1 Апта Дәрісі.. 1 таырып. Саясаттану ылым жне оу пні ретінде
Скачать 26.23 Kb.
|
1 тақырып. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. ЖОСПАР: І. Cаясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері 2. Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында жеке пән болып қалыптасуы 3. Саясаттанудың қызметі, әдіс-тәсілдері мен саясаттанудағы парадигма ұғымдары Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми-тапнымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары. Саясаттанудың прагматикалық мәні. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану. Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Cаясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері: Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар тарихы); Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер); Саяси мәдениет және сана; Саяси даму және модернизация; Саясат субъектілері; Халықаралық қатынастар. Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді. Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады: Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды. Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады. Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру. Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет. Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтайды. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің саясаттануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт болды. Саясаттану пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар: - бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді. Адамзат тарихында саясат негізі қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын саяси-әлеуметтік құбылыстар, саяси процестер мен саяси ішкі, сыртқы, халықаралық, мемлекеттік т.б. қатынастар тұрғысынан қарастырады. Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі – оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясаттану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады. Демек саясаттану пәні қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның саяси әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы саяси әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Саяси-әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саяси-мәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады. Қоғамның саяси құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Саясаттанудың негізгі категориясы «саяси немесе саясат» ұғымы. Бұл ұғымдарға «саяси жүйе», «саяси құрылым», «саяси институт», «саяси топ», «саяси әрекет» т.б. жиынтығы бойынша зерттеулер жасайды. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі – ортақ қоғамдық өмір. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиясымен) тығыз байланысты. Саясаттану - [грек, політіке - мемлекетті басқару өнері, логос - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. ХХ г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері: саяси теория; саяси институттар; саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар. Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді. Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте ХХ ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады. Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында жеке пән болып қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. ХХ ғасырда бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде. Саясаттану пәні екі топты зерттеуді эмпирикалық және бихевиористік жүзеге асырады. Зерттеу негізі – саясат туралы. Оның бірнеше әдіс-тәсілдері бар. // Бихевиористік әдіс - бұл әдістің мәні саяси шынайылықты әртүрлі қоғамдық және кәсіби топтардағы жеке саяси мінез-құлықтың негізінде нақтылы зерттеуде. Бихевиоризм жеке адамды, оның қылықтарын, әртүрлі саяси саналы немесе санасыз іс-қимылын саяси өмірдің ажырамас бөлшегі ретінде қарастырады. Саяси оқиғаларды мінез-құлықтың тәсіл арқылы зерттеудің құндылығы, Батыс саясаттанушыларының пікірінше, жеке адамардың кез келген мінез-құлықтық жауабын талдап қорытуға, жіктеуге, сандық өлшемін көрсетуге, қарқындылық, ширығушылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.[1] 1.Салыстырмалы әдіс – саяси құбылыстарды салыстыру арқылы, 2.Жүйелеу әдісі – күрделі құрылымдарды қарап, әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін байланыстылығын қарастырады. 3.Социологиялық әдіс – саясатты қоғам өмірінің барлық салаларына байланыстылығын анықтайды. 4.Тарихи тәсілі – саяси оқиғалар мен процестердің уақыт мезгілін еске ала отырып жүйелеу. 5.Нормативтік әдіс – табиғи құқықты іске асыруға бағытталған әдістерді айтамыз. Саясаттану әдістері[өңдеу] // Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік. Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсілсаяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады. Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда. Саясаттанудың түсініктері мен категориялары - басқа ғылым салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық үйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б. Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл - әлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді. Саясаттанудағы өркениетті тәсіл нақты қоғамның саяси ұйымын зерттегенде бірінші кезекте саяси өмірдегі өркениеттік, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастырады. Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Мәдени-тарихи түрлер бір-бірімен және сыртқы әлеммен үздіксіз күресте, бұл жағдайда қалыптасу, ер жету, қартаю және құлдырау сияқты табиғи дәуірлерді басынан кешіреді. Н.Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік идеалды, үлгіні қалыптастырады. Мінеки, осылай дүниежүзілік тарих өркениеттер мен оларға сәйкес саяси ережелердің кезекпен ауысып отыруынан тұрады. ХХ ғ. өркениеттік тәсіл неміс философы О.Шпенглер (1880-1936) мен ағылшын саясаттанушысы А.Тойнби (1889-1975) еңбектерімен әрі қарай дамытылды. О.Шпенглер өзіне тән саяси ұйымдары бар 9 жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ал, А.Тойнби кейінірек, аймақтық мәдениетті көрсетеді. Өркениеттік тәсілдің негізгі элементтері неміс ғалымы К.Ясперс еңбектерінде де көрініс тапқан. Өркениеттік тәсілді қолдаушы зерттеушілердің пікірінше, әр жергілікті өркениет өз дамуында пайда болу, өсу, құлдырау және ыдырау, жойылу сияқты дәуірлерді басынан кешіруіне байланысты келесі бір өркениетке орын береді. Қазіргі заманда өркениеттік тәсілді "өркениеттер қақтығысы" теориясының авторы америкалық зерттеуші С.Хантингтон қолдайды. Оның пікірінше, қайшылықтар өркениеттік сипат алады. Ол ірі сегіз өркениеттің өзара қарым-қатынасы туралы айтады. Олар: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, латын америкалық, африкалық және православ-славяндық. Хантингтон өркениеттер арасында маңызды дау-жанжалдар тудыруы мүмкін бес себепті көрсетеді: саяси идеология мен саяси тәртіптер арасындағы айырмашылықтардан гөрі, өркениеттік айырмашылықтар негіздірек; өркениеттік өзін-өзі танудың өсуі, өркениеттер арасындағы айырмашы¬лықтар мен ортақтың тереңдеуін түсіну; ұлттық-мемлекеттердің бірегейлік көзі ретіндегі рөлінің әлсіреуі. Діннің бірегейлік көзіне айналуы; батыстық емес елдердегі элитаның батыстандырудан бас тартуы және олардың өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуы; өркениет дау-жанжалдарының көзі - мәдени ерекшеліктер мен айырмашылықтар мәселенің "Сен кімсің?" тұрғысынан қойылады. Саясаттағы «парадигма» ұғымы зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Ол ұғымның енген уақыты ХХ ғ. 20-жылдарында. (американ тарихшысы-Г.Кун.) парадигма түрлері: Саясаттану парадигмалары - [грек, парадеіқма - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады. Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген. Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады. Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б. Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды. Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады. Жанжалдық парадигма ХІХ ғ. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді. Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.[1] Әдебиеттер: Негізгі: 1. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011. 2. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013. 3. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014 4. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9 5. Казахстанский путь - 2050. -3 т./ Под ред. Султанова Б.К. – Алматы: КИСИ, 2014. Қосымша: 1.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005. 2. Булуктаев Ю.О. Политический режим и посткоммунистическая трансформация: теория, методология, практика.- Алматы, 2008. 3. Казахстанская политологическая энциклопедия / Под ред. Т.Т.Мустафина. - Алматы,1998. 4. Управление рисками в сфере внутренней политики Республики Казахстан/ Под. ред. Шаукеновой З.К. - Алматы, 2014. 5. Чеботарёв А.Е. Политическая мысль суверенного Казахстана: динамика, идеи, оценки. Алматы: ИМЭП при Фонде Первого Президента, 2015. М Интернет көздері: Википедия |