Главная страница

КВЖ СЕССИЯ дайын. 1. Трикуспидалды апаша андай тесікті жабады


Скачать 0.93 Mb.
Название1. Трикуспидалды апаша андай тесікті жабады
Дата30.11.2021
Размер0.93 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКВЖ СЕССИЯ дайын.docx
ТипДокументы
#286887
страница10 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

83. Жүректің қан айдаудағы баллистикалық құбылысын жазып алу ... деп аталады:

А. Аускультация

Б. Перкуссия

В. Баллистокардиография

Г. Динамокардиография***

Д. Дұрыс жауап жоқ

84. Жүректің бұлшық етті қабаты ... деп аталады:

А. Миокард **

Б. Перикард

В. Эндокард

Г. Адвентиция

Д. Эпикард

85. Стандартты тісшелердегі ең биік ЭКГ толқыны әдетте:

А. S

Б. P

В. Q

Г. R***

Д. Т

86. Еттің ширығуы және қысқаруы қалай аталады?

А. Жүректің босаңсуы

Б. Жүректің жиырылуы***

В. Жүректің соғуы

Г. Жүректің қалыпты болуы

Д. Жүректің жиілеуі

87. Жүректің негізгі қызметі?

А. Қан тамырлар жүйесіне көмірқышқыл газын айдау

Б. Қан тамырлар жүйесіне минералды заттарды айдау

В. Қан тамырлар жүйесіне қан айдау ***

Г. Қан тамырлар жүйесіне бейорганикалық заттарды жеткізу

Д. Дұрыс жауап

88. Қарынша диастоласы қанша кезеңнен тұрады?

А.5

Б. 1

В. 3***

Г. 4

Д. 2

89. Қан қысымын өлшейтін аспап:

А. Пульсоксиметр

Б. Пульсотахометр

В. Спирометр

Г. Тонометр ***

Д. Вискозиметр

90. Жүректің жиырылуын сирететін зат:

А. Тироксин

Б. Серотонин

В. Ацетилхолин***

Г. Кальций

Д. Норадреналин

91. Ультрадыбыстық зерттеу әдісі:

A. Электрокардиография

Б. Эхокардиография***

В. Векторкардиография

Г. Динамокардиография

Д. Баллистокардиография

92. Адамның жүрегі орта есеппен минутына неше рет соғады?

А. 89-105 рет

Б. 90-100 рет

В. 45-55 рет

Г. 60-80 рет ***

Д. Дұрыс жауап жоқ

93. ЭКГ –да «Т» тісшесі қалай сипатталады:

А. Жүрек ұшының қозу

Б. Жүрек негізінің қозу***

В. Миокардта зат алмасу

Г. Қарыншаның қозу

Д. Жүрекшеден қарыншаға қозудың өтуі

94. Жүректен тыс жолмен реттелу қалай аталады?

А. Интрокардиялық

Б. Экстракардиялық ****

В. Миокардиялық

Г. Биокардиялық

Д. Стомокардиялық

95. Вена қанын жүректің оң жүрекшесінен зонд арқылы алу әдісі?

А. Реография әдіс

Б. Фиктің әдісі***

В. Стюарт және Гамильтонның әдіс

Г. Рефрактерлік әдіс

Д. Гомоестерлік әдіс

96. Жүрек салмағы?

А. 100-150 г

Б. 150-200 г

В. 300-350 г

Г. 250-300 г ***

Д. 150-200 г

97. Тамырлардың тонусына қандай жүйке әсер етеді?

А. Гуморальді

Б. Нейрогуморальді

В. Эндокринді

Г. Вегетативті жүйке

Д. Дұрыс жауап жоқ

98. Жүректің сыртқы қабаты ... деп аталады:

А. Перикард

Б. Миокард

В. Эндокард***

Г. Нексус

Д. Дұрыс жауап жоқ

99. Қанды жүрекке әкелетін тамырлар?

А. Лимфа капиллярлары

Б. Зат алмасу веналары

В. Артериола**

Г. Үлкен қуысты веналар

Д. Лимфалар

100. Жүрек пен тамыр жүйесін Б.М. Ткаченко қызметіне орай нешеге жіктеді?

