Физикадан тест тапсырмалары. ФизикаПәніненСурақтары. 1. Материалды нкте дегеніміз есепті берілген шартында
Скачать 19.88 Kb.
|
1. Материалдық нүкте дегеніміз – есептің берілген шартында ... 2. Қозғалыстағы дене жылдамдығының бірлік уақытта модулі бойынша өзгеруін сипаттайтын физикалық шама ... 3. Дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары арасындағы байланыс: 4. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің үшінші секундтың аяғындағы жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады? 5. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 100 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығы: 6. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясының ең жоғарғы нүктесінде үдеу қалай бағытталады? 7. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз. 8.Нүкте қозғалысының теңдеуі: x=4-6t+t3, 0,5 c уақыттағы оның үдеуі: 9. Берілген формула a = v2/r қандай шаманы анықтайды ? 10. Нормаль үдеудің дәлірек анықтамасын көрсетіңіз 11. Нормаль үдеудің бағыты қалай бағытталады ? 12. Тыныштықта тұрған дене жылдамдығын 5 с уақыт ішінде 10 м/с-қа жеткізді. Үдеуі қандай ? 13. Х осінің бойымен қозғалған дененің жылдамдығы уақыт бойынша v=10+4t заңымен өзгереді, 5 с өткеннен соң орташа жылдамдығы неге тең? 14. Қатты дененің айналмалы қозғалысы үшін Ньютонның екінші заңы қалай жазылады ? 15. Ауырлық күшінің формуласын көрсетіңіз ? 16. Ньютонның үшінші заңы қай санақ жүйесінде орындалады? 17. Тарту күші 100 Н-ға тең ракета 10 м қашықтыққа орын ауыстырады, осы кездегі ракета қозғалтқышының жұмысын анықтаңыздар. 18. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз. 19. Екеуі де вектор болатын физикалық шамаларды көрсетіңіз. 20. Потенциалдық энергия: 21. Дененің кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 40 кг·м/с. Дененің массасы неге тең? 22. Адам бір минутта 100 қадам жасайды. Қадамның ұзындығы 60 см. Адамның қозғалыс жылдамдығын м/с – пен анықтаңыздар. 23. Мына тендеумен берілген дене қозғалысының үдеуін анықтаңыздар X=20+2t - 4.5t2 24. Проекциялары vх = 4 м/с, vу = 1 м/с жылдамдықтың модулі қандай? 25. Материалық нүктенiң жүрген жолының сол жолды жүруге кеткен уақытына қатынасын ... деп атайды. 26. Массасы m дене көлбеу жазықтықта тыныш тұр. Жазықтық горизонтпен α бұрышын жасайды. Үйкеліс коэффициенті-µ. Жазықтық жағынан денеге әсер ететін үйкеліс күшінің шамасы: 27. Денеге басқа денелер тарапынан болатын әсер етуші шама қалай аталады ? 28. Цилиндрдің инерция моменті. 29. Берілген теңдеу көмегімен жылдамдық теңдеуін жазыңыз S = 0.1 t + 0.2 t2 30. Орын ауыстыру дегеніміз не? 31. Үйкеліс күшінің теңдеуі: 32. Дене импульсінің формуласы: 33. Нүктенің қозғалыс теңдеулері х=3t, y=t2 түрінде берілген. t=2 c кезіндегі нүктенің жылдамдығын анықтаңыз. 34. Жүрілген жол деген не? |