№5 тапсырма. 1 Науас 42 жаста. Терапия блімінде бронхиальды астмамен емделіп жатан науас, дем шыаран кездегі ентігуге шаымданады. Науас екі олын тсекке тіреп мжбрлі алыпта отыр, кеуде клеткасыны дем алуа атысады, жайылмалы цианоз, орыныш сезімінде, таж 38 ретмин.
Скачать 14.41 Kb.
|
№1 Науқас 42 жаста. Терапия бөлімінде бронхиальды астмамен емделіп жатқан науқас, дем шығарған кездегі ентігуге шағымданады. Науқас екі қолын төсекке тіреп мәжбүрлі қалыпта отыр, кеуде клеткасының дем алуға қатысады, жайылмалы цианоз, қорқыныш сезімінде, ТАЖ 38 рет/мин. Экспираторлы ентігу, алыстан ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Тапсырма 1.Науқастың мәселелерін анықтау, нақты мәселесіне байланысты мейірбике іс - әрекетінің мақсатын жоспарлау және іске асыру. №2 Науқас Г., 68 жаста, жедел жәрдеммен сол жақты экссудативті плеврит диагнозымен терапиялық бөлімге жеткізілді. Әлсіздікке, қатты құрғақ ұстама тәрізді жөтелге, субфебрильді температураға шағымданады. Температура 37 С. ТАЖ 20 рет/мин, пульс 80 рет/ мин, АҚҚ/ 130/80 мм с.б. Тапсырма: 1. Науқастың мәселелерін анықтау, нақты мәселесіне байланысты мейірбике іс - әрекетінің мақсатын жоспарлау және іске асыру. 2. Плевральды пункцияға керек жабдықтарды дайындау. №3 Науқас Т. 70 жаста, стационарға «өкпе рагы» диагнозымен түсті. Мейірбикелік тексеруде мынандай шағымдар айтты: шырышты қақырықты жөтел, кеуде қуысының ауырсынуы, күрт әлсіздік, субфебрильды сандарға дейін дене қызуының жоғарлауы. Обьективті: науқастың жағдайы орташа дәрежеде. Тері қабаттары бозарған. Кеуде клеткасы қалыпты формада, тыныс алу актісіне қатысады. Науқастың тамақтануы төмендеген, температура 36,7 С. ТАЖ 20 рет/мин, пульс 82 рет/ мин соғуы қанағаттанарлықтай, АҚҚ 110\70 мм.с.б. Тапсырма: 1. Науқастың мәселесін анықтау, нақты мәселесіне байланысты мейірбике іс - әрекетінің мақсатын жоспарлау және іске асыру. 2. Атипті клеткаларға қақырық жинауды ұйымдастыру. |