Гос. 10-18 билет-1. 10. Ресейдегі 19051907 жылдардаы Бірінші орыс революциясы жне оны азастана сері
Скачать 41.22 Kb.
|
10. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері. 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді.Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын 1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді. Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті. Революциялық жылдардағы ең ірі орыс, қазақ жұмысшыларының біріккен ереуілі Успен кенішінде өтті. Мұнда 300-ден аса жұмысшы еңбек етіп, оның 265-і қазақтар еді. Жалпы Спасск акционерлік қоғамында 5 мыңнан аса қазақ жұмысшылары еңбек етті. Ереуілдің негізгі талаптары жұмыс уақытын азайту, ауырып жатқандарға өтемақы төлеу, жалақыны көбейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау тағы басқалар болды. Жалпы, 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар қазақ жұмысшы табының толық қалыптаспауы, жұмысшылардың біріге алмауы, қозғалысты басқаратын демократиялық топтардың әлсіз болуы себептерінен жеңілді. Революция Қазақстанның саяси дамуына зор әсер етті. Революцияның тарихи маңызына тоқталатын болсақ, отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шақырды. Қазақстан халқы 1905-1907 жылдардағы төңкерістен ұлттық және әлеуметтік азаттық күрес жолында саяси тәжірибе алды. 11. 1905 жылғы Қарқаралы петициясы: мазмұны мен маңызы. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты. Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!» Қазақстанның барлық қалалаларында 17 қазандағы Манифеске арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайылды. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы т.б. манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан да, қазақтардан да шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Бұл күндерде Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов, Бекметов пен Ж.Ақбаев және т.б. ерекше белсенділік көрсетті. Халықтың жаппай ереуілінен қорыққан жергілікті үкімет өкілдері демонстрацияға қатысушыларды қуып, тарату үшін қазақтар жүздігін шақырды Демонстрацияға қатысушылар «Самодержавие жойылсын!», «Полиция жойылсын!» деп ұрандатып, дала генерал-губернаторының атына болыстардың мекемелерінде іс-қағазы қазақ тілінде жүргізілсін деп жарнама хат жолдады. Кейіннен Қарқаралы оқиғаларының басшылары қуғынға ұшырады, кейбір шенеуніктер жұмыстан босатылды немесе басқа жерлерге ауыстырылды, қалғандары қашып кетті, ал Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды. Сонымен, 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы саяси оқиғалар, әсіресе, жұмысшылардың, шаруалардың және зиялылардың бой көрсетулері, ұлт-азаттық қозғалыс және т.б. олардың әлсіздігіне және бытыраңқылығына қарамастан жергілікті еңбекшілер үшін үлкен саяси мектеп болды, бұл тәжірибені олар ұлттық және әлеуметтік азаттық жолындағы бұдан кейінгі күресінде пайдаланады. 12. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және олардың мәдениет пен қоғамдық ой-сананың дамуындағы рөлі (ХХ ғ.басы). Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, əрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мəдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мəскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шəлімбеков, Х.Досмұхамедов жəне басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. . ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды. 13. Қазақ ұлттық зиялыларының Ресей Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы. Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады. 1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты. 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді. Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады». Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес. Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады. 14. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918 жж.). Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Соғыстың басталуына сылтау да табылды. 1914 жылы 28 маусым күні Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында Австро-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинанд пен оның зайыбы қастандықпен өлтірілді.