1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ. 1 технологиялы Блім 1 Таллий ндірісіндегі негізгі шикізат
Скачать 215 Kb.
|
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1 Таллий өндірісіндегі негізгі шикізат Химико-металлургиялық цехта таллий өндірісі үшін негізгі шикізат күйдіру учаскесінің индийлі рафинатты экстракциялағаннан кейін металлургиялық әдіспен алынатын сульфатты ерітінділері болып табылады. Таллийді алу экстракциялық әдіспен, яғни таза металл және құрамында 20-50 г/л кадмий бар таллийлі рафинат алу арқылы жүзеге асады. Кейін таллийлі рафинат гидролитикалық тазалауға ұшырайды және әрі қарай кадмий алу учаскесіне жіберіледі. Таллий экстракциясына түсетін ерітінді құрамы индий экстракциясына түсетін ерітіндіден айырмашылығы жоқ, оның мөлшері 5 мг/л аспауға тиіс индийді қоспағанда, басқа технологиялық параметрлерге сәйкес келу керек (1 - кесте). 1 – кесте Бастапқы ерітінді құрамы
1 – кестенің жалғасы
Таллий мен тазаланған таллийлі рафинат қоса алынатын индийлі рафинаттың қайта өңдеу схемасы:
алынатын таллийді алу;
2 – кестеде көрсетілгендей тазаланған таллийлі рафинатты алу үшін бастапқы шикізат таллийлі рафинат болып табылады [12]. 2 - кесте Таллийлі рафинат құрамы
Таллий экстракциясына арналған бастапқы ерітіндінің өрт-жарылыс қаупі бар, адам терісіне түскен жағдайда теріні тітіркендіреді, адам ағзасына түскен жағдайда ас қорыту жолдарының бұзылуына әкеп соғады [2]. Қолданар алдында ерітіндінің тығыздығы және қатты тұнбаның тұнып қалмауы визуалды түрде бақыланады. Температура 40 0 С болуы керек. Индий (рафинат) экстракциясынан кейін ерітінді өз ағынымен № 13 ячейкадан 12 бағдары бойынша түседі, осыдан насос арқылы таллий экстракциясына беріледі. 12 бағдары бойынша ерітінді көлемі 50 м3 аспауы тиіс. 1.2 Реагенттер Таллий өндірісінде қолданылатын реагенттер: техникалық күкірт қышқылы; ақшыл керосин; техникалық калий бихроматы; сусыздандырылған натрий сульфиті; техникалық йод; жарықтандыратын керосин; трибутилфосфат (ТБФ); сутегінің асқын тотығы; техникалық натрий гидроксиді; плиталар түріндегі мырыш металлы. Таллий рафинатын тазалауда қосымша түрде келесі реагенттер – техникалық кальцинирленген сода; «Magnafloc 10» типті флокулянт [1]. 1.3 Операциялар бойынша технологиялық процестің сипаттамасы 1.3.1 Таллий өндірісіндегі технологиялық процесс Таллий өндірісі келесі технологиялық процестерден тұрады:
таллийды алу.
брикеттеу.
