тәуелді таңдама. Стьюдент критерийі Тәуелді таңдама үшін. 1. Таырыбы Статистикалы болжамдарды тексеруді параметрлік критерийі. Масаты
Скачать 236.21 Kb.
|
1. Тақырыбы: Статистикалық болжамдарды тексерудің параметрлік критерийі. 2. Мақсаты: Статистикалық болжамдарды тексеру параметрлік критерийінің теориялық негіздерін оқыту және жорамалдарды тексеруде параметрлік критерийлерді қолдану дағдыларын қалыптастыру 3. Оқыту міндеттері: - параметрлік критерийлер туралы білім негіздерін қалыптастыру; - статистикалық болжамдарды тексерудің Стьюдент t-критерийін тәуелді таңдамаларда қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру; 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Тәуелді таңдамалар үшін Стьюдент t-критерийінің қолданылу шарттары Тәуелді, тәуелсіз таңдамалар Тәуелді таңдамаларда Стьюдент t- критерийін қолдану алгоритмі Сенім аралықтары Медико-биологиялық мысалдарда Стьюдент t- критерийін есептеу 5. Оқу және оқыту әдістері: жағдаяттық есептер шығару. 6. Әдебиеттер: Аймаханова А.Ш. Статистический анализ обработки медико - биологических данных в среде "STATISTICA"/ А. Ш. Аймаханова, А. А. Раманкулова. -Караганда: АқНұр, 2014.-84с. Бөлешов М.Ә.Медициналық статистика: оқулық/ М. Ә. Бөлешов. -Алматы: Эверо, 2010. -144 б. Койчубеков Б.К. Биостатистикаға кіріспе курсы: оқу құралы/ Б. К. Койчубеков, Д. Т. Абдыкешова, Д. Т. Алибиева. -Алматы: Эверо, 2014,2015. -100 б. Медициналық - биологиялық деректерді статистикалық талдауда EXCEL және SPSS STATISTICS бағдарламаларын қолдану: оқу құралы/ В. Р. Чудиновских [и др.]. - Караганда: Ақ Нұр, 2016. -126 б. Мысалдар мен тапсырмалардағы биостатистика : оқу-әдістемелік құрал/ Б. К. Койчубеков, А. С. Букеева [и др.]. - Алматы: Эверо, 2013. -85 б. 7. Бақылау сұрақтар: Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық болжамды қалай түсінесіз? Биомедициналық берілгендерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. Болжамды тексерудің параметрлік, параметрлік емес критерийлері? Бірінші текті қате деп нені айтады? Екінші текті қате деп нені айтады? Сенімділік аралығы деп нені айтады? Маңыздылық деңгей. Критерий қуаттылығы деп нені айтады? Стьюдент t-критерийі формуласы қандай? t- критерийі сыни мәндерін анықтайтын кестені қалай қолданады? Ақпараттық-дидактикалық бөлім Тәуелді таңдамаларда Стьюденттің жұп t-критерийінің қолданылуы Жұп t-критерийін қолданғанда тәуелді таңдамалар бойынша алынған көрсеткіштер салыстырылады. Мысалы, науқастардың ем алғанға дейінгі және кейінгі белгі мәнінің өзгерісі. Нөлдік жорамал олардың жұп айырмаларының орташа мәнінің нольге теңдігі туралы болады. Ал балама жорамал айырмашылықтың статистикалық мәнділігі жөнінде айтылады. Критерийді қолданудың негізгі шарттары: кездейсоқ шамалардың қалыпты заңмен таралуы; таңдамалардың тәуелді болуы, яғни, салыстырылатын мәндер бір белгіні қайта өлшеу кезінде алынуы керек. Стьюденттің жұп t-критерийінің мәнін есептеу үшін келесі формула қолданылады: Мұндағы, - орташа айырма. , байланысқан варианталардың жұп айырмалары, п – жұп бақылаулардың саны, sd - айырмалардың орташа квадраттық ауытқуы. Сыни мәндер кестесінен α мәнділік деңгейі және бостандық дәрежесінің саны үшін мәнін алып, есептелген мәнмен салыстырамыз. Егер жорамалы қабылданады. Кері жағдайда Н1 жорамалы қабылданады. Екі тәуелді топтың бас орташаларының айырмасы үшін сенім аралығы Кез келген таңдама бас жиынтық туралы жуықталған баға береді. Тәуелді таңдамалардың бас орташаларының айырмасы үшін сенімділік аралығы мына шектерде жатады: Мұндағы, t – α мәнділік деңгейі және бостандық дәрежесі үшін берілген Стьюдент t -критериінің кестелік мәні. Тәуелді таңдамалардың бас орташаларының айырмасы үшін сенімділік аралығына нөл саны кіретін болса, онда бас орташалардың теңдігі туралы нөлдік жорамал қабылданады. Айырма үшін сенім аралығының төменгі және жоғарғы шектері екі орташа айырмасының клиникалық бағасы үшін қолданылуы мүмкін. Шашырау диаграммаларының үлгілері ОҚЫТУШЫМЕН ЖҰМЫС Мысал. Қант диабетімен ауыратын науқастардың қан құрамында глюкоза деңгейінің жаңа препаратты қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштері зерттелген. Таңдама қалыпты заңға бағынады. Жаңа препаратты қабылдағанға дейінгі және қабылдағаннан кейінгі қан құрамындағы глюкоза көрсеткіштері орташаларының арасындағы айырмашылықтың статистикалық маңыздылығын α=0,05 мәнділік деңгейінде бағалау қажет.
