2рк. 2 РК. 1. Орта жне жоары сынып оушылармен сынаптан жне мектептен тыс жмыстарды йымдастыру формалары мен дістері
Скачать 44.43 Kb.
|
Межелік бақылау Серикжанов Максат 1.Орта және жоғарғы сынып оқушылармен сынаптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастыру формалары мен әдістері. Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің жақсы жолға қойылуы, жоспарлы жүргізілуі де балалардың мінез ерекшеліктеріне әсер етеді. Шәкіртке ғылымның негізін үйретумен бірге біз олардың дүние танымын, ақыл-ой әрекетін, шығармашылық ізденуін, қабілеті мен дарындылығын дамытамыз. Әрине, бұл жәйттерді оқушыларға толық жеткізу әрбір мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, материалды жан-жақты толық қамтуына, көрнекі және техникалық құралдарды дұрыс пайдалануы мен оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Міне, сондықтан біз мұғалімнің педагогикалық процестің негізгі тұлғасы деп санаймыз. Мұғалім әрекеті мазмұны жағынан оқушылар әрекетімен органикалық байланысқанда ғана тәрбие тиімді де нәтижелі болады. Бір сыныптың өзінде мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне қарай сабақ үстіндегі шәкірттердің мінез ерекшеліктері кейде олай, кейде бұлай болып құбылып отыратыны педагогикалық тәжірибеден белгілі. Дегенмен сабақ қызықты, шеберлікпен өткен жағдайда оқушылардың зейіні басқа нәрсеге аууға мүмкіндік тумайды. Осындай кезеңде шыдамсыз, ұшқалақ оқушылардың қимыл-әрекетінде де байсалдылық байқалады. Егер сабақ тартымсыз, нәтижесіз болса, оқушылар қанша зейін қоюға әрекеттенгенімен шаршап, жалыға бастайды. Мұндай жағдайда жеңіл мінезді балалар өздері ғана тәртіп бұзбастан, басқаларға да теріс әсер етеді. Оқу-тәрбие барысында ғылымның дидактикалық өңдеуден өткен зерттеу әдістерін пайдалану – оқыту мен білім берудің, тәрбиелеудің әдістерін ұштастыра түсуге, олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Инновация ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Нәтижелік инновацияның критерий ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналады. Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерий ретінде қарастырылады. Инновацияның негізгі критерий ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жанашылдық деп білеміз. Мектеп оқушыларының тәрбиелеуде инновациялық ұжым арқылы тәрбиелеу бойынша оның дамуына С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, И.П.Ивановтар үлкен үлес қосты. Мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі инновациялық технологияның ерекшелігі оқушының рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімін тануы, өзінің қоғам мүшесі екенін, айнала қоршаған ортамен басқа адамдармен мәдениетті қарым-қатынас жасау. Бұл оқушының өз бойындағы қасиеттері мен қабілетін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін тәлім- тәрбие екені даусыз. Мұндай тәрбиенің бастауы бұрын да болған, біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан әдемі дәстүрі бар. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық технологиясы бұл оқушының ұжымдық іс-әрекетке қатысуы, ондағы оқушының санасының оянуы, мәдениеттілікті сақтау, өз бетінше дұрыс әрекет етуі, мінез-құлқындағы дөрекі мінезден арылуға әрекет жасап, қарым-қатынаста мәдениеттілік көрсету мен өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Өзін – өзі тәрбиелеу оқушыны жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. «Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі» тақырыбы бойынша өтетін тәрбие жұмыстарында бала өзін объекті ретінде ғана санамай, субъекті ретінде де даму жолдарын талпынады. Баланың ойын, пікірін терең ұғынып логикалық бірізділікпен дәлелдей білуге үйрету – әр ұстаздың төлісі. «Мен кіммін?», «Менің кемшіліктерім неде?», «Мен неге әдепсізбін?» және т.