А. 5

Б. 7

В. 9

Г. 6

Д. 8***

101. Вагустың тонусы не арқылы өзгереді?

А. Босаңсу арқылы

Б. Соғу арқылы***

В. Жиырылу арқылы

Г. Рефлекс арқылы

Д. Әлсіреу арқылы

102. Жүрек етінің зат алмасу қарқынын, қоректенуін қамтамасыз етеді?

А. Сезімтал жүйке

Б. Жиілетуші жүйке

В. Әлсіретуші жүйке

Г. Сиретуші жүйке

Д. Трофикалық жүйке ***

103. Физиологиялық тұрғыда саркоплазмада қандай ионның саны көбейгенде актин мен миозин жіпшелері арасындағы көлденең көпіршелерінің саны көбейеді?

А. Al2+

Б. Mg2+

В. K2+

Г. Mn2+

Д. Ca2+

104. Диастола деген:

А. Жүрек соғысы

Б. Жүрек соғысының төмендеуі

В. Жүректің жиырылуы

Г. Жүректің босаңсуы ***

Д. Жүрек соғысының жоғарылауы

105. Ұзақ уақыт жүректің абсолютті рефрактерлік кезеңінің мәні неде?

А. Жүрек бұлшықетінің нашар созылуына ықпал етеді***

Б. Кенеттен жүректің тоқтап қалу қаупін тудырады

В. Жүрек бұлшықетінің жақсы созылуына ықпал етеді

Г. Бұлшықеттің жиырылуы үшін энергияны үнемдейді.

Д. Миокардты өте жиі қайта қозудан қорғайды

106. Максималды қан қысымы кезінде пайда болады:

А. Атриальды диастолалар

Б. Қарыншалық систолалар

В. Қарыншалық диастолалар***

Г. Жалпы диастолалар

Д. Дұрыс жауап жоқ

107. Рециркуляция дегеніміз не?

А. Қанның қалыпты ағуы

Б. Қанның екініші бөлікке тасымалдануы

В. Қанның оттегіге қанығуы

Г. Қанның кері ағуы

Д. Дұрыс жауап жоқ***

108. Қарынша диастоласының ең ұзақ кезеңі?
А. Пресистолалық
Б. Изометрлік босау
В. Қанға толу кезеңі ***
Г. Протодиастола
Д. Ширығу

109. Тонустың төмендеуі нені білдіреді?
А. Қозудың әлсіреуі ***
Б. Пульстың жиілеуі
В. Қозудың жоғарлауы
Г. Қысымның жоғарылауы
Д. Қысымның төмендеуі

110. Ең ірі қан тамыр қалай аталады?

А. Артерия
Б. Вена
В. Аорта***
Г. Прекапилляр
Д. Капилляр

111. Артериалық пульс дегеніміз:

А. Асистолияның дамуында болатын тербеліс күші
Б. Артериалық қысымның төмендеуіне байланысты қан тамырлар қабырғасы тербелісі
В. Қысымның көтерілуіне байланысты қан тамырлар қабырғасының тербелуі

Г. Систола мен диастола мезгілінде аортадағы қан қысымының өзгеруінен болатын артерия керегесінің тербетілісі ***
Д. Дұрыс жауап жоқ

112. Артериалық пульстің сипаттамасына жатпайды

А. Жиілігі

Б. Шапшаңдылығы
В. Ырғақтылығы

Г. Барлық жауаптар дұрыс ***
Д. Қанға толуы

113. Жүрек тондарын (дыбыстарын) тіркеу әдісі

А. Баллистокардиография

Б. Аускультация

В. Фонокардиография ***

Г. Перкуссия

Д. Векторокардиография

114. Транскапиллярлық алмасу қамтамассыз етіледі:

А. Пиноцитозбен

Б. Диффузия жолымен

В. Фильтрациямен

Г. Реабсорбциямен

Д. Барлық аталғандармен ***

115. Гемомикроциркуляциялық арнаға кіретін тамырлар

А. Артериялар

Б. Ұсақ артериолалар мен венулалар ***

В. Лимфа тамырлары

Г. Веналар

Д. Дұрыс жауап жоқ

116. Орталықтан тебетін жүрек нервтерінің Павлов атаған жігіне жатпайтын нервтер:

