Главная страница

Аналитикалық химия. Аналитикалық химия пәні. Аналитикалы химия пні, оны рылымы, масаты мен міндіттері


Скачать 14.72 Kb.
НазваниеАналитикалы химия пні, оны рылымы, масаты мен міндіттері
АнкорАналитикалық химия
Дата17.03.2022
Размер14.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАналитикалық химия пәні.docx
ТипДокументы
#402009

  1. Аналитикалық химия пәні, оның құрылымы, мақсаты мен міндіттері.

Аналитикалық химия – химиялық қоспаларды тану тәсілдері мен олардың құрамын, құрылымын анықтау әдістерін зерттейтін ғылым. Ерте заманнан адам әр нәрсенің түр-түсі, иісі, дәмі, қаттылығы бойынша қарапайым тәсілдер қолданып заттарды ажырата алған. Сол кездің өзінде заттарды қайта кристалдау, сүзу және айдау арқылы тазарта білген.

Құрылымы.

Аналитикалық химияның білім саласы ретінде үш функциясын ажыратуға болады:

1.Талдаудың жалпы мәселелерін шешу (мысалы, оның метрологиясын дамыту).

2.Аналитикалық әдістерді әзірлеу.

3.Талдаудың нақты мәселелерін шешу (мысалы, пестицидтердің аналитикалық химиясын құру).

Мақсаты.

Аналитикалық химияның мақсаты-заттың немесе заттар қоспасының сапалық және сандық құрамын анықтау. Осыған сәйкес аналитикалық химия екі үлкен бөлімнен тұрады –сапалық және сандық талдау.

Міндеттері:

1.Заттың (органикалық немесе бейорганикалық)табиғатын анықтау;

2.Жекелеген құрамдастардың (иондар, молекулалар, атомдар) орналасу нысанын және элементтердің тотығу дәрежесін анықтау;

3.Басты (негізгі) құрауыштың және ондағы бөгде қоспалардың, сондай-ақ аса таза техникалық объектілердегі микроқоспалардың құрамы мен құрамын айқындау;

4.Белгісіз қосылыстың формуласын құру;

5.Құрылымдық элементтер мен қосылыс құрылымын құру.

2) Аналитикалық химия пәнінің қолданбалы мәселелері.


написать администратору сайта