б. сұрақтар арқылы өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралдарымен таныстырған жөн. Өзін-өзі тәрбиелеу қоғамға пайдалы болу ұжымның лайықты мүшесі болу тілегінен тууға тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзіне сын көзбен қарап, өз қателерін мойындауға батылы жетуі қажет. Мінездегі кемшіліктерді жойып, жақсы сипаттарды жетілдірмейінше өзін-өзі тәрбиелеу мүмкін емес . Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі үшін, оқушыларды өздерін қолға алуға үйрету керек. Өзін-өзі тәрбиелеуге кірісе отырып, оқушы ең алдымен өзін-өзі қолға алудың жалпы мақсатын ұғынуы тиіс. Осыған байланысты жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне: өзін-өзі сендіру; өзін-өзі иландыру; өзін-өзі бақылау; өзін-өзі талдауды жатқызамыз. Баланың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде ұжымның әрекеті үлкен роль атқарады. Ұжымшылдық – адамгершіліктің ең ерекше белгісі, ол адамның шындыққа қатынасының барлық жүйесін, оның бар мінез-құлқын анықтап береді. Ұжымдық шығармашылық форма – оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде, яғни: әрбір қатысушының қызығушылығын және қажеттілігі ескерілуі тиіс; жеке тұрғыдағы мақсат топтық және ұжымдық мақсатқа қарама-қайшы келмеуі тиіс; ұжымдық шығармашылық іс жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуі туғызуы тиіс. Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік міндеттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау сипатымен ерекшеленеді. Оның негізін ұжымның барлық мүшелерінің өзара бірлескен әрекеттері ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шараларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтанда олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібірі әрекет нәтижелі болады. Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас – өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді. Ұжымдық қатынас – тұлғалық ерекшеліктерді басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне бағындырады. Бұл баланың жаман іс-әрекеттері мен мінез-құлқындағы теріс қылықтарды болдырмауға ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады. Сонымен қатар, еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, жолдастарына тіпті өзінің міндетіне жауапкершілігі мұқият қалыптасады. Татулық пен достығы жарасқан ұжымдағы өзара қарым-қатынас жеке басының мүддесін қоғамдық мүддеге бағындырады. Балаларды ұжымдық қызмет тәсілдеріне үйрету – мұғалімнің ерекше және арнайы міндеті болып табылады. Оқушылар арасында ұжымдық жұмыс үстінде пайда болатын іскерлік қарым-қатынастарды үлкендер көбіне реттеп отыруға тиіс. Мұғалім жұмыс сапасына, ойын процесіне, жиындар өткізуге ғана емес, сонымен бірге осы ұжымдық қызметке қатысушылар арасында туындайтын қарым-қатынастарға да айқын талаптар қойып отырады. Бұл талаптарды балалар жақсы білуге және жете түсінуге тиіс. Өйткені баланың мінез-құлқы көп жағдайда ұжымдағы атмосфераға байланысты өзгеріп мінезі қалыптасып отырады. Ұжымның шығармашылық әрекеті жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды түрткісі ретінде көрініс береді. Соның нәтижесінде ол өзара тәрбиемен мектеп оқушысының жеке басына оның жолдастарының ықпал етуімен толықтырыла түседі. Мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігін ұйымдастырушылық қабілеттері мен құралдар мен әдістерінің бірі оқушылардың өзін-өзі басқару болып табылады. Ол барлық оқушының өз сыныбының және мектеп ұжымының іс-әрекеттерін басқаруға қатысуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың бойына саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжым, ата-аналар ұжымы көмектеседі. Сондай-ақ олар оқу сабақтарына қатысуды есепке алуды ұйымдастырады, сабақтарға келмеушілікке және кешігушілікке қарсы күреседі, оқушылардың күн тәртібін қадағалайды. Бастауыш мектеп оқушысының бейнесін қалыптастырып, эмоционалдық – еріктік, танымдық, мәдени адамгершілік мүмкіндіктерін жетілдіруде олардың құрылымы көп қырлы психологиясын танудың маңызы зор. Баланың мектепке келген күнінен бастап өздері іс-әрекет ететін, қарым-қатынасы, киім тазылығы, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздеріне назар аударып, қызығады. Дегенмен кейбір дөрекі мінездердің дұрыстығына қарамастан, іс-әрекеттермен сөздерге мән бермейді. Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде инновациялық технологияны қолдануда талап етіледі: тәрбиенің мақсаты мен мазмұнының дәлдігі; дұрыс бағыттары; әдістері мен тәсілдерін қолдануды. Мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда инновациялық педагогикалық технологиясын сыныптан тыс ұйымдастырылған ұжымдық шығармашылық жұмыс өзінің ұйымдастыру формасы жағынан бірден-бір қолайлы әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да оны ұйымдастырудың жолдарын ұсынып отырмыз. 2.Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың формасы ретіндегі олардың пәнді оқуда білім алуға қызықшылығын қалыптастыруда: Географиялық үйірмелер, ғылыми қоғамдар Сабақтан тыс жұмыстарға барлық оқушылар қатысу қажет. Бұндай жұмыстар жыл бойы жүргізіледі, одан оқушы керекті, пайдалы, қызықты жаңа мағлұматтар алады. Сондықтан, сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны әр сынып балаларының деңгейіне сәйкес болу керек. Мұғалім, білім деңгейі жоғары окушыларға әртүрлі тапсырмалар бере алады. Әр оқушы бұндай тапсырмалар арқылы өздерінің білім деңгейін көтереді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды келесідей ұйымдастыруына болады: 1) Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады. 2)Барлық окушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ, орындау әдісі әртүрлі болуы мүмкін. Жалпы білім беретін және мамандырған реформаға, оның оқу тәрбиелік жұмыстарының сапасын жоғарылатуға үлкен назар аударылады. Осыған байланысты география пәнінен міндетті түрде сабақтан тыс жұмыстар санын жетілдіріп отыру керек. Оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы геология, топырақтану, геоморфологая, океанология, гляциология, вулканология, картография, геоурбанистика жөне т.б. сол сияқты ғылымдармен танысады. Окушыны алыс және зерттелмеген елдерге саяхат және географ-саяхатшылар туралы әңгімелер қызықтырады, олар географиялық ашылулар тарихы жайлы толығырақ білгілері келеді. Жоғары сынып оқушылары экономикаға және транспорт географиясы, әлемдік шаруашылық географиясы, ландшафттану сияқты бөлімдерімен таныса бастайды. Оқушылардың географияға деген қызығушылығын қанағаттандыра, терендете отырып, мүғалім, білімге құмар баланы сабақтан тыс жүмыстарға еліктіре түседі. Оқушылардың географиялық зерттеудегі жаңа және ғылыми әдістермен танысуы, әртүрлі құралдармен, аспаптармен жұмыс істеуі оларда зерттеу және іздену жұмыстарына қызығушылық туғызады. География пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаттары мыналар: - оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету; - өз аймағы туралы, оның табиғаты, шаруашылығы, экономикасы, мәдениеті жайлы білімдерін тереңдету; - оқушылардың табиғи орта және халық шаруашылығының орналасуы туралы түсінігін дамыту; - география пәнін оқуға қызығушылығын ояту; География пәнінен сыныптан тыс жұмыстар білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, ягаи оқушының шығармашылық қабілетін дамытады. Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні де өте жоғары. Ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін т.б. қорғауға көмектеседі. Сабақтан тыс жұмыстар география білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ сабақтан тыс жұмыстарда окушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы оқушылар жұмыс істейді. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыс-тармен байланыстара отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі. География пәнінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу әдісі төмендегідей болады: ІІ.Ауызша. әдіс (вербальды): дәріс, әңгіме, баяндама, сұхбаттасу. Әдістің бұл тобына мұғалім көмектеседі. Дәрістер, әңгімелесу, сұхбаттасуды ғалымдар экспедиция қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар жұмысшылары көмегімен де өткізуге болады. 2) Практикалык әдіс оқушылар тобымен немесе жалғыз оқушымен, практикалық сабақ үстінде жүзеге қолданады. Оқушы бұл сабақта өздігінен географиялық аспаптар, құралдар, лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, тәжірибелер жасауды, оларды камеральды өңдеуден өткізуді, сондай-ақ табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруды үйренеді. 3) Бақылау әдісі оқу барысында, табиғат құбылыстары сияқты, адамның шаруашылық әрекеті ретінде де қолдануға болады. 4)Тәжірибелік-эксперименттік әдіс - бақылауға қиын та-биғи процесстермен құбылыстарды зерттеу мақсатында қодданылады. Мысалы, шөгінді жыныстардың пайда болуын, орналасуын көрсететін тәжірибелер т.б. Тәжірибені алдын ала дайындап, оқушылар соын оның нәтижелерін талқылайды. 5) Конструкциялар мен модельдеу - географиялық құбылыстардың мәнін түсінуге қажет құралдар мен аспаптар моделін жасауға мүмкіндік береді. 6) Модельді географиялық объектілер морфологиясын (өзен аңғары, тау, жыра) зерттеуде қолданады және зерттелмеген объект немесе құбылыс жайлы көлемді түсінік береді. Қолданатын модельдер белгілі бір процестің даму динамикасын түсінуге көмектеседі. Модельдер, сондай-ақ аймақың экономикасынт үсінуге көмектеседі. Олар— географиялық модельдер. 7) Экскурсиялық әдіс-объектіні және құбылысты табиғатта, өндірісте, көрмелерде, мұражайларда көріп тануға мүмкіндік береді. 8) Объектіні оқу әдісі — оқушының өз бетімен жұмыс істеуінде үлкен рөл атқарады. Бұл әдіс географиялық объектіні зерттеудің әртүрлі сатьларында қолданылады: зерттеуге дайындық кезінде, жұмыс барысында, қорытынды жасауда. 9) Картографиялық әдіс географияда ерекше маңызы бар және картаны оқуда, талдауда және ол арқылы есептеуде қолданылады. Сабақтан тыс жұмыстар күнделікті сабақтан өзінің мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрлері, жүргізу әдістер ерекшелігімен сипатталады. Бұндай тыс жұмыстарда оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы білімін өз бетінше толықтыруға мүмкіндік алады. Сабақтан тыс жұмыстар сондай-ақ оқушының картографиялық білімін толықтырады, яғни, оқушы, әртүрлі экскурсияға, саяхатқа шыққанда қорғауға арналған объектілері бар жолдардың планы мен карта-схемаларын құрастыруы тиіс. Бұндай жұмыстар оқушының танымдық қабілеттерін арттыруға көмектеседі, яғни өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып, шығармашылық, географиялық ойлау қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, байқампаздығын арттырады. География пәнінен өткізілетін сыныптан тыс жүмыстар оқушылардың білімі мен тәрбиесіне әсер ететіндіктен оқу-тәрбие жұмысының бір бөлігі болып табылады. География оқу пәні ретінде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілігі бар, себебі, оның мазмұны адамдардың шаруашылық еңбегімен, елдегі болып жатқан жағдайлармен, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Оқушыларды сабақ үстінде шешімін табу мүмкін болмаған географиялық проблемалар қызықтырады. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру, туған ел табиғатының байлығы мен сырларын тануға көмектесу, әлемдегі және өз елі халықтарының өмірі жайлы ақпараттар беру, балалардың ойы мен сезіміне нәр беру-географиядан сыныптан тыс жұмыстардың басты мақсаты. Сыныптан тыс жұмыстар сабақтың мақсаттан мазмұнымен, ұйымдастыру түрімен және өткізу әдісінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік мақсаты-оқушылардың географиялық дүниетанымын кеңейту және географиялық ғылыми білімдерін тереңдету, дағдыларын қалыптастыру. Бұл мақсаттар бағдарламадан тыс сұрақтар мен ғылыми географиялық проблемаларды жоспарға енгізуде, бағдарламалық материалдарды ғылыми дәрежеде және терең аша түсуде орындалады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде үлкен маңызы бар. Сабақ үстінде уақыт тығыздыгынан оқытушының табиғаттың әсемдігін ашуға толық мүмкіндігі бола бермейді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушылар табиғатқа арналган суретшілер туындыларымен танысуға, серуенге шығуға, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысуға мол мүмкіндік алады. Табиғат сұлулығын танып, оқушылар оны қорғауға, сақтауға және көбейтуге тырысады. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны-оларды өткізу түрлеріне, оқушының қызығушылығына, олардың жасына, жергілікті табиғи-экономикалық жагдайларға, оқытушының тәжірибесіне байланысты. Мұғалім сыныптан тыс жүмыстарды ұйымдастыруда әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, географиялық сұрақтарды тек тереңдете оқытуды емес, оны оқушылардың демалысы мен еңбегіне, қоғамдық жұмыстарына байланыстыра отырып, ғылыми-зерттеу жүмысына дағдыландырады. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың өз еріктеріне, ұсыныстарына, белсенділігімен өз бетімен ізденістеріне негізделіп жасалады. Жұмыстардың тақырыбы мен түрі бір-бірімен байланысты болуы маңызды емес. Мұғалімнің міндеті – оқушылардың ұсыныстарын қабылдай отырып, бағыт беру және жауапкершілік сезімдерін арттыру. Мұғалімнің басшылығы оқушы шығармашылығын бірінші жолға қоюға жоспарлану керек. Оқушылардың географияға қызығушылығы мен сұранысы өздігінен туындамайды. Бұл қызығушылықты ояту-мұғалімнің жұмысы. Сыныптан тыс жұмыс мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру құралы және көп жағдайда оның ғылыми-зерттеу еңбегінің бастамасы болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілу әдістері оқушылардың өз бетімен ізденісімен, ойын түрлерінің кең қолданылуымен ерекшеленеді. Егер сабақтың мақсаты оқушының жақсы үлгерімі болса, мұндағы мақсат-географиялық проблемаларға қызығушылығын арттыру, өз білімін көтеру, шараны өткізудегі өзінің қоғамдық міндетін түсіну. Сондықтан, сыныптан тыс жұмыстар сабақтан мазмұнымен, әдісімен, түрлерімен және жүргізілу дәрежесімен де өзгеше болуы керек. Географиядан сыныптан тыс жұмыстар алуан түрлілігімен ерекшеленеді: үйірмелер, сыныптан тыс оқу, конференция, ертеңгіліктер мен кештер, география апталыгы, ойындар, сайыстар. Қай жүмыс түрі болмасын, оқушының қоғамдық пайдалы еңбегіне назар аударган жөн. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мақсатымен, дайындық және өткізілу әдістерімен ерекшеленеді. География пәндері бойынша білім деңгейінің өсуіне мұғалімдердің түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, тиімді пайдалана білуі де өз ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде әдіс-тәсілдер өте көп, бірақ сол көптің ішінен тиімдісін таңдау, оны пайдалану нәтижесін көрсету сияқты нақты жұмыстар мұғалім үшін білім беру ережесіне айналып отыр. Өз өлкесі туралы біліп, оған мақтаныш сезіммен қарайтын оқушы да Отанына да ерекше көзқарас қалыптасатына күмән жоқ. Бұған мұғалім өздерінің шығармашылқ еңбегі мен ізденімпаздығының арқасында және жұмыстарын ғылыми негіздеулерінің нәтижесінде қол жеткізе алады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы жасөспірімдердің бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау және оны нығайту мәселелерін шешу үшін республикалық денсаулық орталығы дайындаған валеология жөніндегі бағдарлама мектеп өміріне бекем еніп келеді. Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан барысы өзі ішетін тұнық судың лайланбауы, ал өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады» дегенінің үлкен мәні бар. Ендеше біз осындай барыстарды тәрбиелейміз десек, оларға өлкетанушылық білім берудің маңызын арттыра түскеніміз абзал. Сондықтан өлкетанушылық білім беруде тек оқушыға жалпы ақпарат берумен шектелмей, оны өздігінен қорытып, талдау жасай білетіндей дәрежеге жеткізу мақсатында жұмыс істеуге көңіл болінсе, құба-құп. Ең бастысы, туристік-өлкетану жұмыстарының оқушыға берер әсері мол. Біздің бұл бағытта жүргізген игі шаралардың арқасында мынадай жетістіктерге қол жеткіздік. 1. Түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалімдер шығармашылығына кең жол ашты. 2. Жергілікті жер материалдарын сабақтарда пайдалану оқушыларға кәсіби бағдар беруде тиімділігін көрсетті. 3. Жалпы география пәндеріне деген қызығу артты. 4. Озат тәжірибелерді салыстырмалы пайдаланып, тиімдісін таңдап алу мүмкіндігі туды. 5. Шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті мол білікті мамандар әлеуеті анықталды. 6. Мектеп пен жоғары оқу орны байланысы жүзеге асты. Жұмыс нәтижесі төмендегідей болды. 1. Пән бойынша «Қанағаттанарлық» деген баға алушылар саны күрт азайды. 2. География пәніне деген оқушының көзқарасы өзгерді. Енді оқушы баға алу үшін емес, көп білу үшін ұмтылатын дәрежеге жетті. 3. Әр оқушы өз ойын жүйелі айтумен қатар өз бетінше «ғылыми» ұсыныстар жасауға және оны қорғауға мүмкіндігі туды. 4. Құнды ұсыныстар айтып қана қоймай, оны қорғау үшін қисымды ойлау қажеттілігі артты (оған әр сабақта өткізілетін «қисымды ойлау минуты» өз ықпалын тигізді). 5. Оқушы үшін оқулықтан тыс ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу қажеттілігі пайда болды. Жалпы алғанда, сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және де сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады. География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болып, аса маңызды оқу-тәрбиелік міндет атқарады. Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардыңқатарына: - географиядан факультативтік сабақтар, апталықтар ұйымдастыру; - географиялық ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, күнделікті баспасөз материалдарымен танысу негізінде хабарламалар дайындау; - географиялық үйірме жұмысын ұйымдастыру; - қабырға газеттерін және әртүрлі көрнекіліктерді (макеттер мен букеттер) әзірлеу; - оқу формасына сәйкес бейнефильмдер мен ғылыми-көпшілік оқу фильмдерін көрсету; - географиялық кештер мен конференциялар, ойындар мен сайыстар, олимпиадалар, ойша саяхаттар ұйымдастыру; - туристік, экологиялық және танымжорықтар ұйымдастыру; - компьютерлік бағдарламалрды пайдаланып, қосымша деректер жинау жатады. Географиядан өткізілетін факультативтік сабақтар осы пәннен алатын білімнің белгілі бір саласын тереңдетуге, оқушылардың қалап алған бағыты бойынша қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл сабақтардың болашақ мамандықты таңдау ісіне бағыттауда, географиялық