Главная страница

кин. Кинематика 11. 1. Спортшы 400 м ашытыты жгіріп тіп айтадан мреге ораландаы жолы мен орын ауыстыруы


Скачать 50.56 Kb.
Название1. Спортшы 400 м ашытыты жгіріп тіп айтадан мреге ораландаы жолы мен орын ауыстыруы
Дата02.11.2022
Размер50.56 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКинематика 11.docx
ТипДокументы
#768147

Кинематика

1.Спортшы 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы

A) 0; 0.B) 400 м; 400 м.C) 400 м; 0.D) 0; 400 м.E) 800 м; 0.
2. 4 м биіктіктегі терезеден лақтырылған тас үйдің қабырғасынан 3 м қашықтыққа түсті. Тастың орын ауыстыру модулі

A) 3 м.B) 4 м.C) 5 м.D) 7 м.E) 9 м.

3. 49 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дененнің

10 с кейінгі жүрген толық жолы мен орын ауыстыруы (g = 10 м/с2 )

A) 245 м; 0 м.B) 245 м; 245 м.C) 200 м; 200 м.D) 0м; 0м.E) 240 м; 0 м.

4. Еркін құлаған дененің 1 с жүрген жолы (g = 10 м/с2 )

A) 10 м.B) 9 м.C) 5 м.D) 1 м.E) 8 м.

5.Шеңбер бойымен қозғала отыра ұзындығы 109 км жолды автомобиль екі рет жүріп өтті. Автомобильдің жүрген жолының ұзындығы, орын ауыстырудың модулі

A) 109 км; 0.B) 218 км; 0.C) 218 км; 218 км.D) 0; 0.E) 109 км; 109 км.
6. Радиусы 30 м шеңбер ұзындығының жартысын велосипедші белгілі бір уақытта жүріп өтті. Осы уақытта жүрген жолы мен орын ауыстыруы

A) 90 м; 60 м.B) 94,2 м; 60 м.C) 93 м; 50 м.D) 92 м; 30м.E) 90 м; 30 м.

7. Биіктігі 4 м-ге лақтырылған тас қабырғадан 3 м қашықтыққа түссе, тастың орын ауыстыруы

A) 3 м.B) 5 м.C) 4 м.D) 7 м.E) 6 м.

8. Екі дененің қозғалыс теңдеулері және . Олардың кездесетін орны мен уақыты

A) 140 м; 10 с.B) 100 м; 10 с.C) 200 м; 10 с.D) 200 м; 100 с.E) 140 м; 140 с.

9. 2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5 с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5 с қозғалған катердің жүрген жолы

A) 50 м.B) 60 м.C) 25 м.D) 100 м.E) 90 м.
10. Жер бетінен 1 м биіктегі доп тағы 2 м вертикаль жоғары лақтырылып, жерге құлады. Доптың жолы мен орын ауыстыруы

A) 5 м; 1 м.B) 4 м; 1,5 м.C) 4 м; 2 м.D) 5 м; 3 м.E) 4 м; 2 м.

11. 39,2 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған жебенің көтерілу биіктігі және 5 с кейінгі орын ауыстыруы мен жүрген жолы (g = 10 м/с2 )

A) 87 м; 70 м; 83 м.B) 87,2 м; 73 м; 83,6 м.C) 78,4 м; 73,5 м; 83,3 м.

D) 80 м; 725 м; 80 м.E) 85 м; 75 м; 85 м.

12. 5 м/с жылдақпен мұздың бетінде лақтырылған тас бастапқы нүктесінен 25 м қашықтықта тоқтады. Қозғалыстың бастапқы 2 с-ғы тастың жолы

A) 10 м.B) 9 м.C) 15 м.D) 8 м.E) 12 м.

13. 250 км қашықтықты 0,5 сағатта өткен ұшақтың жылдамдығы

A) 125 км/сағ.B) 130 км/сағ.C) 500 км/сағ.D) 400 км/сағ.E) 140 км/сағ.

14.Мотоциклшінің жылдамдығы 54 км/сағ, ал адамдікі 2 м/с болса, мотоциклшінің жылдамдығының адам жылдамдығына қатынасы

A) 7.B) 7,5.C) 10.D) 15.E) 2.

15. 6 м/с жылдамдықпен бірінші велосипедші жолды 3 с жүріп өтті. Сол жолды 9 с жүріп өткен екінші велосипедшінің жылдамдығы

A) 3 м/с.B) 6 м/с.C) 2 м/с.D) 9 м/с.E) 5 м/с.

16.Ұзындығы 200 м поезд 36 км/сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақыт

A) 1 мин.B) 2 мин.C) 40 с.D) 90 с.E) 30 с.

17. Арақашықтығы 90 м A және B нүктесінен бір уақытта бір бағытта 5 м/с және 2 м/с жылдамдықпен шықса, бірінші дененің екіншіні қуып жету уақыты

A) 40 с.B) 20 с.C) 30 с.D) 50 с.E) 10 с.

18.Кинетикалық энергиясы, 800 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 10 кг зеңбірек оғының энергиясына тең, 2 т автомобильдің қозғалыс жылдамдығы

A) 57 км/сағ.B) 57 м/с.C) 50 км/сағ.D) 50 м/с.E) 20 м/с.

19.Ұзындығы 200 м поезд бірқалыпты 10 м/с жылдамдықпен қозғалып, ұзындығы 300 м тоннельден толық шығуына кеткен уақыт

A) 10 с.B) 20 с.C) 30 с.D) 40 с.E) 50 с.

20. графигінде жылдамдығы үлкен дене



1

2

3


A) 1.B) 2.C) 3.D) Үшеуінің жылдамдығы бірдей.E) 2 және 3.

21. Велосипедшінің жылдамдығының уақытқа тәуелді графигі бойынша бастапқы 4с-тағы үдеуі



A) 12 м/с2. B) 6 м/с2. C) 3 м/с2. D) 4 м/с2. E) 9 м/с2.

22. График бойынша дененің үдеуі мен 10 с-тағы орын ауыстыруы



A) -0,4 м/с2; 20 м.B) -0,3 м/с2; 35 C) -0,1 м/с2; 25 м D) -0,2 м/с2; 30 м. E) -2 м/с2; 40 м.

23.Бастапқы жылдамдықсыз 20 м биіктіктен суға секірген адамның, 10 м тереңдікке сүңгіп кеткенде, тоқтағанға дейінгі суда қозғалған уақыты

A) 2 с.B) 1 с.C) 4 с.D) 3 с.E) 5 с.
24.Жоғары лақтырылған дененің максимал биіктігін 4 есе арттырғанда бастапқы жылдамдығының өзгерісі

A) 4 есе.B) 6 есе.C) 16 есе.D) 2 есе.E) өзгермейді.
25.Бастапқы жылдамдықсыз мұнарадан құлаған дене жолдың екінші жартысын 1 с жүріп өтсе, мұнараның биіктігі

A) ≈70 м.B) ≈50 м.C) ≈58 м.D) ≈40 м.E) ≈45 м.


написать администратору сайта