учебник. ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДӘСТҮРЛЕР. 1оушы Сол мерекелік кеш боланда мен бір нрсені жарып жіберсем ызы болатын шыар Малім
Скачать 14.41 Kb.
|
«ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДӘСТҮРЛЕР» Мұғалім: Иә, балалар. Жақында жаңа жыл. Мерекелік кеш жасау керек, бірақ өткен жолғыдай емес – жәй шырша алдында би билеп, қызықты емес. Көңілді болуы керек. Заманауи! 1-оқушы: Сол мерекелік кеш болғанда мен бір нәрсені жарып жіберсем қызық болатын шығар? Мұғалім: Жарылыс жоқ! Бұл балалар мерекесі, қауіпсіздік бәрінен маңызды. 2-оқушы: Бірдеңені бұзуға болады ма? Мұғалім: Жоқ! Сендердікі не тек қана бұзу, жару, сындыру ма 3-оқушы: Мен жақында әр елдің жаңа жылдық дәстүрлері туралы оқыдым. Мүмкін .... 4-оқушы: Ия біз жаңа жылды қандай да бір елдің стилінде ұйымдастырсақ аламыз ғой Мұғалім: Бұл тамаша идея! Жарайсың... Мүмкін шыршаның орнына пальма қойып, дөңгелек бидің орнына тайпалық би билейк па! Ойланайық. Онда ертең кездескенше. 2-көрініс 1-ші оқушы Мұғалім үстіне су құйып жібереді. Мұғалім: Не істеп жатырсың? Бәрін су қылдын ғой? Бұл күлкілі емес! 1-оқушы: Тайланд мемлекетінің жаңа жылы құтты болсын! Мұғалім: Қандай ақымақ әзіл... 2-оқушы: Мұғалім ол қалжың емес. Таиландтардың жаңа жылдық дәстүріне су шашу керек. 3-оқушы Бөренені мұғалімнің аяғына домалатады, сіріңкелерді алады. 4-оқушы: Ал енді өртейміз! Еуропалықтар Рождестволық бөренесін өртеп жіберді! Мұғалім: Тоқта! Мені де, бөренені де өртеме! Бұл дәстүр бізге сәйкес келмейді. 3-оқушы үстелдің астындағы бөренені өкінішпен домалатады. 1-оқушы қоқыс салатын дорбамен шығып, қоқыстарды айнала тастайды. Мұғалім: Не істеп жатырсың? Дереу тоқтата. 2-оқушы: Ия ия жаңа жыл қарсаңында көшеге қоқыс тастау идеясын итальяндықтар ойлап тапты! Мұғалім: Тоқта, тоқта...Тағы қандай дәстүрлер бар? 4-оқушы: Шведтер сияқты табақтарды сындырайық. 3-оқушы: Шотландықтар сияқты шайырлы бөшкеге от салайық... Мұғалім: Жоқ жоқ жоқ. Тоқтандар!!! Меніңше, біздің салт-дәстүріміз әлемдегі ең адамгершілігі мол дәстүр сияқты! Біз шыршаны безендіреміз, би билейміз, Аяз атамен Ақшақарды шақырамыз, аман-сау демалысқа шығамыз. 3-оқушы Петарданы жарып жібереді. Мұғалім: Тоқтандар дедім ғой!!! 2-оқушы: Мұғалім! Бұл біздің дәстүріміз ғой! Мұғалім: Жүріндер шыршаны айналайқ!!! |