Физика тест 8 сынып. 8 сынып физика тест жауабымен. 1. Молекулалар мен атомдарды ретсіз озалысы
Скачать 18.05 Kb.
|
8 сынып 1. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы– A) Жылулық тепе-теңдік. B) Конвекция. C) Броундық қозғалыс. D) Жылулық қозғалыс. 2. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама– A) Температура. B) Конвекция. C) Жылу берілу. D) Дененің меншікті жылусыйымдылығы. 3. Вакуумда болатын жылу берілу– A) Конвекция. B) Сәуле шығару. C) Жұтылу. D) Жылу өткізгіштік. 4. Жылулық қозғалыстың кинетикалық энергиясы мен дене бөлшектерінің өзара әрекеттесуі кезіндегі потентиалдық энергиясының қосындысына тең шама A) Жылу мөлшері. B) Меншікті жану жылуы. C) Ішкі энергия. D) Мен шікті жылусыйымдылық. 5. 30оС температура мәнін Кельвинде жазыңдар: A) 243 К. B) 303 К. C) 203 К. D) 143 К. 6. Денеге берілетін немесе алынатын жылу мөлшерін есептейтін формула – A) Q = c m (t2-t1) B) Q = c m (t1-t2) C) Q = c m - (t2-t1) D) Q = q m 7. Заттың меншікті жылусыйымдылығының өлшем бірлігі– A) Дж/кг*оС B) Дж. C) °С. D) Дж/кг 8. Тұрақты температура кезінде сұйықтың тұтас көлемі бойынша бу түзілу процесі – А) Кебу. В) Буырқану. С) Сублимация. D) Қайнау. 9. Заттың кристалдану кезіндегі жылу мөлшерін есептеу формуласы - А) Q = rm В) Q = λ m С) Q = q m D) Q = cm∆t 10. Сұйықпен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу – А) Дымқыл. В) Қатты қыздырылған. С) Қанықпаған. D) Қаныққан. 11. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі- А) Балқу. В) Сублимация. С) Кристалдану. D) Кебу. 12. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу температурасы ... деп аталады. А) Кристалдану температурасы. В) Қайнау температурасы. С) Салқындау температурасы. D) Конденсация температурасы. 13. Заттың қатты күйден сұйық күйге түспей, бірден газ күйіне көшу процесі – А) Десублимация. В) Сублимация. С) Кристалдану. D) Конденсация. 14. Термодинамиканың бірінші заңы - A) Q = А+∆U B) ∆U Q = + A C) A p = ⋅ ∆V D) Q U = ∆ 15. Кебу кезінде сұйықтың ішкі энергиясы ... А) Артады. В) Өзгеріссіз қалады. С) Кемиді. D) Минималды мәнге дейін кеміп, содан кейін тұрақты болып қалады. 16. 500кг массасы бар кірпіштен соғылған пеш 10оС-ге дейін суығанда өзінен қанша жылу мөлшерін бөледі? Кірпіштің меншікті жылусыйымдылығы 880 Дж/кг*оС . A) 4,4 МДж. B) 44 кДж. C) 440 кДж. D) 4400 Дж. 17. 300МДж-ға тең энергия алу үшін таскөмірдің қанша мөлшері қажет екендігін анықтаңдар. Таскөмірдің меншікті жану жылуы 30*106 Дж/кг-ға тең. A) 1 кг. B) 0,1 кг. C) 10 т. D) 10 кг. 18. m=5кг болатын жанар май толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? Жанармайдың меншікті жану жылуы 46*106 Дж/кг. A) 2,3·105 кДж. B) 1,15·105 кДж. C) 23·106 кДж. D) 2,3·107 Дж. 19. Жылу мәшинесінің пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңдар. Суытқыштыңтемпературасы 300К, ал қыздырғыштың температурасы 600 К. A) 25%. B) 50%. C) 5%. D) 2,5% 20. Егер буға 2*105 Па қысым түсірген кезде көлемі 1м3 –ден 5м3 –қа дейін ұлғайса, онда будың атқарған жұмысын анықтаңдар: A) 2*105 Дж. B) 8*105 Дж. C) 106 Дж. D) 105 Дж. Жауабы 1 С 2 А 3 В 4 С 5 В 6 А 7 А 8 Д 9 В 10 Д 11 А 12 А 13 В 14 А 15 С 16 А 17 Д 18 А 19 В 20 В |