5 сынып. 15 сұрақ. 1. Мтінге айсысы сйкес емес
Скачать 22.19 Kb.
|
Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. Батаның тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бере бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді. Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жоға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге ,туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі. Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады, жаман күштерден сақтайды» деп сенген. 1. Мәтінге қайсысы сәйкес емес? А) Бата берулің тәртібі. В) Батаның пайдасы. С) Батаның түрлері. Д) Батаның дәстүрі. 2. Кіріспе қай сөздермен аяқталады. А) рәсімдері бар В) терең сөз С) маңызы үлкен Д) бата беру 3. 1-сөйлемдегі «ертеден» сөзінің синонимі қайсы? А) қазірден В) болашақта С) бұрыннан Д) әйгілі Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Қазақы киім – көненің көзі. Қазақ ұлттық киімдері үш түрге бөлінеді. Олар – салтанаттық киім, күнделікті және жұмыс киімдері. Ерлер мен әйелдер киімдері де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ерлер киімдерінің ең қымбатты – аң терісінен істелген ішіктер. Тон күздік қой терісінен тігіледі. Ерлер баскиімінің түрлері де мол. Олар: тымақ, киіз қалпақ, бөрік,тақия, т.б. Әйел киімдері төрт топқа арналып тігілген. Олар – қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де, әшекейлеуі де әрқилы. Тапсырма: 1.Қазақ халқының ұлттық киімдері неше түрге бөлінеді? А) екі Б) төрт В) үш С) бес 2. Тон қандай малдың терісінен тігіледі? А) қыстық Б) жаздық В) көктемдік С) күздік 3. Әйелдер киімі ел салты бойынша неше топқа арналып тігілген? А) төрт Б) екі В) үш С) бес 4. Сәндік әшекейге жатпайды: А) білезік Б) сырға В) шалбар С) алқа 5. Қалыңдық киетін баскиім. А) тақия Б) құлақшын В) кимешек С) сәукеле Грамматика 1. Жіңішке буынды сөзді көрсет. А) шапан Б) тымақ В) байпақ С) кимешек 2.Дауысты дыбыстарды топтап жаз:а,ә,о,ө,и,е,ё,ү, ұ,у,ы,і
3.Дауыссыз дыбыстарды топтап жаз: б,в,г,ғ,д,ж,з,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,щ
4. Сөз тіркесінің, біріккен сөз сыңарларының аралғындағы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етуі қалай аталады ? А) ілгерінді ық пал В) кейінді ықпал Б)тоғыспалы ыќпал С)буын үндестігі 5. Буын үндестігіне сай келетін сөзді көрсет ? А) сөзшең В)әсемпаз С)бәлеқор Д)емхана 6. Сөз бен сөз арасындағы ілгерінді ықпалға мысал: А) асшы Б) Тынысбек В) жас жүрек С) тас бер 7. Қуанышты хабар жеткізуші адам не сұрайды? А) байғазы Б) сарқыт С) көрімдік Д) сүйінші 8. Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы қалай аталады? А) сәлемдеме Б) сүйінші В) базарлық С) көрімдік |