ТӘЖ САБАҚ. 1 ТӘЖ САБАҚ. 1тжірибелік саба. Лескикология пні. Зерттелуі
Скачать 26.17 Kb.
|
1-тәжірибелік сабақ. Лескикология пәні. Зерттелуі. 1.1 Лексикология саласына қатысты библиографиялық көрсеткіш Бағалануы: –20 % 1.2 Қазақ тілінің генеологиялық және типологиялық белгілеріне қысқаша шолу, қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен төркіндігін, оның өзіне тән ерекшеліктерін саралау. Қысқаша конспек. Негіз: Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы (Оқу құралы), - Алматы: Санат, 1997. §1-10 Бағалануы: – 30 % 1.3 Тақырыпқа қатысты дәріс, конспект, тапсырмаларда қарастырылған мәселелерге қатысты сұрақ-жауаптар, түрлі тест тапсырмаларына жауап беру. Бағалануы: – 50 % Ескерту: Конспект қысқа, нұсқалығымен бағаланады. Кез келген тақырып міндетті түрде ауызша сұрақ-жауап, тест немесе бақылау тапсырмалары негізінде бағаланады. Жауабы: 1. 1955 жылы К. Ахановтың «Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері» 1979 жылы Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі зат есім синонимдері» 1970 жылы «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы», Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев «Қазіргі қазақ тіліннің лексикологиясы мен фразеологиясы» 1977 жылы жарық көрген еңбек. Еңбек фразеологияны жеке сала ретінде бөліп алуымен ерекшеленеді. А.Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» 2008 жылғы еңбегінде «Сөз жүйесі» бөлімінде де тың, жан-жақты пікірлер берген. 1.2. Ана тіліміздің қашан, қалай қалыптасқаны әлі күнге нақты ғылыми тұрғыда айтылмай келеді, өйткені қазақ жерін мекендеген сан мың тайпалар мен тайпалық одақтар сан алуан болды. Ертедегі скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, сармат тайпаларының тілінен бастау алған тіл сан мыңдаған кезеңдерден өтті. Орта ғасырлардағы Орхон-Енисей жазуларындағы руналық жазу-көне түркі тілі. Бұл түркі тектес халықтардың ортақ тілі ретінде саналды. Бұл кезең, яғни VI-VIII ғасырлар түріктердің, қарлұқ, қимақ, оғыз, ұйғырлардың қалыптасу дәуірі. Орта Азия жерін зерттеуші орыс, еуропа ғалымдары қазақ тілінің XIV-XV ғасырларда пайда болғанын алға тартады, себебі бірнеше тайпалардың бірігіп, бір халық болу генезисі осы кезеңге тән. Көне жазудағы тіл мен қазіргі қазақ тілінің арасында едәуір айырмашылық бар. Кейбір сөздер фонетикалық өзгерістермен қатар, лексика- грамматикалық өзгерістерге ұшыраған. Ал 1920-40 жылдардағы латын әліпбиін қолдану кезеңінде де біршама айырмашылықтар байқалды. Тілдің орфографиялық мәселесінен гөрі орфоэпиялық айтылу нормасына көбірек мән берілді. Яғни көпшілік қалай айтса, сол норма деп танылды. Кейіннен бұл сөздер жүйеге түсті. Лексикология - белгілі бір тілдегі сөздерді зерттейтін ғылым. Осы орайда, қазақ тілі сөздік қоры мен құрамы жағынан бай тілдердің қатарына кіреді. Қазақ тілі сөздік қоры жөнінен 600 мың сөзбен үшінші орынды иеленсе, ағылшын тілі араб тілінен кейінгі 700 мың сөзбен екінші орынды иеленеді. Одан кейінгі орында испан, қытай, орыс тілдері саналады. Бұл сөздік қор саны бойынша рейтинг. Ал сол тілде сөйлейтін адамдар саны жағынан алдыңғы орындарда қытай, ағылшын, араб, орыс, неміс француз тілдері құрайды. Тілдерді топтастыру екі түрлі принципке негізделеді: генеологиялық және типологиялық. Генеологиялық классификация тілдің шығу генезисі, тегі, ұлттар тіліне байланысты. Олар тілдік семья тұрғысынан үнді-европа, семит-хамит тілдеріне жіктеледі. Тілдік семьялардың өзі бірнеше топтардан тұрады. Ағылшын тілі генеологиялық тұрғыдан үнді-европа тілдерінің ішіндегі герман тобына жатқызылса, қазақ тілі семит-хамит тілдерінің ішіндегі түркі тілдері тобынының батыс бөліміне тән [1, 120]. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, ағылшын тілі мен қазақ тілінің типологиясы мен генеологиясы екі түрлі. Типологиялық классификация тілдердің құрылымдық, морфологиялық негіздеріне сүйенеді. Типологиялық зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, бір-бірімен ешқандай туыстығы жоқ тілдер фактілері де салыстырылады. Бұл әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, ол туралы әр елдің көрнекті ғалымдары пікір айтқанымен, бұл мәселе күні бүгінге дейін бірізді шешімін тапқан жоқ. Салыстырмалы сөздіктер жасауда, шетел тілдерін оқытуда бұл әдіс кеңнен қолданылады. бұл Дүние жүзі тілдері типологиялық жағынан мынадай топтарға бөлінеді: Флективті Аглютинативті (жалғамалы) Даралаушы Полнейнтетикалық Жалғамалы тіл мен флективті типтердің арасында айырмашылықтар мен қатар ұқсастықтар да байқалады. Флективті тілдердің өзі аналитикалық және синтетикалық типке бөлінеді. Синтетикалық тип қосымша арқылы, яғни аффикстерден құралады. Бұған үнді-европа тілдері жатқызылады. Аналитикалық типті роман, герман тілдері құрайды. Басты ерекшелік көмекші сөздердің қосылуы. Аглютинативті тілдерде сөз құрамында аффикстердің әрқайсысы көбінесе дара мағына болып, бір қызмет атқарса, флективті тілдерде бір аффикс бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп, әр түрлі қызмет атқарады [3,85]. Тілде анализ, синтез, классификация тәсілдерін қолдана отырып оқыту-ең тиімді метод. Осы бағытта жүзеге асырсақ, үш тұғырлы тіл саясатының жүзеге асуына серпін бермек. Халықаралық алты тілдің (ағылшын, қытай, орыс, неміс, француз, араб) ішіндегі ағылшын тілін меңгеру-қазіргі ел жастарының алдына қойып отырған басты мақсаты. Салыстырмалы түрде оқытуды фонетикадағы әріп, дыбыс және фонема ұғысдарынан бастаған жөн. Қазақ тілі латын әліпбиіне ауысқан жағдайда 32 әріпті құрайды.
|