Главная страница

Пиза оқу сауаттылығы-09.04. 1мтін. Кітапхана


Скачать 1.06 Mb.
Название1мтін. Кітапхана
Дата09.04.2022
Размер1.06 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПиза оқу сауаттылығы-09.04.docx
ТипДокументы
#456792

999- неміс тілінде

900- ағылшын тілінде

800- италян тілінде

700- француз тілінде

600- жапон тілінде

500-қытай тілінде

400- армьян тілінде

300- авар тілінде

200- араб тілінде

100 – үнді тілінде

1-мәтін.Кітапхана.

Кітапхана схемасын пайдалана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап

беріңіздер.

1-тапсырма. КІТАПХАНА

- Мектеп үшін сіз француз тілдеріндегі романды оқып шығуыңыз керек. Схемадан сіздің оқуыңыз үшін жарайтын кітапты таба алатын секцияның айналасына дөңгелекті сызыңыз.

2-тапсырма . КІТАПХАНА

Жаңа кітаптар қай жерде орналасқан?

A) Көркем әдебиет секциясында

B) Өзге әдебиет секциясында

C) Кіру есігінің жанында

Д) Ақпараттық үстелдің жанында

3-тапсырма. КІТАПХАНА

Бұл орын неліктен жаңа кітаптар үшін таңдалуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз. ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________
4-тапсырма. КІТАПХАНА

Суреттері бар кітаптар қай жерде орналасқан?

A. Балаларға арналған кітаптардың қасында.

B. Ойыншықтардың қасында

C. Кіру есігінің жанында

Д. Жаңа кітаптардың қасында

5-тапсырма. КІТАПХАНА

Ақпарат алу орны қайда орналасқан? ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________

2-МӘТІН. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Адам организмі энергияны тек дене еңбегі үшін ғана емес, сонымен қатар тыныштық кезінде де жұмсайды. Тыныштық кезінде, ұйықтағанда, демалғанда энергия организмнің қызмет етуіне – жүрек соғуына, тыныс алуға, дене температурасын сақтауға, бұлшық ет пен ми жұмысына және т.б. процестерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1 килокалория энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Зат алмасу мен энергияның бөлінуі өмір сүрудің негізгі және тірі материяның маңызды белгісі болып табылады. Міне, тірі табиғат өлі табиғаттан осымен еркшеленеді.

Зат алмасу етаболизм) жоғары интеграцияланған және мақсатты процесс. Организмге түсетін тағамдық заттар күрделі химиялық өзгерістердің нәтижесінде тірі организм ұлпаларының заттарына айналады. Тағамның керексіз қалдықтары организмнен бөліп шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады.

Осылайша зат алмасу процесі нәтижесінде қажетті энергия бөлініп, тірі организмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Негізгі алмасудың шамасы тыныштық күйде дене салмағы70 кг ерлерде (20 жас) 1600-1700 ккал ны құрайды (70 кг х 24 сағ. Х 1ккал), әйелдерде бұл шама 1300-1400 ккал-ға тең (60 кг х 24 сағ. Х кал). Ал дене және ой еңбегі қосымша энергия шығындарын талап етеді. Қызметкер мен үй күтушісіне негізгі алмасуға қосымша 1000-1200 ккал энергия қажет (1600 + 1200 = 2800). Механикаландырылған немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2-2,5 есе көп. Сондықтан да тағамшығындалатын энергияның мөлшерінесәйкес етіп, әрі оны толықтырылып тұруы керек.

Тағамның құндылығы оның энергетикалық бағалығымен сипатталады және тамақ рационында белоктың, май мен көмірсудың болуын қамтамасыз етуі қажет. Әр тағамның өзінің белгілі бір энергетикалық құндылығы болады.

Қоректік заттарды (нутриенттерді) белоктар, майлар, көмірсуларды төмендегідей мөлшерде пайдалану қажет:

Ақуыздардытәулігіне 85-90 грамм (дененің 1 кг салмағына 1 кг салмағына 1 грам мөлшерінде) қабылдаған дұрыс, мұнда белоктардың 35-40 %-ы жануар текті болуы тиіс. Бала организміне қажеттілік дененің 1 кг салмағына 1,5-2 грамды құрайды.

Майлардытәулігіне 80-100 грамм пайдалану қажет. Оның жартысы өсімдік текті болуы керек.

Көмірсулардытәулігіне 400-500 грамға дейін пайдалану қажет.

Организмнің калориялық шығыны көптеген факторларға – жасқа, жынысқа, еңбек түріне, дене еңбегінің қарқындылығына байланысты.

Орындалатын жұмыс сипатына байланысты энергиялық шығындар бойынша 4 топқа бөлінеді:

1. Дене еңбегімен аз айналысатындар үшін 3000-3500 ккал қажет.

2. Дене еңбегімен орташа айналысатындарға – 3200-3500 ккал. 3. Жоғары дене еңбегімен айналысатындарға 3500- 4000 ккал.

4. Аса қиын дене еңбегімен айналысатындарға 4000 және одан да көп ккал қажет.

Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калориясы былайша бөліну қажет: таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.

Тағамдар құндылығының кестесі (100г өнімдегі калория саны

1-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Адам организмі энергияны не үшін пайдаланады?

А) ұйықтау , демалу үшін

В) жүрек соғуына, тыныс алуға

С) дене температурасын сақтауға

Д) бұлшық ет пен ми жұмысы

Е) басқа да процестерді қамтамасыз етуге

Ж) барлық жауаптар дұрыс

2-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Жоғары дене еңбегімен айналысатындар үшін еңбек шығыны күніне қанша Ккал құрайды және осы еңбек шығынының мөлшерін толтыру үшін кестеге қарай отырып бір күндік мәзірін құрып көріңіз. ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________

3-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Кестеге зер салсаңыз, ет, сүт өнімдерімен салыстырғанда, жеміс-жидек пен көкөністердің Ккал аз екенін байқауға болады. Бірақ адам организміне қажетті дәрумендер барлық тағамның құрамында да кездеседі. Қалай ойлайсыз, адамдар дене сұлулығын сақтау үшін күні бойы тек жеміс-жидек, көкөністермен тамақтанса дұрыс бола ма? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________

4-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1Ккал энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ал, механикаландырылған немесеауыр дене еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2-2,5 есе көп. Мұның себебін қалай түсіндірер едіңіз? ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________

5-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Тағамдар құндылығы кестесінде ұн тағамдары туралы мәлімет неге көрсетілмеген? Ұн тағамдарының дәрумендік қасиеті жоқ деп ойлайсың ба? Неге? ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________

3-мәтін. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ
Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды

2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016 жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.

2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері – Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.



Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі
Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.



Қазақстандағы туристік фирмалар табысы

Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.

1-тапсырма. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ

Елімізге келетін шетелдік туристер саны төрт пайызға артқан жыл?

А) 2011

Б) 2016

В) 2017

С) 2015

Д) 2004

2-тапсырма. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ

Қазақстандағы туризмнің алдағы уақытта болжамы қандай?

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

3 -тапсырма. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ

Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемінің орташа көрсеткішін көрсеткен жыл?

А) 2016,2017,2005

Б) 2011,2012,1013

В)2009,2010,2011

С) 2007,2009,2012

Д) 2011,2007,2005

4-тапсырма. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ

2015,2016 жылдарының қай тоқсанында туристер ағынының тепе-теңдігін көрсетті?

А) І

Б) ІІ

В) ІІІ

С) ІҮ

Д) Барлық кезеңде

5-тапсырма. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ

Қазақстандағы туризмн ненің ұлғаюына себеп болады деп ойлайсыз?

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________


написать администратору сайта