А. Әлсіретуші

Б. Сиретуші

В. Жүрек қызметін тежеуші***

Г. Күшейтуші

Д. Жиілетуші

117. Қан ағысының көлемдік жылдамдығы деп:

А. Қан тамырлардың тұрақты диаметрі арқылы белгілі уақыт арасында өтетін қан көлемі ***

Б. Систола кезінде жүректен шыққан қан мөлшері

В. Белгілі бір уақыт ішінде қан бөлігінің айналып өткен жолы

Г. Қанның үлкен қан айналым шеңберінен айналып өтуге керекті уақыты

Д. Жүректен шыққан қан мөлшері минутіне

118. Микроциркуляция көрсеткіштеріне жатпайды:

А. Қан ағысының сызықтық жылдамдығы

Б. Транскапиллярлық алмасу

В. Қанның рН дәрежесі ***

Г. Қан қысымы

Д. Барлық жауап дұрыс емес

119. Электрокардиограмма бойынша жүрек қызметін сипаттайтын көрсеткіштің қайсысы анықталмайды

А. Жүрек жиырылуының жиілігі мен ырғақтылығы

Б. Жүрекшеден қарынша қозудың өту жылдамдығы

В. Қарыншадағы систола мен диастола ұзақтығы

Г. Қарынша қуыстарындағы қысым ***

Д. Жүректің жиырылу күші

120. Қан тамырын қозғалтатын орталық деп нені айтамыз?

А. Үздіксіз қозуды айтамыз

Б. Тамырдың орталығы

В. Тамырлардың кенеюі

Г. Диаметрін өзгерту

Д. Тамыр түтігінің диаметрін өзгертетің орталық ***

ГИСТОЛОГИЯ

  1. Қан тамырларының эмбриональді шығу тегі: мезенхима

  2. Артерия мен венаның ішкі қабығындағы эндотелий асты қабатының тіні: борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

  3. Қан мен лимфа тамырларының ішкі қабығын тыстайтын эпителий: эндотелий

  4. Жүректің миокарды мен эпикардының эмбриональді шығу тегі: спланхнотомның висцеральді жапырақшасының миоэпикардиальді пластинкасы

  5. Эндокардтың эмбриональді шығу тегі: мезенхима

  6. Эндокард жүректің камерасы жағынан мыналардың қайсысымен астарланады: эндотелимен

  7. Жүректегі тегіс салалы ет жасушаларының орналасқан жері: эндокардта

  8. Миокардтағы жұмысшы ет талшықтары өзара немен байланысқан: анастомоздармен

  9. Миокардтың негізін түзетін қайсысы: жиырылғыш кардиомиоциттер

  10. Перикард перикардиальді қуысы жағынан немен астарланады: мезотелимен

  11. Жиырылғыш кардиомиоциттердің миофибриллалары неге бекінеді: қыстырма дискілер маңындағы плазмолеммаға

  12. Жиырылғыш кардиомиоциттердің цитоплазмасындағы түйіршіксіз эндоплазмалық тордың құрамындағы иондары: кальций

  13. Жиырылғыш кардиомиоциттердегі Т-түтікшелері мыналардың қайсысымен байланысып диада түзеді: саркоплазмалық тордың түтікшелерімен

  14. Пуркинье талшықтарының жасушалары мына қосындылардың қайсысының көп болуымен ерекшеленеді: гликогеннің

  15. Жүректің өткізгіш жүйесінің Пейсмекер жасушаларындағы ең көп кездесетіні : кальций бос иондары

  16. Жүректің (ритмнің) жиырылғыштық қасиетінің бұұзылуы мыналардың қайсысына байланысты:Жүректің өткізгіш жүйесіне.

  17. Кардиомиоциттердің арасында иондардың алмасуы мыналардың қайсысы арқылы жүреді:Саңылау(нексустар)

  18. Жүректің автоматтық жұмысын қамтамасыз ететіндер:Пейсмекер жасушалары.

  19. Қарындашағы жиырылғыш кардиомиоциттердің бойлық кесіндідегі пішіні:Тікбұрышты.

