Главная страница
Навигация по странице:

  • Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор : Міндетті

  • Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  • Сабақты өткізу форматы

  • мет нуск фарм 2 курс_8f29f1f2df2e5447b9b79d9806561fee. 1 саба Таырыбы Нруыздарды жалпы асиеттері. Осы сабаты соында студент абілетті болады


    Скачать 17.16 Kb.
    Название1 саба Таырыбы Нруыздарды жалпы асиеттері. Осы сабаты соында студент абілетті болады
    Дата03.09.2022
    Размер17.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламет нуск фарм 2 курс_8f29f1f2df2e5447b9b79d9806561fee.docx
    ТипДокументы
    #660646

    1 САБАҚ

    Тақырыбы: Нәруыздардың жалпы қасиеттері.

    Осы сабақтың соңында студент қабілетті болады:

    1. Нәруыздардың атқаратын функцияларын қарастыру және нәруыздарға (қасиеттеріне) жалпы сипаттама беруге.

    2. Жай нәруыздардың жеке өкілдерін оқып-білуде нәруыздардың жалпы қасиеттері және қызметтері туралы алған білімдерін интерпретациялауға.

    Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор:

    Міндетті:

    1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 9-18 б., 18-33, 53-56, 648-661, 673-678 б.

    2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014.-1-9 p., 13-21p., 43-49 p.

    Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

    1. Биохимияға кіріспе.

    2. Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік.

    3. Нәруыздардың атқаратын қызметтері.

    4. Нәруыздардың жоғары молекулалық массасы.

    5. Нәруыздардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы.

    6. Элементтік құрамының біркелкі болуы.

    7. Нәруыздардың құрылысындағы ұқсастық, ыдырау өнімдерінің ұқсастығы.

    8. Нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері.

    9. Амин қышқылдарының жіктелуі, өкілдері және олардың ролі.

    10. Нәруыздардың қасиеттеріне орта рН-ы мен амин қышқылдық құрамының әсері (нәруыздардың амфотерлік қасиеті).

    11. Нәруыздарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар.

    12. Нәруыз ерітінділерінің коллоидты қасиеттерін атауға.

    13. Нәруыздар молекуласының құрылымдарын түсіндіруге.

    14. Денатурация, ренатурация механизмін түсіндіруге.

    15. Денатурациялаушы агенттерді атауға.

    16. Нәруыздарды тұнбаға түсіру реакцияларын атап, тұнбаға түсіру реакцияларының механизмін және оларды медицинада қолдануды түсіндіруге.

    17. Нәруыздардың жіктелуі

    Сабақты өткізу форматы:

    1)Тәжірибелік сабақта бастапқы білім деңгейін тексеру үшін жазбаша бақылау билеттер арқылы жүзеге асырылады.

    2)Ауызша бақылау сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар бойынша жүргізіледі

    Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім.

    ОСӨЖ тапсырмасы. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы - трипептидтер жазу, қышқылдық-сілтілік қасиеттері, кесте толтыру, тесттер шығару

    ОСӨЖ-ді бақылау: ОСӨЖ-дің сұрақтары бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына енгізілген (сұрақтар тізімі келтірілген) және тапсырманың орындалғанын тексеру (чек-парақшаға енгізілген).

    СӨЖ тапсырмасы: «Биологиялық активті пептидтер, түзілу орны, ролі» тақырыбына визуалды органайзерларды дайындау


    написать администратору сайта