Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағалау критерийі

  • Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Металл Оттекте жануы кезінде байқалған құбылыстар Реакция

  • Белгісіз қосылыс Жалын түсі Күміс нитратын қосқанда түзілетін тұнба түсі

  • Байқалатын құбылыс (түсі)

  • Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор

  • Барлығы 20

  • Ррр. 10 бжб 3- токсан. 10. 3В Маызды sэлементтер жне оларды осылыстары, 10. 3С Маызды dэлементтер жне оларды осылыстары блімдері бойынша жиынты баалау


    Скачать 251.45 Kb.
    Название10. 3В Маызды sэлементтер жне оларды осылыстары, 10. 3С Маызды dэлементтер жне оларды осылыстары блімдері бойынша жиынты баалау
    Дата15.03.2022
    Размер251.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла10 бжб 3- токсан.docx
    ТипДокументы
    #398500

    10.3В «Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары», 10.3С «Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


    Оқу мақсаты

    10.2.1.19 s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру

    10.2.1.23 Калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы)

    10.4.1.5 Судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіру

    10.2.2.1 Металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару

    10.2.1.24 Атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру

    10.2.1.29 Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу

    10.2.3.7 Коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру


    Бағалау критерийі

    Білім алушы

    • s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулерін құрастырады

    • Металл катиондарының жалын түсі бойынша қосылыстың формуласын табады

    • Судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіреді

    • Металдардың генетикалық байланысы негізінде химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептейді

    • Атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіреді

    • Fe2+, Fе3+ иондарын сапалық реакция арқылы анықтайды

    • Коррозия түрлерін жіктейді және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін сипаттайды




    Ойлау дағдыларының деңгейі

    Білу және түсіну

    Қолдану

    Жоғары деңгей дағдылары


    Орындалу уақыты

    20 минут

    Тапсырмалар


    1. (a) Кестеде І топ элементтері Li, Na, K оттекте жануы, тотықсыздандырғыш қасиеттері сипатталған. Сипатталған құбылыстарды ескере отырып, сәйкес металдарды табыңыз және реакция теңдеуін жазыңыз.




    Металл

    Оттекте жануы кезінде байқалған құбылыстар

    Реакция

    Na

    Ақ ұнтақ түзе отырып, сары жалынмен тез жанады.

    2Na + O2 → Na2O2




    Ақ ұнтақ түзе отырып, жарқын ақ жалынмен жанады.







    Ақ ұнтақ түзе отырып, күлгін жалынымен өте тез жанады.






    (b) Берілген металдардың ішінен ең күшті тотықсыздандарғышты табыңыз________________
    2. Катион мен аниондарға сапалық анализ қорытындысы кестеде көрсетілген. Белгісіз қосылыстардың формуласын құрастырыңыз.

    Белгісіз қосылыс

    Жалын түсі

    Күміс нитратын қосқанда түзілетін тұнба түсі

    Белгісіз қосылыс формуласы

    A

    Күлгін

    Ақ (СІ -)




    B

    Кірпіш қызыл

    Сары (І -)




    C

    Сары

    Ақшыл сары (Br -)





    3. Зерханаға құбыр суы және дистилденген су құйылған белгісіз екі ыдыс (Х және У) әкелінді. Осы белгісіз су құйылған ыдыстарды ажыратудың жеңіл жолы сабын ерітіндісін қосу болып табылады.



    (a) Сабын ерітіндісін қосу арқылы құбыр суы мен дистилденген суды қалай ажыратады? ________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________
    (b) Құбыр суы құйылған ыдыс: ________. Өйткені су ___________, құрамында _____ және ____ иондары бар. Оны тазардудың жолы: ________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________
    4. Магнийдің генетикалық қатары арқылы 5 г магнийден алынатын магний хлоридінің зат мөлшерін есептеңіз.

    Mg –> MgO –> MgCl2 –> Mg(OН)2

    5. (a) Элементтердің электрондық конфигурациясын оқи отырып, бірдей қасиетке ие бір жұпты таңдаңыз:

    a.1s22s22p63s2

    b.1s22s22p3

    c.1s22s22p63s23p64s23d8

    d.1s22s22p63s23p34s23d6
    (b) Таңдаған жұбыңыздың неліктен бірдей қасиетке ие екендігін периодтық кестедегі орны бойынша түсіндіріңіз.

    ________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________
    6.Fe2+, Fе3+ иондарын анықтаудың сапалық жолын ұсыныңыз.





    Fe2+

    Fe3+

    Сапалық реагент





    Байқалатын құбылыс (түсі)







    7. Әр сынауықта байқалатын коррозия өзгерістерді сипаттаңыз.



    1 - сынауық:_________________________________________________________
    2 - сынауық:_________________________________________________________
    3 - сынауық:_________________________________________________________
    4 - сынауық:_________________________________________________________




    Бағалау критерийі

    Тапсырма №

    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулерін құрастырады.

    1 (a)

    белгісіз элементтерді анықтайды және теңестірілген реакция теңдеуін құрады;

    2 ( әр дұрыс металл және теңестірілген реакция теңдеуі үшін 1 балл )

    (b)

    ең күшті тотықсыздандырғышты көрсетеді;

    1

    Металл катиондарының жалын түсі бойынша қоыслыстың формуласын табады.

    2

    белгісіз қосылыстардың формуласын табады;

    3 (әр дұрыс формула үшін 1 балл)

    Судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіреді.

    3 (a)

    ажырату жолын түсіндіреді;

    1

    (b)

    бос орындарға тиісті сөздерді қояды;

    1

    тазартудың әдісін ұсынады;

    1

    Металдардың генетикалық байланысы негізінде химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептейді.

    4

    бастапқы заттың зат мөлшерін есептейді;

    1

    теңестірілген реакция теңдеуін жазады;

    1

    магний хлоридінің зат мөлшерін есептейді.

    1

    Атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру.

    5(a)

    бірдей қасиетке ие бір жұпты таңдайды;

    1

    (b)

    бірдей қасиетке ие болуын периодтық кестедегі орны бойынша түсіндіреді;

    1

    Fe2+, Fе3+ иондарын сапалық реакция арқылы анықтайды.

    6

    Fe2+ ионы үшін сапалық реагентті көрсетеді және түсі бойынша өзгерісті сипаттайды;

    1

    3+ ионы үшін сапалық реагентті көрсетеді және түсі бойынша өзгерісті сипаттайды;

    1

    Коррозия түрлерін жіктейді және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін сипаттайды.

    7

    әр сынауықтағы коррозияға әсер етуші себептерді сипаттайды;

    4

    Барлығы

    20


    написать администратору сайта