. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, корғаныс және баска да ауыл шаруаш. 11 таырып. нерксіп, клік, байланыс, кораныс жне баска да ауыл шаруашылыына арналмаан жерлердін ыты тртібі
Скачать 19.08 Kb.
|
11- тақырып. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, корғаныс және баска да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердін құқықтық тәртібі. 1.Өнеркәсіп жерлері 2.Көлік және байланыс жерлері. 3.Қорғаныс жерлері. 1) Өнеркәсiп жерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады.Аталған мақсаттарға берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерiн бөлiп беру оларды игеру кезектiлiгi ескерiле отырып жүргiзiледi. Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның ішінде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады.Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппіен бекітілген нормаларға немесе жобалау – техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі. Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға: 1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге; 2) елді мекен жерлеріне; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге; 5) орман қорының жерлеріне; 6) су қорының жерлеріне; 7) запастағы жерлерге бөлінеді; 2) Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерін және ауыл шаруашылығын өзге мақсатқа арналған жерді пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен белгіленеді. Автомобиль, теіз, ішк су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып танылады. Темір жолкөлігі қажеттеріне арналған жер: магистраль жолдарына және солармен техникалық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға; кірме жолдарға; энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаралары, сумен жабдықтау және коммуникация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелері, қызметтік және темір жол көлігіне қызмет көрсететін арнаулы мақсаттағы өзге де объектілері бар темір жол станцияларына; темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймақтарына бөліп берілген жер жатады. Темір жол көлігінің қажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау – техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтер бойынша беріледі. Өнеркәсіптік, транспорттық , көлік, байланыс, және ерекше қорғалатын жерлердің орналасуы өндіргіш күштерді орналастыру принциптерінің негізінде шаруашылық салалардың экономикалық даму жоспары бойынша жүзеге асырылады. Бұндай жерді пайдалану ерекшеліктеріне , территория реттілігі мен айнала ортаға әсер етуіне қарай мынандай бірқатар түрлерге топтастыруға болады: Қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері; Табиғат пен межелес территорияға зор әсер тигізетін (жер, су және атмосфераның ластануы, халықтың көшірілуі, ғимараттар мен өндірістік құрылыстардығ жойылуы т.с.с.) ірі кәсіпорындарға берілген кең ауданды жер массивтері; Сызықтық объектілерге (жолдарға, электр жүйелеріне, құбырларға, каналдарға, т.с.с.) бөлінген ұзын пішінде жер учаскелері; Су қоймаларының астына бөлінген ірі жер массивтері; Пайдалы кендерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер. Бұндай жерлерді құру жөніндегі жүргізілетін жұмыстар мынандай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті: Берілген учаске барлық жағдайлардың ескеріліп , пайдаланушылардың мүдделері ескеріле отырып орналастырылу қажет; Учаскенің ауданы, пішін кескіндігі қойылған талаптарға сай, пайдалануға ыңғайлы түрде жобалану керек; Белгіленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес болу керек. Өнеркәсіптік, транспорттық , көлік, байланыс, және ерекше қорғалатын аумақтарды мемлекеттік бақылауға әсер ететін факторларлардың маңызы зор. Мысалы, сондай жерлерде құрылыс жүргізуге бедер саналуан ықпал жасайды.Ғимараттар мен құрылыстарды , жол мен ирригациялық жүйелерді және басқа да объектілерді салу бедердің сипатынан айтарлықтай тәуелді.Өнеркәсіптік, транспорттық , көлік, байланыс, және ерекше қорғалатын жерлерді мемлекеттік бақылау жұмыстарын мына төмендегі органдар жүзеге асырады: Орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары, сондай-ақ уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде; Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган; Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары Сәулет , қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган; Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган. Өнеркәсіптік, транспорт , байланыс, көлік және ерекше қорғауға алынған жерлерге мемлекеттік бақылауда ескерілетін жағдай- бұл жерлерді есепке алу , яғни сондай жерлерге арнайы бөлінген жерлерді анықтау, және сол туралы мағлұматтарды есептеу уәкілетті органдардың құзыретіне жатады. Оған мысалга Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымын мысалға алуға болады. Өнеркәсіптік, транспорт , байланыс, көлік және ерекше қорғауға алынған жерлерге салық салынады. Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді. 3) Тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлігі қажеттеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді қауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгіленеді, олардың шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады. Темір жол көлігінің күзет аймақтарына орманды қорғау белдеулері,көлік құрылыстарының құрылғылары мен басқа да объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері, сондай-ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналасқан, сел қаупі, көшкін каупі бар аймақтардағы және басқа да қауіпті әсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері кіреді.Күзет аймақтары жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай белгіленуі мүмкін.Тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында аймақтар белгіленеді, аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне олардың шегінде шек қойылады немесе тыйым салынады. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына: өнеркәсіп орындарының санитарлық – қорғау аймақтары; темір жол мен автомобиль жолдарына бөлініп берілген белдеуге іргелес жатқан, сел-көшкін қаупі бар және орманды қорғау аймақтары; бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары; әуеайлақ маңындағы белдеулер; магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желілерінің күзет аймақтары; су күзету аймақтары мен белдеулері; әскери полигондардың аумағы жатады. Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтарға енгізілген жер сол жерлерде арнаулы белгілермен көрсетіледі. Бас саға құрылыстарын күзеті аймағының бірінші белдеуін қоспағанда, аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмайды.Аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жерді пайдалану режимін нормаларға және жобалау – техникалық құжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды. |