1.3.2 Таллийды сульфатты ерітінділерден экстракциялау Таллийды экстракциялау экстракционды каскадта жүргізіледі, кері ағынды принциппен жұмыс істейтін (яғни, сулы және органикалық ерітінділер бір - біріне қарама – қарсы қозғалады) 7 титанды ячейкалардан тұрады (№ 1-7). Таллий экстракциясы № 1-4 ячейкаларда жүргізіледі, № 5-6 ячейкалар органикамен регенерацияланған рафинатты өңдеу үшін қолданылады, рафинат шығымын азайтады. № 7 ячейкада таллий реэкстракциясы жүргізіледі. Органикалық фаза тұйық шеңбер бойынша жүреді - № 1 ячейкадан шығып, № 7 ячейкаға реэкстракцияға түседі, одан барлық ячейкалардан шығып № 1 ячейкаға келеді және әрі қарай жалғаса береді. Таллийды алуда экстрагент ретінде құрамында 60-100 г/л йод бар тазаланған керосиндегі 50%-ті ТБФ ерітіндісі қолданылады. 12 бағдарынан индукционды ротаметрмен насос арқылы №1 ячейкаға бастапқы ерітінді түседі. №2 ячейкаға дозатор арқылы қысым резервуарынан сульфит немесе натрий бисульфиті барады .Тотықсыздандырғыш ағынының жылдамдығы 0-30 л/сағ. Сульфит немесе натрий бисульфиті йодты йод ионына дейін тотықсыздандырады, ол таллийдың йодидті комплекстарын түзу үшін қажет. Таллий экстракциясы № 1 – 4 ячейкаларда жүргізіледі. Таллиймен байытылған органикалық фаза №1 ячейкадан өз ағынымен №7 ячейканың араластырғыш камерасына реэкстракцияға түседі, оған қосылып сутегінің асқын тотығы (10-20 %) және күкірт қышқылы (550 г/л H2SO4) түседі. Сутегінің асқын тотығы ағыны жылдамдығы 30-70 л/сағ., күкірт қышқылы 90-100 л/сағ. №7 ячейкадан таллийлі реэкстракт 120б бағдарына өз ағынымен барады, онда 7 м3 – қа дейін толады. Регенерирациялау (яғни, таллийдан босату) органикалық фаза, құрамында тотықтырғыш мөлшері бар (сутегінің асқын тотығы) №6 ячейканың араластырғыш камерасына рафинатты өңдеу үшін түседі. Таллийлі рафинат № 6 ячейкадан өз ағынымен 17б бағдары бойынша түседі, одан автоматты түрде 73в бағдары бойынша барады да, тазаланған таллийлі рафинат алу үшін тазалауға жіберіледі. Аз мөлшерде экстракциядан кейін ерітінділер (құрамы – қышқылдылығы 20-30 г/л, мышьяк 1,8 г/л – ден көп емес) металлургиялық әдіспен күйдіру учаскесіне жіберіледі, ол жерде УОМС өнеркәсіптік өнімдерімен қосылып, 8а, 13а бағдары бойынша сорғытады және қорғасын пульпасы ретінде фильтрленеді [3]. 1.3.3 Негізгі параметрлер және процестегі химиялық реакциялар Сульфатты ерітінділерден таллий экстракциясы таллийдың йодидті комплекстарының түзілуіне негізделген, олар сулы фазада ерімейді, тек органикалық фазада жақсы ериді. Йод ионы түзілуі үшін натрий сульфиті қосылады: I2 + Na2SO3 + H2O Na2SO4 + 2HI. Йод ионы таллиймен сулы фазада әрекеттесіп, ерімейтін таллий йодидін түзеді: Tl2SO4 + 2I- 2TlI + SO42-. Таллийдің йодидті қосылыстары трибутилфосфатта ериді, таллий ТБФ – қа комплекс түрінде енеді TlJ х J2: TlI + I2 TlI х I2 немесе TlI3 TlI3 + 3ТБФ TlI3 х 3ТБФ. Сондықтан, таллийдың йодидті комплексы түзілуі үшін, органика құрамында кем дегенде 15-25 г/л артық йод болуы керек. Олай болмаған жағдайда, бірвалентті таллий йодиді органикалық ерітіндіде ерімейді де, экстракция кезінде үшінші фаза түзеді (органикамен сулы фазаның ортасында). Таллий реэкстракциясы келесі реакция теңдеуінде көрсетілген: 2(TlI3 3ТБФ) + H2O2 + H2SO4 Tl2SO4 + 2H2O2 + 3(I2 2ТБФ). 