4- сабақ. 10 саба таырыбы Тісті атты тіндеріні патологиясын пластмассадан жасалан жасанды сауытпен емдеу. Клиникалы кезеіні ерекшеліктері
Скачать 1.26 Mb.
|
10- сабақ ТАҚЫРЫБЫ: Тістің қатты тіндерінің патологиясын пластмассадан жасалған жасанды сауытпен емдеу. Клиникалық кезеңінің ерекшеліктері. СҰРАҚТАРЫ: 1. Пластмассалы сауыттарды қоланудың көрсеткіші мен қарсы көрсеткіштері. 2. Пластмассалы сауыттардың жетіспеушілігі мен артықшылығы. 3. Пластмассалы сауыттарды жасаудың клинико-лабораториялық кезеңдері. 4. Тістердің қатты тіндерін егеу ерекшеліктері. 5. Қалып алу. 6. Тістерге пластмассалы сауыттарды шақтап тексеру және бекіту. 42 жастағы Науқас О, 1.1 тістегі пластмассалы сауыттың түсінің өзгеріп және цементтен ажырап кетуіне шағымданып қаралды. Өзінің айтуы бойынша пластмассалы сауыт жарты жыл бұрын жасалған. Объективті: пластмассалы сауыт оңай шешіледі, қыры кедір бұдырлы, көкшіл түсті, кесу қыры шекарасында таңдай беті мүжіліп, тесілген. Ауыз қуысын қарап тексеруде: 1.1 тіс конус тәрізді пішінде, өткір қырлары мен бұрыштары сақталған, тістесуде антагонист –тістер арасында саңылау 0,2 мм. Тістесуі ортогнатиялық. Пластмассалы сауыттың түсі табиғи тістер түсіне сәйкес келмейді. Сұрақтар: 1. Тағы қандай шағымдар болуы мүмкін ? 2. Ненің салдарынан пластмассалы сауыттың түсінің өзгеруі, желінуі мүмкін. 3. Тісті дайындауда сіздің іс-әрекетіңіз. 4. Сатыға егелеу үшін қандай аспаптар қажет? 5. Тістерді егеу реттілігінің ерекшелігін атаңыз. Қандай пішін беріледі? 6. Қалыптық материалды таңдаңыз, қалып алыңыз. 1.1 тісті пластмассалы сауытқа егеу реттілігін атаңыз? 1. вестибулярлы және жанасу беттерін 1,5 мм дейін егеу 2. таңдай бетін 1 мм дейін егеу 3. анатогнист тістер арасын 1-1,5 мм деңгейінде саңылау жасап ашу 4. кесу қырын 1,5-2 мм дейін егеу 5. қызылиек маңына тік бұрышты, ені 0,5-1мм (ұлпасы алынған тістерге), циркулярлы саты құру. 6.тіс тұқылына 3-5°конус пішін береміз Пластмассалы сауыт жасауға қалыптық материалдардың қайсысын қолданар едіңіз? Ауыз қуысын қарап тексеру: тістем ортогнатикалық тип бойынша. Ауыз қуысында 1.1 - 2.1 және 2.2 тістеріне пластмассалы сауыттар орнатылған. Сұрақ: Жасанды сауыттың дайындалу сапасына баға беріңіз? 1. Пластмассалы сауытты қай кезде қолдануға болмайды? 1. терең тістемде; 2. сауыттың 1/3 бөлігі бұзылғанда; 3. ауыз қуысында металлдан жасалған басқа протездер болса; 4. көпірлі протезге тірек ретінде; 5. штифті тістерге; 2. Пластмассалы сауыттың жетіспеушілігіне қайсысын жатқызады? 1. эстетикалық жағынан сай емес; 2. түсінің тұрақтылығы нашар; 3. дайындалуы күрделі; 4. тек алдыңғы тістерге ғана қолданылады; 5. дайындалуы күрделі; 3. Пластмассалы сауытты дайындаудың 2-клиникалық кезеңін атаңыз? 1. қалып алу; 2. тістің түсін анықтау; 3. егелген тістің сауыт бөлімін мүсіндеу; 4. пластмассалы сауытты цементке бекіту; 5. тісті егеу; 4. Пластмассалы сауыт қандай пластмассадан жасалады? 1. фторакс; 2. синма-М; 3. акрилоксид; 4. редонт; 5. норакрил; 5. Пластмассалы сауыт дайындау кезінде полимеризация режимін сақтамаса не болады? 1. сауыттың өлшемі үлкейеді; 2. сауыттың өлшемі кішірейеді; 3. газды қуыстардың түзілуі; 4. гранулярлы қуыстардың түзілуі; 5. пластмассаның мықтылығы төмендейді; 6. Науқастың 1.1 тісіне пластмассалы сауытты шақтап тексеру кезеңі, сауыт тіске киілмейді. Себебін көрсетіңіз, сіздің іс-әрекетіңіз? А) тіс дұрыс егелмеген, қосымша егеу В) сауыт жасау технологиясы бұзылған, қайта жасау С) полимеризация кезінде пластмасса көлемін кішірейтеді, ішкі жағынан егеп кеңейту керек D) қалып дұрыс емес, пластмассалы сауытты қайта базистеу Е) тіс дұрыс егелмеген, сауытты қайта жасау 7. Тістің кесу қырынан қанша қалыңдықта тістің қатты тіні алынады? 1. 0,5 – 0,8 мм 2. 0,7 – 0,9 мм 3. 1,0 – 1,5 мм 4. 1,5 – 2,0 мм 5. 2,0 - 2,5 мм 8. Пластмассалы сауытқа егелген тістің пішіні қандай болуы тиіс? 1. аздап конус ( 3-5 градусқа қиғаш); 2. конус пішінде ( 15-20 градусқа қиғаш); 3. цилиндр пішінде; 4. ромб тәрізді; 5. аздап конус пішінде ( 7-9 градусқа қиғаш); 9. Пластмассалы сауытқа тісті егеуді неден бастайды? 1. проксимальді беттерін сепарациялау; 2. окклюзиялық бетін антогонисттен ажырату; 3. вестибулярлы бетінен; 4. оральді бетінен; 5. тістің биіктігін қысқартудан; 10. Пластмассалы сауыт қандай жолмен дайындалады? 1. мүсіндеу; 2. күйдіру; 3. штамптау; 4. полимеризациялау; 5. стандартты түрде шығарылады; |