Пиза 3 сұрақтар жауабымен. 1. Тырыса бактериялар тудыратын жпалы ауру. Белгілері диарея жне су
Скачать 2.09 Mb.
|
Пиза 3 1. Тырысқақ - бактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Белгілері - диарея және құсу. 1854 жылдың тамызында Лондонда тырысқақ эпидемиясы болды. Ол кезде көпшілік тырысқақ қоздырғышы ауаның құрамында болады деп санады. Британдық дәрігер Джон Сноу бұл теорияға сенбеді. Сноу осы індеттен қайтыс болғандар санының қандай да бір заңдылыққа негізделгенін зерттеді. Ол аурудан қайтыс болғандардың әрқайсысының тұрғылықты жеріне байланысты аймақтарға бөліп, карта жасап шығарды. Джон Сноу тырысқақ ауруының таралуын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізе алар еді? Зерттеулер туралы ақпарат алу үшін «Ия» немесе «Жоқ» таңда.
2. Газетте жаряланған мақаланы оқып төмендегі сұрақтарға жауап бер. Кеше Смитвиллде бірнеше пышақ жарақатынан ер адам қайтыс болды. Полиция ол жерде төбелес болғанын және қылмыс болған жерден табылған қан дақтары зардап шегушінің қанына сәйкес келмейтіндігін хабарлады. Олар бұл қан кісі өлтірген қылмыскердікі болы мүмкін деп болжады. Қылмыскерді ұстап алу үшін криминалистер қанның үлгісінен ДНҚ кесіндісін дайындады. Бұл кесінді полицияның компьютерлік базасында сақталған қылмыскерлердің үлгілермен салыстырған кезде сәйкес келмеді. Екі адамнан алынған ДНҚ кесіндісі Суретегі бағандар ДНҚ үзінділері әртүрлі адамнан алынғандығын көрсетеді. Әр адамда саусақ іздері сияқты тек өзіне сәйкес келетін үзінділер болады. Олар арқылы бұл үлгі қай адамға тиесілі екенін анықтайды. Сол жағдайда Смитвилл полициясы барлық тұрғыннан ДНҚ сараптамасын тапсыруды сұрайды. Смитвилл полициясының қызметкері сержант Браун тұрғындарға: «Біз сіздердің ауыз қуыстарыңыздан сынама аламыз, оның ешбір зияны болмайды», - дейді. Сынамадан криминалистер ДНҚ алып одан суретте көрсетілгендей кесінділер әзірлейді. Бір жұмыртқалы егіздерден басқа кез келген екі адамның ДНҚ-сы сәйкес келу ықтималдығы 100 миллион адамның 1-де ғана кезігеді. Төменде сынама тапсыру үшін адамдарға ұсынған қауіпсіздік шаралары берілген. Әр тұжырымға «Келісемін» немесе «Келіспеймін» нұсқасын таңда.
3. Темекі шегу көрсету Кейбір адам темекі шегуден арылу үшін никотин пластырін қолданады. Пластырьді теріге жапсырады, никотин қанға өтеді. Бұл темекіге деген құштарлық пен темекіні тастаған кездегі абстиненция симптомын төмендетуге көмектеседі. Никотин пластырьлерінің тиімділігін зерттеу үшін темекі шегуді тастаймыз деп шешкен 100 адам кездейсоқ таңдалады. Бұл топты 6 ай бақылау қажет. Никотин пластырьлерінің тиіміділігін зерттеудің соңында неше адам темекі шегуді қайта бастағанын санау арқылы анықтайды. Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау Төмендегі нұсқалардың қайсысы ең жақсы зерттеу жоспары бола алады? A. Топтағы барлық адам пластырь тағады. B. Никотин пластырін темекі шегуді тастауды шешкен жалғыз адамнан басқаларының барлығы тағады. C. Темекі шегуді тастау үшін пластырьді қолдануды адамдардың өздері таңдайды. D. Топтағы кездейсоқ алынған адамдардың жартысы пластырь қолданады, жартысы қолданбайды. 4. 1993 жылы Брессон-Вильедегі (Франция) Ұлттық ауылшаруашылық институты ғалымдары 5 бұзауды клондап алды. Клондау ( әртүрлі енеден туса да, бірдей генетикалық материалға ие жануарлар) – күрделі процесс. Алдымен ғалымдар сиырдан шамамен 30 жұмыртқа жасушасын бөліп алды (бұл сиырды шартты түрде Бланш 1деп атады делік). Ғалымдар Бланш 1-ден алынған жұмыртқа жасушаларынан ядроларын алып тастады. Басқа сиырдан (оны Бланш-2 делік) эмбрионын алды. Бұл эмбрион шамамен 30-дай жасушадан тұрады. Ғалымдар осы Бланш 2-ден алынғани эмбрионды жеке жасушаларға бөлді. Содан кейін осы жеке жасушалардың әрқайсысынан да ядроларын алып тастады. Бланш 2 жасушаларынан алынған ядроларды Бланш 1-ден алынған отыз шақты жасушаның ішіне салды. (Бланш 1-дің отыздай жасушасынан ядролары алынып тасталған). Соңында ядролары ауыстырылған отыздай жасушаны 