процент есептер. Процент. 1. лпынайды 6 ы ант. 35 кг лпынайда неше кг ант бар
Скачать 18.3 Kb.
|
1. Құлпынайдың 6 %-ы қант. 35 кг құлпынайда неше кг қант бар? A) 1,5 кг B) 1,8 кг C) 2,1 кг D) 2,4 кг E) 3кг 2. Жетісайда 300 000 мың халық бар. Сайлауда халықтың 80 пайызы Әміржан Қосановқа дауыс берді. Қосановқа сонда қанша халық дауыс берді? A) 60 000 B) 240 000 C) 100 000 D) 250 000 E) 180 000 3. Ормандағы 800 ағаштың 25 пайызы шырша, 45 пайызы қарағай ағашы. Орманда неше шырша және неше қарағай ағашы бар? A) шырша 360, қарағай 200 B) шырша 200, қарағай 360 C) білмеймін D) шырша 250, қарағай 380 E) шырша 380, қарағай 250 4. Теңіз суының 95 %-ы ғана су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында қанша тұз бар? A) 150 кг B) 180 кг C) 210 кг D) 240 кг E) 300кг 5. Алманың 11/20-сі су. Алманың неше пайызы су? A) 55% B) 95% C) 75% D) 65% E) 85% 6. Алманың 17/20-сі су. Алманың неше пайызы су? A) 55% B) 95% C) 75% D) 65% E) 85% 7. 30%-ы 60 санының 90%-ын құрайтын санды табыңыз. A) 162 B) 18 C) 16,2 D) 54 E) 180 20 %-ы 40 санының 40%-ын құрайтын санды табыңыз? G 80 30 %-ы 60 санының 40%-ын құрайтын санды табыңыз? G 80 60 %-ы 80 санының 90%-ын құрайтын санды табыңыз? G 120 10 %-ы 40 санының 50%-ын құрайтын санды табыңыз? G 200 8. 40%-ы 65 болатын санның 80%-ын табыңыз: A) 163,5 B) 130 C) 130,5 D) 140 E) 162,5 30%-ы 24 болатын санның 80%-ын табыңыз: G 64 40%-ы 48 болатын санның 70%-ын табыңыз: G 84 20%-ы 60 болатын санның 80%-ын табыңыз: G 240 9. 40%-і 40 санының 40%-ін құрайтын санды табыңыз. A) 40 B) 16 C) 64 D) 50 E) 80 10. 40 санының 40%-ын құрайтын санды және пайда болған санның 40%-ын тап табыңыз. A) 20 және 10 B) 20 және 8 C) 12 және 6,4 D) 16 және 6 E) 16 және 6,4 11. 70 санының 70%-ын тауып, пайда болған санның 70%-ын тап. A) 49 B) 24,3 C) 34,3 D) 35 E) 35,7 12. Турист барлық жолдың 90%–ы болатын 27 км жол жүрді. Барлық жолдың ұзындығы неге тең? A) 15 км B) 15 км C) 24 км D) 30 км E)36 км 13. Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36 % болса, барлық жолды тап. A) 181,44 км B) 1208 км C) 1608 км D) 1500 км E) 1400 км 14. Кітаптың бағасы 22%-ке арзандаған соң 156 теңге болды. Кітаптың алғашқы бағасы қанша? A) 178 B) 150 C) 200 D) 300 E) 195 Ноутбуктың бағасы 30%-ке арзандаған соң 140 мың теңге болды. Ноутбуктың алғашқы бағасы қанша? G 200 000 Оппо телефоны бағасы 40 пайызға арзандап 180 мың теңге болды. Оппо телефоны алғашқыда қанша теңге болды? G 300 000 Алтынай апайдың шубасы 50 пайызға арзандап 500 мың теңге тұрады. Бастапқы бағасы қанша? G 1000 000 Тағы да назарларыңызда OPPO телефоны. Бағасы 40 пайызға қымбаттап 280 мың теңге болды. Бастапқы бағасы қанша? G 200 000 Жердің жәннәті Жетісай қаласында қауынның бағасы 30 пайызға қымбаттап 260 теңге болды. Бастапқы бағасы қанша? G 200 000 15. Автомобиль багінің сыйымдылығы 40 л бензин. Жол жүрудің алдында бак 80% - ке толтырылды. Бензиннің 25%- і жолға жұмсалды. Сонда бакта қанша бензин қалды? A) 32 л B) 24 л C) 16 л D) 30 л E) 8 л 16. Тауар 20%-ке арзандаса, барлық ақшаға тауарды неше процент артық алуға болады? A) 50% B) 20% C) 25% D) 40% E) 67% 17. Дәптердің бағасы 40 тг. Бағасын 15%-ке арттырғаннан кейін 548 теңгеге неше дәптер сатып алуға болады? A) 12 B) 10 C) 11 D) 13 E) 14 18. Алдымен бағаны 20 процентке өсірді. Енді соңғы бағаны 20 прцентке кемітсе,алғашқы бағамен слыстырғанда, қазіргі баға қадай өзгереді? A) өзгермейді B) 1%-ға артады C) 1%-ға кемиді D) 4%-ға кемиді E) 4%-ға артадыы 19. Тауарды 25%-ке қымбаттатқан. Енді бұрынғы бағасына түсіру үшін неше процентке арзандату керек? A) 10% B) 15% C) 20% D) 25% E) 40% 20. Тауардың бағасы қаңтар айында 10% қымбаттап, ақпан айында 10% арзандады. Тауардың бағасы алғашқы бағадан қалай өзгерді? A) Қымбаттайды B) Арзандайды C) Өзгермейді D) 20% өзгереді E) Анықтау мүмкін емеc 21. Бағасы х теңге болатын тауардың бағасы бірінші айда a%-ға қымбаттап, екінші айда a%-ға