Главная страница

Бақылау сұрақтары 7. 1. Туберкулез диагнозы бар науастарды тіркеу екі санат бойынша жзеге асырылады


Скачать 30.82 Kb.
Название1. Туберкулез диагнозы бар науастарды тіркеу екі санат бойынша жзеге асырылады
Дата27.01.2021
Размер30.82 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБақылау сұрақтары 7.docx
ТипДокументы
#171754

Бақылау сұрақтары 7

1. Туберкулез диагнозы бар науқастарды тіркеу екі санат бойынша жүзеге асырылады:

1) сезімтал туберкулез – бактерия бөлетін немесе бактерия бөлмейтін өкпе және өкпеден тыс сезімтал туберкулездің барлық жаңа және қайталанған жағдайлары;

2) дәрілерге көнбейтін туберкулез – дәрілерге көнбейтін туберкулезбен зертханалық расталған туберкулез жағдайлары.

Тіркеу кезінде сезімтал туберкулез науқастары мынадай типтерге бөлінеді:

1) "жаңа жағдай" - бұрын ешқашан туберкулезге қарсы препараттарды қабылдамаған немесе оларды бір айдан кем уақыт қабылдаған науқас;

2) "рецидив" – бұрын бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеудің толық курсын қабылдап, "сауықты" немесе "ем аяқталды" деген ем нәтижесі анықталған науқаста кейіннен бактерия бөлу анықталған пациент;

3) "сәтсіз ем" – бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен бірінші немесе қайта жүргізілген емдеу курсы сәтсіз болған пациент;

4) "үзілістен кейінгі ем" – қақырық микроскопиясының нәтижесі оң және емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін қайта бастаған пациент;

5) "ауыстырылды" – Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша туберкулезбен ауыратын науқасты аударуға жолдамамен және ол туберкулезбен науқас ретінде тіркелген амбулаториялық картасынан немесе сырқатнамасынан үзінді көшірмемен емдеу немесе емдеуді жалғастыру үшін басқа ұйымнан (мекемеден) келген пациент. Емдеу аяқталғаннан кейін оның нәтижесі бастапқы тіркеу ұйымына жіберіледі;

6) "басқалар" – жоғарыда аталған типтерге сәйкес келмейтін туберкулездің барлық қайталанған түрлерін қамтиды (бактерия бөлмейтін өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез). Мұндай әрбір жағдай диагноз гистологиялық және/немесе бактериологиялық әдістермен дәлелдеуді талап етеді.
2. Дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын немесе оған күдікті науқастарды тіркеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) зертханалық расталған рифампицинге көнбейтін туберкулезбен;

2) көптеген дәрілерге көнбейтін, зертханалық расталған туберкулезбен;

3) бірінші қатардағы препараттармен "сәтсіз ем" нәтижесі бар полирезистентті туберкулезбен (көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулездің даму ықтималдығы жоғары);

4) зертханалық расталған ауқымды дәрілерге көнбейтін және ауқымды дәрілерге көнбес бұрын туберкулезбен;

5) екінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен жүргізілген ем сәтсіз болған (ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулездің даму ықтималдығы жоғары);

6) алдыңғы емделу барысында көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез анықталған, бірақ бірінші немесе екінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем курсын "жазылды" немесе "ем аяқталды" нәтижелерімен аяқтаған пациенттерде ауру қайталанған жағдайда;

7) алдыңғы емделу барысында көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез анықталған және бірінші немесе екінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем курсын "ем тәртібін бұзды" нәтижесімен аяқтаған пациенттерді ем жүргізуге қайта алған жағдайда;

8) қысқартылған режимде емдеудің тиімсіз режимін (дәріге көнбеушіліктің артуы, клиникалық әсердің болмауы, препараттарды қабылдаудың түпкілікті тоқтатылуына әкеп соққан елеулі жағымсыз құбылыстар) алатын пациенттер;

9) ауқымды дәрілерге көнбес бұрын және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен қарым-қатынастағы туберкулезбен ауыратын пациенттер.