1.3.4 Таллий хроматтарын тұндыру 120 б бағдары бойынша түсетін таллийлі реэкстракт көлемі әр ауысым сайын бақыланып отырады. 120 б бағдары бойынша реэкстракт көлемі 7 м3, ол 120а бағдары бойынша сорғылады, ол жерде қыздырылып, реэкстракттағы артық мөлшердегі сутегінің асқын тотығын жою үшін 6-8 сағат бойы араластырылады. Осыдан кейін ерітіндідегі таллийдың мөлшерін анықтау үшін сынама алынады. Таллий мөлшерін анықтауда ерітіндіге порциямен калий бихромат ұнтағын (хромпик) қосады. 1 – 4 кг хромпикке 1 кг таллий ерітіндісі сәйкес келеді. Хромпикты ерітіндіден жүктеген кезде, таллий хроматтарының қызғылт сары түсті тұнбасы түзіледі. Таллий хроматтарын тұндыру операциясы соңында таллий мөлшері ерітіндіде 1,0 г/л- ден аспауы тиіс. Тұндыру процесі аяқталғаннан кейін араластыру тоқтатылады, пульпа 5-8 сағат тұрады. Ерітінді ыдырайды және № 9 репульпаторға барады, ал таллий хроматтарының пульпасы 120в бағдары бойынша сорғылады. Хроматтарды тұндыру 3-4 операциясынан кейін пульпа 120в бағдарынан 120а бағдарына сорғылады, ол жерде хроматтарды сулы қоспалы ерітінділерден 3 - 4 рет ыстық сумен тазартады. 120а бағдары бойынша 2 - 3 м3 су құйылады, араластырылады, 4-5 м3 – қа дейін судың көлемі жетуі тиіс, пульпа 1 сағат бойы ыстық бумен 55-60 0С – қа дейін қыздырылады. Араластыру тоқтатылады, пульпа 25-30 0С – қа дейін суытылады, 4 - 6 сағат тұруы керек. Ерітінді ыдырап, № 9 репульпаторға түседі, ал жуылған таллий хроматтарының тұнбасы ыдырап кетеді [7]. Таллий хроматтарын тұндыру процесі келесі реакция бойынша сипатталады: 2Tl + + Cr2 O7 2- Tl2Cr2O7. 1.4 Таллий хроматтарының ыдырауы, цементация және таллий губкасын брикеттеу 1.4.1 Тиеу тәртібі, мөлшерлеу және реттеу әдістері Жуылған таллий хроматтарының тұнбасы натрий сульфиті тотықтырғышының қатысында күкірт қышқылында ериді. Алынған ерітінді нутч – фильтрде фильтрленіп мырыш пластиналарындағы таллий цементациясына жіберіледі. 120а бағдары бойынша 2-3 м3 өндірістік су құйылады, пульпа күкірт қышқылымен тотығады, қышқылдылығы 50-60 г/л болуы тиіс, пульпа қыздырылады және порциямен натрий сульфиті ұнтағы енгізіледі. Сынамадағы таллий хроматтарының тұнбасын азайту үшін натрий сульфитін қосады, операция соңында қызғылт сары түсті хроматтар тұнбасы толығымен жойылады. Алынған ерітінді таллий мен қышқыл мөлшеріне анализденеді, 120 в бағдары бойынша нутч – фильтрде фильтрленеді. Фильтрат - қышқылдылығы 50-60 г/л болатын таллийге бай ерітінді 120 в бағдарынан насос арқылы таллий цементациясына беріледі. Алдын ала цементатордың жоғарғы жағына ілмекпен 15-20 шақты мырыш пластиналары ілінеді. Цементаторға ерітінді 2/3 көлемде құйылады, араластырылады, таллий мен қышқыл мөлшерін анықтау үшін сынама алынады. Цементация процесінде алынған таллийлі губка мерзімді түрде мырыш пластиналарынан цементаторға сілкініп отырады. Цементация процесі кезінде ерітінді температурасы бақыланып отырады, температура ерітіндіні ыстық бумен қыздыру арқылы 50-65 0С – қа тең ұстап отыру керек [11]. Операция