  20. Миокардтағы жұмысшы бұлшық ет талшықтарының өзара байланысы мыналардың қайсысы арқылы жүзеге асады:Анастомоздар.

  21. Жиырылғыш кардиомиоциттердің ерекшелігі:Митохондриялары өте көп.

  22. Биік тауға көтерілген кезде жүректің гипоксиясынан ең бірінші болып бұзылатын мына кардиомиоциттердің қайсысы:Жиырылғыш.

  23. Секреторлы кардиомиоциттердің пішіні:Өсінділі

  24. Жүректің фунциональді ет талшықтарындағы жиырылғыш кардиомиоциттері өзара мыналардың қайсысымен байланысты:Қыстырма дискілермен

  25. Синустық жүрекше түйініндегі жасушалардың ең көбі:I типтік өткізгіш кардиомиоциттер-Пейсмекер жасушалары

  26. Жүрекше-қарынша түйініндегі ең көбі:II типтік өткізгіш кардиомиоциттер-ауыспалы жасушалар

  27. Жүрекше-қарыншылық (Гисса)шоғыр мен оның аяқшаларында мынылырдың қайсысы болады:III титпік өткізгіш кардиомиоциттер

  28. Жиырылғыш кардиомиоциттер мыналардың қайсысында болады:Миокардта

  29. Эпикардтың құрамында болатыны:Мезотелимен тысталған жұқа дәнекер тінді пластинка

  30. Синусоидты капиллярдың құрылыс ерекшеліктері :Үзілген базальді мембранасы мен эндотелиінде саңылаулары бар

  31. Висцеарльді типті капиллярлар мыналардың қайсысына тән:Эндокринді бездерге

  32. Майда қан тамырлар арнасынан қанды алып шығатын тамырлар:Венулалар

  33. Құрамында гиалуронидаза бар жылан мен өрмекшілердің уы капиллярдың қабырғасынан өте тез өтіп кетеді.Мұндай өткізгіштік қасиет капиллярдың қабырғасындағы қандай құрылымға байланысты:Базальді мембранаға

  34. Тамырлар қабырғасының электронды микросуретінде эндотелиальді жасушалар көрінеді.Бұл жасушаларға сыртқы дәнекер тінінен филаменттер келіп бекінген,тамырдың базальді мембранасы суретте көрінбейді.Мұндай құрылыс ерекшелігі тамырлардың қайсысына тән:Лимфатикалық капилляр

  35. Капиллярлардың базальді мембранасының тармақталған жерінде орналасатын құрылымы қайсысы:Перициттер

  36. Тін сұйықтығындағы дренаждық қызмет атқаратын тамыр қайсысы:Лимфатикалық капиллярлар

  37. Қан капиллярының эндотелиінің цитоплазмасында ең көбі мыналардың қайсысы:Пиноцитоздық көпіршіктері

  38. Эндотелиінде жұқарған жері бар,базальді мемранасы тұтас капиллярлар мына мүшелердің қайсысында болады:Бүйректе

  39. Эндотелиінде саңылаулары бар,базальді мембранасында үзілген жерлері болатын гемокапиллярлар мына мүшелердің қайсысында орналасады: Көкбауырда

  40. Артериоланың ортаңғы қабығының құрамында:1-2 қабат тегіс салалы ет жасушасы

  41. Пішінсіз қуысы кең қабырғасы тек эндотелий жасушаларынан тұратын тамыр қайсысы:лимфа капилляры

  42. Майда қан тамырлар арнасының құрамында:артериолалар,капиллярлар,венулалар

  43. Капиллярларға қан мыналырдың қайсысынан өтеді:артериоладан

  44. Артерия қаны венаға капиллярсыз өтетін болса,ол мына тамырлардың қайсысына жатады:артериоловенулярлы анастомоздарға

  45. Лимфа капиллярларының құрылыс ерекшелігі:базальды мембранасы болмайды

  46. Синусоидты капиллярлар мына мүшелердің қайсысында болады:көкбауырда

  47. Қан мен тіндердің арасындағы зат алмасу процесі мына тамырлардың қайсысы арқылы жүзеге асады:капиллярлар