Дәрілерге көнбейтін туберкулезді тіркеу келесі түрлер бойынша жүргізіледі:

1) "жаңа жағдай" – бұрын ем қабылдамаған немесе ем басталғанға дейін жүргізілген дәрілік сезімталдыққа тест нәтижесі сезімтал туберкулезді емдеудің қарқынды кезеңі аяқталғанға дейін дәрілік тұрақтылықтың болуын растаған 1 айдан кем емделмеген пациент. Көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезі емдеу басталғанға дейін зертханалық расталған алғашқы анықталған пациенттер аудандық тіркеу журналында тіркеледі;

2) "сәтсіз ем":

бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеудің қарқынды кезеңі аяқталғаннан кейін жағындының конверсиясы жоқ дәрілік сезімталдығы сақталған, моно- және полирезистенттілігі бар немесе дәрілік сезімталдық мәртебесі белгісіз пациент;

дәрілік сезімталдығы сақталған, моно - және полирезистенттілігі бар немесе дәрілік сезімталдық мәртебесі белгісіз, демеуші фазада немесе бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеу соңында бактерия бөлу қайта басталған пациент;

кең дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез зертханалық расталмаған немесе екінші қатардағы препараттарға дәрілік сезімталдыққа тест нәтижелері жоқ бактерия бөлетін пациент, бұл ретте екінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеудің бірінші немесе қайта емдеу курсы нәтижесінде "сәтсіз ем" нәтижесі бар;

3) "рецидив" – бұрын "емделді" немесе "емдеу аяқталды" деген нәтижемен бірінші немесе екінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен ем алған, бактерия бөлетін және дәріге көнбейтін зертханалық расталған туберкулезбен ауыратын пациент;

4) "үзілістен кейінгі емдеу" – бактерия бөлетін және дәрілерге көнбейтін туберкулезбен зертханалық расталған, 2 және одан да көп айға үзілістен кейін туберкулезге қарсы препараттармен емдеуді қайта бастаған пациент;

5) "ауыстырылған" – туберкулезге қарсы ем тағайындау немесе жалғастыру үшін басқа мекемеден туберкулезбен ауыратын науқасты ауыстыруға жолдамамен және стационарлық немесе амбулаториялық медициналық картасынан үзінді көшірмесімен келген дәрілік тұрақтылығы бар туберкулезбен ауыратын науқас;

6) "басқалары" – өлшемшарттары жоғарыда аталған түрлерге сәйкес келмейтін жағдайларды қамтиды (бактерия бөлусіз барлық қайталанған жағдайлар).
3. Туберкулезбен ауырған науқас аурудың типы бойынша және емнің соңғы нәтижесіне байланысты қалай тіркеледі?

Туберкулез науқастары мынадай типтерге бөлінеді:

1) "жаңа жағдай" - бұрын ешқашан туберкулезге қарсы препараттарды қабылдамаған немесе оларды бір айдан кем уақыт қабылдаған науқас;

2) "рецидив" – бұрын бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеудің толық курсын қабылдап, "сауықты" немесе "ем аяқталды" деген ем нәтижесі анықталған науқаста кейіннен бактерия бөлу анықталған пациент;

3) "сәтсіз ем" – бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен бірінші немесе қайта жүргізілген емдеу курсы сәтсіз болған пациент;

4) "үзілістен кейінгі ем" – қақырық микроскопиясының нәтижесі оң және емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін қайта бастаған пациент;

5) "ауыстырылды" – Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша туберкулезбен ауыратын науқасты аударуға жолдамамен және ол туберкулезбен науқас ретінде тіркелген амбулаториялық картасынан немесе сырқатнамасынан үзінді көшірмемен емдеу немесе емдеуді жалғастыру үшін басқа ұйымнан (мекемеден) келген пациент. Емдеу аяқталғаннан кейін оның нәтижесі бастапқы тіркеу ұйымына жіберіледі;

6) "басқалар" – жоғарыда аталған типтерге сәйкес келмейтін туберкулездің барлық қайталанған түрлерін қамтиды (бактерия бөлмейтін өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез). Мұндай әрбір жағдай диагноз гистологиялық және/немесе бактериологиялық әдістермен дәлелдеуді талап етеді.