30 суррогат сиырға енгізді (имплантация). Тоғыз айдан соң суррогат сиырдың бесеуі клон бұзауларды туды. Ғалымдар осы әдіс арқылы клондауды кең көлемде қолдану малшаруашылығы үшін қаржылай тиімді деп атап көрсетті. Француз ғалымдарының сиырларға жасаған тәжірибесінің негізгі идеясы нәтиже арқылы дәлелденді. Француздық тәжірибеде қандай негізгі идеяны тексеруге болар еді? Француздықтәжірибедесиырлардыңжұмыртқажасушаларыналып, суррогатсиырларғаеңгізуарқылыбұзаулардыклондаумүмкінбедегенидеяныісжүзінеасырылды. Отызжасушаларды 30 суррогатсиырларғаеңгізуарқылыдүниегекелетінбұзауларклоныныңсанынанықтауғаболады. Жауаптолыққабылданады Код 1: Негізгітиістіидеяұсынылады. Бұзаулардыклондаумүмкінбедегенидея. Дүниегекелуімүмкінбұзауларклоныныңсанынанықтау. Жауап қабылданбайды Код 0: Бұзаулар/сиырлар туралы деректер немесе клондау туралы ой болмаса. Егер «осы әдіс арқылы клондауды кең көлемде қолдану малшаруашылығы үшін қаржылай тиімді» деген қайталанса. Сиырлардың барлық жасушалары бірдей. Клондауды жаппай қолдану қолжетімді. [Ескерту: «жаппай» сөзі бұл жерде қолданылмайды]. Басқа жауаптар. Код 9: Жауап болмаса. 5. Желден энергия өндіруабын көрсету Жағдаят типі: жергілікті Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау Адамдардың көпшілігі электр энергиясын өндіру үшін мұнай мен көмірді жел қуатымен алмастыру керек деп санайды. Суретте жел күшімен айналатын қалақшалары бар желқондырғылар көрсетілген. Қалақшалар айнала отырып, генераторларда электр энергиясы өндіріледі. Төмендегі кестеде төрт түрлі аймақтағы жыл бойындағы желдің орташа жылдамдығы көрсетілген. Желдің генераторы үшін қай график ең қолайлы? A. B. C. D. 6. Қуаттың аздығы қаражатты үнемдейді Жағдаят типі: жаһандық Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау Жарықдиодты жарық шамдарын шығаратын нидерландтық өндірушінің кітапшасын оқып шығыңыз.
Бұл жарықшамдар кәдімгі 25 Вт қызу жарықшамдары сияқты жарық береді. Біз жарықдиодты жарықшам мен қызу жарықшамдарының қуатын салыстырамыз. Жарықдиодты жарықшамдарды пайдалануда 25 Вт қызу жарықшамдарымен салыстырғанда қанша есе үнемді? A. 2 есе B. 8 есе C. 12,5 есе D. 50 есе 7. Жаттығулар Суды тазарту Жағдаят типі: жаһандық Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау Кейбір елдерде таза ауызсу мәселелері бар. Осы мәселелерді шешу үшін су конусын пайдалану ұсынылды. Ішінде лас суы бар құты аузына су конусы кигізіледі. Төменде су конусын пайдаланудың нұсқаулығы берілген. Күніне қақпакқа 60 MДж энергия түседі. Одан пайдаланылатыны – 1%. 1 л. суды буға айналдыру үшін 0,38 MДж энергия керек. Су конусы күніне неше литр таза су береді? A. 1 литрден аз B. 1 литрден 2 литрге дейін C. 2 литрден 4 литрге дейін D. 4 литрден көп 8. S8_0149 Жомарт жаттығудың алдында тамыр соғысының жиілігін тексерді.Оның тамыры минутына 70 рет соқты. Ол бір минут жаттығып, тамыр соғысының жиілігін қайта тексерді. Содан соң ол әр минут сайын бірнеше минуттан тексерді. Ол алған нәтижелерін көрсету үшін диаграмма сызды. Оның нәтижелері бойынша қандай қорытынды жасауға болады? А.оның тамыр соғысының жиілігі минутына 50 ретке дейін жоғарылады Б.оның тамыр соғысының жиілігі көбеюіне қарағанда, азаюына аз уақыт кетті С.оның тамыр соғысының жиілігі төрт минут өткен соң минутына 80 рет болды Д.оның тамыр соғысының жиілігі 6 минуттан аз уақытта қалпына келді 9. S8_0151 Бауыржан температураның қанттың судағы еруіне әсерін зерттеу үшін 1 литр суда қантты әр түрлі температурада еріту арқылы эксперимент жасады. Содан соң ол өзінің қорытындыларын графикке түсірді. Төмендегі графиктің қайсысы Бауыржанның қорытындыларын дұрыс көрсетеді? А. С. Б. Д. 10. S8_0153 Ғалымдардың пікірінше суретте бейнеленген тастар бұрын тұтас бір тас болған. Тастың екі бөлікке бөлініп кетуіне судың қандай қасиеті көбірек әсер етті? А.қатты күйге айналу кезінде су кеңейеді Б.су 1000 С-да қайнайды С.судың тығыздығы тастың тығыздығына қарағанда төмен Д.су көптеген заттарды ерітеді |