Тұрлыбай Ә.. 1. в вирусты гепатиті
Скачать 28.33 Kb.
|
1. В вирусты гепатиті (ағылш. Hepatitis B virus, HBV) — ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. 1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі – сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы. ВГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам және созылмалы тасымалдаушылар болып табылады. Зақымдану механизмі: 1. парентеральді; 2. қан. Берілу жолдары: Табиғи және жасанды, сонымен қатар теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж). Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары: 1. қан; 2. плазма; 3. эритроциттер; 4. фибриноген; 5. протромбин. Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі: тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. ВГВ-мен 12 жасқа дейінгі балалалар және 30 жастан асқан адамдар ауырады. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі. Клиникасы ВГВ вирус бауыр паренхиманы, яғни гепатоциттерге тробты болады. 1. сарғаю; 2. сарғаюсыз; 3. клиникалық көрініссіз: а) субклиникалық; б) вирус тасымалдаушылық. Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр. Инкубациялық кезеңі 40-180 күнге дейін. Сарғаю алдындағы кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады. Кейде одан да ұзақ. Бұл кездерде мүмкін болу синдромдар: - артралгиялық – көбінесе тән; - диспепсиялық; - астеновегетативті; - гриб тәріздес; - аралас; - сирек түрде болатын латентті кезең. Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Артралгиялық синдром: сүйек – буындары ауырып, мазалайды. Астеновегетативті синдром: әлсіздік, енжарлық, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық байқалады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады. Брадикардия, гипотония, бауыр және көкбауырдың үлкеюі тән. Қанның жалпы анализінде: лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады. Жазылу кезеңі 12 ай бойы. Асқынулары. 1. Жедел бауыр энцефалопатия (бауыр комасы); 2. Ісікті – асциттік синдром. Диагностикасы. 1. сарысудағы арнайы маркерлерді анықтайтын арнайы тесттер қолданылады; 2. биохимиялық тесттер бауырдың функциясының жағдайын көрсетеді; 3. Hbs антигендерді анықтау. Емі. Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі: 1. күн тәртібі; 2. диета №5; 3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем; 4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам. Спазмолитикалық препараттар: но-шпа, эуфиллин. Ішектің төменгі резорбциясы болған жағдайда антибиотик неомицин. Егер де холестаз белгілерінің айқын түрінде болған жағдайда урсодеоксихолий қышқылы (уросан, урсофальк) тағайындалады. Алдын алуы. Иммунизация – ең тиімді профилактикалық әдіс. 1982 жылы билогиялық препараттар қатарына ВГВ-ге қарсы коммерциялық вакцинаның пайда болуы бұл инфекциямен тиімді күресудің мүмкіншілігін туғызады. Қазақстан Республикасында ВГВ-ға қарсы вакцина салу ұлттық егудің календарлық жоспарлану 1992 жылы енгізілді. ВГВ-ға қарсы вакциянация салынады. 1. жаңа туған нәрестелерге; 2. қанмен жұмыс істейтін медициналық жұмыскерлерге; 3. қан реципиенттерге (гемодиализ, гематология, бүйрек ауыстыру орталығында); 4. медициналық жоғарғы орталықтарында, студенттерге. ВГВ-ң вакцина профилактикасы құрамында НВ антигені бар антиген вакцинамен жүргізіледі. Бұл вакцинанын бірнеше жерде плазмалы түрде шағырады. Солтүстік жәнк Оңтүстік Корея, Қытай, ал ДНК рекомбинатты вакцинаны Бельгия, Қытай, Куба, Франция, Жапония, Швейцария, АҚШ шығарады. Вакцинация курсы 3 рет бұлшық етке егуден тұрады. Жаңа туған балаларда 1-сі перзентханада туғаннан кейінгі 24 сағат ішінде. 2-сі 8 аптадан кейін (2 айда) АКДС-пен бірге. 3-сі 16 аптадаан кейін (4 ай) АКДС-пен бірге. Жоғарғы жастағы балалар мен ересектерге егу жоспар: 1. алғашқы егу; 2. алғашқы егуден кейін 2 айдан соң; 3. алғашқы егуден кейін 6 айдан соң. ВГВ-ға қарсы вакцинаны БЦЖ, АКДС, тірі және әсер еткен поливакциянациямен қызылша және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинамен қатар жасауға болады. Тек қана 1 шприцке басқа вакциналарды араластыруға болмайды. 