Сезімталдығы сақталған белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар емінің аяқталуы:

1) "емделіп шықты" - емнің соңындағы және кем дегенде оның алдындағы айда жағынды немесе өсінді қорытындысы бар емдеу басталу сәтіне бактериологиялық растаумен өкпе туберкулезі бар пациент;

2) "ем аяқталды" - терапияның толық курсын аяқтаған және тиімсіз емдеу белгілері жоқ, бірақ емдеудің соңғы айы ішінде немесе ең болмаса бір рет қақырық жағындысының немесе өсіндінің қорытындылары теріс болуы туралы (зерттеу жүргізілмегендігі себепті, немесе қорытынды болмауының салдарынан) деректері жоқ пациент;

3) "сәтсіз ем" - егер науқаста:

туберкулез микобактериясының изониазид пен рифампицинге сезімталдығы сақталған жағдайда, дәрілік сезімталдыққа тест нәтижелері белгісіз болса немесе полирезистенттілік анықталып, емнің 5-айында және одан кейін қақырық микроскопиясы оң нәтижелі болса;

қақырық жағындысының конверсиясынан кейін бактерия бөлу қайта жаңарса;

басында теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы емнің қарқынды кезеңінің соңында оң болып, туберкулез микобактериясы изониазид пен рифампицинге сезімталдығы сақталса, дәрілік сезімталдыққа тест нәтижелері белгісіз болса және полирезистенттілік анықталса;

басында теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы дәрілік сезімталдыққа тест нәтижесінің қандай болғанына қарамастан емнің қолдау сатысында оң болса;

4) "қайтыс болды" – пациент ем алғанға дейін немесе химиотерапия курсы барысында қандай да бір себептен қайтыс болса;

5) "кейінгі бақылау үшін жоғалту" – туберкулезбен ауыратын пациент емді 2 ай (немесе одан да көп) қатарынан үзген немесе емдеуді бастамаған;

6) "нәтиже бағаланбаған" – емдеу нәтижесі анықталмаған туберкулезбен ауыратын пациент. Бұған басқа медициналық бөлімшеге "ауыстырылған" жағдайлар, сондай-ақ емдеу нәтижелері есептілікті жүзеге асыратын бөлімшеге белгісіз жағдайлар кіреді;

7) "екінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеуге ауыстырылды" – көптеген дәрілерге немесе ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезі зертханалық расталған науқас, өкпеден тыс туберкулезі бар пациентте көптеген дәрілерге немесе ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезге күдіктену және көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған балада бактерия бөлмейтін туберкулез анықталса.

Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезі бар балаларда "сәтсіз ем" нәтижесі клиникалық-рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.
4. Амбулаториялық ем туберкулезге қарсы ұйымдардың бөлімшелерінде, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және стационарды алмастыратын технология жағдайында жүргізіледі.

- Амбулаториялық емдеуге бактерия бөлмейтін науқастар жатады.

- Бактерия бөлетін науқастар кемінде күнтізбелік 10 күн аралықта кезең-кезеңмен алынған микроскопияның екі теріс нәтижелерін алғанан кейін амбулаториялық емге ауыстырлады.

- амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымы айына 1 рет аумақтық туберкулезге қарсы ұйымдардан туберкулезге қарсы препараттарды алады және кемінде 7 күндік шығыспен препараттардың тұрақты ең төменгі қорына ие болады. Амбулаториялық емге туберкулезге қарсы препараттарды есепке алу және жұмсау ТБ2 нысаны бойынша туберкулезге қарсы препараттар журналында тіркеледі. Туберкулезге қарсы препараттар қозғалысы туралы есеп (ТБ 13 нысаны) туберкулезге қарсы ұйымдарға ай сайын беріледі.