білімнің қолданбалы маңызын арттыруда мәні зор. Оқушылардың материктер мен мұхиттар географиясынан алған білімдерін тереңдету мақсатында факультативтік сабақтарды мынадай бағыттарда жүргізуге болады: 1) «Картография және топография» курсы:Бұл курс оқушыларды топографиялық, геодезистердің және картографтардың жұмыс істеу әдістерімен таныстырады. Оқушылар топографиялық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды орнату, тексеру және олардың жұмыс істеу тәсілдерімен танысады, карта жасаудың қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар оқушылар географиялық карталарды түсіну, оқи және олармен жұмыс жасай білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіреді. Карталардың түрлері мен қолдану аясын ажырата білу мүмкіншілігін кеңейтеді. 2)«Геология»курсы:Бұл курста оқушылар жерде таралған тау жыныстарының коллекциясын жинау, олардың түрлерін анықтау арқылы сол жердің геологиялық тарихымен танысады. Оқушылар жергілікті жерге тән пайдалы қазбалардың қалыптасу және таралу заңдылықтарымен танысып олардың шаруашылық маңызын анықтайды. Туған жер табиғатының қыр-сырын танып-біліп, оның байлықтарын қорғау мен тиімді пайдалану қажеттілігін түсіну арқылы оқушылардың патриоттық сана-сезімі тереңдеп, экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі артады. 3) «Дүниежүзілік мұхит экологиясы» курсы:Бұл курста дүниежүзілік мұхит суларының минералдық, биологиялық және энергетикалық қорлары олардың шаруашылық маңызы және табиғат байлықтарын тиімді пайдаланудың жолдары қамтылады. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхит суларын шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемалар және оларды жеке елдер мен халықтарлық деңгейде шешудің жолдары қарастырылады. Бұл курста дүниежүзілік мұхитты зерттеумен айналысқан атақты француз ғалымы Жак Ив Кустоның ғылыми зерттеу экспедициясының еңбектері мен бейнефильмдерін кеңінен пайдалану қажет. Осы арқылы оқушылардың бойында ізденімпаздық, табандылық пен ержүректік батылдық сияқты ізгі қасиеттерді де дамытуға болады. Курсты оқып үйрену барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас жүйесі жүзеге асырылады. 4) «Елтану» курсы:Оқулықтың көлемі мен оқу бағдарламасы дүние жүзі елдері мен халықтары туралы қызғылықты мәліметтерді енгізуге толық мүмкіндік бермейтіндіктен елтану бағытындағы факультативтік курс аса қажет. Оқушылар хрестоматиялық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттерден елдер мен халықтар туралы қосымша деректер жинақтауға үйреніп, география сабақтарынан алған білімін толықтырады. Мұғалім оқушыларға жеке тапсырмалар беру арқылы реферат, хабарламалар дайындауға, ізденуге, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге, өз бетінше білім алуға бағыттайды. Бұл курсты оқып үйрену барысында да оқу фильмдерімен компьютерлік компакт-дискілерді пайдаланудың тиімділігі мен мүмкіншілігі артады. Факультативтік курстар мектептің таңдап алған бағыты мен оқу бағдарламасының мүмкіншілігіне орай, аптасына бір сағат көлемінде өткізіледі. Факультативтік топ өз қалауы бойынша қатысуға тілек білдірген 15-тен кем емес оқушыдан тұрады. Кейбір факультативтік курстар бойынша бұрын жарық көрген әдістемелік нұсқаулар бар. Географиялық үйірме – географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрі. Үйірме география пәніне қызығатын оқушылардың танымдық мүмкіншілігін арттыру мақсатын көздейді. Үйірме жұмысының тиімділігін арттыру үшін тақырыптық бейнематериалдарды, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, күнделікті баспасөз мәліметтерін пайдаланумен қатар, географиялық ойын түрлерін кеңінен енгізу қажет. Үйірме жұмыстарының нәтижелері қабырға газеттері, көрмелерде көрініс табады. Географиялық кештерде үйірме мүшелерінің белсенді жұмысының қорытындысы шығарылып, марапатталғаны жөн. География курсынан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі. Олар: География үйірмесі, сыныптан тыс оқу, географиялық конференциялар мен кештер, олимпядалар. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны жұмыстың программасына оқушылардың қызығушылығына және ерекшелігі мен жергіліктің – табиғи экономикалық жағдайына байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, оқушыларды қамтуы, дайындаудың әдістемесі, өткізу әдістері жағынан бір – бірнен айырмашылықтары болады. Географиялық үйірмелердің негізгі мақсаты географияға қызығатын оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыру. География үйірмесі тұрақты жұмыс істеп бірнеше немесе әртүрлі жастағы оқушыларды қамтиды. Үйірмеге оқушылардың ең төменгі мөлшері 15 – оқушы . География үйірмесінде табиғатына өндіріс орындарына таным жорық жасап көңілді тақырыптар география кештерін өткізу арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырамыз. Үйірме мүшелерінің отырысында үйірме кеңесінің төрағасы сайланып жарғысы жасалады. Үйірме жұмысының жетістігітоқсанға жарты жылғы жасалатын жоспарына , онда қарастырылған іс-шаралардың орындалуына байланысты. Үйірме жұмысын жоспарын құрғанда оқушылардың дайындығы жергілікті жердің жағдайы ескерілуі тиіс. Оқушылардың қызығушылығын анықтау үшін үйірме мүшелерімен сауалнама жасау керек. Сауалнанама сұрақтарында географиялық үйірмеде жұмысында атқарылатын география ғылымының мәселелері қарастырылу керек. Оқушылар сұрақтардың ішіндегі өздері қызығатындыратының астын сызады. Үйірменің тақырыбы әртүрлі болуы немесе бір мәселені қарастыруы мүмкін. Егер үйірме бір мәселені қарасытырса оны жан – жақты тереңдетіп оқиды. Жұмысты жаңа бастаған мұғалім әртүрлі мәселені бірден қарастыруы тиімсіз. Үйірме мүшелері географиялық әдебиеттердің билеогеографиясын құрып, география кабинетін безендіріп, көрнекі құралдар жасап, мектеп кітапханасында көрме ұйымдастыруға көмектесу сияқты жұмыстар беріледі. Жас өлкетанушылар, жасметеоролог, тағы басқа жас геолог, фенолог, жас турист. Үйірме мүшелерінің қоғамдық пайдалы еңбегінде жүргізілетін өлкетану ізденіс жұмыстары жатады. Үйірменің тағы бір бағыты танымжорықтық туристік жұмыстар, танымжорық аудандық немесе таным спорттық – туристік ұйымдастырудың ұрықсатымен белгілі бір табиғат кешендерін немесе өндіріс орындарымен танысу бағытында жүргізіледі таным жорықты дайындап өткізу және жиналған деректерді талдау кезеңдерінен тұрады. География үйірмесінің жұмысының отырыс сабақтың мақсаты жөніндегі кіріспе сөзі, үйірме мүшелерінің атқарған істері туралы сөзі оқыған қызықты ғылыми көпшілік географиялық әдебиеттерді талдау, оқу бейнефильдерінің үзінділерін көру қызықты географиялық әдебиеттерден үзінді оқу, әртүрлі сөзжұмбақ, сөзтізбек бейнежұмбақ, үйірме отырыстарында ғылым географтарды ауылды жерлерге еңбекерлер мен кітапхана қызметкерлері мен кездесу өткізу болады. Таным жорық кезінде жиылған деректердің көмегімен көрме ұйымдастыруға болады. Үйірме жұмыстарының түрлерінің ішінде сыныптан тыс оқу басым бөлігі сыныптан тыс оқуға оқу алады. Сыныптан тыс оқу арқылы оқушылардың ойлау кеңістігі кеңейеді. Қосымша ғылыми – көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушыларды географиялық әдебиеттердің қызуғышылығын арттырудың келесі кезеңі географияның өзекті мәселелеріне арналған географиялық конференцияларды өткізуге дайындау бірнеше әдебиеттерді пайдаланудағы қажет етеді. Конференцияларға баяндама стндтер аудиовизуольды әдибиеттер көрмесі ұйымдастырылады. |