Главная страница
Навигация по странице:

  • 2)Электронды микроскоптың ерекшелігі қандай Оның улкейткіштік және шектеулі мүмкіншіліктері қандай болады

  • 3) Гистологиялық әдістердің қандай түрлері болады

  • Цитофотометриялық әдіс

  • Ағынды цитометрия немесе флоу – цитометрия

  • 4) “Микроскопиялық техника” терминіне түсініктеме беріңіз.

  • аипапиа. Бақылау сұрақтары микроскоп. 1 Микроскопты андай блшектері оптика жаына жатады


    Скачать 17.42 Kb.
    Название1 Микроскопты андай блшектері оптика жаына жатады
    Анкораипапиа
    Дата30.01.2022
    Размер17.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБақылау сұрақтары микроскоп.docx
    ТипДокументы
    #346466

    Бақылау сұрақтары. Микроскоп

    1)Микроскоптың қандай бөлшектері оптика жағына жатады?

    Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.

    2)Электронды микроскоптың ерекшелігі қандай? Оның улкейткіштік және шектеулі мүмкіншіліктері қандай болады?

    Электронды микроскоптың көрсеткіштік қабілеті өте жоғары. Қазіргі электронды микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Электрондық микроскоптың құрылыс принципі жарық микроскопына ұқсас, сәулелерінің рөлін электр тоғымен қыздырылған вакуумда орналасқан V пішінді фольфрам жібі электрондар тасқынының қызметін атқарады, әйнек линзалардың орнында электромагниттік линзалар орналасқан. Жарық микроскопының объективі мен окулярының орнына электрондық микроскоптың магниттік катушкалары сәйкес келеді. Электронды микроскопта міндетті түрде вакуум болуы қажет, себебі ауада электрондар алысқа кете алмайды, оттегі, азот немесе көмір қышқыл газы молекулалармен кездессе, олар бөгеліп өз жолын өзгертіп шашырай кетеді. Электрондар тасқынының бағытын қажетіне қарай қуатты электр өрісі немесе магнит өрісімен өзгертуге болады. Электрондардың жылдамдығы үдесе, электрондық микроскоптың шешуші кабілеті артады.

    Электронды микроскоптың экраны мен фотопластинкада 50 000 есе үлкейтуге, фотошығаруда одан да көп есе үлкейтуге (10) болады. Қазіргі уақытта флуоресценцияланатын экраннан электронды-микроскопиялық суреттерді сандық телекамерамен компьютерге беріледі. Принтерді пайдалана отырып, суреттерді шығара алады. Электронды микроскоптың көмегімен металл мен кристалды торларда зерттеуге қолданады.

    Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон сәулелері қолданылады, осыған байланысты қолданылатын қуаттың күші 50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын ұзындығы 0,056-0,035 А°-ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі сорғұрлым артатынын физика курсынан жақсы білеміз. Осыған байланысты электронды микроскоптардың көрсеткіштік қабілеттілігі − 1-7 А°- ға, ал үлкейткіштік қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді. Электронды микроскоптың көмегімен қарайтын заттың қалыңдығы 400−600А° препаратты көруге болады, өйткені қалың препараттан электрондар өте алмайды, олардың өткізгіштік қасиеті нашар. Электронды микроскопқа препарат дайындайтын приборды ультрамикротом деп атайды. Осы прибордың көмегімен жұқа кесінді жасап, оны объекті торына бекітіп, арнайы бояулармен бояп, электронды микроскоппен қарайды. Электрон сәулелері препарат арқылы өткенде объектінің үлкейтілген «көлеңкесі» экранға түседі

    3) Гистологиялық әдістердің қандай түрлері болады?

    Жасушалар мен тіндер құрылымдарын мөлшерлік бағалау қалыпты немесе патологиялық және тәжірибелік әсерге үшыраған жағдайларда, олардың күйі жайлы объективті мәліметтер алуга қажет, Ол үшін гистологияда морфометриялык және цитофотометриялық әдістер қолданылады.

    Морфометрнялық әдістер – гистологиялық және цитологиялық препараттарда, микросуреттерде жасушалар мен тіндер күрылымларының геометриялық (сызық, жазық) және стереометриялық (үш өлшемдік) параметрлерін мөлшерлік бағалауға мүмкіндік беретін тәсілдер жинағы. Құрылымдардың пішінін, санын, ауданын, диаметрін, периметрін және т.б. өлшеу үшін арнайы өлшеу аспаптары колдаиылады. Олар: торлар, курвиметр (қисык сызыктарды олшеуге арналған күрал), окуляр-микрометр (шкаламен жабдықталган окуляр). Стереометрия кезінде сызықтық және жазықтық көрсеткіштерді негізге алып, арнайы тәсілдермен есептеу аркылы, микроқүрылымдардын қатысты көлемін, көлем бірлігіндегі санын және т.б. анықтауға болады.

    Цитофотометриялық әдіс ұлпалар мен жасушалардың құрылымдарына зерттелетін химиялық заттың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Микроскоп және спекрфотометрден тұратын арнайы өлшеу аспабы – цитофотометрмен алдын-ала гистохимиялық реакция арқылы боялып анықталған өнімнің (зерттелетін заттың) оптикалық тығыздығы өлшенеді. Соңғы көрсеткіш, өз кезеңінде, зерттелетін заттық микроқұрылымдағы концентрациясын көрсетеді.

    Ағынды цитометрия немесе флоу – цитометрия (ағылш. Flow - ағын) суспензия құрамындағы жасушалардағы заттардың мөлшерін анықтайтын әдіс. Талдау алдында өткізілген цитохимиялық және гистохимиялық реакциялардан кейін зерттелетін затты анықтау үшін, оны флоуресценциялық бояулармен бояйды. Ағынды цитофотометрде жасушалар суспензиясы лазер сәулесі түскен капиллярлы (қылтамырлы) түтік арқылы үлкен жылдамдықпен өткізіледі. Әрбір жасушаның флоуресценциясының деңгейін (зерттелетін заттың мөлшеріне сәйкес болатын) арнайы детекторлар бір ізді түрде, минутына 10 мыңнан астам жасушалар жылдамдықпен, тіркеп отырады. Алынған мәліметтер бойынша цитофотометр заттар мөлшерінің гистограммасын (графигін) сызады.

    4) “Микроскопиялық техника” терминіне түсініктеме беріңіз.

    Микроскопиялық техника немесе микроскопиялық зерттеу техникасы-микроскоптарды қолданумен, микроскопияға үлгілерді дайындаумен, арнайы оптикалық зерттеу әдістерімен байланысты техника саласы. Қарапайым үлкейтуден биологиялық тіндердің жұқа бөліктерін зерттеу арқылы, содан кейін боялған препараттарды бақылау арқылы, сондай - ақ көк жарықта, ультракүлгін және поляризациялық микроскопта зерттеушілер фазалық-контрастты микроскопия әдістеріне көшті. Келесі қадам-электронды микроскопия әдістері дамыды.


    написать администратору сайта