ЖАҒДАЯТТЫҚ ЕСЕПТІҢ ШЕШУІ. Статистикалық жорамалдарды тексеру қадамдары: 1 ҚАДАМ: НӨЛДІК, БАЛАМА ЖОРАМАЛДАРДЫ ҰСЫНУ Н0: Қант диабетімен ауыратын науқастардың қан құрамында глюкоза деңгейінің жаңа препаратты қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерінің жұп айырмаларының орташа мәні нольге тең. Н1: Қант диабетімен ауыратын науқастардың қан құрамында глюкоза деңгейінің жаңа препаратты қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерінің жұп айырмаларының орташа мәні нольге тең емес. 2 ҚАДАМ: МӘНДІЛІК ДЕҢГЕЙДІ ТАҢДАУ α=0,05 3 ҚАДАМ: КРИТЕРИЙДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ШАРТТАРЫН ТЕКСЕРУ Тәуелді таңдамалар үшін t Стьюдент критерийін қолданудың негізгі шарттары: кездейсоқ шамалар – сандық белгіде болуы және қалыпты заңмен таралуы; таңдамалардың тәуелді болуы, яғни, салыстырылатын мәндер бір белгіні қайта өлшеу кезінде алынуы керек. 4 ҚАДАМ: КРИТЕРИЙ МӘНІН ЕСЕПТЕУ Стьюденттің жұп t-критерийінің мәнін есептеу үшін келесі формула қолданылады: Жұп айырмалар есептелінеді:
2. Жұп айырмалардың орташа мәні: 3. Айырмалардың орташа квадраттық ауытқуы есептелінеді: 4. 5. Сыни мән анықталады: α=0,05, 5 ҚАДАМ: ЕСЕПТЕЛГЕН МӘНМЕН СЫНИ МӘН САЛЫСТЫРЫЛАДЫ шарты тексеріледі. - есептелген мән сыни мәннен үлкен жорамалы қабылданады. ҚОРЫТЫНДЫ: α=0,05 мәнділік деңгейінде қант диабетімен ауыратын науқастардың қан құрамында глюкоза деңгейінің жаңа препаратты қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерінің жұп айырмаларының орташа мәні 0-ден ерекше, яғни жаңа препараттың әсері статистикалық маңызды. НЕМЕСЕ 95% ықтималдықпен жаңа препаратты қабылдағаннан кейін қант диабетімен ауыратын науқастардың қан құрамында глюкоза деңгейінің өзгерісі статистикалық маңызды. НӨЛДІК ЖОРАМАЛДЫ СЕНІМДІЛІК АРАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРУ Тәуелді таңдамалардың бас орташаларының айырмасы үшін сенімділік аралығы: Мұндағы, t – сыни мән, α мәнділік деңгейі және бостандық дәрежесі үшін берілген Стьюдент t -критериінің кестелік мәні. Сенім аралығы (Confidence Interval): СI: [0,836; 2,586] Есептелген сенім аралығына нөл саны кірмейді, сондықтан балама жорамал қабылданады. ШАШЫРАУ ДИАГРАММАЛАРЫН жоғарыдағы үлгі бойынша сызыңыз. Жағдаяттық есептер Қалыпты таралған тәуелді таңдамалар үшін жұп айырмаларының орташа мәні туралы нөлдік болжамды =0,05 мәнділік деңгейінде тексеріңіз. Берілгендерді график түрінде көрсетіңіз. Нұсқа 1. Балалардағы ширатылмаған сілекей бөлінуінің жылдамдығы (мл/мин).