  48. Капиллярлар қабырғасының ортаңғы қабатының құрамында:базальды мембранаға бекінген перициттер

  49. Капиллярлардың қабырғасындағы сыртқы қабатының құрамында:аморфты заттағы адвентициальды жасушалары мен ретикулинді талшықтар

  50. Майда қан тамырлар арнасынан қан мына тамырлардың қайсысына өтеді:веналарға

  51. Майда қан тамырларының арнасының құрамындағы капиллярды қанмен қамтамасыз ететін қан тамыры қайсысы:артериола

  52. Электронды микросуретте қатысы эритроциттерге толы, қабырғасы үш қабаттан тұратын қан тамырының көлденең кесіндісі көрінеді. Бірінші қабатында цитоплазмасында анық көрінетін микропионицитозды көпіршіктері бар жалпақ жасушалар базальді мембранаға бекінген. Ал екінші қабаты базальді мембранаға бекінген перициттерден, үшінші қабаты адвентициальді жасушалардан тұратын қай қан тамыры:Е)гемокапиллярлар

  53. Ортаңғы қабығының құрамында 50-70 эластинді терезелі мембраналары бар мына тамырлардың қайсы:қолқа

  54. Қолқаның ортаңғы қабығының құрамында эластинді құрылымдарының басым болуы неге байланысты:қанның гемодинамикасына

  55. Эластинді типті артерияның ортаңғы қабығының құрамындағы ең басымы қайсысы:терезелі эластин талшықтары

  56. Веналардың қабырғасындағы миоциттердің саны мен орналасу ерекшеліктері мыналардың қайсысына байланысты:қанның гомодинамикасына

  57. Қабырғасында қақпақшалары бар қан тамырын табыңыз:Етті элементтерді күшті дамыған вена

  58. Венозды қақпақша дегеніміз:Ішкі қабығының қатпары

  59. Диаметрі орташа,эндотелий асты қабаты нашар дамыған,ортаңғы қабығының құрамында аздаған ғана тегіс салалы ет жасушалары бар,ішкі және сыртқы эластинді мембраналары болмайтын қан тамыры қайсысы:Етті элементтері нашар дамыған етті вена

  60. Қабырғасындағы үш қабығында да көптеген тегіс салалы ет жасушалары болатын тамыр қайсысы:Етті элементтері күшті дамыған етті вена

  61. Қабырғасы базальды мембранаға бекінген эндотелиальді жасушалардан тұратын және сырты борпылдақ дәнекер тінді жұқа қабатпен қоршалып,сыртқы тіндерімен байланысатын тамыр қайсысы:Етсіз вена

  62. Ет типті артерияның ортаңғы қабығындағы ең көбі кайсысы:тегіс салалы ет жасушалары

  63. Гематоксилин-эозинмен боялған препаратта диаметрі 2 мм-дей тамыр көрінеді. Бұл тамырдың қабырғасының қабықтарының арасында ішкі жәнк сыртқы эластинді мембраналары жақсы байқалады. Тамырдың ортаңғы қабығында көптеген айналмалы орналасқан, тегіс салалы ет жасушалары болатын тамырды анықтаңыз;ет типті артерия

  64. Орсеин бояуымен боялған қан тамырлардан дайындалған екі препарат берілген. Препараттың бірінді ішкі және сыртқы эластинді мембраналары көрінеді, сонымен қоса үш қабығының құрамында да эластинді талшықтар болады. Ал екінші препаратта көптеген жуан эластинді мембраналар ортаңғы қабығында да жақсы байқалады. Бұл қан тамырлары мыналардың қайсына жатады:етті және эластинді артериялар

  65. Орталық қан түзетін мүшелерге жататындар: тимус, сүйектің қызыл кемігі

  66. Шеткі қан түзетін мүшелердің шығу тегі: мезенхима

  67. Шеткі қан түзетін мүшелердің стромасын түзетіні: ретикулярлы тін

  68. Сүйектің қызыл кемігінің стромасын түзетін тін: ретикулярлы

  69. Миелопоэз мына мүшелердің қайсысында жүреді: сүйектің қызыл кемігінде

  70. Сүйектің сары кемігі қайда орналасады: түтікше сүйектерінің диафизінде

  71. Сүйектің қызыл кемігінің паренхимасын түзетін тін: миелоидты

  72. . Сүйектің қызыл кемігінің эритробласттық аралшықтардың құрамында: эритроидты жасушалар мен макрофагтар

