Главная страница

Фонетика. 14-ожсөж Фонетика. 11апта 14ожсЖ мазмны


Скачать 30.57 Kb.
Название11апта 14ожсЖ мазмны
АнкорФонетика
Дата11.10.2021
Размер30.57 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла14-ожсөж Фонетика.docx
ТипДокументы
#245515

11-апта
14-ОЖСӨЖ мазмұны:


  1. Синонимдердің пайда болу жолдары




  1. Синонимдердің тіліміздегі рөлі


Синонимдердің пайда болу жолдары. Тілдегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар:
1.Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған. Мысалы: көз – жанар – сұқ, көз – жасу, көз – бұлақ – бастау – қайнар; арту – асу – озу; арту – көбею – молаю; әлді – кушті – мықты – қарулы – әулетті – әндемді; - әлді -ауқатты – дәулетті – қуатты – бай; тура – тік – түзу – тіке; тура – дұрыс – жөн; тура – дәл – шақ т.б.
2.Синонимдер сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған: а) аффикстер арқылы: ауыздық – сулық, жемтік – өлімтік, басшы – жетекші, жемқор – парақор, өнім – түсім, ақылды – есті, маңызды – мөнді, сутті – құнарлы, қанағатсыз – тойымсыз, берекесіз – құтсыз – дайынсыз, ажарлау – өңдеу, ұсақтау – майдалау, жоғарылау -ілгерілеу, азайту – кеміту, қоштау – мақұлдау т.б.; ә) біріктіру арқылы: ақсақал – отағасы, еңбекақы – жалақы, қанішер -қанқұйлы – қаныпезер, доғабас – айылбас т.б.; б) қосарлау арқылы: ат-тұрман – ер-тоқым; жоқ-жітік – кедей-кепшік – жарлы-жақыбай; алқын-толқын – аумалы-төкпелі; өліп-өшу – сүйіп-құшу – айналып-толғану, жығылып-сүріну – сүрініп-қабыну, зым-зия – ұшты-күйді, іле-шала – әп-сәтте – жалма-жан т.б.; в) тіркесу арқылы: иіс су – иіс май, іш мерез – жылым құрт, көк ет – бауыр ет; г) омонимдер арқылы: тартпа – суырма, тартпа – төс айыл – алдыңгы айыл, табандау – сіресу -қасарысу – қырсығу-қыңыраю т.б.
3. Синонимдер кірме сөздер арқылы пайда болған: а) араб сөздері арқылы: халайық (халаиқ) – халық, жұрт, көпшілік; ақиқат (хәқиқат) – шындық, растық; отан (уәтан) – ел, туған жер; әскер (гәскәр) – жасақ, қол, шеру, қосын; уәлаят – (уилаят) – өлке, облыс т.б.;
Ә) парсы сөздері арқылы: батыр (баһадур) – батыл, ер; диқан (дәһқаң) – егінші; шәкірт (шагирд) – оқушы; мейман (меһман) – қонақ; зор (зур) – үлкен, дәу т.б.; б) моңгол сөздері арқылы: аймақ (аймаг) – өңір – атрап – төңірек – маңай; жасақ (жасаг) – әскер, қол; дарқан (дархин) – жомарт, мырза, кеңпейіл; үдере (өдер) – жедел, тоқтаусыз, жаппай; шешен (сәцен) – ділмәр – сөзшең т.б.; в) орыс сөздері арқылы: бөтелке (бутылка) – шыны, шөлмек; шен (чин) – атақ, дәреже, лауазым; бишік (бичик) – өгіз қамшы; кір (гиря) – таразы; сома (сумма) – ақша, баға, құн; рет (ряд) – мәртебе т.б.
4.Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған. Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас, мөндес келуіне қарай екі топқа бөлінеді:
А) сыртқы тұлғасы (дыбысталуы) бөтен (әдеби тілде кездеспейтін), бірақ әдеби сөзбен мағынасы үйлес келетін сөздер. Мысалы: аданас – аталас, ағайындас; атайман – өте, тым, аса; атымды – құнарлы, шығымды; башалау-салалау, жіктеу, жекелеу; дәйіс — ұятсыз, арсыз т.б.;
