геодезия. 14 даладаы жмыс кезіндегі сатандыру техникасы (шаралары) Дріс жоспары
Скачать 19.31 Kb.
|
14 ДАЛАДАҒЫ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ САҚТАНДЫРУ ТЕХНИКАСЫ (ШАРАЛАРЫ) Дәріс жоспары: Геодезиялық жұмыстарды орындау барысында болатын қауіпті жағдайлар. Жерге орналастырудың камеральдық, далалық жұмыстары барысындағы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың негізгі іс-шаралары. Геодезиялық жұмысты далада орындауға, қауіпсіздік техникасын оқыған, үйренген адамдарға рұқсат беріледі. Геодезиялық жұмыстар, жұмыс орындалатын аумақтағы мекеменің қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орындалуы керек. Геодезиялық жұмысты басқарушы, жұмысты бастамай тұрып, жұмысшылардың, инженерлердің барлығын қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, журналға қол қойғызып алуы керек. Ай сайын ережені, жұмысшылардың, инженерлердің денсаулығын тексеріп, журналға қол қойғызып отыруы міндетті. Топографиялық - геодезиялық жұмыстардың ізденіс жұмыстары әртүрлі шарт-жағдайда іске асырылады: атап айтқанда қала, елді мекен пункттері, иен жерлерде, орманда немесе ашық аймақтарда, теміржол бекеттерінде, оның ішінде өнеркәсіптік өндіріс орындарындағы жолдарда, автомобиль жолдарында, ашық, жер асты кеніштерінде т.б. аталған жұмыстардың түрлеріне байланысты сәйкесті еңбек қауіпсіздігі қарастырылады. 14.1 Жерге орналастырудың камералдық жұмысы барысындағы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың негізгі іс-шаралары Жерге орналастыру жұмысы камералды және далалық болып бөлінеді. Камералдық жұмыстарды орындау барысында арнайы ғимараттармен белгілі орын беріледі. Орын көлемі бір жұмыс істеушіге 15 м3 аз емес, ал алаң кеңдігі, құрылғыларды қоса есептегенде 4,5м2, төбенің биіктігі 3,2 м аз болмауы керек. Камералдық жұмыс істелетін орын жарық, жұмыс істеушіге қолайлы болуы шарт. Жарықтандыру табиғи немесе жасанды жолмен болуы мүмкін. Қолданылған электр шамдарының құрылғысы адам ағзасына зиянсыз, өртке қарсы жабдықталған болуы шарт. Жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар: жасанды жарықтандыру көзі күн сәулесіне ұқсас спектральды құрамдас болуы; жарықтандыру дәрежесі, көзбен қарап сызылатын жұмыстарды ескере отырып, гигиеналық нормаға сәйкес жеткілікті болуы; көздің шаршауынан және қайта-қайта қалыптасуынан сақтану үшін жарықтандыру бір деңгейде бір қалыпты болуы; - жарық жұмыс аумағын бір қалыпты анық жарықтандыру керек. Ғимарат ішінде немесе жұмыс орнында өте жақсы метеорологиялық шарт жасалуы керек. Яғни адамға ұзақ және жүйелік әсерлер, ағзаның қалыпты функциясы мен жылу жағдайын, жылу реттегіш механизмнің кернеуінсіз қамтамасыз етуі қажет. Ғимарат санитарлық нормалар талабына сәйкес ауа алмасу жүйелерінің кез келген бір түрімен (жалпы ғимараттық немесе кондиционер) жабдықталған болуы шарт. Жұмыс орнындағы орындықтар, басқа қажетті құралдар, камералдық жұмыс атқарушының отыруына қолайлы және сәйкес болуы керек. Жұмыс барысында қандай да бір электр қуатын пайдалану қажеттілігі барысында алдымен техникалық қауіпсіздік ережесімен танысу қажет. Жерге орналастырудың геодезиялық жұмыстардың қандайда бір түрі, жоғары кернеулі электр қуаты маңында орындалса, міндетті түрде диэлектрлі аяқ киім, қолқап, диэлектрлі төсем, изоляциялы қондырғы т.б. пайдалану керек. Жұмыс орнында шуыл болмауы және келесі шамадан аспауы керек: Инженер-техник жұмыс істейтін ғимаратат ішіндегі зертханалық, аналитикалық немесе бақылау өлшемін жүргізетін жұмыс орнында, 60 дБ аспауы, ал ЭЕМ операторы орнында 65 дБ, есептеу машинасының ең шуылды агрегаттары орналасқан жерде —75 дБ. Ғимаратта жұмыс істейтін әрбір адам, ең алдымен осы ғимараттың өрт немесе басқа да шұғыл жағдайларда пайдаланылатын оқшаулау сызбасымен танысқан және барлық шығу, кіру сатылары мен есіктердің орналасуын білумен қатар, электр энергия көзін ажыратуды, сигналдарды қосуды білуі керек. 