соңы таллийдың калий йодиді ерітіндісімен әрекеттескенде тұнба түспеуімен сипатталады. Цементация аяқталғаннан кейін, ерітіндідегі таллий мөлшері бақыланып отырады және қораптың дренажды торынан 29 в бағдары бойынша немесе №9 репульпаторға сорылады. Қалдық таллийлі губка цементатордан жуылады, бірнеше рет сумен шайылады, брикетті прессте брикеттеледі. Таллийлі губка және таллий брикеттері тотығудың алдын алу үшін су астында сақталады. Брикеттеу жұмыс жасау қысымы 150 кг / см2 болатын брикеттеу пресінде жүргізіледі. Салмағы 2-4 килограмм болатын цилиндрлік дана болып табылатын брикеттер балқытуға жіберіледі [5]. 1.4.2 Негізгі параметрлер және процестегі химиялық реакциялар Суда еритін қоспалардан таллий хроматтарының тұнбасын шайып болған соң пульпаны таллийдың ерітіндідегі мөлшерін азайту үшін 25-30 0С – қа дейін суытады. Таллийдың ерітіндідегі қалдық мөлшері 1,0 г/л – ден аспауы тиіс. Қызғылт сары түсті таллий хроматтарының тұнбасы хроматтардың ыдырауына барады. Тұнбаның құрамында аз мөлшерде мырыш, темір, мыс, қорғасын бар. Таллийды тұнбадан ерітіндіге өткізу мақсатында ыдырау қышқыл ортада натрий сульфитімен жүзеге асады: 2Tl2Сr2O7 + 5Na2SO3 + 14H2SO4 Tl2SO4 +2Cr2(SO4)3 +5Na2SO4 +14H2O+3S Ыдырау кезінде пульпаны күкірт қышқылымен өңдейді, қышқылдығы 50-60 г/л және 70-80 0С – қа дейін қыздырады. 2,5 – 3 кг натрий сульфиті шығымы 1кг хроматтағы таллийға тең. Таллий ерітіндісі, г/л – таллий 25-45, күкірт қышқылы - 50-60, мышьяк 0,03-0,15, кадмий 0,1-3,0 мырыш пластиналарындағы таллий цементациясына түседі, ол мына реакцияда көрсетілген: 2Tl+ + 2Zn0 2Tl0 + Zn2+. Осы реакцияға қатысқан кадмий, мыс, қорғасын да мырыш пластиналарында таллиймен бірге губка ретінде тұнады. Цементация кезінде ерітінді қышқылдығы бақыланып отырады, рН - 2,0 - ден аспауы тиіс, ерітінді температурасы 50 - 65 0С. Цементациядан кейін таллий ерітіндісі құрамы, г/л: а) таллий - 0,1-0,5; б) қышқылдығы- 5-20; в) мышьяк - 0,02-0,1. Брикеттеуден кейін таллий губкасының құрамы, %: а) таллий - 88-95; б) мырыш - 0,5-5,0; в) қорғасын - 0,1-1,0; г) мыс - 0,01-0,2 [10]. 1.4.3 Технологиялық ережеден ауытқу мүмкіндіктері, олардың себептері және жою әдістері Таллий хроматтарының ыдырауы, цементация және таллий губкасын брикеттеуде технологиялық ережеден ауытқу мүмкіндіктері, олардың себептері және жою әдістері 3 – кестеде көрсетілген. 3 - кесте Технологиялық ережеден ауытқу мүмкіндіктері, олардың себептері және жою әдістері
1.5 Таллий брикеттерін маркалы металлға балқыту 1.5.1 Тиеу тәртібі, мөлшерлеу және реттеу әдістері Маркалы металл алу үшін таллий брикеттері электроқыздырғыш бакта сілтінің натрий селитрасы (NaNO3) қоспасымен қайта балқытылады. Балқыту мақсаты - маркалы металл Тл-1 алу үшін брикеттелген таллийды қоспалардан рафинирлеу. Рафинирлеу екі стадияда жүргізіледі. Бірінші стадия – брикеттерді тазартылмаған таллийге балқыту, қоспалардың көп бөлігі шлакқа (рафинирлеу) жіберіледі. Екінші стадия – тазартылмаған таллийды маркалы металлға балқыту. Каустикалық сода (сілті) ұсақталады және бакқа жүктеледі. Кейін бак қыздырылады. Пештегі температура 700 0С – қа жеткеннен