Ә) сыртқы тұлғасы таныс (әдеби тілде кездесетін), бірақ білдіретін ұғымы басқа сөздер. Мысалы: астана – табалдырық; жар – қабырға; жедел – ерегес, жанжал; көң – қыстау; сым – шалбар; сұлулату – піштіру, кестіру; талап – жұмыс; таға – нағашы; тонау – сонау, анау; ұрпақ – кебек т.б.
5.Синонимдер фразалық тіркестердің есебінен көбейген. Мысалы: атұстар – ұл, еркек бала; ауыз бастырық – пара; қара халық – бұқара, еңбекші; қара мал – сиыр; о дүние – махшар; туған жер – отан; ұзын құлақ – сыбыс, өсек; шикі өкпе – бала, нәресте; қоян жүрек – қорқақ, жүрексіз; ала аяқ – қу, зәлім; еті тірі – пысық, ширақ; қолы ашық – береген, мырза; қырғи қабақ – өш, араз; тас бауыр -мейірімсіз, қатал; ат үсті – асығыс, үстіртін; аты шулы – атақты, әйгілі; аяқ астынан – ғайыптан, кенеттен, тосыннан; бір төбе – ерекше, артықша; не бары – барлығы, күллісі; көзін жоғалту – қурту, жою; шыр біту – семіру, қоңдану т.б.
6.Синонимдер табу мен эвфемизмдердің есебінен молайған. Мысалы: әулие – шешек; ит-құс – қасқыр; жасыл – жай, найзағай; қолды болу – ұрлану, жоғалу; күн байыды – күн батты, кешкірді; көңіл жақын – әуей, тамыр; аяғы ауыр – жүкті, екі қабат; жасы ұлғаю – қартаю; дуние салды – өлді, қайтыс болды т.б.
Қазақ тілінің синонимикасы негізінен өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы байыған. Сонымен қатар өзінде жоқты өзге тілдерден ауысып алу нәтижесінде де кемелдене түскен.
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.
Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз, жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Мысалы: абырой – бедел – қадір; азайту – алу – кеміту - шегеру, батыл – өжет – өткір т.б.
Стильдік синонимдер деп мағына жағынан ұқсас (тең) бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің түрлерін айтамыз. Мысалы: ат – есім – ныспы, бәсеке – бақас, жазғыру – кустаналау, жылау – еңіреу, өкпелеу – бұртию, бірсыпыра – бірғауым, жуас – бұйығы, таңертең – азанда, үлкен – дөкей т.б.
Тілдегі синонимдер бір-бірінен не мағыналық жағынан, не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірыңғай болып келе бермейді. Олар кейде әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленеді. Синонимдердің осындай түрлері мағыналық-стильдік синонимдер деп аталады. Мысалы: іздену – тімтіну, мақтаншақ – бөспе, тақия – төбетей – кепеш, сасу – иістену – үңку -аңқу т.б.
Синонимдер кез келген тілдің байлығы мен оралымдығын көрсететін сөздік құрамның құнарлы да мәнді бір саласы. Ана тілінің синонимдік молшылығын емін-еркін меңгеру арқылы ғана көңілдегі көрікті ойды нағыз өз мәнінде барлық реңктерімен түгел қамтып жеткізуге мүмкіндік аламыз. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты қиюын тауып қалап, байлауын тауып ұстату керек.
Синонимдер тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның образдылығы мен дамығаңдығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады. Олар белгілі бір ойды тоғыз саққа жүгіртіп, тілді соншама оралымға келтіреді.