  73. Сүйектің сары кемігінің құрамындағы пигменттің түрі: липохромдар

  74. Сүйектің қызыл кемігінің гемопоэтикалық аралшықтарындағы эритробласттарға ферритинді, эритропоэтинді және Д3 витаминін беретін жасушалар: макрофагтар

  75. Ересек адамның қан түзетін мүшесінде мегакариоциттердің, эритробласттардың, миелоциттердің бар екені байқалды. Бұл мына мүшелердің қайсысы: сүйектің қызыл кемігі

  76. Тимустың эмбриональді шығу тегі: энтодерманың үшінші және төртінші желбезек қалталары

  77. Қан түзетін мүшелердің қайсысы қанға тимозин, тимулин, тимопоэтин гормондарын бөледі: тимус

  78. Бөліктерінде қыртысты және боз заты бар қан түзетін мүше:Тимус

  79. Тимус бөліктерінің стромасын түзетін қайсысы:Эпителиоретикулярлы жасушалар

  80. Жасқа байланысты инволюциясы байқалатын,иммунды қорғаныс қызмет атқаратын мүше:Тимус

  81. Тимустағы эпителиальді денешігі немесе Гассаль денешігі құрамында:Мүйізделген эпителиоретикулиоциттер

  82. Гематотимустық сүзгінің ең негізгі қызметі:Антигендерден сақтау

  83. Күшті тітіркендіргіштердің әсерлерінен акцидентальді инволюцияға ұшырайтын қан түзетін мүше:Тимус

  84. Эпителиоретикулярлы жасушаларының демеуші қызметін атқаратын түрлерінің орналасқан жері:тимус

  85. Тимуста а-тимозин,тимулин,тимопоэтиндерді бөлетін жасушалары:секреторлы

  86. Тимустағы эпителиоретикулярлы жасушаларының қайсысы гематотимустық сүзгіге қатысады:периваскулярлы

  87. Тимустың эпителиоретикулярлы жасушаларының қайсысы лимфоциттердің аутореативтік селекциясына қатысты:дендритті

  88. Лимфа түйінінің эмбриональді даму тегі:мезенхима

  89. Лимфа түйіндерінде көбейіп дифференцияланатын жасуша қайсысы:Т-және В-лимфоциттері

  90. Лимфа түйініндегі дендритті жасушалардың орналасқан жері: лимфатикалық түйіндері

  91. Лимфа түйінінде интердигитациялық жасушалардың орналасқан жері: қос қыртысты аймақ

  92. Көк бауырдың лимфа түйініндегі көбею орталығында мыналардың қайсысы болады: пролиферацияланатын В-лимфобласттар, дифференцияланатын плазматикалық жасушалар, дендритті жасушалар мен макрофагтар

  93. Лимфа түйінінің қос қыртысты аймағында мына жасушалардың қайсысы болады: Т-лимфоциттер, интердигитикалық жасушалары

  94. Лимфа түйіндерінің жұмсақ баулары мыналардан тұрады: пісіп жетілетін плазмоциттер мен макрофагтардан

  95. Лимфа түйіндерінде Т-лимфоциттердің көбеюі мен дифференциалануы қайсысында жүреді: қос қыртысты аймағында

  96. Лимфа түйінде В-лимфоциттердің пролиферациясы мен дифференциялануы мыналардың қайсысында жүреді: лимфатикалық фолликулдарында

  97. Лимфа түйініне келетін лимфа тамырлары мыналардың қайсысына келіп құйылады: капсула астындағы синусына

  98. Лимфа түйіндердегі синустарының қызметі: сүзгі

  99. Лимфа түйіндердегі синустары мыналардың қайсысы тыстайды: жиектегі жасушалар

  100. Лимфа түйіндеріндегі плазмоциттер қайда пісіп жетіледі: жұмсақ бауларында

  101. Тәжірибеде жануардың лимфа түйініне лимфа сұйығын әкелетін лимфа тамырына бояу жіберілген. Бұл бояуды лимфа түйінінің қай жасушасынан байқауға болады: макрофагтардан

