналама артериясы /a.circumflexa humeri posterior/

Иық буыны, иық белдеуі мен иықтықтың бұлшық еттері.



8 кесте Иық, шынтақ, кәрі жілік, кол ұшының артериялары

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, мінездемесі

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Иық артериясы /a.brachialis/

Қолтық артериясының тікелей жалғасы болып келеді. Екі басты бұлщық еттің ішкі жағында, екі иық венасымен және аттас жүй-кемен қатар жатады. Шынтақ буынның /шынтақ шұңқырында/ тұсында екі артерияға тармақта-лады – шынтақ және кәрі жілік артериялары.

Иықтың тереңдегі артериясы a.profunda brachii


Шынтақ буыны, иықтың бұлшық еттері мен терісі.

Шынтақ артериясы /a.ulnaris/

Шынтақ сүйегінің бойымен, бі-лектің бетке және терең бұлшық еттерінің арасымен төмен түседі. Әрі қарай шынашықтың бұлшық еттерінің арасымен алақанға өте-ді. Алақанда кәрі жілік артерия-сының беткей тармағымен ана-стомоз құрап, алақанның бет-кей доғасын құрайды.

Шынтақтың қайырылма артериясы Ортақ сүйекаралық артерия a.interossea communis

Терең алақан артериясы a.palmaris profundus

Шынтақ буыны, білектің алдыңғы және артқы топтағы бұлшық еттері.

Кәрі жілік артериясы /a.radialis/

Иық артериясының жалғасы болып келеді. Дөңгелек пронатормен иық-кәрі жілік бұлшық еттерінің арасымен өтеді. Білектің төменгі бөлігіне келгенде беткейге шығады да, терінің астында орналасады, сондықтан осы жерде тамырдың соғуын байқауға болады. Кәрі жіліктің дисталды ұшына келгенде, біз тәрізді өсіндісін айналып, қолдың сыртына шығады. Содан кейін алақан сүйектерінің арасымен алақанға өтеді. Шынтақ артериясының терең алақан тармағымен қосылып, алақанның терең доғасын құрайды.

Беткей алақан артериясы a.palmaris superfacialis Кәрі жіліктің қайырылма артериясы

Шынтақ буыны, иық пен білектің бұлшық еттері. Қол ұшының бұлшық еттері мен сүйектері.

9 кесте Қол ұшының артериялары

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, мінездемесі

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Алақанның терең доғаcы

Arcus palmaris profundus

Алақанның терең артериялық до-ғасы кәрі жілік артериясы мен шынтақ артериясының терең алақандық тармағының анастомозынан пайда болады. Одан алақанның сүйекаралық артериялары бөлінеді.

Алақанның сүйекаралық артериялары aa.metacarpeae palmares


Алақанның сүйекаралық бұлшық еттері.

Алақанның беткей доғаcы

Arcus palmaris superfacialis

Алақанның беткейдегі артерия-лық доғасы шынтақ артериясы мен кәрі жілік артериясының беткей алақандық тармағының қосылуынан пайда болады. Саусақтарды бүгуші бұлшық еттің шандырының астында орналасады. Одан жалпы алақандық саусақ артериялары бөлінеді.

Әрі қарай алақанның сүйекаралық артериялары жалпы алақандық артерияларына қосылады. Содан кейін қайтадан екі меншікті алақан саусақтық артерияларға бөлінеді.


Жалпы алақандық саусақ артериялары a.digitales palmares communis


Алақанның, саусақтардың бұлшық еттері мен терісі.

10 кесте Кеуде қолқасының тармақтары.

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, мінездемесі

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Париеталды тармақтары:

Жоғарғы көкеттік артерия a.phrenicae superiores

Көкеттің жоғарыға қараған бетіне қарай бағытталады




Көкеттің кеуде қуысына қараған беті


Артқы қабырғааралық артериялар a.intercostales

Он жұп артерия III-XII қабыраралықтардың бойымен жүреді. Қабырғалардың басының тұсында латералды, медиалды тері тармақтарына және арқа тармақтарына бөлінеді

Латералды және медиалды тері тармақтары

Арқа тармақтары

Қабырғааралық бұлшық еттер, іштің тік бұлшық еттері, кеуденің терісі, сүт бездері

Арқаның бұлшық еттері мен терісі, жұлын.

Висцералды тармақтары:

Бронхиалдық артериялар a.bronchiales


Екі-үш артерия болып брохылардың бойымен өкпеге кіреді. Өкпенің ішінде өкпе артериясының тармақтарымен көптеген анастомоздар құрайды




Өкпе, кеңірдек, бронхылар.

Өңеш артериялары a.esophageales

Өңеш қабырғасына барады




Өңеш қабырғасы

Медиастиналдық артериялар a.mediastinales

Көкірекаралық мүшелеріне барады




Көкірекаралық мүшелері

Периқардиалдық артериялар a.pericardiaci

Жүрек қапшығының артқы жағына барады.




Жүрек қапшығы

11 кесте Құрсақ қолқасының тармақтары.

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, мінездемесі

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Париеталды тармақтары:

Төменгі көкеттік артерия

a.phrenicae inferiores

Көкеттің құрсақ қуысына қараған бетіне барады

Жоғарғы бүйрекүсті артериясы a.suprarenalis superior

Көкеттің құрсақ қуысына қараған беті

Бел артериялары

a.lumbales

Төрт жұп артерия. Бел омыртқаларының тұсында құрсақ қолқасынан шығады.




Арқа мен іштің бұлшық еттері мен терісі, жұлын.

Жұп висцералды тармақтары:

Ортаңғы бүйрекүсті артериясы

a.suprarenalis media


Бірінші бел омыртқасының тұсында қолқадан бөлініп, бүйрекүсті безіне барады.




Бүйрекүсті безі.

Бүйрек артериясы

a.renalis

Бүйрекүсті артериясынан төменірек, I-II-ші бел омыртқаларының тұсында қолқадан бөлінеді. Бүйрек қақпасына кіреді.

Төменгі бүйрекүсті артериясы a.suprarenalis inferior

Бүйрек, бүйрекүсті артериясы.

Жыныс безінің артериясы

a.testicularisa.ovarica

Ерлерде бүйрек артериясынан төменірек қолқадан бөлініп, шап қаналы арқылы, шәует бауының құрамында жыныс безіне барады.

Әйелдерде бұл артерия анабез ілініп тұратын байламның құрамында анабезге барады.




Ерлер мен әйелдің жыныс бездері, жатыр түтігі, атабез қосалқысы.

12 кесте Құрсақ қолқасының тақ висцералды тармақтары.

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, мінездемесі

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Құрсақ сабауы

Truncus coeliacus

XII кеуде омыртқасынаның тұсында құрсақ қолқасынан бөлінеді. Қысқа артерия, ұзындығы 1,5-2,0 см. Үш тармаққа тармақталады.

Сол асқазан артериясы а.gastrica sinistra

Асқазанның денесі мен кардиялық бөлігі.

Жалпы бауыр артериясы a.hepatica communis /меншікті бауыр, асқазан-он екі елі ішек, оң асқазан-шарбы артерияларына бөлінеді/

Меншікті бауыр артериясы - бауыр, өт қапшығы, асқазан қабырғасы.

Асқазан-он екі елі ішек артериясы – он екі елі ішек, ұйқы безі.

Оң асқазан-шарбы артериясы – үлкен шарбы, асқазан қабырғасы.

Көкбауыр артериясы a.lienalis

Көкбауыр, асқазан, үлкен шарбы, ұйқы безі.

Жоғарғы шажырақай артериясы

a.mesenterica suerior

XII кеуде-I бел омыртқалары-ның тұсында, құрсақ сабауы-нан төменірек, құрсақ қолқа-сынан бөлінеді. Ол ұйқы безінің денесімен, он екі елі ішектің төменгі бөлігінің арасынан өтеді. Жіңішке ішектің шажырақай майының арасына кіріп, оң жақтағы мықын шұңқырына жетеді. Оның бойынан тармақтар шығады.

Төменгі ұйқы безі-он екі елі ішек артериялары a. pancreaticoduodenales inferiores

Ұйқы безі мен он екі елі ішек.

Ащы ішек және мықын ішек артериялары a.jejunales a. ileales

Ащы ішек пен мықын ішек

Мықын жиек артериясы a.ileocolica

Соқыр ішек, құрт тәрізді өсінді, мықын ішек, жоғарылаған мықын ішек.

Оң жиектік артерия a. colica dextra

Жоғарылаған тоқ ішек

Ортаңғы жиектік артерия a. colica media

Жоғарылаған тоқ ішектің жоғарғы бөлігі, колденең тоқ ішек оң бөлігі.

Төменгі шажырақай артериясы

a.mesenterica inferior

II-III-ші бел омыртқасының тұсында, жоғарғы шарықай артериясынан төменірек, құрсақ қолқасынан бөлінеді. Бөлінген соң ішастар сыртымен солға және төмен қарай бағытталады. Үш ірі тармаққа бөлінеді.

Сол жиектік артерия a.colica sinistra

Колденең тоқ ішек сол бөлігі, төмендеген тоқ ішек.

Сигма тәрізді артерия a.sigmoidei

Сигма тәрізді ішек

Жоғарғы тік ішек артериясы a.rectalis superior

Тік ішектің жоғарға және ортаңғы бөлігі

13 кесте Ішкі мықын артериясының тармақтары.

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, мінездемесі

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Висцералды тармақтары:

Кіндік артериясы a.umbilicalis

Зәр шығару және жыныс мүшелеріне барады.

Шәует шығарушы өзектің артериясы

Несепағардың төменгі бөлігі, несепқуықтың жоғарғы бөлігі, шәует қуықшалары, шәует шығарушы өзек, ерлердің жыныс безінің қосалқысы.

Жатыр артериясы a.uterina

Әйелдің жыныс мүшелеріне барады




Жатыр, қынап, жатыр түтігі, жыныс бездері.

Ортаңғы тік ішек артериясы a.rectalis media

Тік ішекке барады. Жоғарғы және төменгі тік ішек артериялары мен анастомоз құрайды.




Тік ішек, қуық асты безі, шәует қуықшалары.

Ішкі жыныс артериясы a.pubenda interna

Кіші жамбас астауынан алмұртасты тесігінен шығып, әрі қарай кіші шонданай тесігі арқылы шонданай-тік ішек шұңқырына барады.




Ұма, аталық жыныс мүшесі, клитор, зәр шығару түтігі, шатаралық бұлшық еттері, тік ішектің төменгі бөлігі.

Париеталды тармақтары:

Мықын-бел артериясы a. iliolumbalis

Үлкен бел бұлшық етінің артымен өтеді, латералды бағытталады.




Іштің және белдің бұлшық еттерін қандандырады.

Латералды сегізкөз артериялары aa.sacrales lateralis

Сегізкөзге қарай бағытталады.




Сегізкөз, жұлын, ішпе пен арқаның төменгі бұлшық еттері, сегізкөз аумағының терісі.

Жоғарғы бөқсе артериясы a.glutea superior

Жамбас астуынан алмұрт үсті тесігі арқылы шығады.




Бөқсе, сан, жамбас, шатаралықтың бұлшық еттері, жамбас буыны, боқсе аумағының терісі.

Төменгі бөқсе артериясы a.glutea inferior

Алмұрт асты тесігі арқылы үлкен бөқсе бұлшық етіне қарай бағытталады.




Бөксе аумағының бұлщық еттері мен терісі, шонданай жүйкесі, жамбас буыны, жартылай жамбас пен санның бұлшық еттері.

Жапқыш артерия a.obturatoria

Жамбас астауының бүйір қабырғасының бойымен жапқық каналына қарай барады. Каналдан өтіп, санға қарайшығады.




Жамбас пен санның бұлшық еттері, жамбас буыны, шонданай сүйегі, шатаралық пен сыртқы жыныс мүшелерінің терісі.

14кесте Сыртқы мықын артериясы мен сан артериясының тармақтары.

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

1.Сыртқы мықын артериясының тармақтары:

Төменгі құрсақ үсті артериясы a.epigastrica inferior

Іштің алдыңғы қабырғасының ішкі бетімен іштің тік бұлшық етіне барады.

Шат артериясы Жапқыш артериясы Әйелдің жұмыр байламының артериясы

Іштің тік бұлшық еті, жапқыш бұлшық еті, әйелдің жұмыр байламы.

Мықын сүйегін орайтын терең артерия a.circumflexa ilium profunda

Мықын сүйегінің қырымен артқа қарай барады. Іш пен жамбастың бұлшық еттерін қандандырады.




Іш пен жамбастың бұлшық еттері.

2.Сан артериясының тармақтары:

Беткей құрсақ үсті артериясы a.epigastrica superfacialis

Жоғары қарай, іштің алдыңғы қабырғасына барады.




Сыртқы қиғаш бұлшық ет, іштің терісі.

Мықынсүйегін орайтын беткей артерия a.circumflexa ilium superfacialis

Шап аумағына бағытталады




Шап аумағының бұлшық еттері, терісі және лимфа түйіндері.

Сыртқы жыныс артериялары a.pubendae txternae

Жыныс мүшелерін қандандырады.




Ерлерде ұмаға, әйелдерде үлкен жыныс ернеулері. Шат сүйегі аумағының терісі.

Шап артериялары a.inguinales

Шап аумағына барады




Шап аумағының терісі, бетке және терең лимфа түйіндері.

Төмендеген тізе артериясы a.descendens genus

Сан артериясынан бөлініп, төменге қарай бағытталады.




Тізе буыны

Санның терең артериясы a.profunda femoris

Cан артериясының ең ірі тармағы. Сан артериясынан шат байламынан 3-4 см төменірек бөлінеді.

Ортан жілікті орайтын латералды және медиалды артериялар.

Жамбас белдеуінің және санның бұлшық еттері мен терісі.

Үш тереңге кететін артерия.

Ортан жілік, жамбас буыны, санның бұккіш бұлшық еттері.

15 кесте Балтыр мен аяқ ұшының артериялары тармақтары.

Артерияның атауы/ латыншасы

Артерияның орналасуы, сипаттамасы

Артерияның тармақтары

Қандандыру аймақтары /мушелері/

Тақым артериясы

a.poplitea

Сан артериясының тікелей жалғасы болып келеді. Тақым шұңқырының тереңінде орналасады. Оның тармақтары тізе буының айналасында артериялық тор құрайды. Тақым шұңқырының төменгі бұрышын-да сан артериясы екі соңғы тармағына бөлінеді – алдыңғы және артқы асық жілік артериялары.

-Екі төменгі /медиалды және латералды/, екі жоғарғы /медиалды және латералды/ тізе артериялары. -Ортаңғы тізе артериясы.

Тізе буыны, сан бұлшық еттері

Алдыңғы асық жілік артериясы

a. tibialis anterior

Бұл артерия жілікаралық жарғақтан өтіп, балтырдың алдыңғы бетіне ауысады. Сосын балтырдыңғы алдыңғы топ бұлшықеттерінің арасымен төмен түседі.

Алдыңғы және артқы асық жіліктік қайырма артериялары.

Тізе буыны.

Алдыңғы медиалды және латералды толарсақ артериялары.

Медиалды және латералды толарсақ аумағы

Аяқ ұшының сыртқы артериясы

a.dorsalis pedis

Алдыңғы асық жілік артериясының тікелей жалғасы болып келеді.

-Медиалды және латералды тілерсек артериялары -Доғатәрізді артерия -Төрт сыртқы табан артериясы -Бірінші сыртқы табан артериясы -Терең табан артериясы

Аяқ ұшының сүйектері, бұлшық еттері, терісі.

Артқы асық жілік артериясы

a. tibialis posterior

Балтырдың артқы бетімен төмен түсіп, асық жіліктің медиалды толарсағын орап, табанға қарай барады. Төмен түсіп бара жатқанда бірнеше тармақ жібереді. Табанда екі тармаққа бөлінеді – медиалды және латералды табан артериялары.

-Шыбық артериясы

Балтыдың артқы және латералды топ бұлшық еттерін, шыбық сүйегін қандандырады. Латералды толарсақ торын құрайды.

-Толарсақ артериялары

Толарсақ торларын құрайды.

-Өкше артериялары

Өкше аумағын қандандырады

-Медиалды табан артериясы

Табанның медиалды бөлігінің бұлшық еттері мен терісі.

-Латералды табан артериясы

Медиалды табан артериясымен терең табан доғасын құрайды.

-Терең табан доғасы -Төрт табан артериясы -Төрт жалпы табан бақай артериясы -Меншікті табан бақай артериялары

Бұл артериялар табанның сүйектері, бұлшық еттері мен терісін қандандырады.

Табанның артериялары сыртқы артериялармен анастомоздар құрайды.


написать администратору сайта