Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі әдебиеттер

  • Қосымша әдебиеттер тізімі

  • Нн. 1. Таырып Шаы спортыны тарихы


    Скачать 1.87 Mb.
    Название1. Таырып Шаы спортыны тарихы
    Дата25.05.2023
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #1158300


    1.Тақырып: Шаңғы спортының тарихы

    Дәрәс мақсаты: Шаңғы спортының тарихын дамуының кезеңін жоғарғы мәдениетпен сипатталып келуі, сырғанау шаңғылары уақыт өте – неолит дәуірінде пайда болуы зерттеу барысында біздің дәуірімізге дейін шаңғы мен қолданылатынын анықталуы.

    Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

    1. Шаңғы мен жүрудің елдерде кең таралуы.

    2. Шаңғы мен жүрудің маңыздылығы.

    3. Шаңғыларды қолдануы туралы мәліметтер.

    Тақырыптың қысқаша мазмұны:
    Қар үстінде негізделу көлемін жоғарлататын құралдар көне заман халықтарымен тұрмыстық өмірде және аң аулауда қолданылатын. Осындай алғашқы құраылғылар ретінде көне адамдар аяқтарын суықтан қорғау мақсатында бәлкім өлген аң терісін қолданған. Тек осы уақыттан кейін көптеге негізделу көлемін арттыратын құралдар (ағаш қабырға бөлшектері және т.б.) қолданысқа түсті.
    Көптеген тарихшылар, археологтар, скандинавиялық эпос, орыс жазуларын зерттеу барысында Сібір, Урал, Алтай, батыс Еуропа, Скандинавия мекендеріндегі халықтар біздің дәуірімізге дейін шаңғымен қолданылатыны анықталды.
    Жаңадан түскен мәліметтер жалпы шаңғылар шамамен 15-20 мың жыл бұрын – жоғарғы палеолит аяғында пайда болды деген тұжырымға келеді. Осы адам дамуының кезеңі жоғарғы мәдениетпен (тастардан мүсін жасау, сүйектерді кесу, үңгірлерде сан қилы көп түсті бейнелер салу.) сипатталып келеді. Көне заман адамының дамуына шаңғыны ойлап табу шамалас болып келді. Ресей Федерациясының територриясында көне адамның солтүстік жоғарғы палеолит тұрақтарының бірі Чусовой және Лена өзендерінің маңында табылды (Якутия).
    Бәлкім солтүстік халықтары алғашында шаңғының шеңберлі , сопақ және зымыран тәріздес түрлерін қолданды.







    Сырғанау шаңғылары уақыт өте – неолит дәуірінде пайда болды. Мұндай суреттер Ақ теңіз жағалауларындағы Золовруг және Бесовы следки аймақтарында табылды. Осы суреттерде адамдар ұзын жіңішке шаңғыларды және бір таяқшамен бейнеленген. Мүмкін шаңғы қозғалысында қолданылатын бір таяқ аң аулауда сияқты «копье» ретінде қолданды.
    Осындай суреттер сонымен қатар Хеллеристина (Норвегия) шығанағында, Упсала қаласында (Швеция), Рэдей шығанғының тауларында сияқты Скандивияда табылды.


    Алтай және оңтүстік Сібір мекендеріндегі халықтардың шаңғыны қолданысқа алғаны туралы мәліметтер табылды. Омск қаласының маңында көне зиратты зерттеу барысында сабында аттар артында шаңғымен келе жатқан адам бейнеленген қола пышақ табылды. Яғни ол дегеніміз, шаңғылар Сібірде біздің дәуірімізде II мыңжылдықта қолданыста болғанын көрсетеді.


