Бактыгалиев Жасулан 1. 1. Р кімшлілік ы бзушылы кодексі
Скачать 19.59 Kb.
|
Бактыгалиев Жасулан 1. ҚР Әкімшлілік құқық бұзушылық кодексі Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады. 2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. 2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды. Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды. 3. Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi 1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. 2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды. 7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 510,511,,512 баптары 510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу 1. Мыналардың: 1) жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасы азаматының; 2) жеке басын куәландыратын құжатсыз не ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның; 3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандары тұрғынының), сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынастары жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутын өзгертуі – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың екінші, үшінші бөлiктерiнде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады. 5. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, Қазақстан Республикасының азаматы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер – жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. 510-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салуларды бұзу Ескерту. 511-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 29.05.2020 № 337-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салу, шаруашылық және өзге де қызмет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтер орнату, ұшу аппараттарын (оның ішінде пилотсыз) пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдану – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ескерту. 511-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.05.2020 № 337-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 512-бап. Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу 1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және iшкi суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiндегі режимді Қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгiленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметін немесе өзге де қызметті жүргiзу – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары мен өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 513-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу 1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегі режимдi адамдардың көлік құралдарының өткiзу пункттерiне кірудің, оларда болудың, жүріп-тұрудың және олардан шығудың, жүктер мен тауарларды әкелудің, орналастырудың, орнын ауыстырудың, әкетудің, шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінетін бұзушылығы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған дәл сол әрекеттер –он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады. |