14.2 Жерге орналастырудың далалық жұмысы барысындағы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың негізгі іс-шаралары Еңбекті қорғауға далалық жұмыстарда ерекше назар аударылады. Далалық жұмыстардың ерекшелігі, олардың ашық аспан астында температураның, ылғалдылықтың ауысымы барысында атқарылатындығы. Далалық жұмыстар барысында санитарлық-техникалық, гигиеналық өртке қарсы және арнайы талаптар орындалуы керек. Далалық жұмысты бастамас бұрын, барлық жұмысқа қатысушылар техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықты оқып, техминимум тапсырады. Далалық жұмыстар барысында, инженер-техник, техникалық қауіпсіздікке жауапты болады. Далалық жұмыс барысында жұмыс істеушінің жағдайына қоршаған ортаның ықпалы тексеріліп отырылады. Далалық жұмыстағы еңбек режимі және демалыс уақыты метеорологиялық жағдайға тәуелді болады. Яғни ашық күндері далалық түсірістер, бұлтты жауын-шашынды күндері камералдық жұмыстар атқарылады немесе демалыс беріледі. Ең бір маңызды іс-шаралар жалпы гигиена, еңбектің санитарлы гигиенасы, тамақтану және тұрмыстық режимді сақтау, сонымен қатар келесі аталғандарды орындау қажет: арнайы жұмыс киімі болуы; дененің тазалығын, жеке гигиенасы ережесін сақтау; жұмыстың қауіпсіздік әдісін оқу. Өндірістік жұмыстың негізгі қауіпсіздік шарасы жобалау станциясында жасалынады. Детализация және нақтылау жүргізіліп, онан кейін еңбекті қауіпсіз ұйымдастырудың жобасы жасалынады. Қозғалыстың қауіпсіз бағыты таңдалынады. Тоқтау орындары мен базалар, радиостанцияны ортану орны, жанармай, азық-түлік қоятын орындар анықталынады. Арнайы медициналық зерттеу жүргізіледі. Егер қандай да бір жұқпалы ауру ошағы пайда болса, арнайы екпе егіледі. Арнайы жұмыс киімі, аяқ киімдер жергілікті жердің шарт-жағдайына сәйкесті таңдалынады. Жұмысқа шығар алдында, әрбір адамға жүрудің қауіпсіздігі, жергілікті жердің бағыты, бірінші медициналық көмек көрсету және өрт қауіпсіздігі үйретіледі. Тұрмыстық және еңбек санитариясы. Далалық жұмыс әртүрлі климаттық жағдайда орындалатындықтан, үнемі жұмыс істеушілерге қоршаған ортаның әсерін тексеріп отырады. Ол үшін арнайы киім, бас киім, аяқ киім, температураның адамға кері (жел жаңбыр) әсерінен қорғайтындай болуы шарт. Экспедициялық жұмыс тұрмыс пен өмірден алшақ болмайтындықтан, далалық жұмысшылар нормалды тұрмыс шартын жасауға тырысуы керек. Геоаспаптармен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік міндетті түрде сақталуы керек, яғни жарықтық аралықты өлшегіш, лазерлі геодезиялық құралдарды пайдалануда, бақылау барысында жоғары жиілікті электромагнитті өрістің пайда болу қауіптілігіне назар аударуды міндеттейді. Геодезиялық құралдарды жолдың өту бөлігіне, көшеге қараусыз қалдыруға болмайды. Болат лента немесе рулеткамен электрленген теміржол рельсі арқылы аралықты өлшегенде, тигізбей аралықпен ұстау керек. Вагон астынан өтуге, оның астынан геодезиялық аспаптарды өткізуге, вагон арасындағы қуыстан, егер олардың арасы 5 метрден кіші болса өтуге болмайды. Көлікпен жүру барысындағы техникалық қауіпсіздік. Көліктің барлық түрлерімен жүру барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар: көлік құралының жұмыс процесіне, жол және көпір сапасына өту мүмкіндігімен сәйкестілігі; ауа райының шарт –жағдайына байланысты жарамдылығы; көлік құралының техникалық жарамдылығы; тәжірибелі, тәртіпті жүргізуші және оның денсаулығының бақылануы. жол жағдайындағы көлікті жөндеуге артық бөлшектердің болуы мен слесарьлық құрал-жабдықтар жиыны болуы; жанармай және майлау материалдарының жеткіліктілігі және жүргізушінің тамақтануының қамсыздандырылуы; қауіпті апатқа және құрқарушы құралдарының болуы; адамдар отыратын орындарының біртегіс, қауіпсіз қолайлы болуы; қозғалыс ережесін сақтау; баратын аралықтағы жол туралы нақты бағыттық мәліметтердің болуы, жүргізушінің білуі. Көлікпен жүру барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, далалық жұмыстарда болатын травматизмді 70-80% азайтуға мүмкіндік береді. Ормандарды немесе көріну аралығын ашуда кесілетін бұталарды кесу жұмысындағы техникалық қауіпсіздік. Ізденіс жұмыстарында, геодезиялық жұмыстарда орманды немесе бұталарды кесу жұмысы болады. Орман кесу барысындағы кездесетін кездейсоқ, бақытсыз жағдайлар көбінесе, бұтақтардың, қауіпті ағаштардың құлауы т.б. себебінен пайда болады. Сондықтан бірінші кезекте, алаң дайындау, қауіпті аймақты шектеу, ағаш құлайтын бағытты белгілеп қоршау т.б. шараларды ұйымдастыру керек. Өрт қауіпсіздігі. Құрғаған шөбі бар жерлерде, пысқан егіндік және техникалық мәдениет орындарының жанында от жағу өте қауіпті. Құрылысқа, геодезиялық аспаптар және экспедицияның азық-түлік сақталған қоймасы маңында, машина, жанармай, жарылыс заттары қойылған жерлерде, ағаштан салынған елді мекен құрылыстарына жақын орындарда от жағуға болмайды. Өртке қауіпті заттар жеңіл от алатын заттар (бензин, бензол, эфир, ацетон және басқа). Мұндай заттардың температурадан қызу арқылы оталып кетумен қатар, олардың ашық от, ошақ, құрғатқыш электр пештері т.б. от көздеріне төгілген жағдайда да қауіпті болып саналады. |