сит есеп. сит есеп рубеж. 1. Сізді алашы кмек крсету тактикаыз
Скачать 13.64 Kb.
|
№ 1 билет Науқас М., 38 жаста тоқтаусыз іш өтіп, құсуға шағымданып жедел жәрдем шақырған. Науқас әлсіреп қалған. Айтуы бойынша бүгін кешке қонаққа барғанда шұжық жеген. Дене температурасы 37,2 С. 1.Сіздің алғашқы көмек көрсету тактикаңыз. 2.Науқасты транспартировка жасау қажет пе? 2 билет Науқас К., 52 жаста, қатты шөлдеуге, жиі кіші дәретке шығуға, және көп мөлшерде тағам тұтынуға шағымданады. Науған гиперстеникалық типте, ИМТ 34. Аг мен диспансерлік учетте тұрады.Анамнезінде анасы қант диабетімен ауырған. 1.Шприцтің құрылымы. Инсулиндік шприц 2. Тері асты инъекциясының алгоритмі 3 билет Науқас Н., ес түссіз күйде аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Сырт келбеті өте нашар күйде. Киім кешектері жыртылған, жуынбаған. 1. Науқасты қабылдау . 2. Науқасты тасымалдау түрлері. 4 билет Науқас А., 6 жаста пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Сәйкесінше емге антибиотик тағайындалды. Науқас осыған дейін мүлдем екпе алып көрмеген. 1. Сіздің тактикаңыз. Алгоритм. 2 . Бұлшық етке егу алгоритмі. 5 билет Науқас Л., ауа жетпеуіне байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Науқас тыныс алғанда бүкіл денесімен қозғалып дем алады. Ауыз ерін үшбұрышы көгерген. Мұрын танаулары кеңейген. ТЖ 28 рет минутына. SPO2- 90%. 1. Науқасты ауруханаға дейін тасымалдау тактикаңыз. 2. Тыныс жетіспеушілік түрлері. 6 билет Науқас Т., 55 жаста, басының қатты атылып кететіндей ауруына, көзінің қарауытып, желке тұсының солқылдап ауруына шағымданып жедел жәрдем шақырған. 1. Науқасты тексеру тактикаңыз. 2. Аққ өлшеу, пульс өлшеу, тыныс жиілігін өлшеу алгоритмі. 7 билет Науқас Д., дәрігер жолдамасы бойынша емшара бөлмесіне қан талдауын тапсыруға келді. 1. Көктамырдан қан алу алгоритмі. 2. Емшара бөлмесінің жабдықталуы. 8 билет Емшара бөлмесінің Мейірбикесі жұмыс барысында таңертеңгілік егу кезеңінде, пациенттерге дәрілерді байқаусызда алмастырып салып жіберген. 1. Мейірбике тактикасы. 2. Дәрілік заттарды, сақтау, тасылмалдау, және егу кезіндегі ережелер. 9 билет Науқас Ж., 65 жаста, ЖИА мен есепте тұрады. Дәрілерін уақытылы қабылдайды. Таңертеңгісін үй алдын күреймін деп жүргенде кенеттен жүрек тұсы қысып 20 мин қа дейін созылып, салқын тер, ауа жетіспей, сол жақ қол, жауырынға дейін тарайды. Оны жұбайы көріп бірден үйдегі қорабшасында нитроглицеринді ала жүгірді. 1. Дәрілік заттарды энтеральды енгізу жолдары. 2. Осы пациентте дәрілік затты қалай қабылдайды. |