- Бөліп ішу режимінде туберкулезге қарсы препараттарды қабылдайтын науқас амбулаториялық емге ауыстырылған дейін күнтізбелік 10 күн ішінде туберкулезге қарсы препараттардың 5-тобын қоспағанда бір рет қабылдауға ауыстырылады.

- Науқасты амбулаториялық емге ауыстырғанға дейін күнтізбелік 10 күннің ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі емді жалғастыру жағдайы туралы ақпаратты: тікелей бақыланатын емді жүргізу орнын, туберкулезге қарсы препараттардың болуын, жанама әсерлерді диагностикалау және емдеу мүмкіндіктерін, әлеуметтік көмек көрсету түрін нақтылайды.
5. Туберкулезге қарсы немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдардың тікелей бақыланатын ем кабинетіне амбулаториялық емге жіберген кезде, № 907 бұйрықпен бекітілген № ТБ 01/е немесе IV санатының № ТБ 01/е картасы беріледі.
6. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек химизаторы дәрігерді амбулаториялық емге алғаш келген туберкулез науқасы туралы хабардар етеді.

  • Көрсетілімдері бойынша 10 күнде кемінде 1 рет арнайы ем қабылдайтын туберкулез науқастарын – туберкулезге қарсы ұйымдардың дәрігерлері немесе амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарының учаскелік дәрігерлері тікелей бақыланатын ем жүргізу орнына қарай жиі қарап-тексереді.

  • Туберкулезге қарсы ұйымдардың диспансерлік бөлімшелерінде немесе амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарында туберкулезге қарсы препараттардың жанама әсерлері және арнайы ем қабылдайтын туберкулез науқастарының қосалқы аурулары бойынша симптомдық және патогенетикалық ем жүргізу жағдайлары көзделеді.

  • Жоғары қауіп топтарының туберкулез науқастарына әлеуметтік қызметкер және психолог психоәлеуметтік қолдау көрсетеді.

  • Бір химизаторға жүктеме тәулігіне 20 аспайтын науқасты құрауы тиіс.


7. Үйдегі стационар бактерия бөлмейтін немесе дәрігердің тәуліктік бақылауын қажет етпейтін және стационарды алмастыратын технологияның өзге жағдайларында бақыланатын ем алуға мүмкіндігі жоқ қақырықтың конверсиясына қол жеткізгеннен кейін туберкулез науқастарына тікелей бақыланатын ем жүргізу мақсатында ұйымдастырылады. Үйдегі стационар туберкулезге қарсы медициналық ұйымдарға және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға емделу үшін күнделікті келуге кедергі келтіретін қосалқы аурулары бар, уақытша қозғалыс проблемаларымен тікелей бақыланатын ем кабинетіне өз бетінше келу мүмкіндігі жоқ науқастарға – егде адамдарға, жүкті әйелдерге, емізулі баласы бар әйелдерге, жалғыз басты аналарға және мүмкіндігі шектеулі, адамның иммунтапшылығы вирусы/жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы бар адамдарға ұйымдастырылады.
8. Үйдегі стационар туберкулезге қарсы медициналық ұйымдарға және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға емделу үшін күнделікті келуге кедергі келтіретін қосалқы аурулары бар, уақытша қозғалыс проблемаларымен тікелей бақыланатын ем кабинетіне өз бетінше келу мүмкіндігі жоқ науқастарға – егде адамдарға, жүкті әйелдерге, емізулі баласы бар әйелдерге, жалғыз басты аналарға және мүмкіндігі шектеулі, адамның иммунтапшылығы вирусы/жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы бар адамдарға ұйымдастырылады.
9. Мобильді топ бактерия бөлмейтін немесе дәрігердің тәуліктік бақылауын қажет етпейтін және стационарды алмастыратын технологияның өзге жағдайларында бақыланатын ем алуға мүмкіндігі жоқ (босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар әйелдер, мүмкіндігі шектеулі науқастар) қақырықтың конверсиясына қол жеткізгеннен кейін туберкулез науқастарына тікелей бақыланатын емді қамтамасыз етеді.

