Главная страница
Навигация по странице:

  • А)

  • 2) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

  • D)

  • D

  • 7)Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі.

  • 8)Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті жүзеге асыру үшін қажет еткен жағдай.

  • 9)Мәтінде сипатталған археологиялық мәдениеттің орналасқан аумғын анықтаңыз

  • 10)Мәтінде сипатталған Моғол хандығындағы жоғары лауазымды атаңыз.

  • 11)Қай тарихи оқиғаның зардаптары туралы айтылғанын белгілеңіз.

  • 13)Мәтінде сипатталған «інжу» терминінің мағынасын анықтаңыз

  • 14)Мәтінде қай саясат туралы айтылғандығын анықтаңыз.

  • 15)Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға.

  • «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

  • МОДО 9 сынып тест. МОДО 9 сынып. 1 Мтінде сипатталан тарихи оианы анытаыз


    Скачать 25.88 Kb.
    Название1 Мтінде сипатталан тарихи оианы анытаыз
    АнкорМОДО 9 сынып тест
    Дата06.02.2022
    Размер25.88 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМОДО 9 сынып.docx
    ТипДокументы
    #353134


    1)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

    «1991 ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналдыү М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ.Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды.Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де 11 республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды.Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты...»

    А)ТМД-ның құрылуы

    В) БҰҰ-ға мүше болуы

    С) ҚазақАКСР Конституциясының қабылдануы

    D) Тұңғыш Президенттің сайлаунуы

    Е) ҚР Парламент сайлауы


    2) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

    «Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді.Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев , академик С.Зиманов,желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас,қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты» деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді»
    А) Невада-Семей қозғалысы

    В) Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы

    С) «Ақ Жол» партиясының құрылуы

    D) Парламент сайлауы

    Е) Теңгенің айналымға енуі

    3) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

    «Хан 1368-1369 жж. Өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. Ол 1374-1375жж.Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғаларын бағындырды.Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмады»

    А) Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы.

    В) Алтын Орданың Әмір Темірге қарсы шабуыл

    С) Моғолстанның Алтын Ордадан оқшаулануы

    D) Мамайдың Руське шабуылы

    Е) Тоқтамыстың Мәскеуді өртеуі

    4) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның болған кезеңін анықтаңыз.

    «Қытай патшасы көп сыйлық талап етті, гуньмо оларға 1000 жылқы жіберді.Бұл оқиға бзб 107 ж.болған»

    А) Б.З.Б 2 ғасырдың соңы

    В) Б.З.Б 3 ғасырдың басы

    С) Б.з.Б 2 ғасырдың басы

    D) Б.З.Б 1 ғасырдың басы

    Е) Б.З.Б 1 ғасырдың соңы


    5) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаға Н.Ә.Назарбаевтың көзқарасы.

    «Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып,кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп ,аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша...одақтық және автономиялы республикалар,өлке,облыс,қала,аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия,қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг,шеруге шығу,ереуіл жасауға тыйым салынды»

    А) ТЖМК-ны қолдамайтынын жариялады.

    В) ТЖМК-ны қолдайтынын жариялады.

    С) ТЖМК-ға мүше болатынын айтты

    D) ТЖМК әлемдік ұйым екендігін мәлімдеді

    Е) ТЖМК –дан шығу туралы жарлық

    6)Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз.

    «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»

    А) Тобырыдың пайда болуы

    В) Аналық рудың қалыптасуы

    С) Тайпалық одақтың пайда болуы

    D) Рулық қауымның шығуы.

    Е) Аталық рудың қалыптасуы


    7)Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі.

    «...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»

    А) Неолитте

    В) Мезолитте

    С) Палеолитте

    D) Энеолитте

    Е) Темір дәуірінде

    8)Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті жүзеге асыру үшін қажет еткен жағдай.

    «...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»

    А) Еңбек құралдарын едәуір жетілдіруді.

    В) Егіншілікпен айналысу

    С) Терімшілікпен айналысу

    D) Тобырдың пайда болуы

    Е) Аталық рудың қалыптасуы


    9)Мәтінде сипатталған археологиялық мәдениеттің орналасқан аумғын анықтаңыз.

    «Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, ұйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.»

    А) Оңтүстік Қазақстан.

    В) Орталық Қазақстан.

    С) Шығыс Қазақстан.

    D) Батыс Қазақстан.

    Е) Солтүстік Қазақстан.


    10)Мәтінде сипатталған Моғол хандығындағы жоғары лауазымды атаңыз. «

    Моғол хандығының тағына дұғлат Хұдайдат... өзінің айтқанын істейтін хан тұқымынан алты рет өз адамдарын отырғызған. Хан билігі де рулық-тайпалық бай-феодалдар еркіне байланысты болған. Биліктің мұндай жағдайда жүргізілуінің өз ханның бай-шонжарларға экономикалық жағынан тәуелділігін де көрсетті.»

    А) Ұлысбегі

    В) Хан

    С) Түменбасы

    D) Жабғу

    Е) Беклербек

    11)Қай тарихи оқиғаның зардаптары туралы айтылғанын белгілеңіз.

    «Бұл жорықтардың Қазақстан үшін ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды. Біріншіден, бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүлдем күйреді. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендерді құлдыққа айдалып,Орта Азияның қалаларының базарларында сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана қалды. Шапқыншылықтың салдарынан ауа көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды.»

    А) Жоңғар шапқыншылығы

    В) Ұлт-азаттық көтерілістер

    С) Әмір Темір шапқыншылығы

    D) Алтын Орданың құлауы

    Е) Шайбанидың шапқыншылықтары

    12)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

    «Бетпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алды. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп Шағатай ұлыс кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады.»

    А) Әмір Темір мен Ильяс Қожа арасындағы күрес

    В) Есім хан мен Тұрсын хан арасындаңы күрес

    С) Хақназар хан мен Абдаллах арасындағы күрес

    D) Есен Бұға мен Әбілқайыр арасындағы күрес

    Е) Абылай мен Қалдан-Церен арасындағы күрес

    13)Мәтінде сипатталған «інжу» терминінің мағынасын анықтаңыз.

    «Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау» деген мағынаны берген . Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін. Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлыстың орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған. Мысалы, Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болса, Шағатай мемелекетінің інжулік жерлері Шу,Іле,Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан»
    А) Салыққа алынған жер

    В) Ханның иелігіндегі жер

    С) Шаруалардың жер иеліктері

    D) Ұлысбегінің жер иелігі

    Е) Түменбасыға сыйлыққа берілетін жер

    14)Мәтінде қай саясат туралы айтылғандығын анықтаңыз.

    «...халық шаруашылығына әкімшіл-әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекеттің ерекше саясаты. ... аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтылған жұйе болып қалыптасып үлгермеді.»

    А) ЖЭС

    В) Индустрияландыру

    С) «Кіші Қазан» революциясы

    D) Ұжымдастыру

    Е) «Жылымық» кезеңі
    15)Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға.

    «...Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратан еркек халқы тартылсын...»

    А) Сырым Датұлы көтерілісі

    В) Кенесары Қасымұлы көтерілісі

    С) Е.Пугачев көтерілісі

    D)1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

    Е) Маңғыстау көтерілісі

    Екібастұз қаласы білім бері бөлімінің №14 «ЖОБМ» КММ

    «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

    БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСІТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ

    Мұғалім: Абилканова М.Г


    2021-2022 оқу жылы


    написать администратору сайта