  102. Көк бауырдың эмбриональды дамуындағы бастамасы: Мезенхима

  103. Көк бауырдың сыртын тыстайтын: Мезотелий

  104. Қан түзетін мына мүшелердің қайсысының паренхимасы ақ және қызыл пульпаға бөлінеді: Көкбауырдың

  105. Көк бауырдың ақ пульпасының құрамында болатындары: Лимфоциттер

  106. Көк бауырдың қызыл пульпасының құрамындағы қан жасушараның ең көбі: Ескірген эритроциттер

  107. Ескірген эритроциттердің ыдырауы-бұзылуы мен фагоцитозы қайда жүреді: Көкбауырда

  108. Көк бауырдан дайындалған гистологиялық препараттарда темір құрамының жоғары екені анықталады. Бұл көкбауырда болатын мыналардың қайсысына байланысты: Ескіріп жойылған эритроциттерге

  109. Көк бауырдың қызыл пульпасының пульпарлы бауларында қай жасушалардың пайда болуы жүреді : Плазмоциттердің ізашарларынан пісіп жетілген плазмоциттер

  110. Мына мүшелердің қайсысының лимфа түйіндерінде орталық артериясы болады: Көкбауырда

  111. Көкбауырдағы лимфоидты фолликулдың реактивті орталығында болатындары: Пролиферацияда B-лимфобласттар , дифференциацияда плазмоциттер , макрофагтар мен дендритті жасушалар

  112. Көкбауырдың лимфоидты фолликулының периартериалды аймағында болатындары: Т-лимфоциттер,интердигитациялық жасушалар

  113. Қан айналу жүйесінде шашақты артериоласы болатын қан түзетін мүше қайсысы:көкбауыр

  114. Қан айналым жүйесінде артериальді және венозды гильзасы болатын қан түзетін мүшесі:көкбауыр

  115. Көкбауырдың лимфоидты фолликулынан мыналардың қайсысы өтеді:орталық артериясы

  116. Шашақты артериолалардан басталатын көкбауырдың ашық қан айналым жүйесіндегі гемокапиллярлар мыналардың қайсысына ашылады:қызыл пульпасына

  117. Шашақты артериолалардан басталатын көкбауырдың тұйықталған қан айналым жүйесіндегі гемокапиллярлар қайда өтеді:венозды синустарына



1.

Капиллярдың А , Б , В , Г, Д әрпімен белгіленген құрылымы:

А- адвентициальді жасуша

Б- эндотелиоцит

В- эритроцит

Г- перицит

Д- базальді мембрана

2.Тамырлы-нерв жігінде А , Б, В, Г әрпімен белгіленген құрылымы:

А- нерв

Б-Артерия

В-вена

Г-май тіні





3. Жүрек қабырғасындағы А, Б, В, Г әрпімен белгіленген құрылымы :

А-эндокард

Б-миокард

В- эпикард

Г-Пуркинье талшықтары

4.Тимустың А,Б,В әрпімен белгіленген құрылымы: А- Гассаль денешігі

Б- бөліктің қыртысты заты

В- бөліктің боз заты



5.Лимфа түйінінің А,Б,В,Г,Д,Е,Ж әрпімен белгіленген құрылымы:

А- лимфа фолликулы

Б-Лимфаны әкелетін тамыр

В- трабекула

Г- капсула

Д-капсула астындағы синусы

Е-аралық синус

Ж- боз затындағы баулары

6. Көкбауырдың А,Б,В әрпімен бегліленген құрылымы:

А-капсуласы

Б- ақ пульпасы

В- қызыл пульпасы



7.Миндалинаның А,Б,В,Г,Д,Е әрпімен белгіленген құрылымы:



А-криптасы

Б-көп қабатты мүйізделмеген эпителиі

В-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы

Г- фолликул аралық аймағы

Д- лимфа фолликулдары

Е-кілегейлі асты негізі
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта