Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және үлгілік оқу бағдарламалары.

  • Слайд Мәтін

  • -таңдау пәндері бойынша тереңдетілген оқуды қамтамасыз ету үшін

  • Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы

  • Лекция по обновленному содержанию образования. 1Кн жаартылан орта білім беру мазмныны ерекшеліктері 1дріс Заманауи білім беру трендтері. Білім беру мазмнын жаартуды алышарттары


    Скачать 46.4 Kb.
    Название1Кн жаартылан орта білім беру мазмныны ерекшеліктері 1дріс Заманауи білім беру трендтері. Білім беру мазмнын жаартуды алышарттары
    АнкорЛекция по обновленному содержанию образования
    Дата14.10.2022
    Размер46.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла+Дәріс1.1.docx
    ТипДокументы
    #733652

    1-КҮН

    ЖАҢАРТЫЛҒАН ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    1.1-дәріс

    Заманауи білім беру трендтері. Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және үлгілік оқу бағдарламалары.


    Слайд

    Мәтін

    1

    Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бірінші лекция «Заманауи білім беру трендтері. Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны» тақырыбына арналады.

    2

    XIX ғасырдың соңында француз суретшісі Жан-Марк Коте «2000 жылы»деп аталатын пошта ашық хаттар топтамасын жариялады. 87 көркем суреттен тұратын ашық хатта ол жүз жылдан астам уақыттан кейін өмірді қалай елестетінін бейнеледі. Ұшатын машиналар, электрлік роликті коньки, газет фонографы, механикалық оркестр, жинап-тазалаушы роботтар мен мобильді үйлер. Коте көріністерінің арасында ең қызықтысы – болашақ білімге қатысты суреттер болды. Ол тікелей оқудың таңғажайып техникасы түрінде берілді. Мұнда арнайы машина оқулықтарды қайта өңдеп, білімді миға тікелей әкелетін толқындарға айналдырады.

    2000 жылы мұның ешқайсысы да болмағаны бәріміге белгілі. Бұл жерде әңгіме 19 ғасырдағы француз суретшісі айтқандай білім берудің фантастикалық технологиялары туралы емес, біздің саланы түбегейлі өзгертетін жаңа жүйелер мен тұжырымдамалар туралы болмақ.

    3

    Зерттеушілер «индустриялық» білім берудің заманауи моделі дәрменсіз екендігін атап көрсетеді: ол «болашақ дағдыларын» емес, «өткеннің дағдыларын» қалыптастырады.

    Зерттеушілердің пікірінше, оқушыларды қазіргі еңбек нарығына дайындайтын, оларға 21 ғасырда кәсіби, қоғамдық және жеке табысқа жету үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береті жаңа білім беру тәсілдері, процестер мен форматтар қажет.

    4


    ХХІ ғасыр – жаһандану, жаңа технологиялар мен инновациялар ғасыры, жаңаша ойлау, білім берудегі жаңа трендтер мен жаңашыл бағыттар ғасыры.

    Зерттеушілер білім беруде келесі басым бағыттарды, трендтерді атап көрсетеді.

    • Сындарлылық, яғни игерген білім-дағдылар негізінде, шешім қабылдау дағдыларын дамыту үшін күрделі міндеттер белгілеу

    • Ойлауды дамыту (Growth Mindset)

    • Сандық сауаттылық

    • Тұлғаға бағдарланған оқыту

    • Жобаға бағдарланған оқыту

    • Оқудағы командалық жұмыс

    • Аралас оқыту (Blended Learning)

    • Оқу жетістіктерін бағалау

    • Әлеуметтік және эмоциялық білім беру

    • Робот техникасы/кодтау

    • Ойын арқылы оқыту

    • Геймификация

    • Мобильді оқыту

    Білім берудегі трендтер білім беру парадигмасының негізі болып табылатын оқытудың жаңа шарттары мен белсенді әдістерін жасауды көздейді. Бұл трендтер өз білімін үздіксіз жаңартуға, жаңаны тез үйренуге және жылдам өзгеретін әлемде табысты өмір сүру үшін өз дағдыларын қолдану саласын ауыстыруға қабілетті, сыни ойлайтын және функционалды сауатты тұлғаны дайындауға қоғам тарапынан өсіп келе жатқан талаптармен байланысты болады.

    5

    ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, ДЭФ, БҰҰДБ халықаралық ұйымдарының арқасында білім берудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша халықаралық алаңдар құрылды. Олар балалардың дағдыларын дамытудағы алшақтықты жеңуге арналған елдерге ұсынылатын жаңа жобалар мен жоспарларға бастамашылық етеді.

    6

    Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) 2014 жылы Қазақстандағы орта білім жүйесі мен ұлттық білім беру саясатына шолу жасай отырып, бірқатар ұсыныстарды белгіледі:

    -Қазақстан Үкіметіне орта білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларын толық талдап, қайта қарастыру керек, өйткені олар жоғары оқу көрсеткіштерін қамтамасыз ете алмайды, оқушылардың барлығына функционалдық сауаттылық пен математикалық сауаттылықтың ең төмен деңдейіне жетуге мүмкіндік бере алмады және жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға ықпалын тигізген жоқ.

    -қолданыстағы оқу бағдарламасы аясында академиялық пәндердің артық санын азайту керек, бұл бағдарламаларда білімді практикада қолдану назарға алынбай, теорияға тым артық көңіл бөлінгенін ескеру қажет, өйткені бұл басқа кемшіліктермен қатар бағдарламаны одан да күрделендіреді және үлгерімі төмен оқушылардың қабылдауын қиындатады.

    -таңдау пәндері бойынша тереңдетілген оқуды қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасын, әсіресе жоғары сынып оқушыларына арналған бағдарламаларды қайта қарастыру қажет, сонымен қатар әр мектепте оқушыларға көп пәнді таңдау мүмкіндігін беру керек.

    7

    Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды (1.1-ресурс).

    Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жетуге қажетті сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.

    Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен үйлесім тауып жатса, оқушылар оқу процесіне барынша қызығушылықпен қатысып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.

    8

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жүзеге асырылуда.

    9


    Білім беру мазмұнын жаңарту міндеттерін жүзеге асыру аясында негізгі нормативті құжаттардың да мазмұнына өзгерістер енгізілді:

    • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бағалау стандарттары болып табылатын пәндік бағыттар бойынша күтілетін нәтижелер таксономиялық тәсілді қолдана отырып ұсынылған. Таксономиялық тәсілге сүйене отырып, білім алушы әрбір білім деңгейінің соңында нені білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалай алуы тиіс екендігі көрсетілген.

    • үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнында бөлімдер, бөлімшелер және ортақ тақырыптар мен оқу мақсаттарын ұсынатын ұзақ мерзімді жоспарлар қарастырылған және әрбір оқу мақсатының негізінде әр мұғалім оқушының білім деңгейін өлшеу үшін бағалау критерийлерін құрастырады.

    • оқу процесін жоспарлау пән бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар негізінде іске асырылады.

    • білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына критериалды бағалаудың ережелері мен талаптары енгізілді.


    10

    Білім беру мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мазмұнына маңызды өзгерістер енгізілді.

    Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқу мақсаттарының жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.


    11

    Барлық білім деңгейлеріне ортақ болып табылатын және өмірлік тұрақты бағдары бар білім алушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыратын, олардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру білім берудің маңызды басымдығы ретінде белгіленіп, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім берудің нақты құндылықтары көрсетілген. Оларға:

    • қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

    • құрмет;

    • ынтымақтастық;

    • еңбек пен шығармашылық;

    • ашықтық;

    • өмір бойы білім алу жатады.

    Оқу процесіндегі тәрбие әр оқу пәнінің мазмұны арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті қабылдау және жаңа білімді меңгеру мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті және жалпы адамзаттық құндылықтарды оқып үйренуге бағытталған (1.2-ресурс).

