Автокөлікті жөндеу. АЖ 1.3.9. 14. 10. 21 ж. Дріс 3 ыздыру блімін жобалау
Скачать 14.98 Kb.
|
14.10.21 ж. Дәріс №3 Қыздыру бөлімін жобалау Қыздыру бөлімі бөлшектерді түрлі қыздыру және химиялық-термиялық өңдеу операцияларын орындауға арналған. Бөлім негізгі және қосымша өндірістердің қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Мұнда орындалатын операциялар санына: күйдіру, қалыпқа түсіру, қатыру, пештер мен жоғары жиіліктегі тоқтарда қыздырып шыңдау, жұмсартудың әртүрлі түрлері жатады. Бөлшектер бөлімге жөндеуді күтетін бөлшектер қоймасынан немесе слесарьлық-механикалық бөлімдерден технологиялық бағытқа сәйкес келіп түседі. Бөлшектерді қыздырып өңдеген соң шыныққан сыртқы қабаттарының қаттылығы мен тереңдігі бақыланады. Жарамды деп танылған бөлшектер әрі қарай өңделу үшін (қырнау, соңғы өңдеу) слесарьлық-механикалық бөлімдерге тасымалданады. Бөлімнің өндірістік бағдарламасы термиялық өңдеу түрлері бойынша бөлініп жөнделетін нысан бөлшектерінің номенклатурасымен, саны және салмағы арқылы анықталады. Бұл бағдарлама салмақ бірліктерінде (кг) беріледі. Бұл бағдарламаны бөлімдегі жылдық жұмыс көлемін есептеу кезінде 1,2...2 есеге арттыру қажет. Мұнымен бөлшекті қыздырудың қайталануы, сонымен бірге қосымша өндірістің қажеттілігі ескеріледі. Орташа жүк көтергіш автокөліктерден бөлек жүк көтергішті жүк көліктеріне, жеңіл автокөліктер мен автобустарға, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізетін кәсіпорындарды жобалау кезінде формуланы (35.7) және 35.6-кесте мәліметтерін пайдалану керек. Автокөліктер үшін суаруға және жұмсартуға жататын рессор жиынтықтарының салмағы: Автокөліктің,т 1,5 2,5 3,0 3,5 5,0 5...7 жүк көтергіштігі Рессор салмағы, кг 96,8 174,0 192,8 252,0 305,8 340,0 құрайды. Қыздыру бөлімі бойынша жоспарлы шешімді қабылдау кезінде ТВЧ орнату үшін жеке ғимарат бөлудің, сонымен қатар жабдықтар арасындағы және жабдықтардан ғимараттың элементтеріне дейін нормативті қашықтықты сақтау қажеттілігін ескеру керек (35.11-сурет). Бақылау сұрақтары: Қыздыру бөлімінде бөлшектерді қандай жолмен өңдейді? Қыздыру бөлімінде қандай жұмыстар жүргізіледі? Қыздыру бөлімінде бөлшектер қандай процестен өтеді? |