Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ мазмұны 1.Семинарда талқыланатын сұрақтар

  • Топтық жұмыс

  • Техникалық (оның ішінде оқытудың да) және инструментальдық құралдар

  • Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі

  • 2-ші деңгейдегі сұрақтар: 1.Экономикалық теорияның пәні мен әдістерін жіктеңіз2.Экономикалық теорияның даму кезеңдерін атаңыз3-ші деңгейдегі сұрақтар

  • СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары

  • Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

  • 1-семинар. 1 Практикалы сабаты таырыбы Экономикалы теорияны пні жне зерттеу дістері. Сабаты оыту нтижесі


    Скачать 56.15 Kb.
    Название1 Практикалы сабаты таырыбы Экономикалы теорияны пні жне зерттеу дістері. Сабаты оыту нтижесі
    Дата11.05.2022
    Размер56.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-семинар.docx
    ТипДокументы
    #523398

    1 Практикалық сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.

    Сабақтың оқыту нәтижесі: кез келген экономикалық жүйенің негізі ретінде экономикалық теория дамуының негізгі сатыларын, экономикалық теория пәнінің түсініктері мен тәсілдерін, зерттеу әдістерін біледі; экономикалық заңдар және экономикалық категорияларды ажыратады; нормативті және позитивті талдау түрлерін нақты тәжірибеде көрсете алады.

    Сабақ мазмұны

    1.Семинарда талқыланатын сұрақтар:

      1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні, объектісі, субъектісі және әдістері;

      2. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар;

      3. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасу кезеңдері;

      4. Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері.
    1. Жаттығулар:


    1. Мына ұғымдардың сәйкес анықтамаларын табыңыз:




    а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдардың жиынтығы;

    А. Экономикалық эксперимент

    ә) – экономикалық үдерістер мен заңдардың мәнін ашатын ғылымдар;


    Ә. Экономикалық категория

    б) – әлемдік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылықтарын сипаттайтын ғылым;

    Б. Еңбек

    в) – тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде туындайтын қатынастар;

    В. Кейнстік теория

    г) – экономикалық үдерістер мен құбылыстарға қатысты объективтік, себеп-салдарлық байланыстар мен өзара тәуелділіктер;

    Г. Меркантилизм

    ғ) экономикалық әрекеттердің тиімділігін тексеру мақсатында экономикалық салада ғылыми негізде жүргізілетін тәжірибе;

    Ғ. Позитивті экономикалық теория

    д) – зерттеу әдістері туралы ғылым;

    Д. Индукция

    е) – байлықты ақшамен байланыстыратын ғылым;

    Е. Маржинализм

    ж) – ақша факторлары басты рөл ойнайтын экономиканы тұрақтандыру теориясы;

    Ж. Жалпы экономикалық ғылымдар

    з) қоғамның экономикалық өмірінің аса жалпы және маңызды жақтарын сипаттайтын логикалық түсініктер;

    З. Материалдық емес өндіріс

    и) – жекеден жалпыға қарай ой қорытындылаудың беталысы;


    И. Өндірістік қатынастар

    к) – экономикалық құбылыстар мен үдерістерді ғылыми дәлелдеуге бағытталған ғылым;

    К. Экономикалық заңдар

    қ) нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздемесі;

    Қ. Жеке экономикалық ғылымдар

    л) – адамның табиғатқа оны өзгерту мақсатында ықпал ету үдерісі;

    Л. Экономика

    м) – материалдық емес сипаттағы қызметтерді ұсыну мақсатында рухани құндылықтарды жасау үдерісі;

    М. Монетаризм

    н) – экономикалық басқарудың салалық ерек- шеліктері мен қызметтерін зерттейтін ғылым;

    Н. Методология

    ң) – өз зерттеулерінде негізінен шекті шамаларды қолданатын теория.

