Жұмсақ дәрілік түр. 1 Практикалы саба
Скачать 26.5 Kb.
|
№1 Практикалық сабақ Балалардың бойындағы туа біткен және жүре пайда болған аурулар мен кемшіліктердің пайда болу себебін (этиологиясын), дамуын (патогенезін), белгілерін (клиникасын), анықтау тәсілдерін (диагностикасын), емдеу жолдарын зерттейтін және оларды операция жасау арқылы емдейтін ілімді балалар хирургиясы ілімі деп атайды. Балалар хирургиясы жалпы дені сау нәрестелер мен сәбилердің қалыпты анатомиясы мен физиологиясын, өсіп-өнуін зерттей отырып, олардың бойында кездесетін аурулардың алдын алумен, емдеу және қалпына келтірумен шұғылданатын педиатрия деп аталатын үлкен ғылыми медицина саласының ажырамас бір бөлігі. Қазақ еліндегі балаларды операция жасау арқылы емдеу тәсілдері ертеден басталғаны анық. Мысалы, қол-аяқ сүйектері сынған сәбилердің сынықтарын орнына салу арқылы емдеуді халық арасынан шыққан емшілер, яғни сынықшылар, соқталы іріңді (абсцесс) жарып емдеуді оташылар, суық тиіп немесе iшінe жел қарысқан нәрестелерді емшілер емдегені бәрімізге белгілі. Жалпы қазақ еліндегі медицинаның дамуы туралы әңгіме қозғаған кезде, бүкіл дүние жүзі ғалымдары терең білімінің алдында бас иген,пip тұтқан, «Адам ағзалары жайлы», «Жануарлар ағзалары жайлы», «Темпераменттер туралы», «Адам ағзалары жөнінде Аристотельмен алшактығы туралы Галеннің пікірінe қарсы жазылған трактат» атты, медицина іліміне тікелей қатысы бар ғылыми, зерттеу еңбектерін жазып қалдырған, бүкіл әлемдік дәрігерлер қауымының үлгі-өнегесіне айналған, сан гасырлар бойы барлық дәрігерлер оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан «Медицина негіздері» деп аталатын, теңдесі жоқ бес кітаптың авторы, ұлы шипагер Әбу Әли Ибн-Синаның (Авиценна) ұстазы болған, Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанган, қазақ халқының ұлы перзенті, киелі бабамыз Әбунасыр Мухаммед Ибн Мухаммед Ибн Ұзлаг ибн Тархан Әл Фарабидің атын ең бipiншi атап өткен жөн. Әбу Насыр Мұхаммед 870 жылы Түркстандағы Отырар (Фараб) қаласында туған, сөйтіп туған жерінің атымен Әл Фараби атанған. Медицина мен философиядан Багдатта білім алған. Аристотельдің логикалық шығармасы «Органонға» түсініктемелер жазып «Екінші ұстаз» деген, яғни бipiншi ұстаз Аристотельдің ізбасары деген ең құрметті мәртебеге ие болады (А. Көбесов, 1971; М. М Хайруллаев, 1975; Әл Фараби, 1994). Ежелгі қазақ жеріндегі медицинаның дамуы туралы сөз болғанда, атын атамай кетуге болмайтын адамның бipеуi — ол XV ғасырда қазақ хандығын алғаш құрған Әз Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша, артындағы ұрпағына «Шипагерлік баян» атты медициналық ғылыми кітап жазып қалдырған, ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екендігінде дау жоқ. «Шипагерлік баянды» оқып отырған адам, қазақ еліндегі шипалау ілімінің түп төркінi тереңде, ғасырлар қойнауында, тіптi Әл Фарабиден де әріректе жатқанына көз жеткізеді. 1940 жылы Қазақстан республикасының балалар хирургиясы жалпы хирургия және педиатриядан бөлініп жеке ғылыми-тәжірибелік пәнге айналды. Бұл жұмысты басқару ici, балалар хирургиясы бойынша Мәскеуден арнайы білім алып, маманданып, келген осы кафедраның ассистенті Евдокия Давыдовна Черкасоваға жүктеледі. 1957 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының құрамында, 50 төсектік клиникалық базасы бар, алғашқы балалар хирургиясы кафедрасы ұйымдастырылды. Ал 1964 жылы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында балалар хирургиясының доценттік курсы ашылады. 