кейін және сілті балқытқаннан кейін, пештегі температура 500 0С – қа дейін түседі. Бакқа бір – бірден таллий плиткаларымен брикеттер жүктеледі. Бакқа жүктеу арнайы қысқыштармен жүргізіледі. Бактағы температура 50 0С интервалда 20-30 минутта 700 0С – қа дейін көтеріледі. Барлық металл бакта балқытылғаннан кейін балқымаға араластырғыш жүктеліп, 10-15 минут араластырылады. Визуальды түрде балқыманың беті бақылауда болады. Көбік пайда болған кезде араластыру тоқтатылады, көбік кеткен соң қайтадан араластыру керек. Балқымаға порциямен металл массасына қарай 1-2 % натрий селитрасы жүктеледі, ал таллий брикеттерін тазартылмаған металлға балқыту кезінде натрий селитрасы мөлшері 0,2 - 0,5 %. Балқыту кезінде визуальды түрде сілтінің тұтқырлығы бақыланып отырады. Жоғары тұтқырлық сілтінің қоспаға бай екенін және рафинирлеу процесінің аяқталғанын көрсетеді [9] . Рафинирлеу процесінің аяқталғанын балқымадағы металл шариктері және металлдың тұтқырлығының үлкейгені көрсетеді. Тазартылмаған таллийды маркалы металлға балқыту кезінде таза металл қалыптасқанын балқыманың бетіндегі көпіршіктер және металлды кескенде металлда күлгін түс қалады. Сынаманы арнайы қалақшамен алады. Рафинирлеу процесі аяқталғаннан кейін пештен шыққан тазартылмаған таллий формаларға құйылады (құйма массасы 20 кг – ға дейін), ал маркалы металл кіші формаларға құйылады (құйма массасы 0,8-0,9 кг). Толығымен суытылғаннан кейін тауарлы таллий құймасы арнайы титаннан жасалған жәшіктерге салынады және тотығудың алдын алу үшін дистильденген сумен толтырылады. Металлды құю сілті пайда болғанға дейін жүзеге асырылады. Сілті маркалы металлға балқытудан кейін айналымда болады және таллий брикеттерін қоспамен байытуға жіберіледі. Қоспамен байытылған сілті бөлшектенеді және су толтырылған бакқа араластырғышпен бірге жүктеледі, ол 120 а бағдары бойынша орналасқан, ол жерде еріп, ерітінді таллий хроматтарының тұнуына жіберіледі [6]. 1.5.2 Негізгі параметрлер және процестегі химиялық реакциялар Таллийды балқыту температурасы 303 0С. Натрий селитрасы қоспасы бар сілті қабатындағы таллий брикеттерін немесе шойынды балқыту кезінде қорғасын, мыс, темір, кадмий, мышьяк сияқты металлдардың тотығуы жүреді: Ме + NaNO3 МеО + Na2O + N2 . Бұл қоспалар сілті балқымада ериді: MeO + NaOH Na2O х MeO + H2O. Балқу уақыты 7-9 сағат. Металл бойынша балқыманың массасы 150 - 200 кг. Байытылған және сілтілі балқымадағы таллий мөлшері 3-7 %. Тазартылмаған таллийдегі таза таллий мөлшері 97-98 %, қалғаны қоспалар (қорғасын, мырыш, кадмий, мыс және т.б.). Маркалы металлдағы таллий мөлшері 99,98 % - дан кем болмауы керек, 0,02 % жоғарыда айтылған қоспалар [4]. 1.5.3 Технологиялық ережеден ауытқу мүмкіндіктері, олардың себептері және жою әдістері Таллий брикеттерін маркалы металлға балқыту сатысында технологиялық ережеден ауытқу мүмкіндіктері, олардың себептері және жою әдістері 4 – кестеде көрсетілген. 4 - кесте Технологиялық ережеден ауытқу мүмкіндіктері, олардың себептері және жою әдістері
1.6 Таллийлі рафинатты гидролитикалық тазалау 1.6.1 Тиеу тәртібі, мөлшерлеу және реттеу әдістері Экстракция учаскесінен 17 б бағдары бойынша өтетін таллийлі рафинат 73 в бағдары бойынша түседі. 73в бағдарынан өтетін рафинат 76 б бағдарындағы агитаторға партиямен 30-40 м3 көлемде түседі. 76 б бағдарына өткен таллийлі рафинат араластырылады, кадмий, темір, мышьяк, сурьма, күкірт қышқылы, мыс мөлшерін анықтау үшін берілген ерітіндіден орта сынама алынады. 76 б бағдарындағы темір мен мышьяк ерітінділерінің сынамасы 70-75 0С температурада ыстық пармен қыздырылады және пульпа 6 – 12 сағат бойы араластырылады. Кейін ерітінді толық тотықтырылуы үшін 120-160 кг бертолле тұзы жүктеліп, 4 сағат араластырылады. 76 б бағдарындағы агитаторда пульпа қышқылдығы рН 3,8-4,5 болатын ізбес сүтімен бейтараптанады. По мере продувки из раствора выпадает светло-коричневый осадок гидрата Темір (III) гидратының ашық қоңыр түсті гидраты түседі, осыған байланысты пульпаның рН – ы төмендейді. Пульпадағы қажетті рН 4,0-5,5 мөлшері кальцинирленген содамен қалыпта тұрады. Тұрақты рН 4,0-5,5 мөлшері жеткенде 76б бағдарындағы агитатордан темір мен мышьяктың қалдық мөлшерін анықтау үшін ерітіндіден сынама алынады. Кейін «Magnafloc 10» типті флокулянт беріледі. 30 минуттан кейін араластырылу тоқтатылады, пульпа 6-8 сағат бойы тынып тұрады. Кейін пульпа фильтрациясы №10 фильтр прессте жүргізіледі. Фильтрат 76в бағдары бойынша жиналады, ал кек фильтр престен № 10 репульпаторға жүктеледі және № 7 репульпатордан 8а, 13а бағдары бойынша барады [4]. 1.6.2 Негізгі параметрлер және процестегі химиялық реакциялар Таллийлі рафинатты гидролитикалық тазалау сатысында тазалауға түсетін таллийлі рафинаттың құрамы 5 – кестеде берілген. 5 - кесте Тазалауға түсетін таллийлі рафинаттың құрамы
Ерітіндіден мышьяк, сурьма және темір мөлшерін жою үшін гидролитикалық тазалау жүргізіледі. Оттегімен және сутегінің асқын тотығымен темір +2 – ден темір +3 – ке дейін және мышьяк, сурьма +3 – тен мышьяк, сурьма +5 – ке дейін тотығады: Fe+2 + O2 → Fe+3 Fe+2 + H2O2 → Fe+3 + H2O Sb+3 + H2O2 → Sb+5 + H2O As+3 + H2O2 → As+5 + H2O. Пульпаның рН 3,8 - 4,5 - қа дейін бейтараптануы кезінде темір (III ) гидратты кекке тұнады: Fe+3 + OH- → Fe(OH)3. Бір уақытта сурьма және мышьяк үшвалентті темірмен гидратты кекке тұнады, сурьма мен мышьяктың бесвалентті қосылыстары үшвалентті қосылыстарына қарағанда жақсырақ тұнады: Fe(OH)3 + As+3 (Sb+3 ) → FeAsO3 (Fe SbO3 ) + H2O Fe(OH)3 + As+5 (Sb+5 ) → FeAsO4 (Fe SbO4 ) + H2O. Процесс ұзақтығы 8-16 сағат, температура 70-80 0С. Ерітіндідегі темірдің қалдық мөлшері 2г/л – ден көп емес, мышьяк 2 мг/л – ден көп емес (6 - кесте). 6 - кесте Тазаланған таллийлі рафинат құрамы
7 - кесте Тазаланған таллийлі рафинат пульпасының фильтрациясынан кейін алынған кектің құрамы