( қастандық жасаған сербиялық студент Гаврило Принцип ) Бұл оқиға Австро-Венгрия мен Сербияның қарым-қатынасын шиеленістіріп, кезекті Балқан дағдарысына апарды. Бірінші дүние жүзілік соғыс 1914жылғы 19 шілдеде (1тамызда) басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына өкеп сокты. Оган сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірілді. Үсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұра-тын жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны кеміді Мал санының қысқаруы еңалдымен казақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылықтарындағы мал саны жылдан-жылға азая берді. Осының салдарынан соғыстапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын. 15. Торғай облысындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. XX ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді: Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі өлкені тонауды күшейтті.Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты терендетіп, 1916 жылы Қазақ өлкесінде, Орта Азияда, Сібір мен Кавказдың бір бөлігінде көтеріліс басталды. Басталу себебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы болды. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі орталықтарының бірі Торғай облысы болды. Торғай уезінің қазақтары Әбдіғапар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлады. Амангелді Үдербайұлы Имановты сардар етіп сайлады.Көтерісшілердің ұлы жиыны 1916 жылы күзде Торғай өзеніне таяу «Қоғалыкөл» деген жерде өтті. Торғай көтерілісінің ерекшелігі – бұқаралық сипатта ең ұзаққа созылған, ең табанды және бір орталыққа бағынған ұйымдасқан түрде жүргізілгендігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды, Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай – ақ, Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. Негізгі шайқастар: Татыр (1916), Құмкөшу (1916), Торғай қаласына шабуыл (1916 жылы 25 қазан) , Шошқалы қопа, Күйік қопа (1917 жылы 13-17 қантар), Доғал -Үрпек (1917 жылы ақпанның 22 — 24 аралығында) болды. Торғай көтерісшілер өз жерінің ұлан — ғайыр кендігін стратегиялық, тактикалық мақсаттарға жақсы пайдалана білді. Сарбаздардың қаша жүріп ұрыс салу, тұтқиылдан шабуыл жасау жер ыңғайын тиімді пайдалану барлаушы топпен әскер шетіне араласып кетуге күш салуы сияқты әскери тактиканы қолдана білуі таңғалдырды. Торғай көтерісшілерінің жазалаушы патша әскерлеріне қарсы ең күрделі әрі шешуші шайқасы — Доғалдағы соғыс. 1916 жылғы Торғайдағы Әбдіғаппар хан мен Амангелді сардар бастаған 1916 жылғы көтеріліс ақпан төнкерісіне ұласып сәтті аяқталды. Қазақ еліндегі, оның ішінде Торғай даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс дүйім қазақ жұртын дүр сілкіндірген ұлы оқиға болды. Қазақ халықының ата-бабадан келе жатқан жауынгерлік рухының әлі жоғары екенін танытты. Қолына өз заманының қару-жарағын берсең қандай жаумен де шайқаса алатынын көрсетті. Халықымыз отаршылдыққа қарсы азаттық жолындағы күрестің үлкен мектебінен өтті. 16. Жетісу облысындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің шығу себебі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты жəне т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің жəне ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ə. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Əшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мəнді болған жоқ: байфеодалдардың бір бөлігі, жергілікті əкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гəзеті төңірегіндегі зиялылар (Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жəне т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. 1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық жəне саяси азаттық бол¬ды. Сол арқылы ол қазақ халкының бостандық пен тəуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды. Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ ха-лқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқару-шылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілдетамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде əскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі əскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мəжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ə. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында əскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға жəне империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Көтерілістің алғашқы ошағы Жетісу облысында пайда болды. Мұнда патша жарлығына қарулы қарсылық шілде-тамыз айларында бұқаралық сипат алды. Қазақстанның əр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшыларыБекболат Əшекеев, Ұзақ Самұрықов(суретте), Жəмеңке Мəмбетов, Токаш Бокин, Əубəкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай жəне Мұқан Ұзақбаевтар мен басқалар) жəне Торғайда (басшылары - Əбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Əліби Жангелдин жəне басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды. Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1)шілде-стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның карулы көтеріліске ұласуы 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бəсеңдеуі жəне жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады. М.Тынышбаевтың айтуы бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекелеген уездеріне жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан да бұрын, 2 жəне 3 шілдеде келіп түскен. Қорытынды 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ə.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мəмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Əшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, Қ. Көкембаев, И.Құрманов, Т.Орысов, Ж.Кұдайбергенов, С.Қанаев, М.Ұзақбаев, А.Сұлтанбеков жене басқалар, көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, Ə.Жангелдин, Б. Алманов жөне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кеңесары жəне Наурызбай Касымовтар, Байзақ Мəмбетов жəне басқалар жүргізген тəуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне империализмге қарсы бағытта бол¬ды. Көтерілістің басты міндеті — халықты отаршылдық езгіден ұлттық жəне саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мəселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Біркатар жерлерде жəне белгілі бір кезеңде көтеріліс халықтық соғысқа ұласты (оның Жетісу жəне Торғай облыстарындағы жекелеген ошақтарында). Тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан əрі асқына түсуіне себепші болды. Ол түптеп келгенде 1917 жылғы ақпанда Ресей империясында монархиялық билік жүйесінің құлауын жақындатқан себептердің жəне жалпы шығыстың отар халықтарының (Қытай, Парсы, Үндістан, т.б.) империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды. 17. 1917 жылғы Ақпан революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Ақпан төңкерістерінің негізгі себептері: - Экономикалық күйзеліс. - Майдандағы орыс әскерінің жеңілісі. - Жұмысшы қозғалысының күшеюі. - Ұлт аймақтардағы 1916 жылғы көтерілістер. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. 18. «Туған жер» жобасының патриоттық тәрбие берудегі ролі. «Туған жер» патриоттық сезімді күшейтеді Елбасымыз халықты барлық тұрғыдан ұлттық және рухани жаңғыруға шақырды. Соның ішінде Елбасының «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру» атты мақаласында атап өткен «Туған жер» бағдарламасы халықтың жүрегіне айтарлықтай жақын бастама деуге болады. Өйткені, әрбір қазақ өзінің туып-өскен туған жеріне, кіндік қаны тамған ауылына, бал балалық шағы өткен өңіріне кіндігіне байланғандай дәрежеде жақын. Өссе де аңсап тұрады, уақыт өте арнайы іздеп барады, ата-бабаларының зиратына зиярат етіп келеді, әйтеуір, туған жерімен байланысын үзбейді. Тіпті, өмірден өтсе де туған жеріне апарып көмуді аманаттап жататындар баршылық. Осы тұрғыдан келгенде халқымыз үшін туған жер ұғымының маңызы зор екенін түсінеміз. Осы орайда Елбасымыздың халықтың туған жерге көңілін аударуы — халықтың атажұртына деген көңілін дөп басуы болса керек. «Туған жер» бағдарламасының бүгінгі күні маңызды болып отырған тағы бір бастамасы — әр өңірден шыққан тұлғаларды, түлектерді туған жерге бет бұру арқылы, өңірлерді түлеттіруге атсалысу болып отыр. Бүгінде басқа өңірлерге көшіп кетсе де, туған жерін ұмытпаған түлектер мектеп бітіргендеріне мерейтойлық жыл толғанда өз беттерінше әлеуметтік маңызды нысандар тұрғызып беріп немесе ауылдарға ауыз су тартып, кітапхана салып, оның ішін заманауи маңызды кітаптармен қамтамасыз етіп, жол жөндеп, туған жерлеріне қолдау білдіріп жатқанын жиі байқаймыз , «Туған жер» бағдарламасының тағы бір артықшылығына тоқтала кетсек. Тұрғындардың осы бағдарлама аясында өзі тұрып жатқан өңірінің тазалағына мән беруі болып отыр. Яғни, «Туған жер» арқылы елін-жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеудің бір маңызы — туып-өскен жерінің экологиялық жағдайына мән беріп, таза ұстауға ұмтылдыру болып отыр қазірдің өзінде «Туған жер» бағдарламасының аясында жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, туған жерге құрмет көрсетілуде. Әншілер туған жерлерінде концерттер ұйымдастырып, кейбір жазушылар туған жеріндегі кітапханаларға әдеби кітаптар сыйлап, енді бір жерлерде мектептердегі үздік оқушыларға сол өңірден шыққан белгілі бір тұлғаның атындағы шәкіртақылар да тағайындалуда. Енді барлық өңірлеріміз осыған мән берсе, ұлан-байтақ жерге ие болып қана қоймай, құрметпен қарайтынымызды да көрсетер едік. |