1968 жылы м.ғ.к., доцент Е.Д.Черкасованың зейнетке шығуына байланысты, кафедра мeңrepyшіci болып м.ғ.к., доцент К. С. Ормантаев бекітіледі. Дәл осы кезеңнен бастап Қазақстандағы балалар хирургиясы ілімінің дамуы жаңа бағытқа бетбұрыс жасайды. К. С. Ормантаев «Балалардың eкі өкпесінің созылмалы іріңді ауруларын хирургиялық жолмен емдеу» деген тақырыпта 1971 жылы Қазақстанда 6ipіншi болып 35 жасында диссертация қорғап, медицина ғылымының докторы, ал 1972 жылы профессор деген атаққа ие болады. Осы арада Қазақстандағы педиатрияның, оның ішінде балалар хирургиясының дамуына үлкен көмек көрсетіп, зор үлестерін косқан, Ресей медицина ғылым академиясы (ол кездегі Кеңес Одағының) педиатрия ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик М.Я.Студеникиннің, сол институттың балалар хирургиясы бөлімінің мeңrepyшici профессор А.Г.Пугачевты, балалар проктологы А. И. Ленюшкиннің, балалар хирургы, портальды гипертензия кеселінің қас шебepi А.Ф. Леонтьевтің, патоморфолог И.Н.Патапованың, уролог П.К.Яцыктың, нефролог В.И.Наумованың аттарын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар Қазақстандағы балалар хирургтерін дайындауда зор қолдау көрсетіп отырған Алматыға талай рет келіп, тәжірибелермен бөліскен РМҒА академигі, профессор С.Я. Долецкийдің, профессор Ю.Ф. Исаковтың, профессор, корреспондент мүшесі Э.А.Степановтың, Санкт-Петербургтағы педиатрия институтының балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.А.Баировтың есімдерін құрметтеп атаған дұрыс. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі К.С. Ормантаевтың Қазақстандағы балалар хирургиясының даму тарихында ғылыми, емдеу, педагогикалық және жалпы қызметінің алатын орыны. Қазақстандағы балалар хирургиясының дамуына ерекше ықпалын тигізген, қазақ дәрігерлерінің арасынан көптеген ізбасар шәкірттер дайындаған, аты дүние жүзіне белгілі ғалым, қолы шебер балалар хирургы К.С.Ормантаевтың ұлы есімі қазақ медицинасының тарихында қалатынында күмән жоқ. К.С.Ормантаев 1968 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақ мемлекеттік медицина универтитетінің балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі. Кафедра ашылған күннен осы уақытқа дейін балалар хирургиясы саласын дамытуды дереу іске асыра бастады. 1981 жылы «Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ алды. 1989 жылы Қазақстан Республикасы ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1994 жылы академигі болып сайланды. 1995 жылы Профилактикалық медицина Академиясының академигі және вице-президенті болды. К.С.Ормантаев 110 медицина ғылымының кандидаты, 11 ғылым докторын дайындады. 13 ғылыми еңбектер мен конференциялардың жинағының, 7 монография, 42 өнертабыстың (изобретение), 1 патенттің және 310-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстан региондарында қазіргі заманда балалар хирургиясы кафедралары бар: Астана қаласындағы ҚазММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.Е.Ерекешов; Ақтөбе қаласындағы ММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Б.К. Дженалаев; Қарағанды қаласындағы ММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.Б. Марденов; Оңтүстік ММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.Қ. Қарабеков. Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында балалар хирургиясы бөлімдері бар. Сонымен қоса Алматы және Астана қалаларында Педиатрия және балалар хируругиясы Ғылыми орталықтары бар. Барлық профильдегі балалар дәрігерлері – педиатрилар, хирургтар, невропатологтар өз жұмысында міндетті түрде өсіп келе жатқан ағзаның анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Адам ағзасында туғаннан бастап және 14-18 жасқа дейін күрт өзгерістер жүреді, олар оның өсуі және дамуымен байланысты. Осылар өсіп келе жатқан бала ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін құрайды. Бұл ерекшеліктер нәрестелерде және омырау жасындағы балаларда айқын көрінеді, бірақ аз немесе кқп дәрежеде олар адам ағзасының бүкіл даму кезінде анықталады. Жүйке жүйесі. Нейрон аралық байланыстың және бас-ми жасушаларының саны және жетілуінің жетіспеуі, қалыпты иірімдердің, қозғалту талшықтардың миелинизациясының және вегетативті реттеудің жоқ болуы. Сондықтан алдыға жалпы симптомдар шығады, бұл генерализденген жауаптың болуынан компенсаторлы реакцияның жылдам әсеріне әкеледі. Баланың психикалық толық дамымау негативизмге әкеледі, ол дәрігердің айтуын орындауға қарсылығын және шағымдарын жасырумен көрінеді. Жүрек-қан тамыр жүйесі. Нәрестелерде және кіші жастағы балаларда қанның үлкен бөлігі ішкі ағзалардың орталық тамырларында жүреді және перифериялық қан айналым азайған. Барарецепторлардың жетілмеуіне байланысты нәрестелер қансырауға өте сезімтал болып келеді. Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу көлемінің беті балаларда 1 кг дене салмағынан үлкендерге қарағанда анағұрлым аз, ал оттегі қажеттілігі жоғары. Баланың тыныс алу жүйесінің анатомиялық және функционалды жетілмеуі қажетті газ алмасуды ұстап тұру максималды жұмыс кезінде ғана мүмкіндігіне әкеледі. Тыныс алудың аздаған өзгерісі газ алмасудың жедел өзгерісіне және басқа да өмірлік қызметтердің бұзылыстарына әкеледі. Негізгі алмасу және су-электролитті баланс. Негізгі алмасу балаларда ересектерге қарағанда жоғары. Нәрестелердің 70-80% дене салмағы судан тұрады (ересектерде 55-60%), бірақ балаларда сұйықтық жоғалту сезімталдығы өте айқын. Электролитті баланста анион және катион аздығына немесе болуына күрт сезімтал, оның ішінде хлор эксикозға әкеледі. Метаболитикалық ацидозға тенденция бар, бұл буферлық жүйенің төмендеуіне байланысты – балаларда ересектерге қарағанда төмен. Ас қорыту жүйесі. Нәрестелерде асқазанның босалуы ұзағырақ. Кардиальды сфинктер әлсіз жетілмеген және пилорикалық жомның спазмына бейім. Зәр шағару жүйесі. Нәрестелерде бүйректің концентрациялық қасиеті төмендеген, сондықтан гипергидротацияға немесе сусыздануға қаупі бар. Эндокринді жүйе. Балаларда тимико-лимфатикалық статус айқын. Нәрестелік кезеңде бүйрек үсті безінің минералокортикоидтарды экскрециялауы үлкен балаларға және ересектерге қарағанда салыстырмалы жоғары және резервті мүмкіншіліктері аз, жарақат, операция, наркоз және басқа стресстік жағдайларда жылдам азаюға бейім. Жылу реттеуі. Баланың өмірінің алғашқы аптасында немесе айында жылу реттеу және жылу беру жүйесі әлі де толық қалыптаспаған, сондықтан нәрестені тоңдыру және қабаттап орау жылдам гипо-және гипертермияға әкеледі. Бала жасындағы ерекшеліктері болып табылады: 1. Шұғыл хирургия коррекциясын қажет ететін нәресте балалардың даму ақаулары (өңеш атрезиясы, туа пайда болған ішек өтімсіздігінің әр түрлі түрлері, аналь тесігінің атрезиясы, кіндік бауының эмбрионалды жарығы және басқалар); 2. Нәрестелік кезеңдегі хирургиялық аурулары (мысалы, пилоростеноз), өсіп келе жатқан ағзаға тән аурулар (сонымен қатар гематогенді остеомиелит); 3. Ересектерде жиі болатын казуистикалық, сирек кейбір хирургиялық аурулар балаларда кездесуі мүмкін немесе мүмкін емес; 4. Хирургиялық аурулардың көбі балаларда да ересектерде де кездеседі, біріншілерінде клиникалық суреті ерекше болады, сондықтан ол басқа диагностика түрлерін және әдістерін қажет етеді; 5. Ересектерден өзгеше балаларда хирургиялық емді жоспарлауда жасы және өмірін қамтамасыздандыруды қатар баланың ары қарай толық жетілуін ескеру жүргізеді; 6. Бала психикасының жетілмеуі барлық хирургиялық операцияларды және көптеген манипуляцияларды жалпы ауырсыздандырумен жүргізуді талап етеді; 7. Ағзалардың кіші көлемдері, қабаттардың қалыңдығының аздығы және жоғары жарақаттану операция техникасына талабын жоғарлатады; 8. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, операция алды дайындыққа және операциядан кейінгі науқасты жүргізу талаптары соғұрлым жоғары; 9. Баланың психакалық жетілмеуіне байланысты және заңды игере алмауы себебінен балалар хирургтардан деонтологиялық принциптерді талап етеді; 10. Нәрестелерде емдеу әдісін дұрыстап таңдау; 11. Оперативті емдеу кезінде тіндермен абайлап жұмыс істеу; 12. Арнайы медициналық құрал-жабдықтарды қолдану; 13. Өңешке, асқазан-ішек жолына оперативті ену кезінде тігіс матуриалы ретінде атравматикалық инелер қолданылады. Балалар хирургына жиі хирургиялық ауруларды әр түрлі инфекционды аурулардан ажыратуға, даму ақаулары бар балаларды қарауға, нәрестелерді және шала туған балаларды емдеуге тура келеді, сондықтан ол инфекционды ауруларды жақсы білуі қажет, генетика, эмбриология жәнеакушерство негіздерін білуі керек. Кейбір хирургиялық аурулар және олардың түрлерін диагностикалау қиындығы көп дәрежеде ауру жүрген фонға, жасына, дамуына, жалпы жағдайына байланысты, сондықтан балалар хирургтарына педиатриядан фундаменталды білімдер қажет. Хирургиялық аурулар бар балаларды зерттеу әдістері: 1. Жалпы қарау: ұйқы кезінде қарау, медикаментозды ұйқы кезінде тексеру 2. Арнайы тексеру әдістері: эзофагоскопия, ФГДС, ФКС, бронхоскопия, бронхография, пункционды биопсия, ангиография, эндоскопия 3. Тексерудің жаңа әдістері: ультрадыбыстық, КТ, МРТ. Балалар хирургиясындағы деонтология. Қызметкерлер мен науқас балалар арасындағы қарым-қатынас сұрақтары көп көңіл аударуды өажет етеді. Психикасының лабильділігін, баланың негативизмін және ата-анасыз бөтен жерде жалғыз қалуынан қорқатынын ескере отырып, балалар хирургиясы бқлімінің қызметкерлерінен өздерінің науқастарына максималды сезімталдықты және көңіл бөлуді қажет етеді. Балалар хирургі бір уақытта тәрбиеші де болып табылады, сондықтан ол үнемі өзінің сөйлесу мәнерін ескеріп, отыру керек. Бірақ балаға көп көңіл білдірумен қатар оның айтқанына көне беруге болмайды, және керекті зерттеулер мен емді толық жүргізу керек. Хирург пациенттің ата-анасымен сөйлескен кезеде өзін дұрыс ұстап, оларға көңіл аудару қажет. Балалары кез келген апатқа түскен немесе балаларының алдағы өміріне қобылжыған ата-аналарға өзінің баласы жайы өалжың және аргументтелмеген қорытындыны тыңдау қиынға түседі.дәрегер сөйлескен кезде бос болуы мүмкін, себебі оған бұл жағдай көптің бірі, ал баланың ата-анасына балалары нашар дәрігердің қолына түсті деп ойлауы мүмкін. Баланың жалпы жағдайы және ары қарай жүргізілетін емі туралы мәлімет әр түрлі болмау керек. Хирургиялық бөлімге ата-аналардың келуі туралы баланың мінезіне және басқа жағдайларға байланысты индивидуальды шешіледі. |