    Ң. Интерэкономика



    1. Мына тұжырымдамалардың қайсысы микроэкономикаға және макроэкономикаға жататындығын анықтаңыздар:


    а) үкімет бағаларды реттеу саясатын жүзеге асырады;

    ә) ұзақ уақыт бойы құрғақшылықтың салдарынан Қазақстанның орталық аймақтарында егін шықпай қалды;

    б) Қазақстанда минималды жалақы деңгейі 20 000 теңгені құрайды; в) бюджет тапшылығын жою инфляцияны төмендетудің бір жолы

    болып табылады;

    г) салықтарды төмендету елдегі іскерлік белсенділіктің жандануына мүмкіндік береді;

    ғ) шәкіртақының мөлшері студенттің жанұясының орташа табысына немесе студенттің жеке табысына тәуелді болып келеді;

    д) ұлттық ақша бірлігінің айналымға жіберілуі және оның айналымдылығы сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырудың, экономиканың ашықтылық дәрежесінің элементі болып табылады.


    1. Топтық жұмыс:

    1-нұсқа

    1.Төмендегі терминдердің анықтамасын беріңіз:

    Экономика. Макроэкономика. Индукция. Ғылыми абстракция. Нормативті экономика.

    2.Экономикалық ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақ:

    Позитивті экономикаға 2 мысал келтіріңіз.

    3.Логикалық схеманы толтырыңыз:


    Экономикалық теорияның қызметтері

    2-нұсқа

    1.Төмендегі терминдердің анықтамасын беріңіз:

    Мезоэкономика. Позитивті экономика. Микроэкономика. Меркантилизм. Экономикалық заң.

    2.Экономикалық ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақ:

    Нормативті экономикаға 2 мысал келтіріңіз.

    3.Логикалық схеманы толтырыңыз:


    Еңбекті барлық тауарлар мен қызметтердің соңғы құны деп санайтын теория

    Қоғамның байлығы сыртқы саудада деген бағыт






    3-нұсқа

    1.Төмендегі терминдердің анықтамасын беріңіз:

    Экономикалық теория пәні. Мегаэкономика. Тарихи және логикалық әдістер. Маржинализм.

    2.Экономикалық ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақ:

    Макро және микроэкономикаға 2 мысал келтіріңіз.

    3.Логикалық схеманы толтырыңыз:

    Экономикалық теорияның әдістері



    Техникалық (оның ішінде оқытудың да) және инструментальдық құралдар: интербелсенді тақта, слайдтар

    Сабақтарды өткiзу тәртібі: тақырып бойынша сұрақтарды талқылау

    Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:

    1-ші деңгейдегі сұрақтар

    1.Негізгі түсініктер бойынша олардың анықтамаларын қарастыру (глоссарий жазу):


    а) экономикалық теория пәні

    б) меркантилизм

    в) классикалық экономикалық теория

    г) маржинализм

    д) кейнсиандық

    е) микроэкономика

    ж) макроэкономика

    з) позитивтік экономика

    и) нормативтік экономика

    2-ші деңгейдегі сұрақтар:

    1.Экономикалық теорияның пәні мен әдістерін жіктеңіз

    2.Экономикалық теорияның даму кезеңдерін атаңыз

    3-ші деңгейдегі сұрақтар:

    1.Экономикалық қажеттіліктердің түсінігі мен түрлерін атаңыз

    2.Экономикалық теорияның қызметтерін атаңыз.
    СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары

    1.Экономика – қатынастардың күрделі жүйесі

    2.Қазіргі экономикалық теорияның құрамдас бөліктері

    3.Экономикалық теорияның ғылыми жүйесінің қалыптасуы

    4.Қоғамның алдындағы негізгі экономикалық мәселелер.

    5.Экономикалық теория, саяси экономия, экономикстің өзара байланысы.
    Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

    1.Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл-848 бет.

    2. Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Экономикалық теория: Оқулық. – Алматы, 2014 – 360 б.

    3.Есенғалиева Қ.С. Экономикалық теория: Оқулық.-Алматы: Экономика, 2015.-576 бет

    4.Рахметулина Ж.Б. Экономическая теория: задачи, схемы, тесты. Учебное пособие-Алматы:Экономика, 2015-300с.

    5.Экономикалық теория. Оқулық. Бекмолдин С.К., Мәуленова С.С., Құдайбергенов Е.Қ.- Алматы: Экономика, 2012-396 бет


    написать администратору сайта