2.Синонимдердің тіліміздегі рөлі.

Синонимдер сәл ғана мағыналық нәзік айырмашылықтарды қамтып, оралымды түрде жеткізе білуде мәні айрықша. Мұнымен бірге, синонимдердің стильдік мәні де күшті. Сөйлем де я жазу да бір сөзді қайта-қайта қайталай бермей мысалы, алдыңғы сөйлемде қолданған сөзді қайталап қолдану кейде стильдік жағынан кемшілік тудырады, қолайсыз, ретсіз болып көрінеді. Мұндай жағдайда сол сөздің синонимін тауып қолдану орынды, келісімді болады. Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің «Жұмыскерлерге» өлеңінен алынған мына шумаққа назар аударайық:

Өң жоқ, түс жоқ, кепкен, солған, арыған,

Тәндеріңді жастан темір қарыған

Жанды жанмен асыраған қаһарман

Қарның тойған күн болмаған – жарыған.

Осы өлеңдегі өң деген сөз бен түс деген сөздер бір – біріне синонимдер болып келеді. Сәкен Сейфуллин бір сөйлемде бір сөзді қайта-қайта қайталамай, оның синонимдік мағыналарын тауып қолданған. Осының нәтижесінде сөйлем де көркем құралған.

Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай, әр тарапты екендігін көрсетеді. Сөздік құрам неғұрлым бай, әр тарапты болса, тілде соғұрлым бай, орамды болады. Сөйтіп, синонимдердің молдығы тілдің байлығы, дамыған тіл екендігін аңғартатын көрсеткіштің бірі. Біздің жаңа дәуірімізде қазақтың ескіден келе жатқан үй тұрмысындағы әдеттердің түбірлей өзгеруімен байланысты бұрыннан келе жатқан сол ұғымда қолданылып жүрген көне сөздерді жаңартып пайдалану қажеттілігі келіп туды. Мәселен, қазақ ауылында бұрын қыз өз бетімен емес, тек ата-ананың ұйғаруымен, құда түсіп, айттыруымен ғана күйеуге бататын. Сондықтан сол уақытта қыз ұзату, қыз ұзатылу деп өзгелік не ырықсыз етіс түрінде ғана айтылып келді. Ендігі жерде қыз ұзатылмайды, қыз күйеуге бармайды, керісінше, әдеби тілде қыз тұрмысқа шығады немесе күйеуге шығады деп қана айтатын болдық. Жігіт те бұрын ата-анасының ұйғаруымен, солардың құда түсіп, алып бергенін ғана алатын. Ол да бұзып-жарып, баса көктеп өз бетімен үйлене алмайтын. Кей жағдайда жас жігіттерді әмеңгерлік жолмен өлген ағасының әйеліне еріксіз ноқталап қосып, өмір-бақи сол кәрі әйелмен өтетін. Сондықтан сол кезде көбіне жігіттерге қатын алып беру, қатын әкелу деп қана айтылатын. Ал қазір жігітте өз бетімен сүйгенін, қалағанын алатын болғандықтан, әдеби тілде әйел алу – үйлену деген жаңа синонимдермен ғана білдіретін болдық.

Үй тұрмысында жаңа қарым-қатынастың пайда болуымен байланысты ерлердің әйелге деген көзқарасы да өзгерді, жаңарды. Байлар бұрын бір емес, әлденеше әйел алды. Соған байланысты бәйбіше қатын, тоқал қатын, үлкен қатын, кіші қатын, үлкен тоқал, кіші тоқал деген әлденеше сөздер туды. Мысалы: «Қантбаланы бәйбіше үстіне тоқалдыққа алған.» («Айша»). Әйелдер бірімен-бірі бақ күндес болды. «күндестің күлі де күндес» деген мақал сол ұғымды білдіреді. Соның салдарынан бір дәуірдегі хан, сұлтандардың әйелдеріне, қыздарына ерекше құрметпен айтылатын қатын деген қадірлі сөз бұрынғы жағымды мәнін (хан жарлығынан қатын жарлығы күшті) мүлдем жоғалтып, қазір жағымсыз мәнге ауысты. Қазір қатын сөзінің орнына әйелім, жолдасым деп айту түпкілікті қалыптасты. Ал әйел де өз ерін бұрынғыдай байым демей, оның орнына күйеуім, жолдасым, ерім деп сыпайылап, мәдениетті түрде, айтады. Мысалы, «Жас қатын қасындағы байын оятып өзі жылдам төсегінен ұшып тұра келді.» («Айша») Бұл сөйлемдегі байы, қатыны деген сөздер қазір күйеуі, жолдасы, әйелі деген синонимдермен ауысқан. Демек, жаңа қарым-қатынас қазақ халқының ескі үй тұрмысындағы кейбір салт-санасын жақсартып, жаңартып қана қойған жоқ, сонымен қатар мазмұнын да сөзін де түбірлей өзгертті.

