Психология пәні №8 тақырып (1). 1. Таырып 8 пс. Тланы психологиялы рылымы Таырыпты негізгі сратары
Скачать 60.5 Kb.
|
1.Тақырып 8 ПС. Тұлғаның психологиялық құрылымы 2. Тақырыптың негізгі сұрақтары 1. Мінез түсінігі мен құрылымы 2. Мінез бітістерінің жіктелуі 3. Мінез және темперамент 4. Қазақ халқының мінез ерекшеліктері Тапсырма 1 «Саусақтар арқылы мінез анықтау» тесті (3 деңгей). 1. Саусақтарыңызды бір бірімен айқастырыңыз. Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа “2” деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса –”1”. 2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанағы дәлдеп көздеңіз. Егер сол көзіңіз ашық қалса, “1” санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса –”2”. 3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр? Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, “1” санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса –”2”. 4. Көлденең шапалақтаныз. Егер сол қолыңыз үстіде болса –”1”, егер оң қолыңыз болса, онда “2”. Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз: “2222” – (жүз пайыз оңақай)-мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрысудан қашады. “2221” – ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық. “2212” - өте ашық, кез – келген адаммен тіл табысып кетеді. “2111” – тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек. “2211”- мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым –қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ. “2122” –бұндай адамдарда аналитикалық ақыл – ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды. “2121” – бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады. Тапсырма 2. Мінез бітістерінің жіктелуінің схема түрінде көрсетіп, толықтырыңыз(1 деңгей). Мінез бітістерінің жіктелуі өзіне қатынасы Тапсырма 3. Қазақ халқына тән мінез-құлық ерекшеліктерінің сызбасын құрастырып, анықтамасын жазыңыз. (3 деңгей). Тапсырма 4. Мінез бен темперамент байланысын сызба арқылы түсіндіріңіз ( Мінез 3 деңгей) Темперамент |