2. Жүктілік – әйелдің өміріндегі ерекше кезең. Сәбидің дүниеге келуін күткенде дұрыс тамақтанудың маңызы екі есе болады. Себебі ол екеуінің де - ананың да, болашақ сәбидің де денсаулығына әсер етеді. Екі қабат кезде тиімді тамақтануға, жүкті жағдайда әйел организмінің қалыпты қызмет істеуіне және құрсақтағы ұрықтың дұрыс дамуына үлкен назар аударулуы керек. Жүкті әйелдердің тамақтану рационы әр түрлі болғаны жөн. Жүкті әйелдің емдәмі біздің әрқайсысымыздың тамақтануымыздың ұтымды тәсілінен өзгеше ерекшеленбейді. Әйелдің құрсағындағы жаңа өмірге байланысты дәрумендерге, минералдық қосылыстар мен ағуыздарға қажеттіліктің артатыны өз алдына, осының салдарынан қажетті энергия мөлшері артады. Бірінші триместрде калорияның бір күндік қолданылуы 150 ккал-ға ұлғаяды, ал кейінгі екі триместрде күніне орта есеппен 350 ккал-ға дейін артады. Алғашқы кезеңде жүкті әйелде жеріктік байқалуы мүмкін. Аяқ астынан талғампаз немесе жиіркеншек болып кетеді. Адамға күнделікті 2000 калория керек болса, жүкті әйелдерде бұл көрсеткіш 2500-2800 калория шамасында болады. Алғашқы кезеңнен бастап өз ағзасы талап еткен, қалаған астан жеуі, құнарлы тамақтар, сүт, айран, сүзбе секілді ағарған, дәнді дақылдар, ет, балық, теңіз өнімдерінен мол пайдалану керек. Көп тамақ жеу міндетті емес, аз-аздан болса да құнарлы, жиі тамақтанса жеткілікті. Жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін ас мәзіріне кеңінен қолдану. Көктемгі уақытта жаңа шыққан көкөністерді пайдалануға тырысу, әсіресе, өткен жылғы картоп, асқабақ секілді көкөністерден бас тарту қажет. Темекі тартпақ түгілі, тартқан адамдардың қасында отыру дұрыс емес. Ішкілік, нашақорлық - баланың денсаулығын тікелей зақымдайтын у. Ондайды бала көтермей тұрып, ең болмағанда, бір жыл бұрын доғару қажет. Жүктіліктің бірінші триместрінде ұрықтың органдары қалыптасады, бұл кезеңде әсіресе организмге толық мәнді ақуыз түсуін қамтамасыз ету керек. Жүктіліктің екінші жартысында тамақ рационында сондай-ақ ақуыз жеткілікті мөлшерде, оның ішінде малдан өндірілетін ақуыз (пісірілген сиыр еті, тауық еті, балықтың майсыз сұрыптары, жұмыртқалар) кем дегенде 60% болуы қажет. Әсіресе сүттің және сүттен өндірілетін тағамдар ірімшіктің, ащы емес сырдың, ряженканың, айраның, кұрттың ақуызы өте пайдалы Жүктілік барысы үш кезеңнен тұрады ( 3 триместр) әр триместрдің тамақтану жиілігі мен қунарлылығы (колориясы) түрліше болады. Жүктіліктің І триместрінде ( жүктілік 22 апта мерзіміне дейін) қабылдайтын тамақ калориясы салыстырмалы түрде күніне -1940 кал. болу керек. 1.Жиі тамақтану күніне 4-5 рет 2.Қолданатын негізгі азық-түлік құрамы : жеміс-жидектер, көкөністер(әсіресе шикі түрде қолдануға болатын), шырындар (кептірілген жеміс-жидектерден, итмұрыннан қайнатпалар), көк шөптер ( зелень) 3.Рационға сүтқышқылды биопродуктылар. Сұлы, қарақұмық, бидай, арпа ботқаларын қолдану. Жүктіліктің ІІІ триместрінде: қабылдайтын тамақ калориясын - 1900 кал азайту. 1.Жиі тамақтану мерзіміне қайта көшу, жейтін тамақ көлемін І және ІІ триместрмен салыстырғанда азайту. 2.Бұл триместрде тамақтану рационында темірге, фолий қышқылы мен кальцииға бай тағаммен қоректенудің маңызы зор. Жүктіліктің ІІ триместірінде (32 апта мерзімінен босанғанға дейін) қабылдайтын тамақ калориясы салыстырмалы түрде күніне - 2140 кал. 1. Күніне 3 мерзімді тамақтануға көшу. 2. Рационда қант көлемін азайту. 3. Рационға ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдерін қосу. 4.Жүктіліктің ІІ триместрдің ортасынан бастап ана мен құрсақтағы сәби ағзаларының кальциге сұранысы артады. Кальцидің негізгі көзі -сүт. 3.Жүктіліктің ІІІ триместрінің орта шамасынан бастап қолданатын азық-түлік калориясын 200-300 кал азайтуға қажет, яғни кондитерлі тағамдарды, семіз етті қолданбау. Ірімшік пен қаймақтың майлылығы аз түрлерін қолдану. 4.Көкөністердің шикі түрде жеуге болатын түрлерін, жеміс- жидектерді көп қолдану. Жүктілік кезінде А дәруменінен бас тарту қажет. А дәрумені кей жағыдайларда эмбрионды зақымдауы ықтимал. А дәрумені көбіне малдардың бауырында болады. Және жүкті аналар кофе мен шайды, коланы мүмкіндігінше аз қолданғаны дұрыс. Жүкті әйел құрамында жасанды бояғыштары мен хош иістендіргіштері бар консервіленген тамаққа ерекше назар аударуы тиіс. Қосындылардың шамадан көп мөлшері диарея, іш бұзылуын және аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Барлығынан да натрий бензоатымен (консервілер, джемдер, майонез), ортофосфор қышқылымен, натрий фосфатымен (пісіруге арналған ұнтақтар, кола типті сусындар), натрий глутаминатымен (сусындар, жылдам әзірленетін көжелер, «Вегета» типті дәмдеуіштер, сорпаға қосатын текшелер, консервілер, құрғақ тұздықтар және т.б.) абай болу керек. Сондай-ақ дүкенде сатылатын шұжық өнімдерінен аулақ болу керек, себебі олар балаға зиянды химиялық заттармен дәмделген және құрамында көп тұз бар.Алкогольден мүлде бас тарту керек. Жүктілік кезінде тіпті шамалы шараптың өзіне тыйым салынады. Жүктілік кезінде алкогольдік салмасы бар кез келген кәмпиттерге де тыйым салынады. |