Синонимдер тікелей стильмен байланысты болып келеді. Тіл-тілде салаланған, қалыптасқан, орналасқан бірнеше стильдік тармақ болады. Тілдің даму барысында оның лексикасындағы көптеген сөздер сараланып белгілі бір стильге телініп, әр топқа бөліне бастайды. Мұны белгілі бір синонимдік қатардың ішіндегі сөздердің қолданылуынан да аңғаруға болады. Мысалы, «Аспанды түнерген қара бұлт қаптағап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр.» немесе «Көкке бой қанша созсаң жібермейді» деген сөйлемдердегі аспан, көк деген синонимдік қатардың құрамындағы аспан сөзі, жер шары, жер жүзі деген синонимдік қатардағы жер шары тіркесі көбінесе ғылыми стильде қолданылады.

Михнатқа салып бақтың тәніңді.

Халық үшін тек бәйгі қып жаныңды.

(«Жұмыскерлерге»)

немесе

«Болыс, тілмаш, манап болған

Бұрын жұртқа мәлімдер.» - деген мысалдардағы халық, жұрт дегендер синонимдер көбіне поэтикалық стильде қолданылады да, көтеріңкі баяндалады. Тілдегі барлық синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің әр қайсысы белгілі бір жанрда, стильде қолданылуға икемделеді.

Кейбір синонимдерге енетін сөздердің сапа мен белгілі білдіру дәрежесінде бір-бірімен айырмашылықтары болады. Мысалы, әуес дегеннен гөрі құмар, құмар дегеннен гөрі құштар дегеннің сандық, сапалық дәрежесі күштірек. Ал құштар дегеннен гөрі іңкәр, іңкәр дегеннен гөрі ынтық, ынтымақ дегендердің сындық, сапалық дәрежесі әлдеқайда күшті. Аталған синонимдес сөздердің сапа мен белгіні білдіру дәрежесі бірінен-біріне үдеп, бірінен-бірі асып түсіп отырады. Бұл тәрізді синонимдік қатардың құрамындағы эмоциональдық бояуы қалың, экспресивті қызметі күшті сыңарлар (сөздер) көбінесе көтеріңкі поэтикалық стильде қолданылады.

Кейбір синонимдік қатарларды құрастырушы сыңарлар (сөздер) бір-бірінен қолданылу шеңбері, сөздермен тіркесу қабілеті жағынан ажыратылады. Белгілі бір синонимдік қатарды құрастырушы сыңарлардың кейбіреулері көптеген сөздермен тіркесе береді де, қолданылу шеңбері кең болады, керісінше қайсыбіреулерінің сөздермен тіркесу қабілеті кем болады, тек белгілі бір сөздермен ғана тіркеседі. Сәкен Сейфуллин шығармаларында кездесетін қарт деген сөз бен кәрі деген сөз өз ара мәндес, синонимдес сөздер болғанымен екеуінің қолданылу шеңбері, жұмсалу өрісі бірдей емес. Қарт деген адам немесе кісі деген сөздермен тіркеседі де басқа сөздермен мүлдем тіркеспейді. Керісінше кәрі деген сөз көптеген сөздермен тіркесіп жұмсала беріледі. Мысалы, кәрі деген сөзді жоғарыда аталған адам, кісі деген сөздермен де тіркестіріп (кәрі адам, кәрі кісі) атауға, сондай-ақ жылқы, қой деген сөздермен де тіркестіріп (кәрі жылқы, кәрі қой) атай беруге болады. Бірақ қарт деген сөзді кәрі деген сөзбен синоним бола тұрсада, жылқы, қой деген сөздермен тіркесіп айтуға болмайды. Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің «Ананың хаты» өлеңінде:

Ойла, енді кім мені күтті

Қартайдым, кем саулығым

деп келтірген.

Жалпы синонимдес болып келетіндер жеке сөздер ғана емес, сонымен бірге тұрақты сөз тіркестері де өз ара бір-бірімен синонимдес болып келе береді. Мысалы, сағы сыну, тауы шағылу, қанаты қайрылу деген тұрақты тіркестері мағыналары бір-біріне жуық, өз ара синонимдес сөз тіркестері болып табылады. Сондай-ақ тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай дегендер «ашық», «айқын» деген мағынада бір-бірімен синоним болса, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, қас қаққанша деген сөз тіркестері «лезде, өте жылдам» деген мағынада бір-бірімен синоним бола алады.

Демек, синоним сөздер – кез келген тілдің қаншалықты дамығандығын, оның оралымдылығын көрсететін сөз байлығының құнарлы бір саласы болып табылады. Сонымен қатар олар әр халықтың ұлттық ерекшелігін де танытады. Сөз логикалық дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояуымен нақтылы көрсете алса ғана мәнерлілік сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма-сай лайықтап алынған сөздер ғана мәнерлі сөз деп танылады. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты шеберлікті керек етеді. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы – тілдегі синонимдерді қыбын тауып орнымен үйлестіріп жұмсай білуде. Сөйлеуші мен жазушыға да синонимдердің реңктерін айқын ажыратып, тап бастырып дәл қолдана білу қажет. Ана тілінің синонимдер байлығын еркін білу – өз ойыңды соншалықты дәлме-дәл етіп жеткізе алу деген сөз. Әрбір ой халық тілінен сұрыптап алған сөздер арқылы жүзеге асады. Бүгінгі қазақ тілінен неше алуан стильдік мүмкіншіліктің бәрін де кездестіруге болады. Соның барлығы да бай синонимдердің қызметі арқылы көрінеді. Қазіргі кезде тіліміздегі синонимдер мән-мағынасы мен қолдану аясына қарай сала-салаға бөлініп, саралана бастады. Бірақ бүтіндей бір-бірінен жігі ажырап бітті деп айту әзірге қиын. Бұларды стильдік салаға жіктеп бөлу әлі де болашаққа қалдырылып отыр. Қазақ тілінің синонимдері саны мен көлемі жағынан да, синонимдік қатарлардың молшылығы жағынан да өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20 – 30 синоним сөз қолданыла береді. Синонимдердің қолданылу өрісі өте кең, сөйлегенде, жазғанда белгілі бір ойды сегіз саққа жүгіртіп, тілді соншалықты оралымды етеді. Әр адамның ойлаған нысаналы мақсатына, көңіл күй, көзқарасының әуеніне қарай айтайын деген сөзін, пікірін басқа кісілерге нақтылы, дәл әрі көркем етіп жеткізуде синонимдердің атқаратын қызметі соншама үлкен. Кімде-кім мәндес сөздердің нәзік мағыналық ерекшеліктерін дұрыс аңғарып, керекті жерінде лайықтап қолдана білген болса, ондай адамның сөйлеген сөзі, жазған еңбегі соншама мәнерлі де тартымды болмақ. Қаламы төселген, тілге шебер кісілердің жазғандары әрқашан өте тартымды, әрі көркем болып келуінің негізгі тетігі олардың тілдік материалдарды орынды, асқан шеберлікпен пайдалана білуінен деп ойлауға болады.

Сонымен сөздің мағыналық жақтан дамуы қосымша жаңа мағыналарға ие болуы синонимдік қатарлардың жасалуына әсер етеді. Осыдан көп мағыналы сөздер мен синонимдердің қарым-қатынасы, өз ара байланысы келіп туады. Көп мағыналы сөз әр мағынасында әр түрлі синонимдік қатарға еніп, синоним сөздердің шеңберін кеңейтіп отырады. Мысалы әр мағынада жұмсалатын бет деген сөз бір мағынасындағы жүз, дидар деген сөздермен синонимдес болса, екінші бір мағынасында беткей, төскей дегендермен синонимдес болады. Мысалы: Мал сонау бетте жайылып жүр, мал сонау беткейде, төскейде жайылып жүр. Енді бір мағынасында бағыт, бет алыс дегендермен синонимдес болып келеді. Мысалы: осы бетің дұрыс – осы бағытың дұрыс деген мағынада. Сондай-ақ, тура деген көп мағыналы сөз бір мағынасында дұрыс, жөн, түзу деген сөздермен синоним болса, екінші мағынасында тік сөзімен, үшінші мағынасында шақ, дәл сөздерімен синоним бола алады.



написать администратору сайта