арзандады. Тауардың соңғы бағасын анықтаңыз. A) х(1 − 𝑎 /100 ) B) х(1 – 𝑎^2 /1000 ) C) х(1 + 𝑎^2/ 10000 ) D) х E) х(1 – 𝑎^2/10000 ) 22. Бағасы х теңге болатын тауардың бағасы бірінші айда a%-ға қымбаттап, екінші айда a%-ға қымбаттады. Тауардың соңғы бағасын анықтаңыз. A) х(1 − 𝑎 /100 ) 2 B) х(1 – 𝑎^2/1000 ) C) х(1 + 𝑎^2/ 10000 ) D) х E) х(1 + 𝑎 /100 )^2 23. Шоқан, Бораш, Ғалым жидек жинады. Бораш Шоқанға қарағанда 20% артық, ал Ғалымнан 20% кем жинады. Ғалымның жинаған жидегі Шоқанның жинаған жидегінен қаншапайызға артық екенін табыңыз. A) 50% B) 40% C) 30% D) басқа жауап E) 20% 24. Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 25 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныпта 32 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет? А) 68 кг В) 65 кг С) 63 кг D) 70 кг E) 60 кг 25. Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 30 г, ал кітап одан 15 есе ауыр. Сыныпта 28 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет? А) 65,2 кг В) 60,8 кг С) 63,5 кг D) 67,2 кг E) 70,8 кг 26. Үш дос 400 м2 еденді бояған. Талғар 35%, Бекзат 40%, ал қалғанын Ержан бояса, онда Ержан еденнің қандай ауданын бояғанын табыңыз. A) 100 м2 B) 160 м2 C) 120 м2 D) 200 м2 E) 150 м2 27. Саяжайдағы ағаштардың 35-і жеміс ағаштары. Бұл барлық ағаштардың 50%-ы. Саяжайда барлығы қанша ағаш бар? А) 70 В) 60 С) 40 Д) 50 Е) 35 60. 28. Мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жалпы саны 880. Олардың 35%-ы ұл балалар. Қыз балалар мен мұғалімдердің жалпы санының 75%-ын қыз балалар құрайды. Мектепте қанша мұғалім бар екенін табыңыз. А) 429 В) 143 С) 123 Д) 133 Е) 140 29. 2017 жылы АИ-92 маркалы жанармай бағасы 125 тг-ден 138 тг-ге қымбаттады. Жанармай бағасы неше пайызға қымбаттады? A) 11% B) 10, 6% C) 10% D) 10,4% E) 10,2% 30. Заттың бағасы алғашқыда 15%-ға қымбаттап, екінші ретте 20%-ға арзандап, 2300 тг болды. Заттың алғашқы бағасы қанша болғанын табыңыз. A) 2200 тг B) 2700 тг C) 2500 тг D) 2600 тг E) 2400 тг 31. Қызанақтың тамыз айындағы бағасы 25 %-ға қымбаттады. Ал оның соңғы бағасы қараша айында тағы да 40 %-ға қымбаттап, 140 тг болды. Қызанақтың бастапқы бағасы неше теңге? A) 85 тг B) 80 тг C) 75 тг D) 90 тг E) 60 тг 32. Сымның бөлігінен 20%–ды, кейін қалғанының 40%–ын кесіп алды. Сымның неше пайызы қалды? A) 36% B) 40% C) 48% D) 50% E) 56% 33. Үш санның қосындысы 420–ға тең. Бірінші сан қосындының 60%–ын, екінші сан бірінші санның 25%–ын құрайды. Үшінші санды тап. A) 85 B) 90 C) 95 D) 100 E) 105 34. Заттың ескі бағасы жаңа бағасының 80%-ы. Заттың жаңа бағасының ескі бағасына қатынасын табыңыз. A) 0,9 B) 1,8 C) 1,4 D) 0,8 E) 1,25 35. Тоғыз папка мен үш альбомның құны алты папка мен бес альбомның құнындай.Бір папканың бағасы бір альбом бағасының неше процентін құрайды? A) 67% B) 75% C) 120 % D) 150% E) 200% 36. Сыныпта 34 оқушы бар. Сыныптағы ұлдардың саны қыздар санының 70 пайызына тең болса, онда ұлдар нешеу? A) 21 B) 14 C) 15 D) 12 E) 16 37. Жұмысшы 3 күн жұмыс істеп 340 бұйым дайындады. Бірінші күні ол жоспарды орындады, екінші күні жоспарды 15%-ке артық орындады, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 10 бұйым артық дайындады. Жұмысшы әр күн сайын қанша бұйым дайындағанын анықтаңыз. A) 100; 115; 125 B) 98; 116; 126 C) 104; 113; 123 D) 102; 114; 124 E) 90; 125; 135 38. Егер бір санның 3/4 бөлігінің 10%-і 15-ке тең болса, сол санды табыңыз. A) 100 B) 200 C) 50 D) 150 E) 250 39. Марат екі жылға 300 мың теңге несие алды. Банктың бір жылдық сыйақы пайызы 16% болса, айлық төлемін табыңыз. A) 15600 тг B) 16500 тг C) 18000 тг D) 16000 тг E) 17400 тг 40. Соңғы жылдары физика пәнін таңдаған оқушылар саны екі есеге артты. Соңғы жылдары физика пәнін таңдаған оқушылар саны неше пайызға артты? A) 20% B) 200% C) 100% D) 50% E) 300% 41. Ауылда 1240 үй бар. 80% үйде ит бар, ал 50% үйде мысық бар. Ең аз дегенде қанша үйде ит те мысық та бар? А) 620 В) 992 С) 372 Д) 570 Е) 180 |