- Мобильді бригадаға жүктеме тәулігіне 1 бригадаға 10 науқастан аспауы тиіс.

- Фтизиатр-дәрігер науқастың емін мобильді топпен туберкулез науқасының үйіне бара отырып, 10 жұмыс күнінде бір рет бақылайды.
10. Бактерияның шығарылуына қарамастан туберкулез процесінің полирезистенттілігі және клиникалық-рентгенологиялық нашарлауы болған кезде және емдеудің төрт айын күтпестен "IV санатқа ауыстыру" деген нәтиже қойылады және науқас дәрілік сезімталдыққа тест деректеріне сәйкес стандартты және жеке емдеу режімін тағайындау үшін IV санатқа ауыстырылады;

- көптеген немесе ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулез расталған кезде "IV санатқа ауыстырылды" деген нәтижемен науқас IV санатқа ауыстырылады;
11. Диспансерлік есеп және қадағалау төмендегi топтар бойынша жүргізіледі:

1) нөлдiк топ (0) – туберкулез белсендігінің күмәнi бар адамдар;

2) бiрiншi топ (I) – белсенді туберкулезі бар науқастар;

3) екiншi топ (II) – туберкулез белсендігі жоқ адамдар;

4) үшiншi топ (III) – туберкулезбен сырқаттану қаупi жоғары адамдар.

(0) топта төмендегілер бақыланады:

1) медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулез ауруының белсенділігін жоққа шығару және анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күдік туғызатын адамдар;

2) туберкулезге қарсы ұйымдарына диспансерлiк есепке алынбаған, туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап анықтауды және ауруды ажыратып, анықтауды талап ететiн балалар.

0 топтың адамдарына туберкулин диагностикасын (2 туберкулин бірлігі бар Манту сынамасы оң нәтижелі болған балаларда туберкулезді рекомбинантты аллергені бар сынама жүргізіледі) қоса алғанда зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, аспаптармен қарап-тексеру және басқа да зерттеу әдістері жүргізіледі. Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділігі басқа клиникалық-зертханалық әдістерімен дәлелденеді.

0 топтың адамдарына туберкулезге қарсы препараттарды қолдануға жол берілмейді. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсендігі түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулин сынамасы сипатындағы инфекциялық этиология анықталған кезде, бала III Б тобына ауыстырылады.
12. I топта бактерия шығаратын және бактерия шығармайтын кез келген оқшаулаудағы туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастар бақылауда болады:

1) I А - туберкулез сезімталдығының жаңа және қайталама жағдайлары бар (I санат);

2) I В - дәрілерге көнбейтін барлық жағдайлар (IV санат);

3) I Г - науқастар:

"емнің сәтсіздігімен" аяқталған екінші және/немесе үшінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеу курсын аяқтағандар;

туберкулезге қарсы препараттарға толық көнбеудің нәтижесінде "емнің сәтсіздігімен" аяқтаған бактерия шығаратын науқастар.
13. III топта туберкулезбен аурудың жоғары қаупі бар адамдар байқалады және мынадай топтарға бөлiнедi:

1) III А – туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастан байланыста болғандар; ТБ болған өлімнің бұдан бұрын белгісіз ошағынан;

2) III Б – балалар, "туберкулездің микробактерияларын жұқтырған, алғаш айқындалғандар";

3) III В – Кальметте-Герен Бацилласы вакцинасын еккенде жанама әсерлері бар балалар.
14. I Г тобында бақыланатын науқастарға туберкулезге қарсы препараттармен ем жүргізілмейді. Көрсеткіштеріге сәйкес симптоматикалық (патогенетикалық) ем, коллапсотерапия мен хирургиялық ем әдiстерiн қоса, қолданылады.


написать администратору сайта