1.6.3 Таллий өндірісіндегі қауіпсіздіктің айрықша шарттары Таллийды және кадмийге бай ерітіндіні алу кезінде токсинды және жарылғыш қасиеттері бар реагенттер қолданылады, адам денсаулығына зиян тигізетін реагенттер – күкірт қышқылы, трибутилфосфат, керосин, йод, сутегінің асқын тотығы, калий бихроматы, күйдіргіш натр, натрий сульфиті, кальцинирленген сода. Таллий және құрамында таллий бар өндірістік тауарлар мышьяк және қорғасын сияқты жоғары токсинды болып табылады. Құрамында таллий бар материалдар адам ағзасына түскенде улану жүреді. Сондықтан жоғарыда айтылған материалдармен жұмыс жасағанда жеке бас гигиенасын сақтау қажет, жұмысты респиратормен, резиналы қолғапта , арнайы киіммен жасау керек. Құрамында таллий бар заттар адам терісіне түскен кезде дереу сумен шайып тастау керек. Тартпалы вентиляциясыз жұмыс жасау қатаң тиым салынады. 1.6.4 Таллий хроматтарын тұндыру учаскесі Таллий хроматтарын тұндыру процесі кезінде мышьяксутек бөлінуі мүмкін. Мышьяксутекке индикатор ретінде сынап бромиді ерітіндісімен нәрленген индикатор қағаздар болып табылады. Индикаторлы бромидті қағаздар әр аусым сайын AsН3 бөлінуі мүмкін жерлерде ілінуі керек. Мышьяксутектің бөлінуі натрий бихроматының таллий хроматтарына ерітіндіде тұнуы кезінде мүмкін, қышқылдығы жоғары (рН 1-1,5) және ерітіндіде мышьяктың мөлшері 2мг/л – ден жоғары. Сондықтан таллий хроматтарын тұндыру процесі, хроматтардың фильтрациясы кезінде ерітінді рН – ы 3,5 – тен кем болмауы тиіс және ерітіндідегі мышьяк мөлшері 2 мг/л – ден аспауы тиіс. Мышьяксутектің бөлінуі кезінде бромидті индикаторлы қағаз түсі ақтан сары немесе қоңыр түске өзгереді. 1.6.5 Таллий хроматтарының ыдырау учаскесі Таллий хроматтарының ыдырауы кезінде күкірт ангидридінің атмосфераға түсуі мүмкін. Таллий хроматтарының ыдырауы кезінде күкірт ангидридінің атмосфераға түсуінің алдын алу үшін келесі шараларды қолдану қажет: а) хроматтардың ыдырауы тек қосулы тартпалы вентиляцияда орындалады; б) 120 а бағдары бойынша ыдырауға түсетін натрий сульфиті тек қосулы араластырғышта порциямен жүктеледі. 1.6.6 Таллий цементациясы учаскесі Таллий цементациясы процесі барысында таллий ерітіндісінің мышьякпен кездейсоқ әрекеттесуі нәтижесінде мышьяксутек бөлінуі мүмкін. Цементация кезінде сутектің және мышьяксутектің қарқынды бөлінуінің алдын алу үшін келесі шарттарды орындау қажет: а) цементацияға таллий ерітіндісі 60 г/л қышқылдықпен жіберіледі; б) цементация кезінде ерітінді температурасы 65 0С – тан аспауы керек; в)мырыш пластиналары цементаторға 20 данадан артық орналастырылмайды; г) процесс қосулы тартпалы вентиляцияда жүреді; Цементатордан мышьяксутек бөлінгенде, келесі әрекеттер орындалады: а) "БКФ" маркалы противогаз кию; б) "в цехе газ" дабылын қосу; в) цементаторда араластыруды тоқтату, мырыш плиткаларын алып шығу; г) желдеткіш қосу; д) адамдарды учаскіден эвакуациялау; е ) комбинат диспетчеріне хабарды жеткізу . 1.6.7 Таллий рафинатын тазалау учаскесі Таллий рафинатын тазалауда, фильтрацияда, сорғылауда мышьяксутек бөлінуі мүмкін. Мышьяксутекке индикатор ретінде сынап бромидін сіңдірген қағаз қолданылады. Таллий рафинатын тазалауда ерітіндіге қышқылдылығы жоғары (рН=1,0-1,5), мышьяк мөлшері жоғары ( 20 мг/л – нан жоғары) активті металлдар түскенде мышьяксутек бөлінуі мүмкін. Цементатордан мышьяксутек бөлінгенде, келесі әрекеттер орындалады: - "в цехе газ" дабылын қосу;
Таллий ерітіндісімен жұмыс істеу кезінде технологияны кездейсоқ бұзуды болдырмау үшін келесі талаптарды орындаңыз:
8– кесте Таллий өндірісі технологиясының режимдік параметрлері
|