Главная страница
Навигация по странице:

  • «Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый»

  • «Менің Қазақстаным»

  • Тәуелсіздік тәңір берген. 14. 12. 2022 Туелсіздік тір берген ттті сый


    Скачать 16.95 Kb.
    Название14. 12. 2022 Туелсіздік тір берген ттті сый
    Дата11.01.2023
    Размер16.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТәуелсіздік тәңір берген.docx
    ТипДокументы
    #881129

    14.12.2022

    «Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый»

    5 «А» сыныбы

    Кәусар: Сәлематсыздар ме, ұстаздар мен оқушылар!

    Бүгінгі өткізілетін «Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый» атты сынып сағатына қош келдіңіздер

    Әсел: 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттің тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманд өз алдына қайта ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16 желтоқсан күні күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын Республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен өзге мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады. 16 желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшаулармен көмкеріледі.

    Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге , шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

    Кәусар: Оқушылардың арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

    Ариф: Тәуелсіздік елімде

    Бақыт құсы самғап ұшты көгімде

    Қазақ деген ғажап халық қашаннан

    Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде

    Ғибрат: Жиырма бір жыл, жиырма бір жыл азаттық

    Өзімізді құсаудан да босаттық

    Ақтадық біз ата-баба үмітін,

    Қолда қазір көк ту менен бостандық

    Ибрахим: Желтоқсанның қанды суық ызғары,

    Қалың әскер қазағымды қорлады.

    Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

    Отан үшін табандары тоңбады.

    Тоғжан:

    Сұрақ-жауап:

    1. Қазақстан Республикасында 16 желтоқсан күні ұандай мереке аталып өтеді? (Тәуелсіздік күнін)

    2. Қазақстан Республикасының ата-заңы? (Конституция)

    3. Қазақстан қай материкте орналасқан? (Евразия)

    4. Ол қаланы Қазақстанның оңтүстік астанасы? (Алматы)

    5. Еліміздің астанасы Астана қаласын екі бөлікке бөліп ағатын өзеннің атауы? (Есіл)

    6. Қазақстан Республикасының валютасы? (Теңге)

    7. Теңге қай жылы қоланысқа енгізілді? (1993 жылы 15 қарашада)

    8. Ел тағдырында мәңгі есте қалған Желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? (1986)

    9. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан батырларымыздың атын атаңдар? (Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабира)

    Топтық жұмыс: 5 топ Ақ қағазға «Менің Қазақстаным» атты сурет саламыз. Постер қорғау.

    Саиданың орындауында: Адай күйі

    Көрініс:


    написать администратору сайта