Нұсқа 2. Көкірек қуысы кезіндегі норадреналин мөлшері (мкг/тәулік.
Нұсқа 3. (Со ОЭДФ) Қышқылдың әсерінен кейінгі эмаль қабатының микротегістілігі.
Нұсқа 4. Ортофосфорлық қышқылының әсерінен кейінгі эмаль қабатының микротегістілігі.
Нұсқа 5. Тиреотоксикоз кезіндегі трийодтиронин (мг/мл) мөлшері
Нұсқа 6. Диетаның салмаққа әсері, кг
Нұсқа 7. Жүгірудің пульске әсері, соғу\мин
Нұсқа 8. Айналма плазма көлеміне отаның әсері, мл\кг
Нұсқа 9. Депрессия симптомдары
Нұсқа 10. Логикалық есептерді орындау нәтижесі (сек)
Нұсқа 11. Медик-студенттердің емтиханға дейін және емтиханнан кейін артериялық қысымына зерттеу жүргізді. (мм сын.бағ.)
Емтихан тапсырғанға дейін студенттердің артериялық қан қысымының шынында да жоғарылауы орын алды деп айтуға бола ма? Нұсқа 12. Коронарлық атеросклерозбен ауырған науқастардың қан сарсуындағы холестериннің құрамы холин қабылдағанға дейін және емделгеннен кейін кестеде көрсетілген мәндерді (мг%) құрады. Холин қабылдау қан сарсуындағы холестеринді төмендетеді ме?
Нұсқа 13. Коронарлық атеросклерозбен ауырған науқастардың қан сарсуындағы холестериннің құрамы холин қабылдағанға дейін және емделгеннен кейін бақыланған
Холин қабылдау қан сарсуындағы холестеринді төмендетеді ме? Нұсқа 14. Арнайы зерттеу арқылы қарт адамдардың инсулинмен емделгенге дейінгі қандағы ақуыздың мөлшері бақыланды
Көрсеткіштердің айырмашылығын ақиқат деп айтуға бола ма, ол заңдылық па? Осының негізінде инсулинмен емдеу қан құрамындағы ақуызды төмендетеді деп айтуға бола ма? Нұсқа 15. Гипертониясы бар 6 науқастан тұратын топта артериалдық қысымды түсіретін дәрілік препараттың әсері зерттелді. Тәжірибе нәтижесінде систоликалық қысымның 2 вариациялық қатары алынды:
Систоликалық артериалдық қысым генералды жиынтығында препарат қабылдағаннан кейін өзгеретінін және алынған нәтижелер қаншалықты статистикалық мәнді екенін анықтау керек Нұсқа 16. Студенттердің 1 айлық курстан кейінгі және дейінгі ағылшын тілінен тапсырған тест нәтижелері зерттелген.
Нұсқа 17. Қант диабетімен ауыратын науқастардың қан құрамында глюкоза деңгейінің жаңа препаратты қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштері зерттелген.
Нұсқа 18. Тәуелді топтарда қан құрамында В затының (ммоль/г) деңгейін зерттеу нәтижесі жаңа препаратты қабылдағанға дейін және кейін өлшенген.
Нұсқа 19. Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша қан құрамында А затының мөлшерінің жаңа препаратты қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштері.
Нұсқа 20. Өткір тонзиллитпен ауырған науқастарға қабынуға қарсы жаңа препарат қолданылып, дене қызулары өлшенді.
Нұсқа 21. Арнайы зерттеу арқылы қарт адамдардың инсулинмен емделгенге дейінгі және емделгеннен кейін қандағы ақуыздың мөлшері кестеде көрсетілген. Көрсеткіштердің айырмашылығын ақиқат деп айтуға бола ма, ол заңдылық па? Осының негізінде инсулинмен емдеу қан құрамындағы ақуызды төмендетеді деп айтуға бола ма?
Нұсқа 22. Суретте шылым шегуге дейін және кейін тромбоциттердің агрегация пайызы анықталған. Нұсқа 23. Салат жапырақтарымен шылым шегуге дейін және кейін тромбоциттердің агрегация пайызы анықталған. Нұсқа 24. Табакпен шылым шегуге дейін және кейін тромбоциттердің агрегация пайызы анықталған. Нұсқа 25. Өкпе гипертензиясымен ауыратын науқастарды гидралазинмен емдеуге дейін және 48 сағаттан кейінгі өкпе тамырларының кедергісі анықталған. Нұсқа 26. Өкпе гипертензиясымен ауыратын науқастарды гидралазинмен емдеуге дейін және 3-6 айдан кейінгі өкпе тамырларының кедергісі анықталған. |