Главная страница

дәстүрлі емес энергия көздері. 1 Парникті эффект


Скачать 15.65 Kb.
Название1 Парникті эффект
Дата28.02.2023
Размер15.65 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файладәстүрлі емес энергия көздері.docx
ТипДокументы
#960950

1.2. Парникті эффект
Кейінгі он жылда парникті эффект мәселесі кең талқылануда. Ең бірінші табиғи парникті эффект пен адам әрекетінің нәтижесінде пайда болған парникті эффектінің арасындағы айырмашылықты анықтап алайық. Жалпы парникті эффект – жердегі өмірді қолдап тұру үшін қажет. Онсыз жердегі температура –18О С болар еді, осы парникті эффектінің арқасында жерде орташа температура +14О С құрайды.

Марс және Венера планеталарын алып қарастыратын болсақ, күнге жақын Венерада атмосфера бар. Венера кеңістігінде атмосфералық қысым жер кеңістігіндегіге атмосфералық қысымға қарағанда 100 есе көп. Венера атмосферасы 97%-дай көмірқышқыл газынан тұрады. Планетаның жоғары жағында температура +500О С дейін жетеді. Дәл осы парникті эффект осындай жоғары температураны береді. Мұндай температурада өмір әрекетінің болуы мүмкін емес.

Марс жерге қарағанда күннен алыс, сондықтан ол одан аз энергия алады. Марс өте тілім-тілім, мұнда атмосфералық қысым жерге қарағанда 200 есе аз, сондықтан Марста парникті эффект жоқ. Марс атмосферасы 95%-дай көмірқышқыл газынан тұрады. Марста өте суық. Кейінгі мәліметтер Марста кезінде өмір әрекетінің болғандығын көрсетеді. Дегенмен, Марстағы табиғи жағдайлардың қаталдығы сонша, онда адамдар, жануарлар, өсімдіктер сияқты күрделі ағзалардың өмір сүруі мүмкін емес.

Жерде қолайлы табиғи жағдайлар қалыптасқан: онда өмір сүруге ыстық та емес, суық та емес. Бірақ, адам әрекетінің нәтижесінде, ең алдымен отындарды жағу және планетада ормандардың азаюы нәтижесінде атмосферада парникты газдардың концентрациясы арта түсуде. Яғни, ол көмірқышқыл газы, уландырғыш газ, метан, азот оксидтері. Атмосферада парникты газдардың жиналуы планетада табиғи температуралық балансты бұзады, ал ол болса жалпы әлемдік ысу мен климаттың өзгерісіне әкеледі, яғни әлемдік мұхиттың деңгейі көтеріледі, көптеген жерлер су астына кетеді, қаншама миллион адамның қоныс теуіп, орын ауыстырулары керек болады. Климат бойынша мамандар, егер біз атмосфераны ластайтын газдардың қоқыстарын азайтпасақ, 21 ғасырдың аяғына қарай жерде орташа температура 3О С-ға өседі деп есептейді. Әрине бір ғасырда үш градус аз болып естілгенмен, бұл кейінгі 10000 жылдағы температураның ең үлкен өскені.

Органикалық заттар жанған кезде, азот және күкірт те атмосфераға лақтырылады. Көмірді жаққан кезде, атмосфераға шаң, күйе, күкірт, хлор, фтор, микроэлементтер – цинк, свинец, никель, жез, хром, кадмий, сынап, қауіпті аурулардың түрін тудыратын органикалық қосылыстар бөлінеді. Атмосферада бұл құрауыштар оттегімен және сумен реакцияға түсіп, нәтижесінде қышқылды жауынның пайда болуына әкеледі.

Үлкен электрстанциялар, әсіресе гидро электр станцияларының су қоймалары жердің үлкен көлемдерін алып жатыр. Ал атом электр станцияларында радиоактивті материалдардың қолданылуы қоршаған ортаға үлкен кауіп тудырады.

Негізгі әдебиеттер: [1


написать администратору сайта