    Филологиялық зерттеулерге сүйенетін болсақ, шаңғы атауының (сөз түбірінің) 50 астам тілдерде кездесетіні анықталды. Мұндай ұқсастық солтүстік халықтарында – Алтай және Байкал халықтарында (лапландтылықтар, финдер, карелдер, тунғұстар және т.б.) жиі кездеседі. Осындай мәліметтер жалпы шаңғылар осы мекеді жерлерде пайда болған, тек осыдан кейін ол басқа көршілес мекендерге таралып кетті деген ойға әкеледі. Бірақ шаңғылар сәйкес климатты жерлерде созылмалы қыс кезінде адамдар аң аулау барысында мәселені шешу үшін ойлап табылған құрал ретінде пайда болған деп ойлау дұрыс болар.
    Эволюция барысында шаңғы формасы өзгеріске ұшырап отырды. Қарапайым қадаммен жүру шаңғыларынан кейін сырғанау шаңғылары пайда болды. Бірақ сырғанау шаңғыларының сан қилы ұзындықтары болғаны белгілі, мысалы – біреуі жіңішке және ұзын сырғанау үшін, ал екіншісі қысқа және сопақ аттану үшін.



    Сырғанаулы шаңғыларды қолдануы туралы алғашқы құжаттандырылған мәліметтер VI-VIIғ-да пайда болды. Гот монахы Жорданес 552 жылы өзінің кітабында «сырғанаулы финдар туралы» ескеріп өтеді. Сол кезеңде осындай мәліметтер византиялық жазушы Прокоппен, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы және т.б. көне авторлармен келтіріледі. Олар нақты түрде шаңғы мен олардың тұрмыстық өмірде және аңшылық барысындағы қолданысы туралы сипаттап өткен.
    Орыс революционерлерінің тарихшылары шаңы тек аңшылықта ғана емес, сонымен қатар қысқы халық мейрамдарында кеңінен қолданылғаны туралы өз жұмыстарында айтып өткен. Басқа қызығушылықтар мен жаттығулармен ( ат үстінде серуендеу, күрес) қатар шаңғы орыс халқының физикалық дамуында үлкен рөль атқарды. Ресейде XVII ғ-да болған швед дипломаты Пальм Мәскеу мемлекетіндегі шаңғының таралуын куәландырады. Ол нақты түрде жергілікті мекендердегі халықтың қолданылатын шаңғылары мен орыс хлқының олармен тез қозғалуын сипаттап өткен болатын.
    7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жазды. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.
    Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде,яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.
    19 ғасырдың аяғында бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы тебу түрлері әр елде әртүрлі болған.Норвегияда шаңғымен секіру өте жақсы дамыған,ал Японияда шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың әсерінен тау шаңғысы дамыды.
    1910 жылы Ослода бүкіл әлемдік шаңғышылардың конгрессінде он мемлекет қатысты.19 ғасыр ортасында Ресейде ұйымдастырылған спорттық жарыстар өтілді.
    1895 жылы 29 желтоқсанда Мәскеуде шаңғы тебушілердің ашылуы болды.
    Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар: шаңғы спортының тарихын толық меңгеру.
    Негізгі әдебиеттер:

    1.Березин В.Г, Бутин И.М Лыжный спорт М, Просвещение, 1973

    2.Бутин И.М. Воревьев В.А Лыжный спорт М, Просвещение, 1974

    3.Донской Д.Д спец упражнение лыжника – гоншика М, ФКиС 1978

    4.Евстратов В. Д. Коньковый ход М. ФКиС 1988

    5.Евстратов В. Д. Коньковый ход М. ФКиС 1989

    6.Антонова О.Н. Кузнецов В.С. Лыжная подготовка М, академия, 1999.

    7.Раменская Т.И спец подготовка лыжника М, Спорт-Академия-пресс, 2001.

    8.Осинцев В.В. Лыжная подготовка в школе М, Влады-пресс, 2001

    .9.О.Спасский.Хоккей.Физ. и Спорт.1983.

    Қосымша әдебиеттер тізімі:

    1. Правила соревневаний по лыжному спорту М, ФКиС, 2002.

    2.С.Н. Камысбекова, Ю.Г. Телегалиев С. Тайжанов, программа по фк для 5-11 классов, Алматы, 2000.




    написать администратору сайта