МАТ САУАТТЫЛЫҚ1. 11 сынып сем пойызды басынан есептегенде жетінші вагона отырды. Мадина пойызды соынан есептегенде жетінші вагона отырды. Сонда ыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар
Скачать 19.23 Kb.
|
11 «Ә»СЫНЫП 1. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар? A) 13 B) 15 C) 11 D) 12 E) 14 2. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста? A) 9 B) 6 C) 4 D) 10 E) 86. 3. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 60%-ына тең болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз. A) 14 сағ B) 14 сағ 40 мин C) 15 сағ D) 7 сағ 20 мин E) 3 сағ 4. Сымды 18 бірдей бөлікке бөлді. Егер сымды 12 бірдей бөлікке бөлетін болса, онда бөліктің ұзындығы 8 см-ге артады. Сымның ұзындығын анықтаңыз. A) 312 см B) 272 см C) 288 см D) 256 см E) 264 см 5. Саматтың үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Самат олардың кейбіреулерін қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып ол бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып, ол тағы да бірінші ағашты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың санын көрсетіңіз. A) 7 B) 6 C) 5 D) 8 E) 4 6. Көк базарда салмағы бойынша екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең екенін анықтаңыз. A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6 7. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз A) 28 B) 25 C) 20 D) 26 E) 19 8. А, В, С, D нүктелері бір түзудің бойында жатыр. АВ ара қашықтығы 100 см, АС арасы 12 см, ал В-дан D-ға дейін 35 см. D-дан С-ға дейінгі қашықтық 123 см болса, В-дан С-ға дейінгі ара қашықтықты табыңыз. A) 88 см B) 112 см C) 51 см D) 135 см E) 75 см 9. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.
A) 250 см3B) 254 см3 C) 253 см3 D) 252 см3 E) 256 см3 10. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны? A) 222 B) 225 C) 224 D) 221 E) 223 11. Балауса мен Жансезім төмендегі тоғыз санды өзара бөлісіп алды:1, 3, 7, 8, 9, 11, 14, 25, 32Әркім өзіне төрт сан алды және бір сан артық қалды. Балаусаның сандарының қосындысы Жансезімнің сандарының қосындысынан үш есе көп болса, артық қалған санды анықтаңыз. A) 3 B) 11 C) 14 D) 8 E) 9 12. Сымнан қабырғасы 16 см тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз. A) 144 см2 B) 100 см2 C) 81 см2 D) 36 см2 E) 64 см2 13. 5, 8, 4 және 1 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз. A) 4393 B) 7056 C) 4356 D) 7083 E) 4383 14. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз:22; 202; 2002; ... A) 20002 B) 200000 C) 200002 D) 22000 E) 20000 15. Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз. A) 5 B) 8 C) 6 D) 7 E) 4 16. Ұлы 7 жаста, әкесі 31 жаста. Неше жылдан соң әкесінің жасы ұлының жасынан үш есе артық болатынын анықтаңыз. A) 3 B) 7 C) 6 D) 4 E) 5 . 17. Кестені пайдаланып, Диас жеңіл машинасының жазғы доңғалақтарын қысқыға айырбастау (доңғалақты теңестіруді қоса есептегенде) үшін қанша ақша жұмсайтынын анықтаңыз.
A) 2550 теңге B) 3400 теңге C) 850 теңге D) 4000 теңге E) 1700 теңге 18. Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушының 100 м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі берілген. Уақыттың өзгеріс ауқымын табыңыз.
A) 8,3 с B) 17,1 с C) 16,8 с D) 14,1 с E) 13,8 с 19. Екі санның қатынасы 2 : 3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4 : 5 қатынасына тең болады. Осы сандарды табыңыздар. A) 25; 75 B) 50; 75 C) 100; 125 D) 30; 45 E) 75; 100 20. Сызбадан белгісіз бұрыштың градустық мәнін табыңыз. A) 125° B) 155° C) 145° D) 135° E) 115° |