Главная страница
Навигация по странице:

  • Әнибек Қалмырза Ерғалиұлы

  • 1. Математиканы не үшін оқыту керек 2. Нені оқыту керек Қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек 3. Математиканы қалай оқыту керек

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • 14 Жас алаш жалпы орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі Математика пні малімі нибек алмырза Ералилы


    Скачать 16.66 Kb.
    Название14 Жас алаш жалпы орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі Математика пні малімі нибек алмырза Ералилы
    Дата11.02.2022
    Размер16.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаmaqala-3-6 (1).docx
    ТипДокументы
    #358740

    Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

    14 «Жас алаш» жалпы орта мектебі

    коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Математика пәні мұғалімі

    Әнибек Қалмырза Ерғалиұлы
    «Математика пәнінің оқыту әдістемесі және оның маңызы»
    Математикалық білім алудың басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, шыңдай түседі.

    Американдық педагог – математик Д.Пойа былай деген: « Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өз болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Енді осы математиканы қалай оқытамыз? Және оны оқытудың қандай әдістемесі бар?

    Математиканы оқыту әдістемесі (методикасы) – педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» – «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.

    Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет. Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді.

    Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі.

    1. Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәірден басталып, біздің зманымызға дейінгі VI-V ғасырларға дейін созылды. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б.) қалыптасады.

    2. Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі. Біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың XVII ғасырына дейін созылған бұл аралықта негізінен тұрақты шамалардың қасиеттері зертеліп, ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ғылымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.

    3. Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған бұл дәірде жоғары математикалық білім негізін қалайтын математика салалары болды. Олар Декарт (1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтимаодықтар теориясы т.б.

    4. Қазіргі математика кезеңі. Бұл дәуір XIX ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады.

    Математиканың оқыту әдістемесі соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ  математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және  оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс.

    Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.


    1. Математиканы не үшін оқыту керек?


    2. Нені оқыту керек? Қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек?


    3. Математиканы қалай оқыту керек?

    Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:

    1. Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі.

    2. Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі.

    3.Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.

    Сонымен математиканы оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс.


    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
    1.Әбілқасымова А. және т.б. Математиканы оқытудың териясы мен әдістемесі. А, Білім. 1998 ж

    2. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. (Жалпы методика). А, Мектеп. 1989ж

    3. Рахымбек Д. және т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш, 2003


    написать администратору сайта