    12

    Оқушылардың бойына құндылықтарды сіңіру сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы да, пәндік мазмұн және сабақта алдын ала ойластырылған іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы да жүзеге асырылады. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрастырылған сабақтың әр кезеңінде тәрбие мелесі қарастырылады. Мысалы, «ынтымақтастық» сияқты құндылықты қалыптастыруға командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сынып, мектеп, жергілікті қоғамдастық шеңберінде жағымды қарым-қатынас пен ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы қол жеткізіледі. «Құрмет» құндылығы басқаларға, өзінің және басқа да халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауды дамыту, өзінің іс-әрекеті үшін жеке жауапкершілік алу, басқа адамдардың сезімдерін түсіну және оларға жанашырлықпен қарау, адамға деген ізгілік қарым-қатынасты тәрбиелеуге арналған оқу жағдаяттары мен тапсырмалары арқылы берілуі мүмкін.

    Құндылыққа бағдарланған оқу процесін ұйымдастыру барысында мұғалімдер оқушылардың бойында әрбір құндылық бойынша білгілі бір қабілетті қалыптастырып, күтілетін нәтижелерді алдын ала айқындап алуы қажет.

    13

    Білім берудегі интеграция тәсілі пәнаралық байланысты күшейтуге бағытталған, сондықтан білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәндер салалар бойынша біріктіріліп, барлық сыныптарға арналған ортақ пәндер блоктарын құрады. Мысалы, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» білім беру салалары қарастырылған.

    14

    Қазіргі әлемдегі төртінші технологиялық революция жағдайында қарқынды ақпарат ағыны, жоғары технологиялық инновациялар біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Осы тұрғыда пәндердің интеграциясына негізделген пәнаралық және жобалық тәсілдемені қамтитын STEM білім беру - әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады (1.3-ресурс).

    15

    Үлгілік оқу жоспарында аталған әрбір білім беру саласына енетін пәндердің апталық, жылдық сағат саны, тоқсан бойынша бөлінісі беріледі (1.4-ресурс).

    16

    Жалпы орта білім беру стандарты міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейінді оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды іске асырады. Бейіндік оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

    17

    Бағалаудың стандарты болып табылатын пән бойынша күтілетін нәтижелер таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылардың игерген білім деңгейі таксономиялық тәсіл (білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы) негізінде анықталады. Бұл білім мазмұнын білу мен түсіну, қолдану сияқты төменгі деңгейінде ғана емес, жоғары деңгейдегі бағалауға дейін қамтамасыз етуге бағытталған.

    18

    Жалпы орта білім беру мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және негізгі орта білім беру мен жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім беру мазмұнының үздіксіздігі мен сабақтастық принципін қамтамасыз етеді;

    Негізгі орта білім мен техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және бағыттас пәндерді, оның ішінде технологиялық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейіналды оқыту аясында іске асырылады.

    ТжКБ деңгейіндегі оқу мазмұны ТжКБ білім беру бағдарламаларымен айқындалады және оқу нәтижелеріне бағдарланады.

    19

    Әлем қалай өзгеруде? Біздің балаларымыз нені білуі керек? Бұл сұрақтардың жауабы жаңартылған білім бағдарламаларының мазмұнында берілген. Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымдарын бағыттайтын педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпаратты қамтиды.

    Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы:

    1-тарау. Жалпы ережелер

    2-тарау. Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

    3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

    Қосымша. Ұзақ мерзімді жоспар (1.5-1.8-ресурстар)

    20

    Дәрістің соңында жоғарыда айтылған жаңартылған білім беру мазмұнының барлық құрамдас бөліктерін көрсететін визуалды модель ұсынылған

    21

    Оқу материалын бекіту үшін 1.1- тапсырманы орындауды ұсынамыз.


    написать администратору сайта